МАД тобына перспективалық жоспар 2024-2025жж

Тақырып бойынша 31 материал табылды

МАД тобына перспективалық жоспар 2024-2025жж

Материал туралы қысқаша түсінік
Перспективалық жоспар мектепалды даярлық тобына 2024-2025 оқу жылына қырүйек желтоқсан айларына арналған. Жоспар мектепке дейінгі үлгілік оқу бағдарламасы негізінен жасалған. Біртұтас тәрбие бағдарламасының әр айдағы тақырыптары перспективаға кіргізілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2024 жыл қыркүйек айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Қыркүйек айы: Құндылық- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

1

Денешынықтыру

-Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту

-Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

-балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді дамыту; дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу.


2

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қор

Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту -балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту. Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.

Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету

Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау

Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.

3

Көркем әдебиет.


-балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту;

әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату, тілдің көркемдігін сезіну -балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту;

-Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату

-Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту.

-Тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау

4

Сауат ашу негіздері.

-ана тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды тану,дұрыс, анық айтуды үйрету;

әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу;

-Дыбыс туралы ұғымдарын қалыптастыру;

-Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау;

-Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.

-Түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;

5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, қ, і, ғ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Туыстық қарым-қатынасты («бауыр», «немере», «шөбере», «ағайын», «туысқан», «жеті ата») білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, татулық, жақындық, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.

6

Математика негіздері.

-танымдық қызығушылықтарын, білуге құмарлықты, оқу әрекетіне қызығушылықты дамыту, мектепте оқуға ынтасын арттыру;10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру;

кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде);

-      "Бір" сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.

-       Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру

- Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.

-1 -6 дейінгі сандармен таныстыру

-"Қанша?", "Нешінші?" сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру.

7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

-әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу; дербестікке тәрбиелеу;

Табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату

Жылқұстарыменқыстайтынқұстардыажыратабілу,құстардыңпайдасытуралы білу,оларғақамқорлықжасау.

Нанғаұқыптықарауға,бидайдыөсіругежәнеөндіругеқатысатынадамдардыңеңбегінқұрметтеуге тәрбиелеу;

Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстардыбайқау

Тіріжәнеөлітабиғатқұбылыстарытуралыбілімдерінкеңейту.«Өлітабиғат»ұғымыментаныстыру(су,ауа,мұзсүңгілері,күн,бұлт,қар,тастар,жел,жаңбыр); өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажыратабілу.

Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атаужәнеолардыңөздерінетән белгілерібойыншаажырату.

Заттар,олардың белгілерін нақтылау және бейтанысзаттардың қолданылуын түсіну. Заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтау және талдау,олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттау

Отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіру, алғыс айту, сыпайысөйлеу.


8

Сурет салу.

-заттардың, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін өзіне тән ерекшеліктерімен салу, сюжеттерде қарапайым мағыналы байланыстарымен ондағы заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастарды жеткізе білу;

Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу), қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояу, бейнелеу, түсті қанық беру үшін қағаздың фонын таңдау және бояуларды үйлестіру, өз жұмысының нәтижелерін бағалау.

9

Мүсіндеу.

-сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу;

шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды: көкөністерді, жемістерді, ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу, оларға тән ерекшеліктерді беру;

10

Жапсыру.

-сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру; қайшыны қолдануды бекіту: жолақтардан тікбұрышты пішіндер,шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алу;


11

Құрастыру.

-құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру; құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу;


12

Музыка.

-музыкаға қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру; балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.   Лирикалық, вальс ырғағындағы баяу әуендерді қабылдау, әннің (шығарманың) сипатына сәйкес би қимылдарын орындай білу, әннің қарқынының өзгеруін байқау, шығармаларды сипаттай білу. Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру.









МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2024 жыл қазан айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Қазан айы: Құндылық -Тәуелсіздік және отаншылдық

1

Денешынықтыру.

-Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту

-Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

-балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді дамыту; дене шынықтыру мен спортқа, ұлттық ойындарға қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға, ұлттық ойын ойнауға баулу;

-Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: сапқа бір, екі, үш қатармен тұру,бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға,солғабұрылу,сап түзеп,бір және екі,үш қатарменқайта тұру.

-Кедергілерденөтуарқылы әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 минуттоқтамай жүгіру; жүрумен алмастыра отырып, 100-120 метр арақашықтықтажүгіру;белгіленгенжергедейінжылдамдыққа(ұзындығы20метр)жүгіру

-Кедергілерден өту арқылы әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 минут тоқтамай жүгіру; жүрумен алмастыра отырып, 100-120 метр арақашықтықта жүгіру; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 метр) жүгіру.


2

Сөйлеуді дамыту

-Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету

Сөздік қор -балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту. -Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу. -Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдану білуді дамыту. -Балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу; -Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну, оларды сөйлегенде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

3

Көркем әдебиет.


-Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау

-Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

-Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.

-Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

-Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.

4

Сауат ашу негіздері.

Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауыссыз дыбыстарды анықтау.

-Әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету

-Буынтуралыұғымдардықалыптастыру,сөздердібуындарғабөлу,олардыңсаныменретінанықтау

- Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету

-Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.

5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, қ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін және азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран),
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.
Байланыстырып сөйлеу.
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.

6

Математика негіздері.

-6 -10 сандарымен таныстыру;

-Көрнекілік арқылы 6-10 сандарының пайда болуымен таныстыру;

-10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру;

-зейінді, есте сақтауды, бақылауды, зерттеуді, талдау жасай білуді, себеп салдарлық байланыстарды орнату, қорытынды жасауды дамыту; -Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру. -Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру

-Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу

7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

-Ненің «дұрыс»немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінуге және ажыратабілугеүйрету.

-Туыстықбайланыстардытүсіну(өзжұрты,атасыменәжесі,жақынтуыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу. Өсімдіктерге қажеттіліктеріне сәйкес күтім жасау әдістерін білу: олардысуару,түбін қопсыту,жапырақтың шаңын сүрту.

-Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жолқозғалысыныңқарапайымережелерін,жаяужүргіншілерменвелосипедшілердіңқозғалысережелерін сақтау.

-Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік және халықтықмерекелер,еліміздіңрәміздері,оныңмаңызытуралыбілімдерінкеңейту

-Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлерімен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну.

8

Сурет салу.

-Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен және т. б.) қолдану.

-Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару (гуашпен сурет салу кезінде).

9

Мүсіндеу.

-Шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды: көкөністерді, жемістерді,

-Оларға тән ерекшеліктерді беру, қолдың және саусақтардың қимылдарын жетілдіру, қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, адам мен жануардың пішіндерін мүсіндеу


10

Жапсыру.

- Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру

-Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию.

11

Құрастыру.

-Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.

-Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру.

12

Музыка.

-Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру. -Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту. -Әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындауға баулу -Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету.







МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2024 жыл қараша айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Қараша айы: Құндылық -Әділддік және жауапкершілік

1

Денешынықтыру.

-дене шынықтыруға баулу, дененің физикалық сапаларын: күш, жылдамдық, шыдамдылық, икемділікті дамыту; Еңбектеу, өрмелеу: жүру мен жүгіруді алмастырып, заттардың арасымен «Жыланша» төрттағандап еңбектеу, кедергілер арасынан еңбектеу; допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 метр); -Гимнастикалық скамейка бойымен қолымен тартылып, иықтары мен тізелеріне сүйене отырып, етпетімен өрмелеу; бірнеше заттардан еңбектеп өту, әртүрлі тәсілдермен құрсаудың ішіне еңбектеп өту, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып өрмелеу, -Секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 метр қашықтыққа жылжу арқылы секіру, екі тізенің арасына қапшықты қысып алып, түзу бағытта (арақашықтығы 6 метр) қос аяқпен секіру; қос аяқпен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр), -Оң және сол аяқты алмастырып, заттардың арасымен (арақашықтығы 3метр), бір орында тұрып биіктікке секіру (6-8 метр); бір аяқпен және қос аяқпенқұрсаудан құрсауға секіру (арақашықтықтығы 40 сантиметр), -Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту -Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

2

Сөйлеуді дамыту

-түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту; -Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру -Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту - Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету. -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру.

3

Көркем әдебиет.


-шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру; -Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру. -Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну. -Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу -Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.

4

Сауат ашу негіздері.

-Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауыссыз дыбыстарды анықтау.

Әрбірсөздіңмағынасыболатынытуралытүсінікқалыптастыру

-Балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу;

-Буындардансөздер құрастыруға(ауызша)үйрету

-Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.

5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Аңшылық кәсіпті (аң, аңшы, орманшы, қорықшы), сөздермен толықтыру.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу.
Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.

6

Математика негіздері.

-Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру. -Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру Қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау. -Заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану -Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру. -Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.

7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

-еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру; -Туған өлкенің өсімдіктері (ағаштар, бұталар, гүлдер, шөпті өсімдіктер)туралы түсініктерін кеңейту, «орман», «шалғын» және «бақша» ұғымдарыментаныстыру -«Өлітабиғат»ұғымыментаныстыру(су,ауа,мұзсүңгілері,күн,бұлт,қар,тастар,жел,жаңбыр); өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажырата білу.

-Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындауүшінолардыңжабдықталуынтүсіну -Туыстықбайланыстардытүсіну(өзжұрты,атасыменәжесі,жақынтуыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу -Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар,аңдар, жәндіктер, мекендеу орны (орман, шалғын, су айдыны, бақша, бақ, алаң);қозғалутәсілі(жүгіру,ұшу,секіру,жүзу); табиғи-климаттық аймақтар (ақаю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл) бойынша топтастыру -Ұялытелефон,смартфон,компьютер,ғаламтор,теледидардыңқолданылуынбілу,олардықолданудақауіпсіздіктісақтау -Кезекшілікміндеттерінжауапкершілікпенатқаруға,жоспарланғаннәтижегежетуге баулу

8

Сурет салу.

-қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру; -Заттардың пішіндеріне, бөліктердің салыстырмалы өлшеміне және олардың орналасуына сүйене отырып, түстер мен олардың реңктерін беру,

Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішінді өрнектерді құрастыра білуді бекіту, түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, ақ және түрлі-түсті фондарды қолдана отырып, түсті таңдау.

9

Мүсіндеу.

-бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану;

10

Жапсыру.

-жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру;

11

Құрастыру.

-құрастырылған құрылысы мен құрылыстың шынайы бейнесі арасында байланыс орнату; -шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту;

12

Музыка.

-Музыкалық шығармаға көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айту. - Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен таныстыру -«Күй» жанрымен, күйші-композиторлар: Құрманғазының, Қорқыттың, Тәттімбеттің, Дина Нұрпейісованың, Дәулеткерей Шығайұлының, Ықылас Дүкенұлының шығармаларымен таныстыру. -Таныс әндерді өз бетінше музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;






МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2024 жыл желтоқсан айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Желтоқсан айы: Құндылық –Бірлік және ынтымақ

1

Денешынықтыру.

-Алға айналдыраотырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру, оң және сол аяқты алмастыраотырып, арқаннан, сызықтан секіру, тұрған орнында айналып секіру; биіктіктенсекіру,20 сантиметрдейінгібиіктіктікке секіру. -Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу. -Лақтыру,қағыпалу,домалату:доптыжоғары,жіптіңүстіненлақтыружәнеекі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу; допты бірқатарғақойылғанзаттардыңарасымендомалату,доптықабырғағалақтыружәнеекі қолымен қағып алу; - 2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынғанқапшықты,асықтылақтыру,доптыекіқолыменбір-біріне(арақашықтығы1,5–2метр)басынанасыралақтыру,доптыекіқолымензаттардыңарасымен(арақашықтығы 4 метр) жүргізу, допты лақтыру және алға қарай жылжып, екіқолымен қағып алу(арақашықтығы4–5метр). -Сап түзеу Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру. -Мәдениеттітамақтанужәнеасханақұралдарынеркінқолданудағдыларынжетілдіру.

-Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту -Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

2

Сөйлеуді дамыту

-Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру. -Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану. -Шығармашылықпен сөйлеу әрекеті. Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану -Дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын дамыту және жетілдіру, дауыссыз г – ғ, л –р,ж–з,с–з,ж–ш,н–ң,х–һдыбыстардыестубойыншаажыратуғажаттықтыру

3

Көркем әдебиет.


-Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. -Әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету -Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру,

4

Сауат ашу негіздері.

-Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауыссыз дыбыстарды анықтау.

Әрбірсөздіңмағынасыболатынытуралытүсінікқалыптастыру

-Балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу; -Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. -Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру

-Буындардансөздер құрастыруға(ауызша)үйрету

-Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.

5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, мал өсіруде қолданатын заттарымен таныстыру.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ө, қ, ү, і дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран), мал өсіруге байланысты (қора, жайлау, қыстау, жем, астау, соғым, сыбаға) сөздермен толықтыру.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.

6

Математика негіздері.

- Денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру. -Тәулік бөліктерінің ауысуын ("кеше", "бүгін", "ертең"), оқиғалардың ретін ("алдымен – содан кейін", "бұрын – кейінірек") анықтау. -Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту -Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау. -Оқиғалардың ретін ("алдымен – содан кейін", "бұрын – кейінірек") анықтау -10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару

7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

-Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындауүшінолардыңжабдықталуынтүсіну -Қазақстанныңәсемтабиғаты,көрнекіжерлеріментарихиорындарыныңмаңыздылығынтүсіну -Қазақстанмемлекетініңрәміздерінеқұрметкөрсету.

-Балалардыадамгершілікқұндылықтарға,өзіс-әрекеттеріменбасқаадамдардың іс-әрекеттерін бағалай білуге баулу -Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардыңмаңызынтүсіну.

-Әртүрлімамандықтар, еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын,түсінужәне бағалау.

-Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяужүргіншілер өткелі, тротуар, велосипед, электросамокат, гироскутер, сигвейгеарналғанжол)білу,бағдаршамныңбелгілерінесәйкесжолданөту

-Бақылауарқылытөрттүліктіңпайдасынбілу,олардыкүтіп-баптау,жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерінсипаттау


8

Сурет салу.

-Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізу

-Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу

-Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегілерінің желісі бойынша сурет салу. Ұжымдық жұмыстарға, өзбетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру

9

Мүсіндеу.

-Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау). Затқа қарап мүсіндеуде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.

-Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау


10

Жапсыру.

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару -киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр және т.б.) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.

11

Құрастыру.

- Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу -Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу. Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту

12

Музыка.

- Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру. -Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру -Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2024
714
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі