Тақырып бойынша 11 материал табылды

МАД топ циклограмма 2024-2025 о.ж.

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклограмма МАД тобына желтоқсан айының 5- аптасы мен қаңтар айының 1-2-апталарына арналған. Циклограммада үлгілік оқу бағдарламасы мен біртұтас тәрбие бағдарламасы толық күн тәртібінде қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы: бөбекжай-бақшасы Тобы: мектепалды даярлық тобы Балалардың жасы: 5-6 жас Жоспардың құрылу кезеңі: 2024-25 жыл желтоқсан-қаңтар айы, (30.12.2024-03.01.2025 аралығы)

Күн тәртібінің үлгісі

Дүсенбі 30

Сейсенбі 31



Жұма 03.01


Желтоқсан‑ Құндылық‑Бірлік және ынтымақ айы. Апта дәйексөзі: «Бірлігі күшті ел озады»

Балаларды қабылдау

Балаларды таңғы сүзгіден өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қабылдау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Балаларға ыңғайлы жағдай жасай отырып, қызығушылығын арттыру үшін жеке ойын ұйымдастыру. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуге машықтандыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге әдеттендіру (Сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет

Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі-15 минут балалардың ересектермен емін-еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру мобильді кітапханада жұмыс, ата-ананың балаға кітап оқуына мүмкіндік жасау, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, кітапқа жанашырлық, жауапкершілік таныту.

Қауіпсіздік ережелері. Түрлі отшашулардан сақ болуға, баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстел үсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Баяу қимылды ойын:

«Көжектер мен түлкілер»

Мақсаты: балаларды аңғарымпаздыққа, қушылыққа баулу.


«Смарт бала» жобасы

«Көңілді корабль» мозайка ойыны

Мақсаты: ойлау, есте сақтау, зейін қабілет терін дамыту.



«Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы» «Бескеней» ойыны. Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту. Ұлттық ойынға қызығушылығын арттыру.


Таңертенгі жаттығу

9 комплекс мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (Музыка, дене шынықтыру, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті)

Таңғы ас

Үнемді тұтыну. Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға, суды шашып ысырап етпеуге, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Д/жаттығу «Салыстыр»

Мақсаты:тілде сын есімнің салыстырмалы шырайларын қолдану

Тіл жаттығуы:

«Қоңыз»

.


Саусақ жаттығуы:

«Өрмекші»



Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

1.20 см биіктіктен тереңдікке секіру.

2.Сол жаққа қарай бір қырындап жүру.

3.Қатар қойылған заттардан «жыланша»айналып аяқтың ұшымен жүгіру.

Қ\о: «Арқан тартыс»


Сөйлеуді дамыту

Балалардың қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу; табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жұмбақ

Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

Сұрақ-жауап әдісі

Қандай қысқы ойындарды білесің


Сурет салу, Мүсіндеу

Құрал-саймандар

Мақсаты: балаларға құрал-саймандар тура лы түсінік беру, танымдық қызығушылықтарын арттыру; еңбексүйгіш тікке тәрбиелеу.

Д/о: «Аңдарға үй салып береміз»

Ойыншық пілді, керік ті, маймылды көрсетіп

-Бұл жануарларға да үй керек екен. Келің дер, оларға үй салып берейік. Ол үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар?

Балаларға ойыншық құрал-саймандарды (балға, балта, ара, шегелер) көрсетіп, ат тарын атату. Өздеріне керекті құрал сайманның мүсінін жасатып суретін салдыру.


Сауат ашу негіздері[Ң] дыбысы мен әрпі

Мақсаты: [Ң] дыбысы мен әрпін таныстыру, оның сөздің басына келмейтінін түсіндіру.

[Ң] дыбысының дауыс сыз дыбыс екенін білу; балалардың есту дыбыстау қабілетін жетілдіру, ой-өрісін дамыту.

Жұмбақ

Қайсы әріп,қасарып, көнбейтін болуға бас әріп? (Ң)

Д/о: «Көлеңке»

Жаңылтпаш

«Ң»-ды айта алмай,

«Н»-ға өшікті Тайқарбай


Математика негіздері

Геометриялық фигура лардың құрылымдық элементтері туралы түсінік

Мақсаты: «фигураның қабырғасы", «фигура ның бұрышы» түсінік терін бекіту, шеңбер мен сопақша арасында

ғы айырмашылықты нақтылау.

Әдетте балалар сопақ ша мен шеңберді өздігінен ажырата алады. Сопақшамен таныстыру фигураны қарастыру, сопақша мен шеңбер арасын дағы айырмашылықты табу негізінде жүргізі леді. Шеңберді сопақ ша пішінді фигураға беттестіре отырып, бұл фигуралардың бірдей емес екенін көрсетіп, айырмашылықтарын атап өту.

«Шеңбер дөңгелей алады, оған ештеңе кедергі келтірмейді, ал сопақша-бұрыштары болмағанымен, дөңге лемейді. Жұмыртқа сияқты бір бөлігі кең, екінші бөлігі тар келед

Қоршаған орта

«Құстарға жем береміз»

Мақсаты: Балаларға жалпы құстар туралы мағлұматтар беру, табиғатқа деген сүйіс- пеншілігін арттырып, әсемдікті, әдемілікті көре білуге, табиғатты қорғап-аялай білуге үйрету. Балалардың бойында жанашырлық қамқорлық қасиетте рін егу. Құстарды жүйелі түрде қосымша қорек- тенді ріп отырудың керектігін түсінуге жетелеу.Құстар туралы ой-өрістерін дамыту.

Музыка. (маман жоспарымен)









Дене шынықтыру

1.Зал ішінде бір-біріне доп лақтырып жүгіру.

2.Көлбеу қойылған тақтайға аяқтың ұшымен жүгіріп шығу жүгіріп түсу.

3.Тепе-теңдік сақтап гимнастикалық орын- дық,бум үстімен қолын түрлі қалыпта (белге,иыққа қойып, жан-жаққа созып, желкесі мен басына қойып) ұстап жүру.

Қ/о: «Асық ату»


Сауат ашу негіздері

[И] дыбысы мен әрпі

Мақсаты: [И] дыбысы мен әрпімен танысты ру. Сөздегі дыбыстар дың орны мен жүйесін анықтай алуды бекіту.

Жұмбақ

Ойнамақ боп еркелеп,

әдейілеп ерте кеп.

Гүлге қонды қалық тап, кіп-кішкентай вертолет. (Инелік)

[И] – дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгі ленеді, сөздің басында ортасында кездеседі.

Д/о: «Сөз ойла»

[И] дыбысы кездесе тін сөздер ойлау.

Жаңылтпаш

Иса шиша жуса, Мұса шиша жуса.

Ирина кенді іздейді, «Инженер мына біз», - дейді.

Көркем әдебиет

«Ертегілер елінде»

Мақсаты: Балалардан өздері білетін ертегі лер мен ертегі кейіпкерлері туралы және оларды сипатта ту арқылы балалар дың сөздік қорын молайтып, тілдерін дамыту. Ертегілер арқылы балаларды мейірімділікке, адам гершілікке, шыншыл дыққа тәрбиелеу.

Д/о: «Қандай ертегі?»


Математика негіздері

Геометриялық фигура лардың құрылымдық элементтері туралы түсінік

Мақсаты: көпбұрыш, көпбұрыштың түрлері (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш) туралы түсінікті нақтылау; «көпбұрыштың қабырғалары», «фигураның бұрышы» түсініктерін нақтылау.

Балаларды көпбұрышпен және оның белгі лерімен: төбесі, қабыр ғалары, бұрыштары мен таныстыру. Үш және одан көп бұрышы бар барлық фигуралар, төбелер, қабыр ғалар көпбұрыштар тобына жатады.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.

Серуен

Қар жауғаннан кейінгі ағаштардың жайы қандай?

(Экологиялық тәрбие)

Қар жауғаннан кейінгі ағаштың қалпы қандай әдемі екеніне балалар дың көңілін аудару. Кішкентай ағаштар үш кір дөңгелек тебетейге оранды, кейбір ағаш тың бұтақтары бұғы ның мүйізі сияқты, кейбіреуі тоқыма жіп сияқты, мақталы шар сияқты. Балаларды ағашты күтуге үйрету. Қар басқан ағаш бұтақ тары майысып тұрады, ол қалың қарды ақырындап түсіру керек екенін түсіндіру.

Балаларды табиғатты сүюге үйрету. Олардың өз сөзінен алған әсерле рін айтуға үйрету.

Қ/о: «Ақ аю»

Мақсаты: Әртүрлі бағытта балаларды жүгіруге, жылдам қо ғалысқа үйрету.

Еңбегі адал жас өрен

Бұтақтарды қардан сілкіп тазарту.

Ағаш пен бұталарды бақылау (ағаштар: терек,қайың, шыр ша, гүлшетен, алма ағашы; бұталар: долана, жұпаргүл, сарықараған, шие)

Бақылау. Балалардың назарын ағаштардың және бұталардың сыртқы түріне аудару (жапырақ жоқ), жапырақсыз ағаш бұталары ның аспан түстес екендігіне назар аударту.

Ағаштың сыртқы түрлерін ажырата білуге жаттықтыру (ағаштың пішіні, бұтаның орна ласуы, тамырдың түрі мен сыртқы пішіні) ағаштың: терек, қайың шырша, гүлшетен, алма ағашы; бұталар: долана, жұпаргүл, сарықараған, шие. Балаларға аяз кезінде ағаш бұталарының жұмсақ және тез сынғыш болатынын түсіндіру. Балаларды ағашқа сүйіспеншілік пен қарауға тәрбиелеу

(Экологиялық тәрбие)





Ағаш пен бұталарды бақылау (ағаштар: терек ,қайың, шырша, гүлшетен, алма ағашы; бұталар: долана, жұпаргүл, сарықараған, шие)

Жұмбақ.

Жазда жатсаң- көлең кесіне алады,

Қыста жақсаң- жаның рақат табады. (ағаш)

Қ/о: «Шаңғы жарысы»

Мақсаты: дыбысқа деген іс-әрекетті бекіту (шанада отырып, аяқпен итеру; ішінен жатып, қолмен итеру). Дене шынықтыру сабағында алған білімде рін іс жүзінде қолданып, жарыстарға қатысуға ынталандыру.

Еңбегі адал жас өрен

Ағаш және бұта түптеріне қарды үю. (Экологияляқ тәрбие)

Мақсаты: Ағаш және бұта түп теріне қарды үю және еңбектің маңыздылығын білуге үйрету. Жақсы ынта мен еңбектенуге тәр биелеу.

Д/о: «Ағаш па әлде бұта ма?»

Мақсаты: ағаш пен бұтаны ажырата білу.

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен. балалар қолдарын тамақтың алдында өз бетінше жууға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу: А.Меңжанова «Тазалықтың досы» ойыны, мақсаты: көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуге үйртеу, Б. Кірібаев «Сабын жыры» М.Әлімбева «Бұл не?» салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру (Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту)

Түскі ас

Үнемді тұтыну. қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітіп шашпауға, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу үйрету, мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту. «Он саусақ» үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды (мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету)

Күндізгі ұйқы

Ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қоюға үйрету, досының шешінбегенін

байқауға және оған көмегін ұсынуға баулу.«Әжемнің ерегісі» ертегіні мұқият тыңдауға машықтандыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Көзімізді ашайық,

Бойымызды жазайық.

Қолымызды созайық,

Жаттығулар жасайық.

Бесін ас

мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту, ұқыпты тамақтану дағдыларын жетілдіру (Қоршаған ортамен танысу, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Ертегі сахналау

«Әтештің туған күні»

Мақсаты: ертегіні сахналау арқылы сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеуді дамыту.


«Смарт бала» жобасы Конструктордан құрастыру

«Автотұрақ»

Мақсаты: көлік түрлерін ажырату, көліктерге сай тұрақ құрастыра білу.



Д/о: «Жалғастыру»

Мақсаты: нысандардың алуан түрлі қасиеттерін бөліп көрсету және атай білу икемділіктеріне жаттықтыру

Балалармен жеке жұмыс


(Көркем әдебиет)

Кітаптан көрген суретіне қарап ертегіні немесе әңгімені айтқызуға жеке жұмыс

(Құрастыру)

Заттарды топтастыруды, конструкторды қиыстырып қалауды үйрету.



(Мүсіндеу)

Мүсіндеуде кескішті қолдана алуды үйретуді жалғастыру.

Серуенге дайындық, серуен

Еңбегі адал жас өрен. «Кім жылдам» ойыны мақсаты: өзін ретке келтіруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, жолдасына көмектесуге баулу

Серуен

Ұлттық ойын. «Қыз қуу»

Мақсаты: икемділігін, ептілігін дамыту.


Қ/о:«Тыйым салынған жүріс»

Мақсаты: зейінді, қимылдау дағдыларын дамыту.



Қ/о: «Қар атыспақ»

Мақсаты: жылдамдыққа, ептілікке, дәлдікке үйрету.

Үйге қайту

Өнегелі15 минут. Ата аналармен балалардың көңіл күйі, балалар отбасында өздері не істей алатындары, баланың жеке қызығушылығы туралы әңгімелесу, балаларға қандай ертегілер оқуға болатындығы жөнінде кеңес беру.

Қауіпсіздік ережелері. Мерекелерді тойлау кезінде түрлі отшашулардан көше ережелерін бұзудан баланы сақтандыруға кеңес беру.









ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы: бөбекжай-бақша Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5-6 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл қаңтар айы, (06-10 аралығы)


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 06.01.25

Сейсенбі 07. 01

Сәрсенбі 08.01.25

Бейсенбі 09.01.25

Жұма 10.01.25


Қаңтар айы: «Құндылық‑заң және тәртіп» Апта дәйексөзі: «Талап бар жерде тәртіп бар»

Балаларды қабылдау

Балаларды таңғы сүзгіден өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қабылдау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Балаларға ыңғайлы жағдай жасай отырып, қызығушылығын арттыру үшін жеке ойын ұйымдастыру. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуге машықтандыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге әдеттендіру (Сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет)

Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут Балалардың жеке ерекшеліктері туралы сұхбаттасу. Бала дамуына жағдай жасауға кеңес беру.

Қауіпсіздік ережелері. Үйдегі ток көздерінен баланың аулақ ойнауына жағдай жасау.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстел үсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Қанша тұяқ?» ойыны

Мақсаты: ауызша есептеуге жаттығу, логикалық ой-жүйе лерін жетілдіру


Суретпен жұмыс:

«Табиғаттың тосын сыйлары»


Жорамал:

Ағашқа қырау түссе, аяз болады.

Тұман болса, күн жылынады.


Қисынды ойлау:

«Ұшқан құстың неше басы, аяғы, қанаты бар?»




Таңертенгі жаттығу

10 комплекс мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (Музыка, дене шынықтыру, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті)

Таңғы ас

Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту)


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Санамақ» ойыны

Мақсаты: ой-өрісін дамыту.



Сөзжұмбақ

«Ұйқасын тап»

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту


Ребустар шешу

Мақсаты: баланың ой ұшқырлығын дамыту

«Техника және біз».

қауіпсіздік ережелері

Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

1.Еденге салынған тақ тай бойымен тапсыр маны орындай жүру.

2.Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қырындап өрмелеу.

3.20 см биіктіктен төменге секіру.

Қ/о: «Соқыртеке»

Сөйлеуді дамыту

«Қардың пайдасы»

Мақсаты:Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру.Қар тура лы білімдерін пысық тау. Қардың қасиет терімен танысу. Бақы лау жасау. Тіл байлық тарын есте сақтау, сөз дік қорын молайту, ой лау қабілеттерін дам-у

Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып жиі-жиі боран соғып, қар жауып тұр.

«Ақ ұлпа қармен» танысу.

-Қар қандай екен?

-Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріпкетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.

-Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.

Қар қайдан пайда болады?

Теңіздер, көлдер, өзендердегі суларбуға айналып, жоғары көте ріледі. Жоғары көте рілген сайын темпера тура салқындай түсе ді. Будан кристаллға айналады, олар бірік кен кезде қар ұшқын дары пайдаболады.

Математика негі-рі

Көпбұрыштар

«Ғажайып қапшық»

Қапшықта геометрия лық фигуралардың үлгілері бар. Бала оларды сипап көріп, көрсеткісі келетін фигураны атайды.

«Геоме-қ мозайка» ойыны балалардың геом-қ фигуралар туралы білімін бекіту ге арналған, оларды түрлендіру дағдысын қалыптастырады.

Жапсыру

«Аққала»

Мақсаты:Балаларға аққала жасауды үйрету.Геометриялық фигура-шеңберді бекіту.Пішіндерді бірінің үстіне бірін сала отырып,мөлшері бойынша салыстыра білуді дамыту.Дөңге- лек пішінді заттарды ойып кесу машығын жетілдіру.

Д/о: «Қатені тап»


Дене шынықтыру

1.Еңбектеп,кегли арасы на допты басымен итере алға жылжу.

2.Шығыршықтан- шығыршыққа бір аяқпен (кезек-кезек) секіру.

3.Шеңбер бойымен бір- біріне доп лақтырып жүру.

Сауат ашу негіздері

[З] дыбысы мен әрпі

Мақсаты: [З] дыбысы мен әрпімен танысты ру, кеспе әріптерден буын, сөз құрату

Д/о: «Сөзді өзгерт»

Сөздер айту, балалар сөздің басына [с] дыбы сын қосады және шыққан сөзді атайды.

аз – саз

абыр –сабыр

абалау – сабалау

ол - сол

алмақ – салмақ

ары – сары

асу – сасу

Сипаттамасы: [з] дауыссыз дыбыс, көк түспен белгіленеді. Сөздің басында, орта сында, аяғында кездеседі.


Көркем әдебиет

«Ормандағы шырша тойы»

Мақсаты: Балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілі- нің ерекшелігімен таныстыру. Орманда- ғы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Д/о: «Аңдарды құрастыр»

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Алдын ала қиып дайындалған аң денелерін құрасты- ру керек. Қай топ тез құраса, сол топтың жеңіске жеткені.

Қазақ тілі

Мұхит әлемі

Мақсаты: балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру, су асты тұрғындарымен таны сып аттарын атауға үйрету; су асты әлемі туралы білуге қызығу шылық танытады; табиғатты сүюге, оған қамқор болуға тәрби-у.

Су көліктерімен таныстыру.

-Бүгін біз кемемен сая хатқа шығамыз.

Экраннан немесе суреттерден мұхит тұрғындарын көрсете отырып, жаңа сөздер дің мағынасын түсіндіру. Балықтар дың неге олай аталға нына назарларын аударып, оларды құрал саймандармен салыс-у.

Сөйлеуді дамыту

Қысқы киімдер (сюжетті рөлдік ойындар)

Мақсаты: киімдердің түрлерін ажыратуға, қай мезгілде киетіні туралы ойын арқылы және қысқы киімдерді атап, сөйлемдер құрас тыруға үйрету.

Әр балаға киімдер бейнеленген суреттер таратып беру,балалар киімдерге сипаттама береді. Мысалы:

Малақай-құлағы бар жылы баскиім.

Пима-жүннен басыл ған қысқы аяқкиім.

Қоршаған ортамен танысу

«Сиқырлы қыс»

Мақсаты: Балаларға қысқы табиғаттың әсемдігін байқатуды, табиғатта болатын өзгерістердің себеп- салдарлық байланыс- тарын анықтауды үйрету.Байқағыштық ты ағаштар мен бұталарды ажырата білуді дамыту. Қамқор болуға тәрбиелеу.

Күзден кейін қыс келер

Қызыл аяз тістенер.

Сурет салар қыраумен

Жасай алмас еш шебер

Ә.Қайран

Балалардың біздің табиғатымыз сан алуан да әсем, оны қорғау қажет деген қорытынды жасауына ықпал ету. Туған өлкенің табиғатын сүю- бұл Отанды сүю деген сөз.Экологиялық тәрбие

Қазақ тілі

Күн тәртібі

Мақсаты: балаларды күн тәртібімен, олар дың атауларымен таныстыру; сөздік қорларын молайту; ұқыптылыққа, жина қылыққа тәрбиелеу.

Д/о:

«Мен не істеймін?»

Тәрбиеші қимыл, әрекеттерді атайды, балалар іспен көрсе-ді

-Мен түнде ұйықтаймын.

-Мен таңертең оянамын, жуынамын.

Күн тәртібі бейнелен ген суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздер дің мағынасын түсін діру. Күн тәртібін сақ таудың маңыздылығы туралы әңгімелеу.

Д/о: «Кім не істеді?»

Таңертең тұрамын,

Жуынып аламын.. Музыка

(маман жоспарымен)


Дене шынықтыру

1.Допты 6 м арақашық тық бойынша допты алып жүру.

2.Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу, бір аралықтан екінші аралыққа ауыса өрмелеу.

3.Тізбекте тұрып,бір- біріне допты беру.

Сауат ашу негіздері

[Й] дыбысы мен әрпі

Мақсаты: [Й] дыбысы мен әрпімен таныс-у.

[Й] дыбысының арти куляциясын анықтау; сөздегі дыбыстардың орны мен жүйесін анықтай алуды бекіту.

Дыбыстың артикуля циясы. Еріндер жымиюлы, тістер бір- біріне жақын, тілдің ұшы төменгі тістерге тірелген. Тілдің арқа лығы жоғары көтері леді. Дауыс байланы сы ырғақты. Ауа ағы сы серпімді, итеріліп шығады.

Дыбыстың сипат-сы

«Й» әрпін кейде, Қыс қа «И»- деп атайды,

Сондықтан да, «Й» кәдімгі «И»-гешатаспай

Үстінен оның түртіп қал!

Бұл Й-дің сөз басында

Болмайды көп керегі,

Йог пен йодтың расында

Алдында тек келеді.


Көркем әдебиет

«Алтын балық»ертегі

Мақсаты: Аквариум балықтарының тірші- лігі туралы түсіндіру және оларды атай білуді үйрету; алтын балықтың ерекшелік- терін көре білуді үй-у.

Су және оның мазмұны туралы білімдерін тереңдету. Ертегіні талдау. Балаларға ертегі желісіндегі кейіпкер- дің жақсы, жаман қасиеттерін ажырата білуге үйрету

Су асты мекендеуші- лерін тану.

Математика негіздері

Геометриялық фигура лар. Қайталау.

Мақсаты: көлемді денелер (шар, текше, конус, цилиндр) туралы түсінік нақты ланады; қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып үйренеді.

Д/о: «Қайсысы неге ұқсас?»

Текше көрсетілгенде, балалар айналасынан пішіні оған ұқсайтын заттарды табады.

Серуенге дайындық

Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру

Серуен

Экологиялық тәрбие. Құстарды бақылау (сарышымшық, боз торғай, сауысқан, торғай, көгершін)

Балаларға қыстайтын құстар туралы түсінік ті нақтылау және бекі ту. Құстардың атауын есте сақтау, ұшып келетін құстарды белгілеріне сай ажырата білу ( көлемі және түстеріне байла нысты). Әр түрлі құс тардың қозғалысы мен ерекшеліктерін ескере білуге үйрету (сауысқанның қадамы үлкен; торғай екі аяғы мен секіреді; көгершін де жиі, ұсақ қадамдар т.б.). Құстар ұшып жүргенде немесе отырғанда жақсы көрі неді, егер олар ағаш тың бұталарында отырса ажырату қиынға соғады. Құстарды жақсы көріп, оларға көмек бере білуге тәрбиелеу. Құстарға қыста азық табу қиын болатындығын түсіндіру. Оларды қосымша тамақтандырып тұру керектігін түсіндіру.


Қардағы іздерді бақы лай білу

Қарда түрлі іздердің қалатынын, соның ішін де құстардың ізі ерек ше болатындығын айы ра білу: құстардың ізі крест сияқты, әр құс әр түрлі із қалдырады; адамның да іздері әр түрлі, түрлі жақтарға бағыттайды: машина ның ізі де әр түрлі және т.б. Жансыз таби ғат жайындағы білімін бекіту; балалардың сөйлеу тілдерін дамыту

Жұмбақ

Мен кетемін, ол қалар.

Тақпақтар «Алғашқы қар» Т.Мұратұлы.

Көктемгі шие гүлі ме,

Қарғалар көкте жай ұшып, Сала ма еске мақтаны. Бірінен-бірі озбайды. Қар жауып тұрды түнімен, Ағаш тар үнсіз майысып, Күн шыға барып тоқ тады. Сынып бір кете жаздайды.

Қардағы іздерді бақылай білу

Қ/о: «Нысана»

Оң және сол қолмен желдетіп, көздеп лақтыру кезінде қалыпты жағдайды сақтай білу. Ойын барысында балаларды шапшаңдыққа, икем ділікке баулу. Қызығу шылықтарын арттыру.

Еңбегі адал жас өрен

Ұяны тазалау

Өз беттерінше және жауапкершілікпен ұя ны тазалап, еңбекте рін бағалай білуге үйрету.

Д/о: «Іздің құпиясын кім тез табады?»

Қашықтықты бағыттай білу, зерек тілік қабілеттерін бекіту.

«Не себепті құстар дың ізі, үзілетіндігін түсіндіру» (құстар ұшады, қанатын және құйрығын ашқандық тан қарда басқа із қал дырады)



Өзенді бақылау

Қыстың басындағы су құбырлары жайлы түсініктерін анықтау. Бірінші көлдің жиегінде мұз пайда болады, ол жұқа, тез ерігіш; содан кейін барып барлық су құбырлары қатады. Қыс ортасында: көлді толығымен қалың мұз басады; көлдегі мұз үстімен адамдар жүреді, балалар конь ки тебеді; мұздың үс тін қар басады, мұз астында балықтарға өте қараңғы, олар аз қозғалады. Кейбір жерлерде ойылған ойықтарды көруге болады, ол жерлерде балықшылар отырады. Судың астында ауа аз, балықтар ойықтың үстіне шығып дем алады.

Жұмбақ

Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп,жарыпты.

(Өзен)

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен балалар қолдарын тамақтың алдында өз бетінше жууға, суды шашып төкпеуге, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу Б. Кірібаев «Сабын жыры» М.Әлімбева «Бұл не?» салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру (Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту)

Түскі ас

қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу үйрету, мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту. «Он саусақ» үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды (мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету)

Күндізгі ұйқы

Ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қоюға үйрету, досының шешінбегенін

байқауға және оған көмегін ұсынуға баулу.«Әжемнің ерегісі» ертегіні мұқият тыңдауға машықтандыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Белгілі бір ретпен киінуге, өзіне-өзі қызмет жасауға жаттықтыру, «Кім жылдам» «Мысық» созылу жаттығуы арқылы сауықтыру жұмысын жүргізу , «Риждік әдіс» ауырмауға, денсаулықты сақтауға ынталандыру, «салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру (Дене шынықтыру- сауықтыру жұмысы, өзіне-өзі қызмет көрсету)

Бесін ас

мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту, ұқыпты тамақтану дағдыларын жетілдіру (Қоршаған ортамен танысу, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау тағы басқа әрекеттер)

Сюжетті рөлді ойын:

«Дәрігер»

Мақсаты: білім деңгей ін ойындарды ойната отырып, жан-жақты дамыту


Саусақ жаттығуы:

Қарсақтарды түлкімен

Шатастырып жүрдім мен

Әзер,әзер айырдым,

Қарадым да дүрбімен.


«Табиғатта қонақтамыз»

тақырыбына әңгіме.

Аңдар-табиғат көркі.

Оларды сақтап,қор- ғау керек.

Қуыршақ театры: «Достық қымбат бәрінен»

Мақсаты: Сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру

Балалармен жеке жұмыс


Спортқа деген қызығу шылықты арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту мақсатында баламен жұмыс жүргізу.




(Қоршаған орта, жапсыру)

Қазақтың ою‑өрнектерін қиюды үйретуде баламен жұмыс


(Көркем әдебиет)

Баламен ойында әдеби бейнелерді қолдануды үйрену

(Таным)

қарапайым зерттеуге қызығушылық пен әуестік танытуды қалыптастыру

Еркибай Қуаныш

Серуенге дайындық, серуен

Еңбегі адал жас өрен «Кім жылдам» ойыны мақсаты: өзін ретке келтіруге, досына көмектесуге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге баулу

Серуен

Д/ж: «Салыстыр»

Мақсаты: кеңістікте бағдарлау, ағаштар дың атауларын қай-у


Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы. «Тақия тастамақ» Мақсаты: зейінді, ұстамдылықты, шапшаңдықты дамыту

Д/о: «Достар мен қастар»

Мақсаты: логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру

Қ.ұ.о. «Аңшылар»

Мақсаты: қимылдау дағдыларын, икемділі гін дамыту

Үйге қайту

Өнегелі 15 минут Ата аналармен балалардың көңіл күйі, балалар отбасында өздері не істей алатындары, баланың жеке қызығушылығы туралы әңгімелесу, балаларға қандай ертегілер оқуға болатындығы жөнінде кеңес беру







ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы: бөбекжай-бақшасы

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5-6 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл қаңтар айы, (13-17 аралығы)

Күн тәртібінің үлгісі

Дүсенбі 13.01

Сейсенбі 14.01

Сәрсенбі 15.01

Бейсенбі 16.01

Жұма 17.01


Қаңтар айы: «Құндылық‑заң және тәртіп» Апта дәйексөзі: «Тәртіп тәрбие бастауы»

Балаларды қабылдау

Балаларды таңғы сүзгіден өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қабылдау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Балаларға ыңғайлы жағдай жасай отырып, қызығушылығын арттыру үшін жеке ойын ұйымдастыру. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуге машықтандыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге әдеттендіру (Сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет)

Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут Әңгімелесу балалардың жеке ерекшеліктері туралы сұхбаттасу. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстел үсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Ертегілер елінде:

«Күлшеқыз» ертегісі

сахналау

«Қыс қызығы»

Суреттер қарау, мазмұны бойынша әңгімелеу.

Ойын түрлері.


Д/о:

«Ненің жұбы болады»

Мақсаты: қандай зат тардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту.

«Смарт бала» жобасы. Құрылыс конструктордан.

«Автотұрақ»

Мақсаты:құрастыру, машина туралы білімдерін бекіту.

Д/о: «Сөзді өзгерт»

Мақсаты: әріптерді ауыстыру немесе алып тастау арқылы сөздерді өзгертуге үйрету.



Таңертенгі жаттығу

11 комплекс мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (Музыка, дене шынықтыру, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті)

Таңғы ас

Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту)


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Қауіпсіздік ережелері. Мақсаты: Қысқы қауіптер, неден сақтану керектігін бала санасына қалыптастыру..

Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Үш асық» ойыны.

Мақсаты: Бала зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту.

Д/о:«Қарама‑қарсысын тап» Мақсаты: сөздік қорларын байыту, тез ойлау қабілетін дамыту.

Пазл құрастыру:

«Теледидар» Мақсаты: ойлау қабілетін, төзімділікті дамыту.

Сюжетті рөлді ойын:

«Сиқыршылар әлемі»

Мақсаты: Қарым‑қатынас іс‑әрекетін дамыту.


Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

1.Жәй жүру, жетекші белгісі бойынша жерге жату, тұру, жүру, бастапқы қалыпқа келу.

2.Допты оң,сол қолы- мен 5 реттен еденге соғу.

3.Үлкен адыммен аяқтың ізі салынған суреттерді басып секіру.

4.Допты алып жүру.

5.Қ/о: «Қасқыр мен лақтар»

Сөйлеуді дамыту

Біздің көмекші құрал дарымыз

Мақсаты: көмекші құралдар туралы түсініктерін кеңейте тін жаңа біліммен байыту; қажетті құрал дармен таныстыру; әдеби шығармаға, оның тілінің, компози циясының ерекшелік терін талдау жасауға үйрету; ережелер құрастыру арқылы салыстыруға, талдауға қорытындылауға үйрету; жұмбақтар арқылы сөздік қорын жетілдіру.

Д/о: «Ғажайып қорап»

Балалар ғажайып қораптың ішінен қаже тті құралдар суретте -рін алып, олардың не үшін қолданылаты нын айтады.

Математика нег-рі

Бүтінді тең екі және төрт бөлікке бөлу.

Мақсаты: затты тең екі және төрт бөлікке бөлуді үйрету. Бүтін және тең бөліктер туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Балаларға «Алма» ертегісін әңгімелеп беру. Ертегі желісі бойынша сұрақтар қойып жауап алу.

Тәжірибелік жұмыс: лентаның екі ұшын тура біріктіріп, ортасынан кесу. Содан кейін алынған бөліктерді бір-біріне қаттап қойып, бірікті реді. Тең екі бөліктің кез-келгені жарты деп аталады.

Құрастыру

«Пинггвиндер»

Мақсаты:табиғи материалмен жұмыс жасауға үйрету. Оларды мазмұн бере орналастыру,ойлай білу қасиетін дамыту. Өзара көмек беруге тәрбиелеу.

Сауат ашу негіздері

[Г] дыбысы мен әрпі

Мақсаты: [Г] дыбысы мен әрпімен танысты ру. [г -г] дыбысының артикуляциясын нақ тылау; балаларды сөздердегі [г - к] ды быстарын жіктей алу ға үйрету; Гг дыбыс тың бейнелерін бекіту.

Кімде болса

Оқыған соң ұғады,

Геракл мен Геркулес

Бір адам боп шығады.

Дыбыстардың артику ляциясы: еріндер, тіс тер ашыңқы, тілдің ұшы төменгі тістердің астында, тілдің арқасы көтеріңкі, дауыс жел безектері дірілдеп тұрады. Г дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді.

«Г» сондай алыптай

Г әрпі көтергіш крандай


Математика негіздері

«Бөлік және бүтін»

Мақсаты:Бөлік пен тұтасты ажырата білу ге үйрету. Бөліктің тұтастан әрдайым кіші болатыны туралы түсінік беру. 10-ға дейін тура және кері санау машығын бекіту. Көрші сандарды таба білуге үйрету.

Д/О: «Көрші сандар», «Тортты жина»

Д/материал:1-10 цифрлары, көрші сандар ойынына арналған карточкалар.

Д/о: «Қандай цифр жасырынып қалды?

Мақсаты: цифрлар- дың аттарын қайталау.

Д/о: «Көрші сандар»

Мақсаттары:цифр-ларды қайталау, көз қаперін дамытуға септесу.

Д/о: «Тортты жина»

Мақсаты: бүтіннің бөліктерден тұраты- нын, ал бөлшектің тұтастан әрқашан кіші болатынын түсіндіру.


Қоршаған ортамен танысу

«Қысқы еңбек»

Мақсаты:Адам қолы көп нәрсе жасай алатыны,біздің айналамызда түрлі мамандық иелерінің қолымен жасалған көптеген заттар бары жайында түсінік беру.Басқаның еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Музыка

(маман жоспарымен)





Дене шынықтыру

1.Гимнастикалық орындық үстімен кішкентай допты алды және арт жағына бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру.

2.Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

3.Қ/о: «Дәлдеп лақтыр»

Сауат ашу негіздері

[Ұ], [Ү] дыбыстары мен әріптері

Мақсаты: [Ұ], [Ү] дыбыстары және әріптерімен таныстыру сөзге дыбыстық тал дау жасай білу іскер ліктерін бекіту.

Д/о: «Сөз ойла, тез ойла»

Балаларға [Ұ], [Ү] дыбыстарына байла нысты топ ішінде кез десетін заттар, адам дардың есімдерін атап беруді ұсыну.

«Ұл» деген сөзді дыбыстық талдау жасату.

[Ұ] дыбысын созып, әндетіп, жуан айтқызу, [Ү] дыбысын созып, әндетіп, жіңішке айтқызу.

«Ұ» әрпіне байланыс ты сөздер табу: ұл, ұлан, ұлу, ұршық, т.б. «Ү» әрпіне байланыс ты сөздер табу: үй, үкі, үстел, үтік, күз т.б.

Көркем әдебиет

Біздің көмекші құрал дарымыз. Тоңазытқыш.

Мақсаты: тұрмысқа қажетті заттардың неге арналғанын және қол -дану ережелер туралы білімдерін кеңейту; тоңазытқыштың құры лысы туралы мағлұмат беру; тұрмыстық техни каның құрылыстары -мен таныстыру.

Жұмбақ

Сырты жаз, іші қыс.

Бұл не? (Тоңазытқыш)

«Тоңазытқыштың іші неліктен суық?»

Тоңазытқыш ішіне зерттеу жасау, түсіндіру

Желілі-рөлді ойын

«Тұрмысқа қажетті бұйымдар дүкені»

Қазақ тілі

Дене мүшелері

Мақсаты: дене мүше лерінің аталуын үйрету тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Д/о: «Жылдам айт»

Балалар тізбекпен бір дене мүшесін айтады, қалған балалар өз денелерінен аталған дене мүшесін жылдам көрсетеді.

Дене мүшелерін таза ұстаудың маңызы туралы айтып өтеді.

Сөйлеуді дамыту

Ыдыстар

Мақсаты: ыдыстар туралы білімдерін кеңейту; ыдыстардың түрлері және оның қызметі туралы мағлұмат беру; тұрыс қа қажетті заттарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу; өз бөлмелері мен заттарын таза ұстауға тәрбиелеу.

Ыдыстар туралы әңгімелесу

Үстел үстіне фарфор мен шыныдан жасал ған ыдыстарды қою.

Кесе, шәйнек, қасық, табақ, шанышқы, стақан, құмыра бір сөзбен қалай аталаты нын сұрау. (Ыдыстар)

-Ыдыстар қандай ма териалдан жасалын ған? – Ыдыстар шыны дан, фарфордан (саз балшықтан т.б.) жаса лынған.

Д/о: «Не артық?»

1.Ине, балта, қайшы, сабын.

2.Тоңазытқыш, шаң сорғыш, кесе, үтік.

3.Айна, сағат, телефон сыпырғыш.

Қоршаған ортамен танысу

«Қасқыр қысты қалай өткізеді?»

М.Дулатов

Мақсаты: Жабайы аңдар, олардың өмірі мен таныстыру.

Қасқыр жабайы, жыртқыш аң екендігін ұғындыру, пайдасы мен зияны туралы айту, түсінік беру.

Табиғатты қорғауға, жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Қазақ тілі

Тазалық бұйымдары

Мақсаты: тазалық бұйымдары туралы түсінік беру, оларды дұрыс атауға, сөйлеу барысында қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын молайту; тазалыққа, ұқыпты лыққа тәрбиелеу.

Қуыршақтың алыс жаққа саяхаттауға бара жатқанын айтып, оның жолға дайында луына көмектесуді ұсынады.

Сөмкесіне салатын тазалық бұйымдары туралы, олардың маңызы туралы айтып өту.

Д/о: «Дүкенде»

Тазалық бұйымдарын атай отырып, ойын- шықтар дүкеннің сөресіне тізіп қою.

Музыка

(маман жоспарымен)


Дене шынықтыру

1.Аяқтың ұшынан өкшеге, өкшеден аяқтың ұшына ауыса секіру, жетекшінің белгісі бойынша бұрылу, жүру.

2.Кішкене допты, бүршіктерді бір, екі қолымен алысқа (3-4 м) себетке лақтыру, түсіру.

3.Допты оң,сол қолымен жерге соғу, жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу.

4.Қ/о: «Арқан тарту»

Сауат ашу негіздері

[Д] дыбысы мен әрпі

Мақсаты: [Д] дыбысы мен әрпімен таныс-у.

Жұмбақтар

Шайда бар, шәйнекте жоқ, сайда бар, ләйлек те жоқ. (Д)

Бала біткен соғады, жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң ұшып жоғары, жерге түсер домалап.

(Доп)

Тиіп кетсең ән салған,

Даусынан ел тамсан ған. (Домбыра)

Д/о: «Сөз ойла, тез ойла»

Балаларға [Д] дыбысы на кездесетін топ ішін дегі заттардың, адам дардың аттарын тез табуды ұсыну.

[Д] дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді.

Көркем әдебиет

Шаңсорғыш

Мақсаты: көмекші құралдар туралы түсі ніктерін бекіту; тұр мыстық техникаға қызығушылығын арттыру; шаңсорғыш туралы мағлұмат беру

Шаңсорғыш қандай қызмет атқарады? Неліктен олай атала ды? Атауы неліктен екі сөзден құралып тұр?

Математика негіздері

Ауыр – жеңіл; сұйық, сусымалы заттар №1

Мақсаты: балаларда әртүрлі заттар мен материалдардың өз салмағы болатыны туралы түсінік қалып тастыру; олардың салмағын анықтау үшін заттарды өлшеу тәсілдерімен таныс-ру

Алдымен балалардың заттың салмағы, көле мі туралы тұрмыстық түсініктерін анықтап алу керек.

-Не ауыр? Не жеңіл?

-Заттардың салмағын ненің көмегімен анық тауға болады?

-Сендер таразының қандай болатынын білесіңдер ме?

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен Киіну: Серуенге шығу, балаларды өздері киінуге, досына көмектесуге, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалауына жағдай жасау, қатармен жүруге дағдыландыру

Серуен

Өзенді бақылау

Қ/о: «Өзенге жүгіру»

Берілген дабыл бойын ша әртүрлі қимылда жүгіру (ұсақ, кең адыммен, аяқты екі жаққа жіберіп жүгіру, секіру арқылы жүгіру). Жаттығу жұмыстарына деген қызығушылықтарын ояту, қимыл қозғалыс тарын жақсарту.

Еңбегі адал жас өрен

Қар ойыны: Қар тақы рыбындағы білімін бекіту; берілген тақы рып бойынша құры лысты қаруландыру; табиғи материалдарды қолдану арқылы шығармашылық қабі леттерін арттыру.

Тәжірибе. Мұз және оның құрылымы. Мұз ды көріп, құрылымын анықтау (суық, қатты, тайғанақ). Мұз салын ған ыдысты топқа кіргізу, мұзды ұста тып көрсетіп, еріген ше бақылау. Өз бетін ше іс-әрекет. Ойынды ұйымдастыру кезеңі (бастапқы және жүру барысы)

Аула сыпырушының еңбегін бақылау

Қардың көп түскенін, бірақ біз одан еш қиын дықсыз өтетінімізге назар аудару. Бұған біз ге аула сыпырушы кө мектесті. Балалардан аула сыпырушының жаздағы жұмысқа қарағанда қыстағы жұмысының ерекшелі гі неде екенін сұрау. Аула сыпырушының қар тазалау кезіндегі саймандары жайында білімдерін бекіту. Үлкен адамдардың еңбектері туралы білімдерін кеңейту.

Мақал-мәтелдер

1.Еңбек етсең ерінбей

тояды қарның тіленбей

2.Ердің атын еңбек шығарады.

3.Ер дәулеті-еңбек.

«Болайықшы осындай»

Жақсы бала еңбекшіл,

Таза бала мұнтаздай,

Ер азамат болады.

Сүйсінеді қараған.

Қиындықты жеңіп кіл,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Құшағы гүл толады.

Жақсы көрер бар адам.


Аула сыпырушының еңбегін бақылау

Қ/о: «Кім күшті»(қ.ұ.о)

Жаттығу жасау бары сында еңбектену-жол дасының өзіңе қарай тартылуы; дұрыс оты руын қадағалау. Жолда сының жетістігіне, жеңілісіне көңіл аудара білу.

Еңбегі адал жас өрен Аула сыпыру шыға көмек.

Мақсаты: үлкенге көмек көрсете білуге тәрбиелеу. Еңбек мәде ниетін қалыптастыру (құралдарды қолдана білу, жұмыс орнында тәртіпті қадағалау).

Д/о:«Ұқсас, ұқсас емес»

Мақсаты: балаларды белгі бойынша заттар ды топтастыра білуге үйрету (құралдары, түрі, белгісі).

Өз бетінше іс-әрекет

Біріккен ойындарда өз тәртібіне жауап беруге тәрбиелеу, ойын әрекетін ұйымдастыру ға талпыну.

Көркем сөздер

Еңбек-қуаныш, жалқау лық-айырылмас азап.

Қардың астында

өсетін өсімдіктерді бақылау

Балаларға жазда өсіп, қазір қардың астында қалған өсімдіктерді ұқыптылықпен қазып алуды ұсыну. Қардың астындағы шөпті бақылау. Кішкентай жасыл өсімдіктердің жерге жабысып жат қандығын, олардың жұқа және нәзік екен дігін бақылау. Таныс өсімдіктерді анықтай білуге ұмтылдыру. Қар өсімдік тұқымы ның үсімеуінен және оларды қорғайтынды ғын қалыптастыру. Табиғатты сүйіп, аялай білуге тәрбиелеу.

Көркем сөз

Аппақ қыстың бораны

Аяз шымшып алады,

Аппақ қыстың бояуы.

Боран мен жел болады

Ақ көрпеге орайды,

Туған жердің ақ қысы,

Ақ қыс байтақ даланы

Ақ құшағын жаяды.


Қардың астында

өсетін өсімдіктерді бақылау

Қ/о: «Біз көңілді балалармыз»

Мақсаты: алаңның қарама-қарсы жағына жүгіріп шығу, бір-бірін итермеу, ойынның шартын сақтау (ескертуден аулақ болу). Балалар ды ойын талабына сай шапшаңдыққа, икемділікке баулу.

Еңбегі адал жас өрен

Кіші топтағы балалар ға алаңдағы қарды тазалауға көмектесу.

Мақсаты: балаларды балабақша ауласында қар тазартып, қарды сырып, жүретін жол қалдырып, тазалық сақтауға үйрету.

Д/о: «Болады-болмайды»

Мақсаты: танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәжірибе. Аулаға шық қанда екі ыдысқа су құйып алып шығу. Бір банканы қардың үсті не қойып, екінші банканы қардың асты на көміп тастау.

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен балалар қолдарын тамақтың алдында өз бетінше жууға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу: Б. Кірібаев «Сабын жыры» М.Әлімбева «Бұл не?» салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру (Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту)

Түскі ас

мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту. «Он саусақ» үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды (мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету)

Күндізгі ұйқы

Ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қоюға үйрету, досының шешінбегенін

байқауға және оған көмегін ұсынуға баулу.«Әжемнің ерегісі» ертегіні мұқият тыңдауға машықтандыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Салқын сумен қолымызды, бетімізді жуамыз.

Демалу жаттығулары.Шар үрлеу жаттығулары.

Бесін ас

мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту, ұқыпты тамақтану дағдыларын жетілдіру (Қоршаған ортамен танысу, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Пэтерн плей ойыны

Мақсаты: симметрия, бөлшек ұғымдарын игертеді.

«смарт бала» жобасы

Д/о: «Қыс-Ана жұмбақтары»

Мақсаты: берілген белгі лері бойынша өлі және тірі табиғат нысандарын айыра білуді үйрету

Сюжетті рөлді ойын:

«Базар»

Алушы,сатушы болып бөліне ойнау.


Саусақ жаттығуы:

Қарсақтарды түлкімен

Шатастырып жүрдім мен

Әзер,әзер айырдым,

Қарадым да дүрбімен.

Көркем сөз:

Қыста көлге мұз қатты

Табанымды мұздатты

Мұз ойылып кетті де

Күліп едік біз қатты.

Балалармен жеке жұмыс


(Қоршаған орта)

материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды тани алуды қалыптастыру бойынша жеке жұмыс

(Көркем әдебиет)

театрландырылған әрекеттің түрлі жұмыс тәсілдерін меңгертуге көмектесу

(Қоршаған орта)

қарапайым тәжірибе лерді жүргізуге қызығу шылық танытуда жеке жұмыс

(Математика)

Тәулік бөліктері туралы түсініктерін қалыптастыруды балаға үйрету

(Көркем әдебиет)

таныс бірнеше шығармаларды атауды үйрету мақса- тында баламен жеке жұмыс

Серуенге дайындық, серуен

Еңбегі адал жас өрен «Кім жылдам» ойыны мақсаты: өзін ретке келтіруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, досына көмектесуге баулу

Серуен

Қ/о:«Себетке дәл түсір!»

Мақсаты: көз мөлшер мен шамалауды, доп лақтыруда өз күшіңді шамалау икемділігін дамыту.

Д/о: «Туыстас сөздер»

Мақсаты: балаларды түбірлес сөздерді табуға жаттықтыру.

«Қысқы ермектер» эстафетасы

«Мерген» Балалар ны санға қар лақтырады.


«Қар мүсін»

Балалар қардан мүсін жасайды.Мүсінді тезірек жасаған топ жеңіске жетеді.

Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы.«Сиқырлы таяқ»  Мақсаты: балалардың тапқырлығын, икем ділігін дамыту.


Үйге қайту

Өнегелі 15 минутАта аналармен балалардың көңіл күйі, балалар отбасында өздері не істей алатындары, баланың жеке қызығушылығы туралы әңгімелесу, балаларға қандай ертегілер оқуға болатындығы жөнінде кеңес беру









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2024
698
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12