«Мадақтау және ынталандыру әдістері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мадақтау және ынталандыру әдістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа арналған сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

__________У.О. Хидирбаев

«__»________________2025ж








Ашық сабақ



Тақырыбы: «Мадақтау және ынталандыру әдістері»

Пәні: Балалармен тәрбие жұмысын жоспарлауда тәрбие әдістері.

Тобы: МДО-241/Б

Күні: 20.10.2025 жыл

Уақыты: 14:20

Аудитория: 306




















Ақсукент-2025 ж






Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

Ашық сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мадақтау және ынталандыру әдістері.

Модуль /пән атауы: Балалармен тәрбие жұмысын жоспарлауда тәрбие әдістері

Педагог: Нағашыбай Ж.Е. дайындады

2025 жылғы "20" қазан

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ : 2 курс, МДО-241\Б

 Сабақтың түрі: Аралас

2. Мақсаты: Студенттерге мадақтау мен ынталандырудың мәнін түсіндіру, олардың адам мінез-құлқына, оқу мотивациясына әсерін мысалдар арқылы көрсету.

Студенттерге педагогикалық үдерісте мадақтау мен ынталандырудың маңызын терең түсіндіру, олардың жеке тұлға дамуына, оқу-танымдық белсенділігіне және кәсіби қалыптасуына тигізетін оң әсерін айқындау.Мадақтау мен ынталандырудың түрлері мен тәсілдерін меңгерту арқылы студенттердің өз болашақ педагогикалық тәжірибесінде оларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:Мадақтау және ынталандыру ұғымдарын ажырата білуге үйрету.Бір-бірін қолдауға, жетістіктерді бағалауға тәрбиелеу.Өзгенің еңбегін құрметтей білуге дағдыландыру.Студенттердің өзін-өзі бағалау, өз пікірін білдіру қабілетін арттыру.Топпен жұмыс істеу, ой бөлісу дағдыларын дамыту.

3. Күтілетін нәтижелер: Мадақтау мен ынталандырудың айырмашылығын түсінеді.Күнделікті өмірде қолдана алатын мадақтау сөздерін айта алады.Достарын қолдау мен мотивация берудің маңызын түсінеді.Өз жетістігін бағалап, өзіне сенімділік қалыптастырады.

4. Қажетті ресурстар:слайдтар, интерактивті тақта, сабаққа қажетті құралдар.

5. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, көңіл-күйін бақылау, дәрісхана ішіндегі тазалық пен топтағы білім алушылардың сабаққа қатысымын қадағалау.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Жылы жүрек»әдісі.Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Білім алушылар «Шаңырақ» әдісімен 3 (Адамгершілік,Әділдік,Адалдық) топқа бөлінеді.

«Медаль» әдісі арқылы әр топ бағаланады,әр дұрыс жауап берген топқа медаль ұсынылады.Көп медаль жинаған топқа ынталандыру мақсатында кубок беріледі.


2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

«Жұмыртқа» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау.

Тәрбие дегеніміз не?

Ақыл-ой тәрбиесі?

Адамгершілік тәрбиесі?

Эстетикалық тәрбие?

Еңбек тәрбиесі?

Дене тәрбиесі?

Экологиялық тәрбие?

Құқықтық тәрбие?

Патриоттық тәрбие?

Экономикалық тәрбие?

Отбасылық тәрбие?

Сендіру әдісі дегеніміз не?

Түсіндіру әдісінің мәні неде?

Сендіру мен түсіндірудің айырмашылығы қандай?

Үлгі-өнеге көрсету әдісінің мәні неде?

Үлгі-өнеге көрсету әдісі тәрбиенің қай түрлерінде жиі қолданылады?

Үлгі болудың негізгі шарттары қандай?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

Білім алушылар: «Ертегіден үзінді» әдісі арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.

"Бибігүл"мақтаншақ қыз ертегісінен үзінді.

1.Бала тәрбиесінде мадақтау мен ынталандырудың орны ерекше. Дұрыс айтылған бір ғана жылы сөз баланың өз-өзіне деген сенімін арттырып, жаңа жетістіктерге жетелейді. Сондықтан педагогикалық процесте мадақтауды саналы түрде қолдану – мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі.

2. Мадақтау дегеніміз не?

Мадақтау – адамның дұрыс әрекетін, жетістігін мойындап, оған қолдау көрсету арқылы оның мінез-құлқына жағымды ықпал ету әдісі.

Педагогикада мадақтау – оқушының жақсы қылығын, білімдегі немесе еңбектегі жетістігін жария түрде немесе жеке бағалау арқылы оның әрі қарайғы дамуына ықпал жасау.

3. Ынталандыру дегеніміз не?

Ынталандыру – тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға деген қызығушылығын арттыратын ішкі немесе сыртқы себептер жүйесі.

Ынталандыру ішкі (өз еркімен, қызығушылықтан) және сыртқы (марапат, сыйлық, баға, мақтау) болып бөлінеді.

4. Мадақтаудың мақсаты

• Баланың өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру;

• Жақсы мінез-құлықты бекіту;

• Оқуға деген ынтасын арттыру;

• Ұжымда жағымды ахуал орнату;

• Қарым-қатынас мәдениетін дамыту.


Түрі Мысалдары

Ауызша мадақтау «Жарайсың!», «Тамаша орындадың!

Ым-ишара арқылы Қол шапалақтау, жымию

Жазбаша мадақтау Грамота, алғыс хат

Сыйлық беру арқылы Белгі, жұлдызша, тәтті сыйлық

Қоғамдық мадақтау Басқалардың алдында айту


Позитивті ынталандыру: мадақтау, қолдау, көтермелеу;

• Негативті ынталандыру: ескерту, шектеу (аса жиі қолдануға болмайды);

• Материалдық ынталандыру: сыйлық, марапат;

• Моральдық ынталандыру: мақтау, мәртебе беру.

7. Мадақтауды қолдану ережелері

Мадақтау шын жүректен, шынайы болуы керек;

Уақтылы, нақты әрекетке бағытталуы тиіс;

Жеке тұлғаны емес, оның іс-әрекетін бағалау қажет;

Шамадан тыс мақтауға жол бермеу керек, өйткені ол тәкаппарлыққа әкелуі мүмкін.

Сергіту сәті «Лабиринт»ойыны.

1-тапсырма «Егер мен мұғалім болсам........» әдісі арқылы алғашқы топтық тапсырма.

Егер мұғалім болсаңыздар қандай мадақтау және ынталандыру әдістерін қолданасыңдар,плакат бетіне түсіріп,топ болып қорғап береді.

2-тапсырма« Ертегілер әлеміне саяхат» әдісі бойынша «Бауырсақ ертегісін сомдау».

3-тапсырма. «Өзіңді өзің мадақта» тапсырмасы.

Әр балаға қағаз таратылады.

Тапсырма: «Мен өзімді мына үшін мақтаймын....…» деп кемінде 3 сөйлем жазу.

4-тапсырма. «Алдар көсе ойын» яғни жаңа тақырыбымызды бекіту мақсатында соңғы тапсырмамыз.

1.Мадақтау дегеніміз не?

2.Ынталандыру дегеніміз не?

3.Ауызша мадақтау дегеніміз не?

4.Ым-ишара арқылы мадақтау?

5.Қоғамдық мадақтау дегеніміз не?

6.Позитивті ынталандыру дегеніміз не?

7.Материалдық ынталандыру дегеніміз не?

8.Моральдық ынталандыру дегеніміз не?

9.Ынталандыру нешеге бөлінеді?

4.Қорытынды. Мадақтау – тәрбиенің ең қуатты тетіктерінің бірі. Уақтылы айтылған жылы сөз баланың жанын жылитып, оның ішкі мотивациясын оятады. Сондықтан әрбір педагог пен ата-ана мадақтауды орынды, әділ және саналы түрде қолдануы тиіс.

5. Сабақ бойынша рефлекция

«Ыстық бауырсақ»әдісі.

-Барлығын түсіндім;

-Қиындықтар кездесті;

-Ештеңе түсінбедім.

Сабақты қорытындылап, білім алушыларды бағалау.

6.Үй тапсырмасы:

Мақал-мәтелдер жинау:

Мадақтау, еңбексүйгіштік немесе ынталандыру туралы 5 мақал-мәтел тауып, олардың мағынасын түсіндір.

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» ПЦК төрайымы:_______Нағашыбай Ж.Е

Әзілеуші:__________ Нағашыбай Ж.Е
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2025
20
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі