400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәдени этикет

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім сияқты жас мамандарға көмек ретінде керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым-қатынас тілі»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың эстетикалық білімдерін жан-жақты кеңейту.

  2. Дамытушылық: Балалардың дұрыс сөйлеу, дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа, сыйластыққа, әдептілікке және ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, бейнетаспа,

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)


Психологиялық дайындық

- Балалар, « Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені» дегендей, қане балалар, бәріміз бір-бірімізге иіліп амандасайық (Бәрі осылайша амандасып, өлең жолдарын қайталайды).

Әдеп

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен

Сыпайылық белгісі-

Үлкендерге «Сіз» деген.

-Жақсы, орындарыңа жайғаса қойыңдар.


Жаңа сабақ

- Балалар, біз бүгін ұялы телефонмен қалай сөйлесу керектігін, достық жылы қарым-қатынас тақырыбында сөз қозғайтын боламыз.

-Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқында амандасудың қазір түрлері көп. Олай болса, біз амандасудың мына түрлерін орындап көрейік: Ол үшін тақтаға маған 2 бала шыға қойсын:

-Сендер, «Оқушы мен мұғалімнің амандасуын» көрсететсіңдер. Келесі жұптар «Ата мен немеренің амандасуын» , «Ақсақал мен замандасының амандасуын», «Ұлдар мен қыздардың амандасуын» амандасуын сахналап көрсететін болады.
-Жарайсыңдар, балалар біз бұдан не ұқтық? Иә, дұрыс айтасыңдар әрқашан үлкен кіслермен де, өзіңмен қатарлас адамдармен де амандасып жүру керек екенбіз . Ата - баба дәстүрінің қастерлейтіні – дұрыстап сәлемдесе білу. Дұрыс сәлемдесу – имандылығымыз бен ар - ұятымыздың бастауы екендігі хақ.

-Жақсы, балалар айта қойыңдаршы дос дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің достарың бар ма? Сен оған қиын жағдайда көмектесесін бе? Олардың саған көмектескен немесе көмектеспеген кездері болды ма? Ал, сендер тек қана достарыңмен ғана жақсы қарм-қатынаста болу дұрыс деп санайсыңдар ма? Жоқ, балалар адам досы болсын, дұшпаны болсын, дұрыс, сыпайы, жылы қарым-қатынаста болуы тиіс.

-Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстауы әдемі, сондай – ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл - қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.


-Ал, қазір мен сендермен мынадай ойын ойнағым келіп тұр.

«Жағдаяттан шыға білеміз бе?» ойыны
(Жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріңдер)
1. Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.
Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?
2. Назым әп - әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп - нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.
Назымға қандай кеңес берер едіңіз?

-Балалар, біз бұл жағдаяттарды шешу барысында қандай заттарды түсіндік? Қандай түсініктерді өзімізге қалыптастырдық?



-Жарайсыңдар! Балалар, айта қойыңдаршы қазір ұялы телефон бәрімізде бар, солай емес пе? Барлығымызда болмаса да, көпшілігімізде бар, иә? Ал, сендер сол ұялы телефонды дұрыс қолдану жолдарын білесіңдер ме? Олай болса, бейнетаспаға назар аударайық:

Бейнетаспа

-Ал, оқушылар бецнетаспада не жайлы айтылған?

-Не түсіндік?

-Осы айталған ережелерді біздер сақтанамыз ба? Неге?

-Жақсы, жарайсыңдар, оқушылар. Енді, қанекей телефон арқылы рөлге бөліп оқып көрейік.


1-Алло! Сәлеметсіз бе, апай!

2- Сәлеметсіз бе! Бұл кім?

1- Апай, мен Санжармын ғой. Жанатты телефонға шақырып жібересіз бе?

2- Өкінішке орай, Жанат үйде жоқ.

**** 


1-Алло! Сәлем, Ксюша!

2-Алло! Сәлем, Айдана!

1- Әпкеңді шақырып жіберші.

2- Қазір шақырамын.


-Досымызға не сыныптасымызға қоңырай шалып қалған жағдайда, оның анасы тұрқаны көтерне не дейміз ? (амандасамыз, содан соң досымызды шақыруын өтінеміз)


Сергіту сәті:

-Балалар, шаршаған боларсыңдар? Қанекей орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық. (іс-қимылдарды қайталау)


Бейнетаспа:


Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс:

-Балалар, біз парта бойынша 3 топқа бөлінеміз. Әр топқа мынада тапсырмалар беріледі. Дайындалуға 2 минут уақыт.


1 топ: телефонмен сөйлесетін диалог құрастыру.

2 топ: әр ұлттың амандасуын көрсеті.

3 топ: 2 достың әңгімесі.


Қорытындылау
- Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік жолы. Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір - қасиеті арта түседі. Әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.
Бағалау: Балалар сабаққа белсене қатысқандарың үшін сендерге күлегештер таратамын.





























































Көлащы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Shape1

Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым –қатынас тілі





















Сынып жетекшісі: Сагиева Жадыра








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі