400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәдени жаһандану процессі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдени жаһандану процессі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды жұмыс

  1. тапсырма

Сынып

9

Сабақ тақырыбы

Мәдени жаһандану процессі

Оқу мақсаты

9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді талқылап, біреуіне таңдау жасап өз ойын дәлелдеп жазу

тапсырма

Тапсырманың әдістемелік негіздемесі


Жетекші сұрақтар:

Мәдени жаһандану дегеніміз не?

Терминді алғаш ғылыми айналымға енгізген кім?

Мәдени жаһандану туралы не білесіңдер?

Тапсырма : құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді талқылап, келісу келіспеу эссесін жазу

Білім алушы эссе жазғанда оның құрылымы мен даму желісін сақтауға дағдыланады.Эссе жазу баланың оқыған шығармасын талдауға , саралауға, қызығушылығын оятуға,көркем жазуға ,ойын ашық жеткізуге үйретеді. Оқыған шығармасын баяндаумен қатар өз тұжырымын шығаруға машықтанады.Білім алушы жүйелі эссе жазумен қатар , пікірді екіжақты талқылау арқылы ,дұрыс-бұрысын анықтап, өз ойын дәлелдеуге үйретеді. Кейбір білім алушыға өз ойын қағаз бетіне түсіру қиындық туғызады. Осы мәселенің алдын алуда ықпалы зор. Білім алушының өз бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік беріп , шығармашылық қабілеттерін дамытады. Білім алушы терең мағыналы сөздерді толықтай, түсінумен қатар, өз ойын дұрыс жеткізе білуге , сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, пайымдай білуге , сауатты жазуға, орфографиялық нормаға сай жазуға,пікірдің дұрыстығын дәлелдеуге,шығармашылық қабілетін дамыта отырып шыңдауға көмектесіп, көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. Әр білім алушы оқыған мәтінін шынайы өмірмен байланыстыруға үйреніп, дәлел келтіріп , өз ойын қағаз бетіне түсіруге талпынады. Фактілер мысал келтіруге дағдыланады. Оқушының функционалдық дағдыларын қалыптастырады. Сабақты әдебиет және тарих пәндерімен байланыстыра отырып, өткенге көз жүгіртуге бағытталады.

  1. тапсырма

Сабақ тақырыбы

І. Жансүгіров Құлагер поэмасы

Оқу мақсаты

9.1.3.1. көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

.

Жетекші сұрақтар:

  1. І. Жансүгіров «Құлагер » поэмасы арқылы өз заманының қандай ащы шындығын айтқысы келді?

  2. Шығармадағы Батыраштың іс-әрекетіне не айтар едіңіз?



Тапсырма: «төрт сөйлем» әдісі арқылы шығарманың идеясына сай кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз

Бірінші сөйлем пікір ...
Екінші сөйлем дәлел...
Үшінші сөйлем мысал ...
Төртінші сөйлем Қорытынды...






Білім алушыларға берілген тапсырма дұрыс ойлауға, бір бірімен пікір алмасуға , мағынасы терең сөздерді толықтай түсінуге,сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, пайымдай білуде ерекше рөл атқарады деп ойлаймын. Орфографиялық нормаға сай жазуға, орфоэпиялық нормаға сай сөйлеуге машықтанады. Кейіпкерлердің сезімін, жай-күйін түсініп, ой елегінен өткізіп, жақсы мен жаманды толықтай ажырата білуге, дұрыс пен бұрысты ажартуға қалыптасып, шығарманың идеясын, автордың айтқысы келген ойын анықтауға үйретеді.Білім алушылар шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтауға қалыптасып, әр кейіпкерге өзіндік баға беруге дағдыланады. Білім алушы кейіпкерлердің арасындағы жағдайды, таласты , дауды сипаттап, іс-әрекеттеріне баға береді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз бетінше де топтық та жұмыс жасай алуына зор мүмкіндік береді.Сонымен қатар, кейіпкерлер бейнесін бүгінгі күнмен салыстыра білуіне, шынайы өмірмен байланыстыруға,өз ойын ашық жеткізуге, ащы сұраққа тұщымды жауап беруіне ықпал етті. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашуда жас ерекшелігі ескерілді, бала бойында мейірімділік сезімін дәріптеу. Сабақта қазақ тілі және тарих пәндерімен байланыстыра отырып, тарихқа үңілмей,білмей, болашаққа қадам жасауға болмайтындығын ұғындыруға бағытталды. Білім алушылар тақырыпты толық меңгерген соң , өзара пікір алмасып, дәйек пен дәлел келтіріп ,қорытынды жасауға үйренеді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.02.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12