жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мәдени мұра –ел байлығы» МАД тобы тәрбиеленушілеріне арналған бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы
Мәдени мұра –ел байлығы» рухани құндылық негіздерін қалыптастыру бағытында МАД тобы тәрбиеленушілеріне арналған бағдарлама
Мақсаты:Балаларға
ата – бабамыздан қалған рухани
мұраларымызды сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа
жеткізудің маңыздылығы туралы түсінік
беру.
Балаларды елін, Отанын сүюге,
ұлттық құндылықтарымызды сақтауға
тәрбиелеу . Ұлттық құндылықтарымызды,
мәдени мұраларымыздың тарихын білуге
деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
|
Тақырыбы |
Мазмұны |
Өткізу түрі |
|
1 |
«Ұлттық бұйымдар шеруі» |
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге деген қызғушылығын, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру. Қолөнердің бірі түрлі ою-өрнек туралы мағлұмат беру, шығу тарихын, мағынасын, қолданылу туралы әңгімелесу, шеберлікке, әдемілікке, өнерге, ою-өрнектерімізді құрметтеуге баулу. |
Қолөнер сайысы
|
|
2 |
«Ұлттық аспаптар сыр шертеді».
|
Ұлттық музыкалық аспаптары туралы түсініктерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баули отырып, аспаптық музыкаға қызығушылығын ояту, ұлттық жәдігерлер құдіретін сезінте отырып, ұлттық рухта тәрбиелеу.
|
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
|
3 |
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» |
Ою-өрнектер туралы алған түсініктерін жалғастыру, оюлардың жаңа түрлерімен таныстыру, Ою-өрнек түрлерін қолдана білуге үйрету,өнерсүйгіштікке тәрбиелеу,ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге баулу. |
Сайыс |
|
4 |
«Қазақтың ұлттық тағамдары» |
Ұлттық
тағамдарды пайдалана отырып, балаларға
олардың қандай еңбекпен жасалатынын
түсіндірумен, қатар қандай жолмен
алынатынын, түрлерін үйрету арқылы
құндылықтарды және тағамдарға деген
сүйіспеншілігін арттыру. |
Ұйымдастырылған оқу қызмет |
|
5
|
Сиқырлы ұршықтың кереметтері
|
Қыз балаларды ұлттық нақыштағы құралдармен таныстырып , олардың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіру. Жүнді түту иіру, тәсілдерін үйрету. |
Ұйымдастырылған оқу қызмет |
|
6 |
«Әжемнің асыл бұйымдары» |
Балаларға
зергерлік өнер туралы мәліметтер
бере отырып білімді қалыптастыру.
Халық шеберлерінің өнерлерімен танысу
және өнерге қабілеттерін дамыту.
|
Көрме |
|
7 |
«Атадан қалған асыл мұра» |
Төрт
түлік туралы түсініктерін , пайдасы
туралы білімдерін кеңейту, төрт түлік
малға байланысты мақал - мәтелдер,
әңгімелер, тақпақтар айтқызып сөйлеу
шеберліктерін, ой – өрістерін,
шығармашылық қабілеттерін |
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
|
8 |
«Мұражайдағы бір күн» |
Өз өлкеміздің тарихы, атақты адамдары, қазақтың ұлттық бұйымдары, ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары, қазақтың ұлттық аспаптары туралы түсінік беріп, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды қадірлеуге, сақтауға тәрбиелеу. |
Танымдық саяхат |
|
9 |
«Батаменен ел көгерер» |
Балаларды қазақ халқының бата – тілектерімен таныстырып, олардың түрлерін ажырату арқылы білімдерін толықтыру,ой - өрісін, шығармашылық ізденісін арттыру. Балаларды адамгершілік, мейірімділік қасиетке, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алуға тәрбиелеу; |
Бата айтудан сайыс |
|
10 |
«Қош келдің, қонағым»
|
Қазақ халқының қонақжайлылығын, салт-дәстүрлерін насихаттау, ұлттық қасиеттерге баулу, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге баулу.
|
Сахналық қойылым |
|
11 |
Бесік той
|
Балаларға ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, қайырымдылыққа, бірлікке баулу. Өлең, тақпақ айтқызу арқылы балалардың тіл байлықтарын дамыту.
|
Ойын-сауық |
|
12 |
«Үйретерім көп қызым саған»
|
Қыз балаға тән жақсы қасиеттерді өрбіту, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру, қазақ қызына тән ибалыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.Өнерлі болуға, ана үлгісін алуға баулу. |
Ата-аналар арсындағы сайыс |
|
13 |
Ертегілер әлеміне саяхат |
Ертегіні тыңдай отырып баланың қиялын , тілін, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту және байланыстырып сөйлеуге үйрету.Балаларды халқымыздың ауыз әдебиеті түрі ертегілерге қызығушылыққа тәрбиелеу. |
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
|
14 |
«Өнерлі
өрге жүзер»
|
Ана тілін құрметтеуге, тілімізді өркендетуге, ауыз әдебиеті түрлеріне қызығушылықтарын арттыру, тілдерін байыту.
|
Сайыс |
|
15 |
Бабалар даңқы- ұрпаққа үлгі |
Елін, жерін жаудан қорғаған батыр бабаларымыздың ерлік істерін үлгі тұтып,қастерлей білуге тәрбиелеу.Батыр бабаларымыз Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Жалаңтөс Баһадүр т.б бабаларымыздың батырлық жолымен таныстыру. |
Арнайы оқу қызметі |
|
16 |
Мәңгілік ел-Қазақстан |
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу, даму жолдарымен, жетістіктерімен таныстыру, Қазақстан азаматын тұлға ретінде қалыптастыру.Өз отанының патриоты болуға баулу. |
Салтанатты ертеңгілік |
|
17 |
«Ұлттық ойындар»
|
Балаларды ұлттық ойындар арқылы батырлыққа, мергендікке, дәлдікке тәрбиелеу, балалардың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіту, ой-өрісін кеңейту.
|
Ойын- сайыс |
|
18 |
Шығыстың жарық жұлдызы-мәңгі жас Ғани |
Жерлесіміз көрнекті қоғам қайраткері Ғ. Мұратбаевтың өшпес өмірі мен өнегесін ,қызмет жолын таныстыру,өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. |
Шығарма-шылық кеш |
|
19 |
Менің елімнің салт-дәстүрлері |
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсініктерін кеңейту.Отанын сүюге, патриоттық рухты және ұлттық салт дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. |
Ойын-сауық |
|
20 |
Менің өлкемнің көрікті жерлері |
Қазалы қаласындағы көрікті жерлерге саяхат жасатып олардың тарихымен таныстыру.Олардың тарихи құнды жәдігер екенін, |
Мақсатты саяхат |
|
21 |
Байқоңырдан ғарышқа |
Біздің еліміздің мақтанышы «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы білімдерін тереңдету.Өз елін мақтан тұтуға,батыл, патриот болуға тәрбиелеу. |
Танымдық саяхат сабақ |
|
22 |
Ақын атаның ақылы. |
Жерлес ақын Әнес Нарымбетовтың балаларға арналған шығармаларымен таныстыру. «Сатып алған ақыл» ертегісін сахналай отырып,балаларды адал,еңбексүйгіш болуға баулу.
|
Сахналау |
|
23 |
Ұрпақтарға ұран болған- Ұлы Жеңіс батырлары. |
Ұлы отан соғысына қатысқан жерлес батырларымыз туралы мағлұматтарын кеңейту. Аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі етіп,елін,жерін сүйетін,қорғайтын отансүйгіш азамат болып өсуге тәрбиелеу.
|
Ертеңгілік |
|
24 |
Кел, оқиық бүлдіршін |
Балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Халық ауыз әдебиетін насихаттап, балалалардың танымдық қабілеттерін дамыту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу |
Балалар кітапханасына әдеби саяхат |
|
25 |
Бабалар сөзі-ұрпаққа үлгі.
|
Данышпан бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөздерін түсініп оқып үйренуге, мазмұнын тереңірек білуге, шешен сөйлеуге баулу; сыйластыққа, өзара татулыққа,өз елін сүюге тәрбиелеу. |
Шешендік өнер сайысы
|
|
26 |
Менің елімнің тарихы
|
Балалардың
Отан, Қазақстан, туған жер туралы
түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге,
еліміздің рәміздерін қастерлеуге,
туған еліне деген сүйіспеншілігін
аттыру.Балаларды елін, жерін сүюге,
ұлтық рухаи байлығын қорғауға, өз
елінің патриоты болуға тәрбиелеу. |
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
|
27 |
Өз өлкеңнің тарихын білесің бе? |
Өз елінің,өлкесінің тарихын білуге қызығушылықтарын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. |
Танымдық сайыс
|
|
28 |
«Еліне қорған болған батыр бабалар»
|
Қазақ батырларымен, өмір сүрген ортасымен таныстыру, өз ойын жүйелі жеткізуге, әңгіме құрап айтуға үйрету, сөздік қорын молайту.Балалардың ой өрісін сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Танымдық белсенділігін арттыру, Отанды сүюге, ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу. |
Арнайы оқу қызметі. |
|
29 |
«Қазақтың ұлттық киімдері» |
Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана-сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
|
Көрсетілім |
|
30 |
Тұсау кесу |
Балаларды қазақ халқының тұсау кесу дәстүрімен таныстыру. Тұсау кесу рәсімінің маңыздылығын түсіндіру. Салт-дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап, дамытуды насихаттау. |
Ойын-сауық |
|
31 |
Ұлттық киімді әшекейлеу
|
Балалардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру,ойын ,қиялын, тілін дамыту.Ұлттық киімді таныстырып не үшін қажет екенін түсіндіру Өз халқының салт-дәстүрін сыйлауға ,құрметтеуге, тәрбиелеу.
|
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген