400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Нургалиева Токжан Толеугазиновна

Сынып 8

Барлығы –25

Қатысқандар –

Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары.

Сабақтың тақырыбы:

Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары.

Осы сабаққа қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтарын анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Шығу орталықтарына байланысты өсімдіктер мен жануарлардың тізімдемесін жасайды.

Кейбір оқушылар:

Шығу орталықтарын анықтаудағы Н.И.Вавиловтың еңбегін талдап, баға береді.

Бағалау критерийі

- Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтарын анықтайды.

- Шығу орталықтарына байланысты өсімдіктер мен жануарларды жүйелей алады.

- Шығу орталықтарын анықтаудағы Н.И.Вавиловтың еңбегіне талдау жасап, баға бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

Мәдени өсімдіктер мен үй жпнуарларының шығу орталықтарын оқып түсінеді, ойларын ортаға салады.

Мәдени өсімдіктер мен жануарларды шығу орталықтарына қарай жүйелеп кестені толтырады (жазылым).

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

Селекция, қолтұқым, іріктеме, штамм, жануарларды қолға үйрету, жануарлардың шығу тегі, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Селекция адамның іс-әрекетімен жүретін эволюция, өйткені ...

Мәдени өсімдіктер мен жабайы өсімдіктердің негізгі айырмашылығы туралы нақты айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының пайда болу орталықтарының бірдей еместігін дәлелдеп айта аласыз ба?

Құндылықтарға баулу




«Зайырлы қоғам және жоғары руханият» беру, денсаулық сақтау; «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

География, дүниетану, жаратылыстану.

Алдыңғы білім

Жаратылыстану 1сынып, «Қандай жануарлар болады».

География 6 сынып

Жаратылыстану 5 сынып

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Шаттық шеңбері». Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма № 1. Сұраққа жауап беріңіз

Шағын топтарға топтастыру:

Ортаға жеміс жидектер, көкеністер және үй жануарларының суретін алып, сол арқылы шағын құрылымдалған 4 топқа топтастырамын.

Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма № 1. Сұраққа жауап беріңіз

1. Сұрыптау дегеніміз не?

2. Сұрыптаудың қандай түрлері бар?

3. Қолдан сұрыптау дегеніміз не?

4. Қолдан сұрыптау теориясының негізін салған ғалым?

5. Қолдан сұрыптаудың негізгі формаларын ата?

6. Жаппай қолдан сұрыптау дегеніміз не?

Қолданатын әдіс-тәсіл: «Серпілген доп».

Ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

Түрлі түсті қағаздар

Сабақтың ортасы

20-25 минут























Тапсырма №2.

Мәтінді оқып шығып, топ арасында талқылап келесі топқа түсіндіріңіз.

Дискриптор:

1.Мәтінді оқып шығады.

2.Жұппен, топпен талқылайды.

3.Келесі топқа түсіндіреді.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: «Қарлы кесек».

Ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау: «Синквейн» бес тармақ әдісі.

Тақырыптан түсінгендерін қолдана білуге үйрету мақсатында берілген тапсырмалар:

Тапсырма №3.

Биологиялық диктант

1. _______________ дегеніміз- адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру.

2. _______________ адамзат нан пісіру, сүт өнімдерін дайындау, қымыз бен шұбат ашыту және тағы басқа мақсатта ертеден бері пайдаланып келеді.

3. Қазір биология мен биотехнология ғылыми-техникалық прогрестің басқа бағыттарының арасында ерекше орын алады. Сондықтан

«XXI ғасыр ____________________» деп аталады.

4. ___________ __________ ___________- бұлар адамның қолымен түзілген организм популяциялары.

5. ______________- бұл үй жануарларының ерекше формалары, ____________- мәдени өсімдіктердің ерекше формалары, ал _________- микроорганизмдердің таза себіндісі.

Жауабы: Биотехнология, ұсақ ағзаларды, биология ғасыры, іріктеме, қолтұқым, штамм.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: Биологиялық диктант.

Ұйымдастыру формасы: Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

Тапсырма №4.

Егер төмендегі оқылған сөйлемдер дұрыс болса тұсына “иә+” белгісін, ал бұрыс болса “жоқ-” белгісін қойыңыздар.

1.Мәдени өсімдіктерді зерттеп олардың шығу орталықтарын анықтаған орыс ғалымы Н.Вавилов.+

2. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктерді 8 орталыққа бөлді. -

3. Жоңышқаның отаны Шығыс Азия орталығы -

4. Қазіргі кезде жануарларды қолға үйретудің алты орталығы бар +

5. Қоршаған ортаны қорғау биотехнологияның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. +

6. Инженерия сөзі «алшақтану» деген мағына білдіреді. -

7. Микроағзаларды сұрыптау жоғары өнімді мутант алу бөлімі. +

8. Гендік инженерия әдісімен картопқоңыз жей алмайтын картоп өсімдігі шығарылды. +

9. Тамақ өнеркәсібінде зең саңырауқұлақтары қолданылады

10. Биотехнология адами білімнің едәуір жас саласы.+

Қолданатын әдіс-тәсілдер: «Иә, жоқ».

Ұйымдастыру формасы: жұптық жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау: «Бірін-бірі бағалау» әдісі.

Оқылған тақырыпты талдай білуге үйрету мақсатында тапсырмалар беріледі.

Тапсырма №5

1. Сәйкестендіру тесті

Дискриптор

1. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын біледі.

2. Өсімдіктерді шыққан орталықтарына қарай жүйелеп орналастыра алады.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: «Сәйкестендіру тесті».

Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

Тапсырма №6.

2.Мылқау суретті пайдалана отырып, кестені толтырыңдар:

Кейбір үй жануарларының шығу тегі, жабайы ататектері мен орталықтарын анықтап кестені толтыру:

Дискриптор

1. Үй жануарларының жабайы ататектерін біледі.

2. Қолға үйретілген кезеңдері бойынша жүйелей алады.

3. Үй жануарларын шыққан орталықтарына қарай орналастыра алады.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: «Мылқау сурет».

Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

Тапсырма №7.

2. Деңгейлік тапсырмалар: А-деңгейі

1. Мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары туралы ілімнің авторы кім?

В-деңгейі

1.Мәдени өсімдіктер мен жануарлардың шығу орталықтарын ата.

С-деңгейі

1.Кескін картаға жануарлар мен өсімдіктерді орналастыру.

Дискриптор

1. Н.И.Вавиловтың еңбегін біледі.

2. Мәдени өсімдіктер мен жануарлардың шығу орталықтарын атай алады.

3. Кескін картаға жануарлар мен өсімдіктерді орналастыра алады..

Қолданатын әдіс-тәсілдер: «Деңгейлік тапсырма».

Ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау: «Көңіл-күй» әдісі













Парақ, маркер,























































Қосымша№1









Қосымша№2
















Қосымша№3

Сабақтың соңы

6-8 минут

Білімдерін жинақтау үшін тест тапсырмалары берілді.

Тест тапсырмалары:

1. Селекцияның теориялық негізі қай ғылым?

а) ботаника. ә) цитология. б) генетика. в) гистология

2. Соя,тары, жеміс және көкөніс дақылдарының отаны қайсы?

а) Анд орталығы. ә) Шығыс-Азиялық орталығы

б) Орталық Америка орталығы.

в) Абиссиния орталығы

3. Картоптың отаны

а) Оңтүстік Америка. ә) Солтүстік Америка 

б) Азия       в) Иран

4. Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын зерттеген орыс ғалымы:

 а) И.В.Мичурин. ә) М.Ф.Иванов.

б) Г.Д.Карпеченко. в) Н.И.Вавилов

5. Жүгері, мақта, какао өсімдіктерінің отаны қайсы?

а) Анд орталығы. ә) Жерорта теңіз орталығы.

б) Орталық Америка орталығы.

в) Абиссиния орталығы

6. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер қалай аталады?

А) патогенді бактериялар. ә) ашытқыш бактериялар.

б) сапрофитті бактериялар. в) зең саңырауқұлақтары.

7. Вавилов еңбегінде неше орталықты ажыратты

А) Алты. ә) Сегіз. б) Жеті. в) Тоғыз

8. Жануарлардың қолдан шығарған түрі қалай атаады?

а) Іріктеме. ә) Қолтұқым. б) Селекция.

в) Жинаушы кезең

9. Қой, ешкі, шошқа алғаш қолға үйретілген аймақ

а)Еуропа. ә) Еуразия.

б)Солтүстік Африка, Таяу Шығыс. в) Алдыңғы Азия.

10. Мәдени өсімдіктердің ерекше формалары

а) Іріктеме. ә) Қолтұқым. б) Селекция         в) Жинаушы кезең

Үйге тапсырма

«Қолға үйретілген жабайы жануарлар» туралы ой- толғау.

Кері байланыс:

Екі жұлдыз, бір тілек.

Бағалау

Бағалау парағы арқылы мұғалімнің бағалауы


Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

- оқу мақсатына сай сабақ мақсатында саралаудың қарқын, жіктеу, қорытынды, диалог және қолдау көрсету тәсілдері көрініс тапты.;


- жіктеу тәсілі: оқушыларды құрылымдалған шағын топтарға топтастырғанда;


- диалог және қолдау көрсету: қабілеті төмен оқушыларға тапсырманы орындату барысында;


Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

- «Бағдаршам» әдісі

- «Синквейн» бес тармақ

- «Бірін- бірі» бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі