400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәдени-тарихи мұраларды қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік көмек ретінде өз сабақтарында қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз туралы ақпарат

Мектеп :Павлодар қаласы №17ЖОББСОБМ

Бастауыш сынып мұғалімі: Жазкей Сайрагул


Сынып 4-ші

Пән: Дүниетану


Берілген уақыты

Сабақтың тақырыбы:

Мәдени – тарихи мұраларды қорғау







































2 минут





5 минут







2 минут





2 минут









3 минут



2 минут





2 минут



1 минут



10 минут





1 минут







3 минут



4 минут





1 минут







2 минут







1 минут


Сілтеме:

Оқулық, презентация, тапсырмалар , қосымша деректер

Жалпы мақсаты:

Мәдени-тарихи мұраларды қорғау туралы мәлімет беру.

Оқу нәтижелері:

  • Мәтінмен танысу

  • Қазақ жеріндегі тарихи мұраларды зерттеу

  • Мәдени-тарихи мұралардың сақталуы туралы білу

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Инсерт, әңгімелеу, жаңа әдіс-тәсілдер, сәйкестендіру, тест, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, сөздікпен жұмыс.


Сабақтың формасы:

Жұптық, топтық



Сабақтың ресурстары:

Кеспелер, суреттер, инсерт кестесі, тест, стикер, интербелсенді тақта.


Оқуға арналған тапсырмалыр:

Тақырыптық оқу

Жаттығулар:


Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл.














АҚТ







Сын тұрғысынан ойлау




Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу




Білім беруді басқару және көшбасшылық



Талантты және дарынды балаларды оқыту







Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылармен амандасу. Топқа мозайкамен бөлу

Әр топқа мозайкадан суреттер құрастыртамын (үй жұмысын тексеру)









Мотивация:





Жаңа тақырыпқа шығу үшін презентация көрсету

Операция:

Оқулықтағы мәтінді топтарға бөлемін.Мәтінді бөлімге бөлу:1-2-3-4 бөлім

Инсерт кестесімен жұмыс беру

Мәтіндегі түсініксіз сөздермен сөздікпен жұмыс жүргізу



Жетекші сұрақтарды қою.



Сергіту сәті «Қара жорға»

Оюлы конверке салынған тапсырмалар беру (қосымша деректер). Мәтінді оқып, постерге енгізіп қорғау.

Аңыз айтып беремін. «Айша бибі туралы аңыз»







Тест орындату



Интербелсенді тақтада жұмыс



«Екі тілек, бір пікір»





Топ басшысының бағалау парағын тыңдау

Сабақты ұранмен аяқтату

Рефлексия: Үй тапсырмасын беру. Тарихи аңыздар оқып келу

Мұғаліммен амандасу

(ақ, жасыл, қызыл, көк) түстермен бөлінеді

Құрастырған суреттеріне байланысты 2 сұрақтан дайындап, келесі топқа сұрақ қояды.

Сөзжұмбақ шешеді , сабақтың тақырыбына шығады және сабақтың мақсатын қояды.

Оқушылар белгілеп алады



Мәтінді оқи отырып, инсерт кестесін толтырады

Әр топ мәтіндегі таныс емес сөздердің астын сызып белгілейді

Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар қимылдап билеп серігеді

Суреттер мен тапсырмалар арқылы постерге енгізіп қорғайды









Жұппен ауысып тексереді

Топтан тақтаға бір оқушыны сайлап шығарады

Лимон ағашына стикерлер жабсырады.



Топ басшысы әр тапсырма сайын өзінің тобындағы оқушыларға қойып отырған ұпайларын санап, бағасын қояды

Сабақты ұранмен аяқтайды

Дерек көздер:


Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Дүниетану. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. К.Жүнісқызы, Ә. Бірмағамбетов, Қ. Аймағамбетова, И. Нұғыманов, Қ. Жүкешев. Алматы «Атамұра» 2011жыл



Жаттығулар:

1. Үй жұмысын тексеру барысында мозайкадан өткен тақырыпқа байланысты суреттер шығару арқылы 2 сұрақ құру (1 ұпай)

2. Топтың дайындаған сұрағына жауап беру (2 ұпай)

3. Сөзжұмбақ шешу (1 ұпайдан)

4. Постер қорғау: Өз ойын айту (1 ұпай); қорғау (2 ұпай)

5.Интербелсенді тақтамен жұмыс: (1 ұпайдан)

6.Тест (1 ұпайдан)




Мұғалімнің жазбалары:

Оқушылармен амандасу.

1.Топқа оқушыларды түстермен бөлу. Әр топ сол түстерді (мозайканы) құрастыру арқылы мынадай суреттер шығарады:

1- топ - Хеопс пирамидасы (ақ түс)

2-топ – Үлкен сфинкс (жасыл түс)

3-топ – Семирамиданың аспалы бағы (қызыл түс)

4-топ - Александария манары (көк түс)


2. Әр топ өздері құраған суретке байланысты келесі топқа 2 сұрақ дайындайды (үй жұмысын тексеру барысында) әр сұраққа жауап бергені үшін (1 ұпай)


3. Мотивация: Сөзжұмбақ арқылы жеті деген сөзге шығу, презентация көрсетіледі. Жеті керемет деген не?


ж а л а у

е ң б е к

т а р и х

б і л і м д і


1. Тудың синонимі ................

2. Адамды адам еткен не?................

3. «хират» сөзін теріс яғни соңынан алға қарай оқы .....................

4. Білекті бірді жығар, қандай адам мыңды жығар? (2 ұпай)


4. Көлденең шыққан сөз қандай екендігін балалардан сұраймын.Оқушылар жаңа сабақтың мақсатын қояды


5. Әр топ бөлініп берілген мәтіннің бөлімін оқып, Инсерт кестесін толтырады.


6. Оқушылардың мәтіндегі кездескен таныс емес сөздерімен сөздік жұмысын жүргіземін


7. Жетекші сұрақтар қою: Мәдени-тарихи мұраларды не істейміз?


8. Сергіту сәті «Қара жорға»


9. Әр топтан топ жетекшілері келіп, оюлы конверттен сурет пен қосымша деректі алып, топтарында постерге енгізеді, одан соң қорғайды) өз ойын айту (1 ұпай): қорғау (2 ұпай)

1-2-3-4 топтың конверттегі тапсырмалары:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

Қазандық;

Үлкен Ақсарай;

Кіші Ақсарай;

Құдықхана;

Кітапхана;

Асхана;

Көрхана;

Мешіт.

Қожа Ахмет Иасауи бірнеше тілдерді біледі: араб, шағатай, парсы, түркі тілдері, осы тілдерде өлең жазады.

Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.

Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды.

Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938-1939 жылдары А.Н. Бернштам бастаған Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы зерттеген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар сызық жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған.

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болды. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталды.


10. Қосымша дерекке байланысты үстелдің үстінде шеңберде берілген тақырып бойынша керекті сөздерді ақылдасып шеңберге енгізу керек. 4 шеңбер берілді. Әр топқа 1 шеңбердегі тапсырма белгіленді. Осы тапсырманы топ басшысы шығып, интербелсенді тақтада орындайды. (1ұпайдан)


11. Сабақты қорытындылау үшін тест өткізу 7сұрақ (1 ұпайдан)

Топ жетекшілері сабақтың басынан бастап бағалау парағын толтырып, белгілеп отырған ұпайларды санап қорытынды шығарады . Өз тобындағы оқушылардың білімін бағалайды.


12. «Екі тілек, бір пікір »Алма ағашының суретіне стикер алма жапсырады

13. Сабақты ұранмен аяқтау

Бүгін маған керек емес ертегі

Ертегіні өз басымда шертеді

Тарих керек іргетасы халықтың

Іргетассыз қаланбайды ертеңі


Рефлексия: Аңызға айналған адамдар туралы мәлімет іздеу.






























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі