Мәдениет және өнер

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мәдениет және өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдениет және өнер туралы ғылым мәселесін қарастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



Ф-ӘК-001/09






Келісілді

Бекітемін

Әдіскер

Колледж директоры

_________Ф.Дүйсенбай

__________А.Кенжалиев

«____» _______ 2024 ж

«____» ________2024 ж.






«Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры»

тақырыбындағы апталық іс-шарасы



Мәдениет және өнер




«Гуманитарлық» пәндік (циклдік)

комиссия кеңес мәжілісінде бекітілген №___ хаттама

«___» ________ 2024 ж.


Пәндік (циклдік) комиссия төрайымы:

__________ Н. Ибрагимова

Бөлімше меңгерушісі

___________ І.Керімбек

«____» _______ 2024 ж.


Тобы: ЭЕА-1123

Мерзімі: 13.12.2024 ж

Уақыты: 13:30

Өтілетін орны: 304- аудитория

Пәні:Мәдениеттану негіздері

Оқытушы: ________ Н.Музарапова







Түркістан 2024

Мәдениеттану негіздері пәнінен «Мәдениет және өнер» атты ашық сабақ



І. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин.)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ( 20 мин)

Тақырыбы: Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым

Жоспар:

1.Мәдениет ұғымын талқылау

2.Кіріспе. Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым оқып келу


1-тапсырма.

Квиз шоу (қызықты сұрақтар)


2-тапсырма

Рөльдік ойындар


3-тапсырма

Виртуалды саяхат

4-тапсырма

Сандарды ретімен орналастыру (сергіту сәті)


ІІІ. Жаңа сабақ ( 30 мин) Мәдениет және өнер


ІV. Бекіту ( 25 мин)


1-тапсырма. Сөздерді орналастыр. (3-4-5-6-7 әріпті сандар )

2-тапсырма. Сәйкестендіру

3-тапсырма. Жұлдызды сәт (сұрақ-жауап)


V. Бағалау (8 мин)


VІ. Үйге тапсырма беру ( 3 мин)



VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (2 мин)

















Пәні: Мәдениеттану негіздері

Сабақтың тақырыбы: Мәдениет және өнер


Мақсаты (оқу нәтижелері): Мәдениет және өнер туралы ғылым мәселесін

қарастыру

Міндеттері (бағалау критерийлер): Мәдениет және өнер тарихымен таныстыру

Күтілетін нәтижелер: Білімін жинақтап ортада өзін ұстау мәдениетін үйренеді.

Сабақ көрнекілігі: Слайд /Адамгершілік категориялары/

Сызба /Құндылықтар жүйесі/

Бейне ролик /Адалдық асыл қасиет /

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс:

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Баяндама оқу, сұрақ – жауап. шешу жолын айту,

нақты дәлелдер келтіру/

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (мин.)

  1. Студенттермен сәлемдесу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру,кезекші тағайындау,назаларын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ( мин)

Жоспары:

1.Мәдениет ұғымын талқылау

2.Кіріспе. Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым оқып келу

1-тапсырма.

Квиз шоу (қызықты сұрақтар)

1. Этнография қай кезеңдерді қамтиды -1800-1860

2. Б.Тайлор еңбегі қай кезеңде болды- эволюция

3. 1890-1920 қандай кезең- тарихи

4. Психология кезеңін зерттеген кімдер- М.Мид, Р.Бенедик

5. Құрылымдық-функционалдық қандай кезең- мәдениеттің әр бөлігі өзінше қызмет атқаратын біртұтас нәрсе

6.1950-1980 қандай кезең-жаңа эволюциялық кезең

7. Постструктурализмнің ерешелігі –анықталмаған, тұрақсыз мәдени құбылыстарға көңіл бөлу

8. Классикалық эволюционизмнің өкілі- Эдуард Б.Тайлор

9. «Алғашқы қауым мәдениеті» кімнің еңбегі- Б.Тайлор

10. ХІХ-ХХ ғасырда мәдениетті зерттеуде қандай бағыт қалыптасты-антропологиялық

2-тапсырма

Рөльдік ойындар

1.Тибетіктердің амандасу салты –тіл шығару

2.Тувалу елінің амандасуы –мұрын түйістіру

3. Жапон халқы –иіліп амандасу

4.Кения елінің амандасу салты- билеп секіру

5.Қытай елі- коуту банфу екі қолын

6. Тай елінің амандасуы-екі алақаны біріктіріп савади деп айтады

7. Қол алысу дәстүрі қалай пайда болды- бейбітшілік пен достастық белгісі

8. Филиппиндіктердің амандасу дістүрі –қолды алып маңдайына тигізу


3-тапсырма

Виртуалды саяхат

Қоғам дамуына қарай нешеге бөлінеді -3

1.Дәстүрлі қоғам- сәлем беру, үлкенді силау, уәдеде тұру, құдайды тану, анттан қорқу, аруақты силау, мейірімділік, қанағат, рақым сияқты адамгершілік қасиеттерін көздің қарашығындай сақтау

2. Индустриалды қоғам-мықты мамандықтарға орай еңбек бөлінісі дамығн жүйе, жаппай тауар өндіру, жалпы білім беру мен бұқаралық мәдениеттің дамуы

3. Постиндустриалды қоғам- демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі.

4-тапсырма

Сандарды ретімен орналастыру (сергіту сәті)


III . Жаңа сабақ ( 30 мин)

1.Мәдениет пен өнер байланыстылығы

2.Өнер тұсінігі және орындаушылық түрлері.


Мәдениеттің өзекті бөлігі –өнер.Таңбалы тастағы кескіндермен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да , өнер мәдениетінің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылу. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бар түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әль-Фараби айтқандай адам «хайуани мадани» , яғни, Мәдениетті жан. Адам-табиғат туындысы және ол үшін табиғи орто мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі.

Ғасырлар-адамның мәдени дамуының куәсі . Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді.Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді. Контрмәдениет атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім –мәдени антропология. Оның негізін салушылардың бірі-Э.Уилсон. Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді. Әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, ХХ ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық швинизмді тежейтін бұл ілімнің негізі есебінде мынандай идеяларды атап өткен жөн:

-академик В.И.Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілім;

-Рим клубының экологиялық тұжырымдары;

-Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволюциялық теориясы;

-Л.Н.Толстой, М.Ганди, А.Швейцер, Э.Фромм т.б дамытқан гуманистік этика т.б.

Өнер

Өнер-көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз –қалпында алмай,

Өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты-дүниені, адам өмірін, қоршаған ортны көркемдік эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады.Олар суреткер қиялы арқылы өңделңп көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың сурттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің

  • көркем әдебиет,

  • музыка,

  • мүсін,

  • кескіндеме,

  • театр,

  • кино.

ІV. Бекіту (мин)

1-тапсырма.

Сөздерді орналастыр. (3-4-5-6-7 әріпті сандар )

3-әріпті 4-әріпті 5-әріпті 6-әріпті 7-әріпті

Жер адам қоғам туынды табиғат

Ана алға уақыт мәдени парасат

Қою ілім ғасыр Уилсон гуманис

жөн идея қисын тағдыр Толстой

орта этика теория

өнер оқиға

өмір

2-тапсырма

Сәйкестендіру

  • музыка дегенміз не

елгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі.

  • Мүсін жасауға керекті заттар

Ағаш, тастар, саз балшық, металл, пластик

  • кескіндеме,

бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын  көркем шығарма 

  • театр,

сахналық өнер мен, ойын - сауық өткізілетін орын.

  • кино

көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино.


3-тапсырма. Жұлдызды сәт (сұрақ-жауап)

1.Этнография-халықтану

2. гедонизм-рахаттану

3. коммуникативті-байланыс

4. «Өнердің шындық болмысқа эстетикалық қатынас деп жазған» – Н.Г.Чернышевский

5. «ежелгі дүние жайлы ғылым» - археология

















V. Бағалау ( мин)


Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырмасын тексеру

Бекіту

Қорытынды бағалау

Квизшоу(қызықты сұрақтар)


Рөльдік ойындар




Виртуалды саяхат


Сандарды ретімен орналастыру

Сөздерді орналастыру

Сәйкестендіру

Жұлдызды сәт


1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










17










18










19







































































VІ. Үйге тапсырма беру ( 3мин)

Реферат тақырыптары:

1.Өнердің пайда болуы

2. ХХ ғасыр –кино ғасыры

3. Қазақстанда киноның дамуы

4.ХХІ ғасыр телевидениясы



VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (2 мин)


1. Ш. Нағымұлы. Мәдениеттану. «Фолиант» баспасы. Алматы 2008 ж.

2. Ғабитов Т., Мүтәліпов М., А. Құлсариева. Мәдениеттану. Алматы. 2004 ж.

3. К. Сәрсенова. Мәдениеттану. Алматы. 2010 ж.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі