15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәдениетті адам-ол кім? Ата-аналарға арналған іскерлік ойын
«Мәдениетті адам-ол кім» атты ата-аналарға арналған іскерлік ойын.
Мақсаты:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың мінез-құлық мәдениетін дамыту мәселесіне ата-ананың назарын аудару
Көрнекілігі:Интерактивті
тақтаға ұлағатты
сөздержазылады:
«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала
нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше
соны таныр қиядан». Конверттер, Ватманға
«Бала – өмірдің гүлі» деп жазылған, сол
ватманға гүлдерге өз балалары туралы
жазып гүлдер алқабын құрастырады.
Даналық
сөз:
«Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің
қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл
біздің келешек қасіретіміз» А. С.
Макаренко т. б. Сұрақтар
жасырылған алқаптағы гүлдер.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Танысу
2. Ой қозғау. «Бала деген кім?»
3. «Қымбат машина» әңгімесі
4. Жағдаяттар бойынша талқылау
Шаттық шеңбері:
Бүгін біз сіздермен бірге іскерлік ойын түрінде өтетін ата-аналар жиналысы жиналдық.
Ата
- аналарды қолымыздан ұстап, шаттық
шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен
кездескеніме өте қуаныштымын. Қане,
бәріміз бір - біріміздің қолымыздан
ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек
шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері
деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге
тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз
көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек.
Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы
көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды
сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан
бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері
деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық
тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді
сыйлайық.
Танысу:
Әр ата - ана өзін таныстыру керек, өзінің
атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру.
Мысалы: Айдай сұлу - Айсұлу.
Құрметті
ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала
тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында
жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең
алады, адамнан адам тәлім алады» демекші
әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі
де рухани азығы мол азамат болып өсуін
тілейді. Қазіргі заманымыздың басты
мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы
тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат
болып қалыптасуында ата - анамен
тәрбиешінің рөлі зор. Бұл істе асығыс
шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл
қолдануға болмайды.
Ой қозғау. Бала деген кім?
Гүлдің
бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының
ішіне ата - аналар жауаптарынжазады.
Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз,
үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы,
асыраушым, қамқоршым, күнім, алтыным,
өмірімнің мәні т. б
Біздің
ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай бола,
біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат
қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз
керек. қандай жағымсыз тілектерді
баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік,
жалқаулық, сараңдық, т. б Біздің
баларымыздың адамгершілік, моральдік
бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға
бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ,
әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала
өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата
- ана өз баласына көп көңіл бөлуі керек.
«Қымбат
машина» әңгімесі
«Бірде
әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп
берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа
сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық
десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі
машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын
құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат,
Қанат, Мұса қоршап алды.
-
Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын
құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
-
Келші көрейік...
Бере
тұршы жүре ме екен?
-
Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман
ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды.
Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса
да өз беттерімен ойнап кетті. Аман
ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына
қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар
өздерінше арық қазып ойнап жүр екен.
Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
-
Мен де ойнайыншы.
-
Ал, балалар болса үндемей, ойындарын
жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1.
Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2.
Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3.
Аман кінәлі ме?
4.
Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер
едіңіздер?
Ата-аналармен сергіту сәтін орындау
Интерактивті тақтадан шыққан бейнеклипке қарап, сергіту сәтін орындау
Ата-аналарды екі топқа бөлеміз.
Сіздің үстеліңізде нөмірлері бар конверттер жатыр,әрбір конвертте проблемалық жағдайлар мен оларға қатысты сұрақтар жатыр. Конвертті ашып, музыка ойнап тұрғанша дейін ішіндегі сұрақты талқылап, жауап беруге дайындалыңыздар.
№1 конверт, №1 жағдаят
Аяулым қызығушылық танытып, мүсіндеуді жақсы көреді, анасы жұмысынды таста да серуенге шық деп талап қойсады. Міне, аз қалды,міне кішкене ғана деп, бастаған жұмысын аяғына дейін жасағаның қалайды. Тілін алмағанына наразылық білдіріп, анасы сазбалшықты алып қояды да, қызын далаға шығу үшін қиінуін талап етеді.
-Не деген қырсық!-деп анасы қызын киіндіреді.
Сұрақтар:
Бұл қырсықтық па?
Верониканың анасы дұрыс жасады ма?
Қызының мінез-құлқына анасы қалай әрекет ету керек еді?
Ересек адамдар табандылықты көбінесе қырсықтық деп санайды, өйткені бала бойында осы екі мінез ұқсас болып келеді. Бірақ олай істеуге болмайды. Қырсықтық- бала бойындағы жағымсыз қасиет. Ал алдына қойған мақсатқа жету- бұл мінез-құлықтың жақсы қасиеті. Сондықтан осы қасиетті ата-ана бала бойына сіңіру керек. Бұл жерде, баланың мақсаткерлігін жоймай, өз уақытынды өзгерту керек. Қырсықтық ерке балаға тән қасиет. Олар өз қалауын істетуге үйренген. Және қырсықтық балаға айқайлаған кезде, түртіп отырғанда пайда болады.
№2 конверт. №2 жағдаят
Алихан өзін әрдайым мақтағанға үйренді.Сурет салады да, көршілерге көрсетуге жүгіреді, әжесіне кәмпит берсе, «Мен мейірімдімін» деп өзін мақтайды. Серуеннен кейін келіп, киімдерін жинап қойса, анасының артынан жүріп, «Мен жарадым ба?»; құрылыс материалдардан құрылға жасаса да «Мен нағыз шебермін ғой»-дейді.
-Жарайсың!!! Сен бізде ең мықтысың»-дейді әке-шешесі. Ата-аналары жие-жие баланың көзінше оны мақтайды: басқаларға қарағанда, суретті керемет салады,ән де айтады, өлеңді де мәңерлеп оқиды, бойын да басқа жолдастарынан ұзын. Әжесімен жыламай қалған үшін ойыншық, тәттілер алып береді. Осылай күндер өтеді.
Сұрақтар:
Алиханды ардайым мақтаған жақсы жаман ба?
Баланың тәрбиесіне қанда әсер етеді?
Қандай кезде баланы мадақтау керек?
Бала тәрбиесінде мадақтау, мақтау әдісіне қандай орын бересіз?
Мысал көрсетіп көріңіздерші.
Сіздер «Мадақтау» тақырыбында екі жағдаятқа жауап бердіңіздер. Мадақтау- баланың мінез-құлқы мен тәрбиелеуді реттейтін бір әдістің бірі. Бірінші жағдаятта- ананың сөзі жақсы игі істерге итермелеу үшін пайдаланған тиімді әдіс болды, екінші жағдаятта керісінше, баланың бойына менмендік, мақтаншақтыққа апарады. Мадақтау тым көп болмау керек. Жиі-жиі қолданса, педагогикалық әсердің мәні кетіп қалады.
5. Ата-аналар комитетінің төрайымын сайлау.
Ата-аналардың пікірі тыңдалады. Жаңадан құралған топтың ата-аналары таныстырылып, ата-аналардан мүшелерін сайлауды ұсынады. Дауысқа салып, шешім қабылданады.
Қорытынды
Құрметті
ата - аналар ұлтымыздың қанындағы
ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық
- қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа,
адалдық - арамдыққа, парасаттылық -
парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен
үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде
ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен
нақты білім алуларына күш салайық.
Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту
мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының
басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса
әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі
жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген