Материалдар / Мәдениеттік тіл. (үйірме сабағы) Қызықты сұрақтар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәдениеттік тіл. (үйірме сабағы) Қызықты сұрақтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту үшін "Мәдениеттік тіл" үйірмесі жүргізіледі. Жоспарланған сабақтардың біреуін жариялап отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
758
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәдениеттік тіл
Тақырыбы: «Қызықты сұрақтар»

Мақсаты:1/ Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой-өрісін кеңейту,

Білімге құштарлықтарын арттыру,озық ойлы оқушыны анықтау.

2/Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

3/ Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:сайыстың аты жазылған

плакат,


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше турдан тұрады.

Ойынға 3 топ қатысады. Әр топ өзіне жетекші, белгі, ұран дайындады. Ендігі сөз кезегін соларға берейік. Мен топ жетекшілерін ортаға шақырамын, қазір кезекті анықтаймыз.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,

Бәрінен де бастысы – барлығының қатты істейтін миы бар!

Енді әр топ өзін таныстырады.

Сайыс болғандықтан жеңімпаз болады. Сол жеңімпазды анықтайтын әділқазылар алқасымен танысайық.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт-сапар тілейік.

1 тур: «Ертегілер кейіпкерлері»

Кім бұрын жауап берсе 5 ұпайдан алады.

    1. Ол беске дейін ғана санау білетін. (Буратино)

    2. Алтын жұмыртқаның анасы. (Тауық)

    3. Мейіз тауып алған қыз. (Мақта қыз)

    4. Алдар алдап кеткен байдың аты. (Шықбермес Шығайбай)

    5. Атасы мен апасынан қашып кеткен тентек. (Бауырсақ)

    6. 8 ағасын іздеп шығатын кейіпкер. (Ер Төстік)

2 тур: «Қызықты сұрақтар»

- Әр топқа екі сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап үшін 5 ұпай. Егер топ өзінің сұрағына жауап бере алмаса, қарсыластары жауап бере алады.

  1. Бір үйде екі шешесі, екі қызы және әжесі немересімен тұрады. Барлығы неше адам тұрады?

  2. Үш сіріңке талынан 4 цифрін құрастыруға бола ма?

  3. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. барлығы неше құс?

  4. Үш таяқтың қанша ұшы бар?

  5. Қоршаудың ар жағынан 4 адам аяғы және 4 аңның аяғы көрініп тұр. Қанша адам, қанша аң?

  6. 10 санын қандай бірдей қосылғыш түрінде жазуға болады?

- Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

Ән «Ертегілер әлемінде»

3 тур: «Кім жылдам?»

  1. Бұл өзеннің жағасында Семей, Өскемен, Павлодар қалалары орналасқан. Қай өзен? (Ертіс бұл өзеннің атауы жертесер дегенді білдіреді деген болжам бар.)

  2. Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аңның түрі? (қоян)

  3. Екі ақынның сөз өнерімен сайысы? (айтыс)

  4. Қыста жейтін малдың етін не деп айтады? (соғым)

  5. Дөп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең

Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)

  1. Елі байдың,

.... жалғастыр.

  1. Жүрсем ол да жүреді, тұрсам менімен бірге тұрады. Ол не? (көлеңке)

  2. Оның ата-анасының қойған аты Ерасыл еді. Ол кім?

  3. Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)

  4. Ұлыс күні жасалатын тағам. (Наурыз көже)

  5. Жалт-жұлт етер,

Жер бетіне жетер. (найзағай)

  1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

Би орындалады.

4 тур: «Жекпе-жек»

Бірінші ойыншыға.

Б- дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?

Көл-

Батыр-

Әнші-

Сәндік бұйым-

Ат жарысы-

Космодром-

Малдың төлі-

Құс-

Қ – дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?

Мемлекет-

Қала-

Батыр-

Музыкалық аспап-

Ұлттық тағам-

Төрт түлік-

Жәндік-

Әнші-

А- дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?

Қала-

Хан-

Ұлттық тағам-

Көл-

Ақын-

Жеміс-

Кісінің аты-

Аң-


Енді әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтағанша сіздер 3 сынып оқушыларының орындауында би тамашалаңыздар.

Марапаттау


Енді әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтағанша сіздер 3 сынып оқушыларының орындауында би тамашалаңыздар.

Марапаттау.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!