Тақырыбы:
Мәдениеттілік
– адамгершілік
айнасы.
Мақсаты:
Балалардың бойына жақсы әдеттерді
сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға
үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз
қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін
дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы
түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік:
Үлкенді сыйлауға, инабаттылыққа,
мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
билборд,слайд, көрме, мақал – мәтелдер,
құпия хаттар, көрініс көрсету.
1.
Ұйымдастыру.
Психологиялық
дайындық.
Мейірімді
жүрекпен,
Ақ
пейілді тілекпен.
Амандасып
алайық,
Бір
жадырап қалайық.
Әдептілік
– әдемілік туралы түсінік беру.
Біздің
ата – бабаларымыз өз ұрпағын әдепті,
инабатты болуын қадағалаған.
Әдеп
деген сөзде үлкен мән жатыр. Әдептілік
– адамдардың өзара жақсы қарым –
қатынасының белгісі, жүріс – тұрысының
ережесі болып табылады.
Адам
баласының бойында жақсы да, жаман да
қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты,
парасаттылықты, қарапайым –
кішіпейілділікті, инабаттылықты,
шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің
ата – анамыз ақ сүтін бере отырып, ана
тілімен үйретеді. Біз оны түсініп ата
– баба, салт – әдеттерін үйренеміз.
Адам болатын бала жақсы қасиеттерді
үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ
болуға тырысуы қажет. Олай болса кім
маған әдептілік жайлы тақпақ айтып
береді?
Құпия
хаттармен жұмыс .
(Алдыларына
хат беріледі.
Жағдаяттар
жазылған хаттар тапсырылады)
1
хат.Құрметті
достар!Менің көршімнің бір баласы
бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті
айта қояды. Маған
күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен
дос болып бірге ойнайын ба?
2
хат.Құрметті
достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ.
Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін
айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын
ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды.
Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3
хат. Құрметті
достар!Партада менімен бірге бір бала
отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын
орындамай, жазбай келеді. Мұғалім
сұрағанда қысылады.Сабақты менің
дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем,
«Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім
керек?
Әр
бала өз ойымен бөліседі.
Мақал
мәтелдер:
«Әдепті
бала ... , әдепсіз бала ... .».
«Үлкенге
- ... , кішіге -... ».
«Әдепті
бала ата-анасын ... ,
Әдепсіз бала
ата-анасын ... ».
«Не
істеуге болмайды?».
- Үлкендердің
алдынан ......(кесіп өтуге болмайды.)
-
Табиғатты ................ ........ (ластауға
болмайды.)
-
Ата-ананы...............................(ренжітуге
болмайды.)
- Кісінің затын
.....................( рұқсатсыз алуға бомайды)
«Не
істеу керек?»
- Үлкен кісіге
..........................( көмек көрсету керек)
-
Үлкен кісіні ...............................(сыйлау
керек)
- Үлкендерге
............................(сәлем беру керек)
-
Кішілерге ...............................(қамқорлық
жасау керек.)
«Әдептілік
ережесін құру»
а)ҮЙДЕ:
Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға –
апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы,
қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау,
т. б.
б) МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған
ережелерді сақтау, жолдастарымен,
ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі
қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста
болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс
орындау, сабақты бар зейінімен
тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай
талап ережелерін сақтау, ұстаздарын,
достарын
сыйлау;
в) ҚОНАҚТА: Қонаққа
келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу,
әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді
қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу,
босқа
абыржымау, екеу – екеуден
сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу,
үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып
отырмау, басқа қонақтардың, үй
иесінің
пікірлерімен санасу, т.
б.
Қорытындылау:
Халқымыз
өз ұрпағын:
Әдептілік
ар – ұят,
Адамдықтың
белгісі.
Тұрпайы
мінез тағы жат,
Надандықтың
белгісі, - деген екен.
«Әдептілік»
деген сөзді қалай түсінесіңдер? Әдептілік
дегеніміз не екен. Оған қандай қасиеттерді
жатқызамыз?