"Мадригальдар отбасының жаңа жылды қарсы алуы" ("Энканто" мультфильмі стильіндегі ертеңгілік сценарийі))

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мадригальдар отбасының жаңа жылды қарсы алуы" ("Энканто" мультфильмі стильіндегі ертеңгілік сценарийі))

Материал туралы қысқаша түсінік
"Энканто" мультфильмі стильіндегі ертеңгілік сценарийі. Сценарий бойынша Мадригальдар отбасының сиқырлы майшамы жоғалып кетеді. Майшамды табу үшін Бруноға жүгінеді. Бруноның пазлы шағылады, пазл бөліктерін табу үшін балалардың әртүрлі қабілеттерін қолдану керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

11


Залға әндетіп Мирабель билеп кіреді, артынан бүкіл топтың балалары да билеп қуанып кіреді, ал төрт бала ғана мұңайып, бастары салбырап, билемей, жәй ғана аяқтарын сүйретіп кіреді.

Мирабель:

  • Қараңдаршы балалар, біздің Ясина, Асылбекқызы Айлин, Алима, Б. Мединаның көңіл – күйі әлі де жоқ. Оларға қалай көмектессек болады ?

Зере (адамның ойын оқып қоятын қасиетке ие) :

  • Мен білетін сияқтымын.

(Көзін жұмып, екі жақ самайына екі жақ қолдарының сұқ саусақтарын тигізіп тұрады да, оқыған ойын айтады)

  • Оларға сиқырлы қабілет берілмей қалғанына әлі де ренжіп жүр.

Мирабель:

  • Ештеңе етпейді. Менің де есейгенге дейін қабілетім ашылмай қойған. Қазір мереке ғой бір амалын табуға болатын шығар. Сиқырлы майшамды таба алмай қойдым. Орнында жоқ! Біреу ұрлап кеткен сияқты. Сиқырлы майшамды тауып алуымыз керек. Оны қайдан табамыз?

Барлық балалар:

  • Брунодан көмек сұрайық!

Мирабель:

  • Онда ән айтайық. Мүмкін Бруно естіп, келіп қалар.

Ән : «Аппақ қар»

(ән аяқталған соң «Бруно ағай» деп шақырады)

Балалар орындарына жайғасып, екі қолдарын ауыздарына тосып музыкасыз әндетеді:

Барлығы: Бруно ағай – ай – ай – яй, келші тездетіп ай -ай- яй!

(ОЙЛАМАҒАН ЖЕРДЕН, ҒАЙЫПТАН БРУНО ПАЙДА БОЛАДЫ, (баннердың артында тығылып тұрады))

Бруно:

  • Тук – тук – тук – тук! Ағашты қағып қояйық!

(жан – жағынан ағаш іздестіреді де, барып балалардың орындығын жүгіріп барып қағып келеді)

  • Менің болжауым маған мүлдем ұнамайды!

(деп, теріс айналады, қолдары дірілдеп, қолындағы мозайкасын құлатып шағып алады, шыны шағылған дыбыс естіледі, бәрі шошып қалады, кенет пазлдар өздігінен жоғалып кетеді)

Мирабель:

  • Бруно ағатайым, сен не көрдің бізге айтшы? Біз сиқырлы майшамды қайдан таба аламыз? Пазл бөліктері қайда ғайып болды?

Бруно:

  • Жоқ! (басын ұстайды) Мен жаман нәрсе көрдім! Сол себептен менің көмекші тышқандарым оны жан – жаққа жасырып, тығып тастады. Мен кетуім керек! Тук – тук – тук – тук! Көрген бейнем ешқашан орындалмасын! Ол жерде бір сақалы ұзын шал майшамды алып алыпты. А – а-а ! Мен кеттім! Енді ештеңе айтпаймын!

Мирабель:

  • Бруно ағатайым, ол суретті екінші қырынан көрмедіңіз ғой! Біз балалармен қорықпаймыз! Бізге пазл бөліктерін табуға көмектесші.

Бруно:

  • Пазл бөліктерін табуға балалардың сиқырлы қабілеттері ғана көмектесе алады. Естеріңде болсын есте сақтау қабілетін ғана үш рет қолдана аласыңдар! (деп, саусағымен 3 санын көрсетіп, ғайып болып кетеді)

Мирабель:

  • Ондай болса, балаларымыздың есте сақтау қасиеттерін қолданайық. Балаларымыз тақпақтарын айтсын!

ТАҚПАҚТАР (І)

  1. Аяла

Әсем шырша ортада,

Жарқырайды, жайнайды.

Жаңа жылды қарсы алып,

Мерекені тойлайық.

  1. Мейірхан

Қыс қызығы тамаша,

Ойнаймыз біз таласа.

Думанымыз жалғассын,

Жаңа жылға тамаша.

  1. Жангелді

Аппақ қар жауа бер,

Біз батыр баламыз.

Тап - таза қарыңмен,

Аққала саламыз.

  1. Ерсұлтан

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір!

Кел, жаңа жыл біздерге,

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!

  1. Д. Айлин

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

(Балалар тақпақтарын айтып болған соң сыңғыр еткен дыбыс шығып, жоғары жақтан пазлдың бір бөлігі үзіліп түседі.)

Мирабель:

  • Балалар, қараңдаршы, пазлдың бір бөлігі пайда болды! Ендеше өнер көрсетіп, өз қабілеттерімізді көрсете берейік. Бруно ағатайым рас айтыпты! Онда, тобымыздың фокус көрсете алатын қабілеті бар балаларын ортаға шақырайық. Алдарыңызда : Ерсұлтан, Қуаныш Асылым, Аяла!

ФОКУС ӨНЕРІ. (ІІ)

(Залда отырған бір қонақтың қолындағы шар өздігінен жарылып қалып, ішінен пазлдың тағы бір бөлігі шығады. Нурадильдың анасының қолында болады)

Мирабель:

- Балалар, қараңдаршы, пазлдың тағы бір бөлігі пайда болды! Қандай керемет! Хм – м, енді қандай қабілетімізді көрсетсек екен? (ойланғандай болады) Таптым! Бізде жақсы би билейтін қабілеті бар балаларымыз бар! Ендеше, балаларымыздың көңілді биін қабыл алыңыздар!

Би: «Испаниоло - Мексикано» (ІІІ)

(Билеп болған соң бір баланың шляпасының астынан, Жангелдінің пазлдың тағы бір бөлігі шығады.)

Мирабель:

  • Балалар, қараңдаршы, пазлдың тағы бір бөлігі шляпаның астынан шықты! Енді бізде пазлдың үш бөлігі бар. Қабілеттерімізді одан әрі көрсетіп, өнерден шашу шашайық. Бруно ағатайым есте сақтау қабілетін ғана үш рет қолдана аласыңдар деген еді, екінші рет қолданып көрейік. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар!

ТАҚПАҚТАР (IV)

  1. Нурадиль

К нам на ёлку – ой – ой – ой!

Дед мороз пришёл живой!

Ну и дедушка мороз!

Что за щёки, что за нос!

  1. Алижан

Снег идёт, снег идёт,

Значит скоро новый год.

Дед мороз к нам придёт,

Всем подарки принесёт!



  1. Алия

Ёлочка, ёлочка,

Зелёная иголочка.

Шарики блестят,

Огоньки горят.

  1. Қуат Асылым

Ёлочка, ёлочка,

Яркие огни.

Бусами, бусами,

Ёлочка звени!

  1. Қуаныш Асылым

Наша ёлка высока,

Наша ёлка велика.

Выше мамы, выше папы,

Достаёт до потолка!

  1. Ислам

Қараңдар шыршаға

Әдемі, көрікті.

Бақшаға арнайы,

Аяз ата келіпті

  1. Саянұр

Жаңадан тақпақ,

Аламын жаттап,

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

  1. Айлана

Базарлықты баршаға,

Әкеліпті қаншама.

Қарасын деп тамсана,

Безендірдік шыршаны

  1. Б. Айзере

Аяз ата, Ақшақар,

Бақшамызға келеді.

Өлең айтқан балаға,

Сыйлықтарын береді.

  1. Б. Медина

Тақпақтарды жаттадық,

Би биледік, көрсін деп.

Аяз ата қуанып,

Бізге риза болсын деп.

Мирабель:

- Балалар, қараңдаршы, пазлдың тағы бір бөлігі пайда болған жоқ па? Қызық екен ! Мұңайып қалады. (сол кезде залда отырған бір әдіскер қалтасынан пазлдың тағы екі бөлігін алып шығады)

Анель Абеугалиевна (әдіскер):

  • Ой, балалар, мынау пазлдың бөлігі емес пе? Дәл солай сияқты! Міне, алыңдар.

Мирабель:

- Балалар, қараңдаршы, пазлдың тағы екі бөлігі табылды! Көп рақмет, Сізге Анель Абеугалиевна! Пазлдың бөліктері түгел емес, әлі де қабілеттерімізді көрсету керекпіз. Ойын ойнасақ қайтеді? Ойында біз өзіміздің шапшаңдық, тапқырлық, дәлдік қабілеттерімізді көрсете аламыз.

Ойын: «Жаңа жылдың белгілері» (айнытпай дәл көшіру) (V)

(САЯНҰР, НҰРӘДІЛ, АЙЛАНА, МЕЙІРХАН, АЛИЯ, АСЫЛБЕКҚЫЗЫ АЙЛИН)

Мирабель:

- Балалар, қарап көріңдерші, пазлдың тағы бір бөлігі еш жерден көрінбейді ме? (Мирабельдің сөмкесі діріл қағады (біреу телефонға звондау керек) , пазлдың екі бөлігін сөмкесінен алып шығады)

- О, алақай! Балалар, қараңдаршы, пазлдың барлық бөлігі табылды! Бірақ бөліктерді біріктіру үшін бізге тағы да бір қабілет қажет болады. Ол тез есеп шығару, тез ойлану қабілеті. Бұл бөліктерді тезірек біріктіру үшін тобымыздың есепші балаларын ортаға шығарайық!

Ойын : «Пазлды құрастыру»

(Д. АЙЛИН, Д. МЕДИНА, ЗЕРЕ, АЛИМА, Р. АЙЗЕРЕ, ЯСИНА, АЛИЖАН)

Мирабель:

- Балалар, қараңдаршы, пазлдан бір атаның суреті шықты, қолында біздің сиқырлы майшам бар. Бірақ түрі мейірімді екен. Зұлымға ұқсамайды. Бұл кім болды екен?

Балалар:

  • Бұл, Аяз ата ғой! Ол өте мейірімді! Мирабель, Аяз атаны өзіміз шақырайық.

Барлығы:

  • Аяз ата, Аяз ата. Аяз ата , аууу!

КӨҢІЛДІ МУЗЫКАМЕН ҚОЛЫНДА МАЙШАМЫ БАР КӨҢІЛДІ АЯЗ АТА ЗАЛҒА КІРЕДІ.

Аяз ата:

(Өзінің амандасу тақпағын айтады, балалармен амандасады)

  • Балалар, сендердің көрсетіп жатқан өнерлеріңді мен мына майшам арқылы жол бойы көріп, тамашалап келдім. Жарайсыңдар! Бір қызық айтайын ба? Қабілеті жоқ бала болмайды! Баааарлық балалар да өте қабілетті. Бағанадан майшаммен қарап, көргенімнің барлығы да өнер мен мықты қабілет. Қыздар билеп көрсінші, олар биге де өте қабілетті.

Мирабель:

  • Ендеше гүлдер биін қабыл алыңыздар.

Би: «Гүлдер»

Аяз ата:

  • Тамаша! Жарайсыңдар! Айттым ғой, қандай қабілетті қыздар! Ал, енді мен біраз демалып алайын, алыстан шаршап келдім. Тағы қандай өнерлерің бар?

Мирабель:

  • Аяз Атау, біздің балалардың Сізге арнап жаттаған тақпақтары бар.

ТАҚПАҚТАР

  1. Ясина

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

  1. Алима

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды...

  1. Ханнұр

Сәлем, сәлем, балалар!

Армысыз ата – аналар!

Келе жатыр жаңа жыл,

Ән шырқайды балалар.

  1. Р. Айзере

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

  1. А. Айлин

Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаналарын арқалап.

  1. Д. Медина

Ақ қырауға оранған,

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

  1. Зере

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Зере:

(САХНАДАН КЕТПЕЙ БАЛАЛАРДЫ ӘН АЙТУҒА ШАҚЫРАДЫ)

  • Достарым, пазлды құрастырдық, қиындықты бірге шештік! Аяз атамыз ортамызда, Жаңа жыл болса келіп қалды, ал ендеше не тұрыс?

Мирабель:

  • Дұрыс айтасың Зере! Бірақ, Аяз ата, шыршаның шамдары жанбай тұр ғой! Шырша шамын жағайық!

Аяз ата:

  • Маған балалардың көмегі керек! Сиқырлы сөздерді бірге айтайық :

  • Хэээй , Амигос!

  • ШыршалиНИО, шамдаринО , жАнос!

(Балалар үш рет айтады, ата – аналар мен қонақтар да қосылып бір рет айтады, шырша шамы сол кезде ғана жанады, Мөлдір Т. - свет өшіреді, Ирина В. – шырша жағады)

Ендеше ән шырқап, көңіл көтерейік!

Ән: «Жаңа жыл»

Аяз ата:

  • Балалар, мен сыйлықтарымды Ақшақарға тастап кетіп едім, көмектесетін ешкім болмай тұр дейді. Сыйлықтарды жалғыз өзі әкеле алмай тұр екен. Сендердің аңдарға әсер ете алатын қабілеттерің бар ма?

Мирабель:

  • Әрине! Қане, Ясина, Б. Медина, Алима, Асылбекқызы Айлин, ортаға шығыңдар, аңдарға Аяз атаның сыйлықтарын ұстатып, билетіп ортамызға алып келіңдер.

ТӨРТ ҚЫЗ ОРТАҒА ШЫҒЫП, БИ БИЛЕП, ШАҚЫРҒАН, ТАРТҚАН ҚИМЫЛДАР КЕЛТІРІП БИЛЕЙДІ. ЗАЛҒА ТҮЛКІ (АЛУА Қ.) ЖӘНЕ АЮ (КАМИЛЯ Б.) МЕН АҚШАҚАР (ҚЫМБАТ С.) СЫЙЛЫҚТАРДЫ ҰСТАП, БИЛЕП КІРЕДІ.

Мирабельдің саундтрегімен Аяз ата барлық кейіпкерлермен сыйлықтарды таратады.

Мирабель:

  • Осымен барлығы жақсы аяқталған сияқты. Біздің үлкен отбасымызда, Мадригаль дэ Құлыншақос әулиетінде қабілетсіз бала жоқ! Барлығы шетінен қабілетті, өнерлі, ақылды. Келе жатқан Жаңа Жылқы жылы құтты болсын!!! Бүгінгі кішкентай ғана құлыншақтарымыз, ертеңде мықты жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болсын. Әр отбасына амандық, бақыт, байлық тілеймін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі