400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маған жақын адамдар

Материал туралы қысқаша түсінік
5-7 сыныптарға арналған психологиялық тренинг сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нургалиева Меруерт Абилмажиновна

Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектеп КММ педагог-психологы

Тақырып: МАҒАН ЖАҚЫН АДАМДАР. 5-7 сыныптарға арналған психологиялық тренинг сабақ.

Мақсат: Білім алушыларға өз - өздерін танып, білуге ықпал жасайтын жағдайлар туғызу. Жақын адамдарды дұрыс түсінуге, сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Қарым-қатынастың жақсы болуы дұрыс сөйлесу мен түсінісу, жақын байланыстың болуында екеніне көз жеткізу. Топпен жұмыс істеу кезінде белсенділік танытуға, ойын ашық айтуға, өзгелердің ойын құрметтеуге ықпал жасау.

Керекті құрал-жабдықтар: слайдтық көрсетілім, әдістемелік қағаздар, түрлі-түсті қарындаш, ақ қағаз.

Тренинг ережесі:

  1. Белсенділік таныту.

  2. Өз ойын ашық айту.

  3. Өзгелердің ойын құрметтеу.

  4. Достық қарым-қатынас.

  5. Жағымды эмоция.

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларды топқа бөлу: 1-топ – С123456 (сұрақ), 2-топ- Ж123456 (жауап), 3-топ- Т123456 (толықтыр). Стикерлерге есімдерін жазу.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Тақырыппен танысу.

2.«Менің жақсы жақтарым» жаттығу.

Нұсқаулық: Жеке тұлғаға тән берілген 20 қасиетті асықпай оқып шығыңыз:

  • Өмірге риза болу

  • Ақылдылық

  • Ұқыптылық

  • Кең пейілдік

  • Өз беттілік

  • Принципшілдік

  • Қарапайымдылық

  • Әділдік

  • Ашықтық

  • Шыншылдық

  • Өзіне сенімділік

  • Еңбекқор

  • Батылдық

  • Тұрақтылық

  • Төзімділік

  • Сабырлық

  • Тіл табысу

  • Саналылық

  • Бауырмалдылық

  • Сыпайылық

Осылардың ішінен өзіңіздің ойыңызша идеал деген 10 сөзді таңдап алыңыз.

Осы таңдап алынған 10 сөздің ішінен өз бойыңызда бар қасиеттерді белгілеңіз.


3.«Өзін-өзіңді бағала» жаттығуы. Нұсқаулық: ақ параққа «Күн – менің жетістіктерім, Бұлт-мен не білем, Үй – маған көмектесетін адамдар, Ағаш – менің алдыға қойған мақсатым» салып. жазу.

4. Топпен жұмыс. «Сұрақ-жауап-толықтыру» Нұсқаулық: С123456 тобы алдарындағы сұрақты Ж123456 тобына қояды, өз жауабын айтады, Т123456 тобы жауапты талдап, толықтырады.

Сұрақтар:

1. Ата-анаңыз қай кезде өзін бақытты санайды деп ойлайсың?

2. Үлкендерге ең жақсы сыйлық ол не деп ойлайсың?

3. Үлкендер, ата-ана, мұғалімдер неге ренжиді, ашуланады деп ойлайсың?

4. Сыныптағы жақсы қарым-қатынас неге байланысты деп ойлайсың?

5. Қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінесің, шынайы қарым - қатынасқа не бөгет жасайды деп ойлайсың?

6. Қарым-қатынас жақсы болу үшін ең бірінші не істеу керек?

ІІІ. Ой қорытынды. Сабақ басында орындаған жаттығулардан біз не көреміз? Бойымыздағы жақсы қасиеттер кімнен дарыған?Біз өзіміздің мақсат, жетістіктерімізге, осы кезге дейін не білетінімізге кімдер көмектесті? Әрине, бізге жақын адамдардан, ата-анамызда, мұғалімдерден, достарымыздан бар жақсы қасиеттер бізге беріледі, осы уақытқа дейін қол жеткен жетістіктер де тағы да бізді жақсы көретін адамдардың арқасы. Сондықтан бір-біріміздің қарым-қатынасымыздан тек жақсы әсерлер алып, үйрену керек. Мысалы, ата-анамыз сөйлейді, неге, бізге жақсы болсын деп сөйлейді т.б. Ерегісу, қарсыласу, тыңдамау – қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі.Сөйлесу, тыңдау, үлкендердің талабын, үмітін ақтау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпаған жөн!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27.05.2024
288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі