Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мағжан Жұмабаев- қазақтың ұлы ақыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныбында жұмыс істейтін мұғалімдерге қажет деп ойлаймын. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында М.Жұмабаев туралы деректі фильм көрсетіп, ой шақыру сұрақтарын қойылады. Соынмен қатар Мұғалім оқушыларға жалпылау есімдігін меңгертеді. Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат беріліп, мысалдар келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Мағжан Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны

Күні: 12.11.18 Сыныбы: 6 «Б»

Мұғалімі: Урпебаева Г.О.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.1-тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі жіне қосымша ақпаратты анықтау;

6.2.5.1- коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушы есімдіктің түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар диалогке қатысушылардың ойын толықтырады.

Бағалау критерийлері

М.Жұмабаев туралы білетіндерін айтады, мәтіннің мазмұнын түсінеді, шағын мәтін құрап жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: жалға, жетеле, соқ, мазмұн

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер; Алаш, Алашорда, «Алаш» партиясы, Мағжанның ақындығы.

Бастапқы білім

Жел энегетикасы, оның экологиялық пайдасы туралы біледі. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мұғалім оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі.

Қызығушылығын ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында М.Жұмабаев туралы деректі фильм көрсетіп, ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, біз кіи туралы фильм көрдік? М.Жұмабаев туралы тағы не білесіңдер?

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады,аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1.Алаш. Алашорда үкіметі. «Алаш» партиясы туралы не білесің?

2.А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев туралы білесің бе?

3. Өлең жазатын адамды кім деп атайды?

Тілдік бағдар. Мұғалім оқушыларға жалпылау есімдігін меңгертеді.

Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді.

Жалпылау есімдігі
Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретіи есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы — өлең айтып, ән салалық. (А.). Тугел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би (мақал). 
  Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі кептеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? (А). Біліпті дерттін барлығын (А).
Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.


Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс. 4-тапсырма. Көп нүктенің орнына жалпылау есімдігін қойып, мәтінді оқы. Қою әріппен жазылған сөздердің синонимін тап. (барша, барлық, түгел)

Жетелейді- апарады, жеткізеді

Үлкендердің- кісілердің

Мазмұнында-

Соғылған- салынған

5-тапсырма. «Сұрақ-жауап» тәсілімен сұрақтарға жауап береді.

6-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, ақынның ойын өз сөзімен айтыңдар.

7-тапсырма. Үлгі бойынша қою әріппен жазылған сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңдар.

Күннен туған –рожденный Солнцем

Күнге ғана бағынам-прикланяюсь только Солнцу

Қысық көзім- жалынмын мен -

Өзіме өзім табынам қараңғылық бұққанда

Жалғыз Тәңірі

9-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп, диаграмма толтырады.

Сергіту сәті. «Мен дайынмын»


Сабақтың соңы

10-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Бағалау. «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Әр оқушыға бағдаршамның түстеріне сәйкес дөңгелектер таратылады. Оқушылардың осы дөңгелектерді көтеруі арқылы мұғалім өткен сабақты бағалай алады.

Қызыл – мен тығырықа тірелдім, ештеңе түсінбедім.

Сары – мен түсінемін, бірақ барлығын емес.

Жасыл – мен жақсы түсіндім, басқаға да түсіндіре аламын.


Кері байланыс. БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма. 1- сабақ- 6-тапсырма- жаттау

2-сабақ – 11-тапсырма.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
4042
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12