400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» Ақынның 125 жылдығына арналған іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» Ақынның 125 жылдығына арналған іс-шара

Мақсаты:

Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын  жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің  мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.

Дамытушылық: Түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру. Ақын шығармашылығына қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Ақынның өлеңдерін өнеге ете отырып, оқушыларды айбаттылыққа, қайсарлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу. Ұлтжандылыққа, елін, жерін, отанын сүюге, құрметтеуге баулу. Еңбексүйгіш, адами қасиеттерін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Слайдтар, портрет

Әдістері: СТО стратегиялары, «Миға шабуыл», «INSERT», «БББ», «Автор орындығы»

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты арттыру кезеңі:  Сәлеметсіңдерме!

Психологиялық ахуал: (Оқушыларды шаттық алаңына шақыру)

Оқушыларды топқа бөлу: сурет арқылы топқа бөлінеді.

топ «Тарихшылар» 

топ «Зерттеушілер»

топ «Әдебиетшілер»

ІІ. Мағынаны тану

Сұрақтар қою:

Абай, Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев. Осы ақындардың ішінде қай ақын жерлесіміз деп ойлайсындар?

-Дұрыс айтасыңдар Мағжан Жұмабаев біздің жерлесіміз.

-Яғни бүгін сабақта біз кім жайында айтамыз?

-Мағжан Жұмабаев.

-Біз бүгін ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен танысамыз. (Сабақ мақсатын оқушылар шығарады)

-Сендер ақын Мағжан Жұмабаев туралы не білгілерің келеді, мүмкін бір білетіндерін бар шығар соңы мына БББ кестесіне толтырып жазыңдар

 Әр топқа таратылады:

2.«Білемін, білдім, білгім келеді» стратегиясы.

 

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тақырып бойынша бірінші, екінші бағандарды толтырады


«Тарихшылар» тобы Мағжан Жұмабаев ( топтастыру)

«Әдебиетшілер» тобы Өлең ішінен сын есімдерді теріп жазу

«Зерттеушілер» тобы «ЖАСТАР қандай болу керек» ассоциация

 

4.Мағжан Жұмабаевтың деректі фильмін көрсету.

5.Мағжан Жұмабаевтің «Мен жастарға сенемін» әнін орындайды Алтай Ернар (музыка)


6. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін сүйіп оқитын, ақын өлеңдерін насихаттап жүретін

4 «Б»сынып оқушысы  Қасен Әлиханды  ортаға шақырамыз. Мағжан Жұмабаевтың әйгілі өлеңі «Мен жастарға сенемін»

7.Әр топ өлеңнің бір-бір шумағын оқып талдайды.

Оқушылармен оқып, талдайды.

8 «Автор орындығы» стратегиясы.    3-топ бір-біріне үш сұрақтан дайындап, Әр топтағы оқушылар автор орындығындағы балаға туындаған сұрақтарын қояды.


 9. РЕФЛЕКСИЯ

Сөз кезегі Тәрбие ісінің меңгерушісіне беріледі.

V. Үйге тапсырма: «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқу, өздеріңе ұнаған жолдарын жаттап алыңдар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
2680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі