Материалдар / Магнит өрісі бойынша есеп шығаруға үйрету әдіс

Магнит өрісі бойынша есеп шығаруға үйрету әдіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта оқушылар магнит өрісі тақырыбы бойынша есеп шығаруға үйренеді. Теориялық түсініктер мен формулаларды меңгере отырып, нақты есептерді талдайды. Сабақтың мақсаты – магнит өрісінің негізгі ұғымдарын қолдану арқылы физикалық есептерді шешу дағдыларын дамыту.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Магнит өрісі бойынша есеп шығаруға үйрету әдісі 

О.М.Оракбаева

«Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығы, 4 курс, Ф21-3 тобы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.

Қазақстан, Тараз қ.

margaret.orakbayeva@mail.ru


Аңдатпа. Бұл сабақта оқушылар магнит өрісі тақырыбы бойынша есеп шығаруға үйренеді. Теориялық түсініктер мен формулаларды меңгере отырып, нақты есептерді талдайды. Сабақтың мақсаты – магнит өрісінің негізгі ұғымдарын қолдану арқылы физикалық есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Кілттік сөздер: магнит өрісі, магнит индукциясы, лоренц күші, ток күшінің бағыты, ампер заңы, магниттік ағын, индукция векторы.


Аннотация. На этом уроке учащиеся научатся решать задачи по теме «Магнитное поле». Осваивая теоретические понятия и формулы, они будут применять их на практике. Цель — развить навыки решения физических задач с использованием основных понятий магнитного поля.

Ключевые слова: магнитное поле, магнитная индукция, сила Лоренца, направление тока, закон Ампера, магнитный поток, вектор индукции


Annotation. In this lesson, students will learn how to solve problems related to the magnetic field. They will understand theoretical concepts and apply formulas to analyze practical tasks. The goal is to develop problem-solving skills using the key principles of the magnetic field.

Keywords: magnetic field, magnetic induction, lorentz force, direction of current, ampere’s law, magnetic flux, induction vector.


Жалпы физика пәнінде есептерді оңай және тиімді шешуді білім беру процессінде бөлінбейтін бөлшегі болып есептеледі, себебі физикалық құбылыстарды жәнеде заңдарды сонымен-қатар ұғымдарды үйренуде білімгерлерге түсіндіруде сонымен-бірге олардың сабақты қабылдауға, ойларын дамытуға, үйренгендерін практикалық тұрғыдан пайдалануда маңызды рөл атқарады.

Әртүрлі есептерді шығару барысында физикада меңгерген білімдерін логикалық ойларын дамытуда, тереңдетіп жәнеде дәлелдермен түсінуге бағытталады. Физикаға деген ерекше қызығушылықтарын жақсартуға жәнеде мақсаттарға қол жеткізуде табандылық және төзімділік таныту арқылы дамыта аламыз.

Ақаулықтарды жою келесі құрылымға сәйкес қолданылады:

  1. қиын жағдайларды жасау;

  2. жаңа деректер;

  3. нақты іс-әрекеттер мен дағдыларды қалыптастыруда;

  4. тестілік білім (сенімділік және тереңдік;

  5. материалдарды бекіту және қайталау;

  6. техникалық жабдықтың жұмыс принципін түсіндіру;

  7. мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауын дамыту.

Оқу процесін ұйымдастыруда физиканың негізігі міндеттерін бар.

Осы әдіс-тәсілдерді білімдерге әртүрлі тақырыптарды мәселелерді шешуде үйрету кезінде пайдаланатын болады.

  1. Есепті оқып, түсініп талдау жұмыстарын жасау арқылы әртүрлі сұрақтар қоямыз, сол арқылы мәселені шешу үшін бүкіл сынып болып белсендікті арттыра аламыз. Есептің берілгенін тақтаға жазу арқылы есепте қандай шамалар көрсетілгендерін анықтай аламыз. Осы тәсілдің көмегімен тақырыпты түсіндіргеннен кейін пайдаланамыз. Мұғаілмдер үшін орташка қиындық туғызатын тапсырмаларды зерттеп таңдап алған дұрыс.

  2. Талқылау арқылы талдау есебі, сонымен-қатар мұғалімнің көмегімен бүкіл сынып есепті талқылайды, келесі оқушылардың бірітіндеп үстелге есептің шығарудың әртүрлі жолдарын әкеліп көрсетеді. Осында қарапайым оқушылардың үстелге әкеліп жинақтап қойғаны дұрыс. Себебі жақсы оқитын білімгерлер тез есептеу арқылы есепті бірінші болып көрсетеді, ал қалғандары есептің берілгенін түсіну үшін біраз уақыттарын жұмсау арқылы біраз отырып қалады, ал кей бірі есептің берілгеніне зейінін қойып түсіне алмайтындары да бар .

  3. Мұғалім қандай жағдай болсасын есептің критерилеріне сәйкес шешу жолдарын анықтау арқылы есепті шешеді, білімгерлер болса оларды өз түсінігіне сәйкес дамыады. Бұл арқылы оқытушыға әр хабарламалардың түріне сәйкес қателердің жою ұсынылады. Осы арқылы білімгердің әртүрлі деңгейде есепті шешеді, жәнеде өз өздерімен жұмыс жасай алады.

Жоғарыдаайтып өткен 3 әдістемеден басқада есептерді шыцғарудың жәнеде физикаға қызығушылықтар танытату арқылы білімгердің есепті шығару циклін ұйымдастыру көмегіменде шешуге болады.

Магнит өрістеріне қатысты есептерді шешу барысында теориялық білімдідерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен-қоса физикамен қатысты өмірде кездесетін құбылыстардың мағынасын түсінеді. Бұндай мәселерді шешу арқылы практиканың қандай маңызды екенін нақты бөлшектерге бөліп көрсетуге болады:

1.Электротехника мен электроника өнеркәсібі:

Магнит өрістерінің заңдылықтарын жетілдіпуде сонымен қатар әртүрлі тақырыптарды оқу барысында мәселелерді шешу, электр қозғалтыштары мен генераторлардың жұмыс істеу принциптерін меңгеруге көмектеседі.

Олар электро және магниттік қозу құбылыстарына байланысты есептерді қатысты трансформаторлар мен индукторлардың анықтамаларын зерттеуде көмектеседі. Зерттеу барысында қолданылатын электрға қатысты құрал жабдықтардың жобаларын анықтамалықтың негізі ретінде ұсынуғ болады .

2. Қолдану мен технология:

Магнит өрістерінің құрылымын сынау жәнеде металдардың құрылымын, сапасына қатысты бақылауға және анықтауда пайдаланылады.

Магнит өрісінің бөліну мәселесін шешу құрылымдық қолданатын заттардың магниттік сапасын саралауға әртүрлі мүмкіндік береді.

3. Медициналық диагностика

Магниттік-резонансты сипаттауда түсіндіруде магнит өрісінің қасиеттерін білген маңызды.

Медициналық техниканыі магнит өрісінне қатысты есептеу жүргізу оның ең тиімділігін дамытуға болады.

4. Ғарышпен навигация технологиясы

Жердің магнит өрісін бақылау барысында ғарыш кемесінің жақсы жолын зерттеуге болады. Оңай жабыдықталған брюгеге ұқсас күрделі спутниктік жүйелерге дейінгі технологиясы магнит өрісінің принципіне қатысты болады.

5. Зерттеу қорытындылары:

Магнит өрісіне байланысты мәселерді шешу барысында адамдарға электр және магниттік құбылыстарды сонымен қатар жаңа заманауи техникаларларды зерттеп түсінуге бағытталған. Қазіргі заманғы дамыған материалдарды зерттеу, бақылау барысында олардың қандай қасиеттерге ие екенін аңғаруға болады, сонымен қатар оларды дамытуға қандай магнит өрісін қолдануға болатын зерттеу арқылы анықтауға болады .

6. Білім беру сонымен қатар дағдыларын жетілдіру:

Магнит өрісіне қатысты есептерді логикалық ойларын дамыту жәнеде аналитикалық дағдыларын етілдіру. Нақты физикалық процестерге сүйене отырып модельдеу сонымен қоса дамыту.

Магниттің өрістеріне қатысты есептерді шығаруда анықтамалық және практикалық дайындықтың бір бөлшегін ғана емес, солардың нақты тапсырмаларын орындау арқылы қажетті іскерлік дағдыларын жетілдіруге болады.

Физикалық есептер мазмұнына және шартына қарай әртүрлі әдістермен шығарылуы мүмкін. Мәселен, қолданылатын математикалық амалдарға байланысты сандық есептерді шығаруды әдетте мынандай үш әдіске бөледі: арифметикалық, алгебралық, геометриялық және графиктік. Бірақ, кейбір жағдайларда бір есептің шешуінде осы әдістердің бірнешеуі пайдаланылуы мүмкін.

Физикалық есептердің шарты қатаң түрде белгілі бір математикалық амалды қолдануға негізделіп құрыла бермейді. Көбінесе ол қойылған сұраққа дұрыс жауап табу үшін амалдардың ішінен едәуір тиімділерін таңдап, оларды еркін қолдану мақсатында құрылады. Сондықтан қандай есеп болмасын не аналитикалық, не синтетикалық немесе екеуі бір мезгілде пайдаланылатын әдістердің бірімен шығарылады.

Есепті шығарудың аналитикалық тәсілі күрделі есепті бірнеше қарапайым бөліктерге бөліп, оларды талдау негізінде қойылған сұраққа тікелей жауап беретін заңдылықты іздеуден басталады. Егер табылған заңдылықтың формуласында іздейтін шамадан басқа тағы да белгісіз шама болса, онда оны табу үшін басқа заңдылық қарастырылады. Осы сияқты іздеген шаманы анықтауға қажетті белгісіздерді толық тапқанша бұл операция жалғаса береді. Соңғы қортынды формула жеке заңдылықтарды синтездеу жолымен алынады. Енді осы әдісті қолдануға арналған бір мысал келтірейік.

Бұл үшін жоғарыда келтірілген білімдердің сипатына қарай кестелік тәсілді таңдауға тура келеді. Ең бастысы оқушыларға негізгі түсініктерді, олардың мағынасын ашатын шағын анықтамаларды, заңдар мен түсініктерді сипаттайтын формулаларды және негізгі шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіру олардың материалды едәуір жеңіл меңгеруіне мүмкіндіктер жасайды. Бұрынырақ айтқанымыздай, жүйеленген білімдердің осындай кестелерін оқушылар міндетті түрде дәптерлеріне көшіріп отыруы және онымен жұмыс істеуді үйренуі қажет. Бұл оларға формулаларды шатастырмай дұрыс меңгеруге және есеп шығаруда елеулі көмектеседі.

Қысқаша айтақанда, магнит өрісі мәлелерін шешудің оқыту әдіс-тәсілдерін дамытуда физиканы оқыту сапасын жақсатуда сонымен қатар болашақ мамандардың ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін анықтаудың басты стандарты болып есептеледі. Осы зерттеу жұмыстары барысында қол жеткізген нәтижелердің әрі қарай зерделеу және іс жүзінде пайдалану білім беру сапасын жақсарту мақсатында жасалған маңызды қадам болып табылады.



Пайданылған әдебиеттер

1. Намазбаев Қ. Т. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. 2 бөлім. Жеке тақырыптар мен тараулар. «Физика» мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралы. - Алматы: «Отан» баспасы, 2016.-334 б.

2. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. /Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С./ - Ораля. М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012 – 195 б.

3.Физика сабағының көрнекіліктері [Мәтін]: мұғалімдер мен студенттерге арналған құрал / Ә. Файзуллаев. - Алматы: Нұр-Принт, 2012. - 207 б.

4. Физика: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов - «Нұр-Сұлтан»: Арман-ПВ баспасы, 2019- 336 б.

5. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттерге арналған құрал. Алматы, «Рауан», 1998 ж., 310 бет.

6. Физиканы оқыту теориясы мен әдістемелік негіздері: оқу құралы / Б.Е. Акитай – Алматы: Альманах, 2020. – 236 б.


10 Маусым 2025
46
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі