жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Магнит өрісінің адам ағзасына әсері. Ғылыми жоба
Алматы облысы Кеген ауданы
«№3 Кеген орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Дарын» ғылыми- жоба
Оқушының аты-жөні: Есқожа Тоғжан
Сыныбы: 10 сынып
Тақырыбы: Магнит өрісінің адам
ағзасына әсері
Жетекшісі: Жанабатырова Гулнара
Жанабиловна
Секциясы: Жаратылыстану-математика
Бөлімі: Физика
Кеген селосы
Мазмұны
І.Кіріспе ------------------------------------------------------------------------- 1
ІІ. Негізгі бөлім ------------------------------------------------------------------ 2
2.1. Магнит өрісі ------------------------------------------------------ 3
2.2. Магнит өрісінің ағзаға әсері ---------------------------------------- 5
2.3. Магниттік дауылдар ------------------------------------------ 6
2.4. Магнитті терапия ---------------------------------------------- 8
ІІІ.Қорытынды ------------------------------------------------------------------11
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------------------12
Ү. Аннотация --------------------------------------------------------------------- 13
ҮІ. Қосымша материалдар --------------------------------------------------- 15
Аннотация
«Магнит өрісінің адам ағзасына әсері» тақырыбындағы зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Жұмыстың мақсаты магнитті өрістердің физиологиялық және емдік әсерінің негізінде іргелі физика заңдарына жататынына көз жеткізу. Магнит өрісінің ағзаға әсер ететін зияны мен кез-келген ауру түрлерін емдеп жазуға болатынын және электромагниттік қолданылатын медициналық құралдарды танып,білу.
Магнит өрісі дегеніміз қозғалыстағы эдектр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге әсер ететін күштік әсер. «Магнит өрісі» терминін 1845жылы ағылшын физигі ағылшын физигі М. Фарадей енгізген. Табиғатта магнит өрісінің сан алуан түрі кездеседі.Магнит өрісінің адам организіміне әсері ерте заманнан зерттелген. Магнит өрісі нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін орыс ғалымы С.П.Боткин ашқан. Тіпті магнит өрісімен кез-келген ауруды емдеп жазуға болады деп ғылымда дәлелденген.Магнит өрісі нерв жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Күннен дүние кеңістігіне электр магнитті толқындар таралады.
Оқушы зерттеу әдістерін өздігінен ғылыми әдебиеттерден іздену арқылы жазған. Ғылыми жобаның нысаны ретінде журналдар, ғылыми әдебиеттер, энциклопедия және интернет желісінен алынды.
Кіріспе
Магнит өрісі материяның ерекше бір түрі- электрлік зарядталып, қозғалысқа түскен бөлшектердің өзара әсері сол өріс арқылы жүзеге асырылады.Магнит өрісінің электр өрісі сияқты ,біз оны білейік-білмейік, оған байланыссыз нақты бар екені ақиқат.
Жерде едәуір магнит өрісі бар екені, оны Жер бетіне жақын әр нүктеде істікке бекітілген немесе жіпке ілінген магнит тілшесінің белгілі бір қалыпта, яғни магнит тілшесінің бір ұшы солтүстікті, екіншісі оңтүстікті көрсетіп орналасатынына қарап білуге болады.
Жердің магнит өрісі планета төңірегіндегі ғарыштық кеңістіктегі физикалық жағдайларға едәуір әсер етеді. Ол Жер бетін тіршілік иелеріне зиянды әсер ететін ғарыштық сәуле шығарудан қорғайды.Магниттік қасиеттер тек Жерге ғана емес , басқа аспан денелеріне де тән.Күнді зерттеу онда магнит өрісі бар екенін көрсетті.
Адам организміне магнит жетіспеушілігінен туындайтын аурулар жүрек – қан тамыр жүйесінің ақаулықтары, гипортония , асқорытудың бұзылуы, терінінің бұзылуы , гинекологиялық аурулар жатады.
Магниттің адам организміне физиологиялық әсері қанайналым жүйесінде қанайналымды жақсартады,қан тұтқырлығын азайтады, жасушаның метоболизмін күшейтеді,иммундық жүйені жақсартса,нервтік жүйеде бастың ауруы, мигрень, буынның ауруы,менструальды ауру,ұйқының бұзылуы,бұлшық еттің ауруы, стресс,депрессия және т.б.
Компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары көздің көру қабілетін төмендетеді;омыртқалардың қисаюына әкеледі;жүйкеге салмақ түсіреді;шаршағыштық, әлсіздік басады.
Қазіргі медицинада магнитотерапия әдісі бойынша әртүрлі ауруларды емдеуге болады. Магнитті өріс адам тініндерінде әсер еткенде электр токтары туындайды.
Негізгі бөлім
Магнит өрісі
Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. Магнит индуция векторының мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. Магнит өрiстерiн бейне түрiнде кескiндеу үшiн магнит индукциясы сызықтарын пайдаланады."Магнит өрісі” терминін 1845 ж. ағылшын физигі М. Фарадей енгізген. Ол электр өзара әсер сияқты магнит өзара әсер де бірыңғай материялық өріс арқылы беріледі деп санаған. Электр-магниттік өрістің классикалық теориясын Дж.Максвелл жасаған (1873), ал кванттық теориясы 20 ғасырдың 20-жылдары жасалды . Макроскоп. Магнит өрісінің көздері — магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Бұл көздердің табиғаты бір: Магнит өрісі зарядталған микробөлшектердің (электрон, протон, ион), сондай-ақ, микробөлшектердің меншікті (спиндік) магнит моменті болуының нәтижесінде пайда болады (Магнетизм). Айнымалы магнит өрісі электр өрісінің, ал электр өрісі магнит өрісінің уақыт бойынша өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Электр және магнит өрістері, олардың бір-бірімен өзара әсерлері Максвелл теңдеуімен толық сипатталады. Магнит өрісінің кернеулік (Е) мен магнит индукциясы (В) — өрістің күштік сипаттамасы. Кернеулік векторы өріс пайда болған орта қасиетіне тәуелсіз шама болса, индукция векторы қарастырылатын денедегі қорытқы өрісті сипаттайды. Сондай-ақ, индукция векторы магнит өрісінде қозғалған зарядқа әсер ететін күшті, магнит моменті бар денеге магнит өрісінің тигізетін әсерін, өріс тарапынан байқалатын басқа да әсерлерді анықтайды.
Табиғатта магнит өрісінің сан алуан түрі кездеседі. Магнитосфераны түзетін Жердің магнит өрісі Күнге қарай 70 — 80 мың км-ге, ал оған қарама-қарсы бағытта миллиондаған км-ге созылады. Жер бетінде магнит өрісі орташа 0,5 Эрстедке тең, ал магнитосфераның шекарасында 10–3 Э. Планетааралық магнит өрісі — негізінен Күн желінің өрісі. Күннің оталуы, ондағы дақтар мен протуберанецтердің байқалуы, Күннен шығатын ғарыштық сәулелердің пайда болуы тәрізді құбылыстарда магнит өрісі елеулі рөл атқарады. Магнит өрісі заттың (ортаның) оптикалық қасиетіне және электр-магниттік сәуле шығару құбылысының затпен әсерлесу процесіне елеулі ықпал жасайды, өткізгіштер мен шала өткізгіштерде гальваномагниттік құбылыстар мен термомагниттік құбылыстарды туғызады. Магнит өрісі әдетте әлсіз (500 Э-ға дейін), орташа (500 Э — 40 кЭ), күшті (40 кЭ — 1МЭ) және аса күшті (1МЭ-ден жоғары) болып бөлінеді. Іс жүзінде бүкіл электротехника, радиотехника мен электроника әлсіз және орташа магнит өрісін пайдалануға негізделген. Әлсіз және орташа магнит өрісі әдетте тұрақты магнит, электромагнит, суытылмайтын соленоид, асқын өткізгіш магниттердің көмегімен алынады. Күшті магнит өрісін алуда асқын өткізгіш соленоидтар (150 — 200 кЭ), сумен салқындатылатын соленоидтар (250 кЭ-ға дейін), импульстік соленоидтар (1,6 МЭ) қолданылады. Аса күшті магнит өрісі бағытталған жарылыс (қопарылыс) әдісімен алынады. Жер магнетизмін системалы түрде өлшеу арқылы теңізде жүргізушілерге, авиаторларға керек болатын магниттік карта жасайды, пайдалы қазбаларды зерттейді және Күннің әрекет қимылын өзгерісін бақылайды. Жер магнетизмінің қалай пайда болғаны әзірше толық шешілмеген.
Магнит өрісінің ағзаға әсері
Магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организм туғызатын магнит өрісін зерттейтін биофизиканың бір саласын магниттік биология деп атайды.
Адам организміне магнит жетіспеушілігінен туындайды:
. Жүрек – қан тамыр жүйесінің ақаулықтары
. Гипортония
. Асқорытудың бұзылуы
. Терінінің бұзылуы
. Гинекологиялық аурулар және т.б
Магниттің адам организміне физиологиялық әсері
Қанайналым жүйесі:
. Қанайналымды жақсартады
. Қан тұтқырлығын азайтады
. Жасушаның метоболизмін күшейтеді
. Иммундық жүйені жақсартады
Нервтік жүйе:
. Бастың ауруы, мигрень
. Буынның ауруы
. Менструальды ауру
. Ұйқының бұзылуы
. Бұлшық еттің ауруы
. Стресс
. Депрессия және т.б
Компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді;
Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
Жүйкеге салмақ түсіреді;
Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Баланың мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады... Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, соның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, электромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.
Электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді.
Магниттік дауылдар
Магниттік дауыл – Жердің магнит өрісінің күшті ұйтқуы салдарынан болатын өте қарқынды ауа ағыны (дауыл). Дауыл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады, әрі жер бетінің барлық нүктесінде бір мезгілде өтеді; өте үлкен қарқындылығы (∼5.10–2 Э-ке дейін) жоғары ендіктерде байқалады. Магниттік дауыл Күннің активті аймағынан бөлінген плазма ағыны (Күн желі) салдарынан пайда болады. Энергиясы орасан зор бөлшектердің Жер атмосферасының жоғары қабатына енуі және олардың жер магнитсферасымен әсерлесуі нәтижесінде ондағы электрлік токтардың күшеюіне және өндірілуіне (генерациялануына) әкеледі. Магниттік дауыл кезінде одан гөрі күрделірек геофизикалық процесс – магнитсфералық дауыл байқалады. Магниттік дауыл салдарынан радиотолқындарды шағылыстыратын және жұтатын ионосфера қабатының параметрлері айтарлықтай өзгереді. Оның барысында қысқа толқынды радиобайланыс едәуір қиындайды. Магниттік ұйытқу кезінде Жер атмосферасының жоғарғы қабаты қызады да, жылу төменгі – тропосфера қабатына беріледі. Нәтижесінде, тропосферада әр түрлі циркуляциялық қозғалыстар мен циклондар пайда болады.
Бірнеше ғасырлар бойы адамзат тарихында магниттік дауылдарды адам іш құрылысындағы канның лейкоциттер мен эритроциттердің санымен салыстырған. Бұл жөнінде талай ғалымдар пікір таласқа түсіп, бұның шешімі осы ғасырға дейін анықталмай келеді. Қазіргі кезде осы салаға байланысты әр жерде зерттеуге салынуда. Жалпы магниттік дауыл кезінде лекимия немесе анемиямен ауыратын адамдар біршама зардап шегіп, көпшілігі ауруханаларға бірнеше күн жатуға тура келді. Яғни адамның қанындағы лейкоциттер белгілі бір цикл өткен кезде сол циклге сай келмей қалады екен. Ал денсаулығы сау адамға мұндай процестер сезілмейді. Магниттік дауыл цикл бойынша 2004 ж болуы керек болды. Оны біз болды ма жоқ па біле алмаймыз, себебі арнайы приборларымыз жоқ. Соған қарамастан, 2004 ж бірнеше адамдар осы аурумен ауырып, ауруханалар адамдарға толды. Қайтыс болған адамдардың саны өсті. Дәл осы жылы антипичная плевмания дерті миллиондаған адамның өмірін әкетті. Цикл біткен соң бұл ауруды тарататын вирустар лезде жойылып кетті.
Енді магниттік дауылдың адам қанына қалай әсер ететіне қайта тоқталайық. Қан- адамның ішкі денесіндегі ең негізгі тіршілік көзі. Қан арқылы қоректік заттар, су, ауа тарайды. Қан құрамының дұрыс болуы жүйке-жүйесін жақсартады. Жалпы адам бір механизмге ұқсас, одан бір ерекшелікті сезе біледі. Күннің активтігі арта бастаған кезде адамның психологиясы күрт өзгереді. Нерв жүйесімен ауыратын адамдарға тіпті күшті әсерін тигізеді. Бұл кезде адамдар ашушаң, тез ызаланғыш келеді. Қылмыстық істер көбейеді. Бұл туралы кезінде А.Л. Чижевский айтып кеткен болатын. Бірақ оны адамдар мисцицизм деп санап, көптеген ғалымдар онымен келісе қоймады. Бірнеше жылдар өте келе бұл ақиқатқа таяу келеді.Жалпы адам туған жылына, айына, күніне байланысты 12 жұлдызнамаға бөлінеді. Соған сай әрбір адамның өзіне арналған белгілі бір планетасы болады. Астрологтар бұны қалай болжайды? Менің ойымша күннің активтігі қатты болмаса да, күннен сәл болса да корпускулалық ағын бірнеше планеталарға әсерін тигізіп отырады. Бұл құбылыс адамның жан табиғатына тікелей болмаса да жанама әсерін тигізеді. Адамның жүйкесі өзінің планетасымен үнемі байланыста болады. Сол арқылы астрологтар адамдардың алдында не күтіп тұрғандығын дәлме-дәл айтып береді. Адам оны білмейді, бірақ астрологтар не айтты соны құштарлана, не болмаса еріксіз жасап отырады. Мысалы, сіз белгілі бір күні кинотеатрға немесе тағы бір жерге сондай барғыңыз келді, бірақ сіздің жұлдызнамаңызда бұл күні сізді сәтсіз күндер күтіп тұр дейді. Бұл сөзге бағынбай барсаңыз, жол ортада қапы қаласыз. Магниттік дауыл кезінде планеталардың магниттік аймағының айналысы қатты күшейіп, адамдарға кейде кері жағы тиіп, кейде пайдасы да тиіп отырады. Мысалға алатын болсақ, бұл кезде адам белсендік көрсетеді немесе бір орында қозғалмай тығырыққа тіреледі де қалады. Осындай кездерде әрбір адам жан күйзелісіне ұшырамауы керек. Көпшілік адам мұндай жағдаймен күресе алмай, психикалық зардап шегеді. Сондықтан ол бұл өмірде өзін пивсимистік жағдайда ұстайды, өмірге құштарлығы азаяды. Кей кезде астрономдардың айтқаны дәл келе бермейді, оның себебі сіздің дәл қай сағатта пайда болғаныңызға қарай берілмейді. Ол жалпы күндер бойынша анықтайды.«Как быть богатым», «Как быть удачливым» сол сияқты кітаптар әр адамның психикасы мен жұлдызнамасына негізделіп жазылған. Жер бетіндегі бүкіл, тіршілікке болмасын, өлі табиғатқа болмасын барлығына магниттік дауыл әсерін тигізеді. Мысалы, біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырда Рим жазушысы Катон Старший «Күн бұлыңғыр» болған жылы қара бидайдың нарқы арзандайтынына назар аударған. ХҮІІ ғасырда өмір сүрген әйгілі ағылшын астрономы Вильям Гершельді Күндегі дақтың жердегі өсімдіктерге әсері бар екендігі қызықтырған. Ол кезде циклды ешкім білмеген, бірақ астрономдар әр жылда Күндегі дақ әр түрлі болатынын байқаған. Гершельдің зерттеуі бойынша Күндегі дақ неғұрлым көп болған жылдарда бидайдың бағасы соғұрлым арзан болғандығын анықтаған.
Бесіктегі бала ілулі тұрған заттарды, ойыншықтарды не екенін білу үшін қолын созады. Ересек адам да заттың не екенін, қандай екенін білу үшін оны ұстап, сынап көреді.Сезім – білудің ең алғашқы баспалдағы, сыртқы әлеммен байланыстың бастамасы. Мұндай сезімталдықтың төркіні – адамның терісі, сондағы көптеген жүйке тамырлары.Теріде электр заряды бар екені, адам мен жануардың тіршілігі электр және магнит өрісімен байланысты екенін көптен бері белгілі. Мұндай байланыстың әсіресе жүйке жүйесіне және терінің бетінде орналасқан жүйке тамырларына қатынасы бар. Электростатикалық машина сияқты адам денесі электр зарядын шығарады. Сонда терінің әрбір нүктесінің өзінің статикалық электр потенциалы бар, былайша айтқанда, өзінің электр энергиясының шамасы болады.1950 жылы терінің активтік нүктелеріндегі, жүйкенің түйінді жерлеріндегі статикалық электр энергиясының мөлшері әр адамның жағдайына және оның денсаулығына байланысты деп дәлелденген. Егер қандай да болсын ауыр науқас басталса, онда терідегі статикалық электр энергиясының мөлшері бүкіл денеде тек аурудың түріне қарай белгілі бір мүшелерде ғана өзгереді.Соңғы жылдары Киев қаласының бір топ дәрігерлері профессор А. К. Подшибякиннің көмегімен өте қызықты мәліметтер алған. Адам терісі күннің активті жағдайы болар алдында өзгере бастайды. Кей адамның терісі өте сезімтал болса, магнит өрісі күшеюден 3 – 4 күн бұрын потенциал мөлшері өзгереді дейді. Ал терісі нашар сезетін адамның потенциал мөлшері 1 – 2 күн қалғанда ғана өзгере бастайды.Сонда адам терісі биотелескоп сияқты. Адам терісінің электр потенциал мөлшерін өлшеу нәтижесінде 2 – 4 күн бұрын күнде болатын жарқылдың немесе күннің кенет активті жағдайын болатынын болжауға болады.Күн тек кей адамның психикасына күн ілгері әсерін тигізе алмауы мүмкін. Владимир Павлович Десятков – сот – экспертиза дәрігері, Томск медициналық институты кафедрасының доценті. Ол өзінің мамандығына байланысты өліктердің денесін жиі ашып көріп тұрады. Бірде ол күнделікті жұмысындағы таң қаларлық есепке назар аударған. Кей күндері мүрдехана өлікке толып кететінін, кей күндері әдеттегідей, ал кей күндері бос болатыны байқаған. Әрине ол физик болмағандықтан А. Л. Чижевскийдің Күннің периодтық әсері туралы еңбектерін білмейтін. Сондықтан да аң – таң болып жүріп, ойын өзінің танысына айтқан. Ал таныс физик болған жағдайдың уақытын тәптіштеп сұраған. Сонда мүрдехананың өлікке толған күндері ионосфераның қозған күніне және өте күшті радиобөгеттері пайда болған күнге тура келгені анықталған.Сонымен қатар, В. П. Десятков автомобиль авариясы мен апаттардан болған оқиғаларды да зерттеп, нәтижесінде мынандай қорытындыға келген: Күннің «тыныш» кезімен салыстырғанда Күннің жарқылын автомобиль авариясының болуы 4 есе артық екен.
Магнитті терапия
Магнитті емдеу мекемелерінде әртүрлі ауруларды емдеу және алдын алу мақсатымен адам ағзасына магниттік өріспен әсер ете отырып кеңінен пайдаланады. Физиологиялық емдеудің үлкен тарауы магнитотерапия болып табылады. Магнит- өзінің магниттік өрісін иеленетін дене. Магнитті өрістер айнымалы, тұрақты, төмен жиілікті және жоғары жиілікті болуы мүмкін. Тұрақты және айнымалы магниттік өрістерді әдіске қарай үздіксіз де, сондай-ақ серпімді режим де пайдалануға болады. Магнитті өрістің қарқындылығы магниттік өріс индукциясының өлшем бірлігі миллиТесламен (мТл) өлшенеді.Магниттік өріс шамасын аурудың ауырлығына қарай 9-дан 35 мТл-ға дейінгі шектерде белгілейді. Магнитті терапияның мынадай түрлері бар: жалпы магнитотерапия- тұтастай алғанда ағзаға жалпы нығайтушы әсер үшін магниттік өрістермен ықпал ету, екіншісі жергілікті магнитотерапия- магнитті өрістермен адам денесінің жекелеген бөліктеріне әсер ету. Магнитті терапияның әртүрлі емдік әсерлеріне адам ағзасына магниттің қандай да бір теріс-солтүстік немесе оң-оңтүстік полюстармен әсер ету есебінен қол жеткізеді. Әрекет ету тетігі магнитті өрістер тіндердегі жүйкелік,алмасу және иммундық процестерге әсер етуді жүзеге асырады. Магнитті өріс адам тіндеріне әсер еткенде электр токтары туындайды. Бұл биофизикалық және биохимиялық процестер-ақуыздың және ферменттік алмасудың жылдамдығын өзгертуге әкеледі, бұл магнитті терапияның емдік әсеріне септігін тигізеді. Магнитті терапия –физотерапиялық рәсімдердің бірден-бір түрі, оны аурудың жіті сатысында , қатты ауырсынулар кезінде қолдануға болмайды. Магнитті терапияда бірқатар артықшылықтар, аздаған қарсы көрсетілімдер бар, қолданған кезде қарапайым және қауіпсіз. Магнитті терапияға дайындау үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн- рәсімді ашқарынға қабылдауға болмайды, емдеу кезінде алкоголь қабылауға болмайды.Рәсім белгілі бір уақыт бойынша орындалу ұсынылады.Емдеу адам өзін-өзі нашар сезінген кезде (денсаулығы жоғары температурада, арттық қан қысымында) жүргізілмейді.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде жалпы бүкіл адамзат пен ғаламзат жер шарында бір заңдылыққа бағынып, күннің активті жағдайына әркелкі әсер етеді. Сол әркелкілікті әр жерде түрлі ғалымдар қилы болжам айтып, дәлелдеп бұл заңдылықтың мәнін шешуде. Менің ойымша осы әрбір заңдылықты түсініп, оны өзгертуге болады және оның жаман әсерлерінен шығудың жолын ойластырып адамзатты сақтап қалуға әбден мүмкіншілік бар. Кім біледі, тұрған жеріміз қаншалықты өзгеріске ұшырауын. Оның алдын алу әрбіреуіміздің қолымызда!
Менің мақсатым, магниттік дауылдың бүкіл әлемге, бүкіл тірі дүниеге қалай және неліктен әсер ететіндігін ашып көрсету. Бұл өзімнің жеке қызығушылығымнан пайда болып отыр. Мен жеке өзім, адамдардың денсаулығы қандай жағдайға байланысты нашарлайтынын және не себепті ауытқып отыратынын толығымен білгім келеді. Болашақта бір пайдасы боларына үміттенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Астрономия оқулығы
2. Тұрақты магниттер – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 5-том, 127-бет. Алматы, 2003 жыл.
3. Магнит өрісі – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 9-том, 227-228 беттер. Алматы, 2007 жыл.
4. П.Боткин «Биофизика» 54-58 беттер
5. Уделл «Магниттік дауылдар» 25-28 беттер
6. Интернет материалдары
7 . Физика оқулықтары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген