400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Магнит өрісінің энергиясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №


Магнит өрісінің энергиясы.

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі теориялық

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- Біртекті электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс түсіндіру.

Міндеттері:

-Магнит өрісі энергиясы мен оның физикалық маңызын түсіндіру.

-Электромагниттік өрістердегі энергияның сақталу заңын қарастыру.

-Магнит өрісінің энергиясы мен электр өрісінің энергиясы арасындағы айырмашылықты көрсету.

3. Күтілетін нәтижелер

- Электр өрісінің энергиясын түсінеді, сипаттай алады;

-Экспериментті талдап, потенциалдың арақашықтықтың артуына қарай өзгеруін дәлелдей алады;

- Потенциал ұғымын талдап, анықтай алады.

4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі 5 мин

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу


2. Білімді бақылау 5 мин

Wordwall платформасы арқылы тағайындалды.

https://wordwall.net/resource/55252566


Бағалау критерийі: Ленц ережесін біледі.


3. Жаңасын баяндау әдісі 10 мин

Формулаларды түрлендіру арқылы түсіндіріледі.

Зарядталған конденсатор энергиясы:

; ; ; ; .

ωэл – біртекті электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы

оң жағының алымын да, бөлімін де d-ға көбейтеміз

Олай болса бұдан

Электр өрісі энегиясының тығыздығы осы өріс кернеулігінің квадратына тура пропорционал болады.

Есептер шығару. 15 мин

1. Конденсатор астарларындағы потенциалдар айырымы 500 В, заряды 3•10-6 Кл. Конденсатордың сыйымдылығы неге тең?

2. Жазық конденсатор астарларының әрқайсысының ауданы 200 см 2, олардың аракашықтығы 1см. Егер өріс кернеулігі 500кВ/м болса, өрістің энергиясы кандай болады?

3. Конденсатор 500 В кернеуге дейін зарядталып, ток көзінен ажыратылған. Егер конденсатор астарларының арақашықтығын 2 есе кемітсе, конденсатордың кернеуі неге тең?

4. Ауада тұрған сыйымдылығы С=4,5пФ болатын металл шар q=180нКл заряд алған. Шардың радиусы мен потенциалын анықта.

5. Астарындағы кернеуі U=1кВ, ал сыйымдылығы белгісіз конденсаторды сыйымдылығы С2=2мкФ, астарындағы кернеуі U2=0,4кВ болатын конденсатормен алдымен тізбектей жалғанған. Одан кейін оларды параллель жалғағаннан кейінгі кернеу U1=570В болса, бірінші конденсатордың сыйымдылығы қандай? Жалпы зарядты анықта. Электр өрісінің энергиясын есепте.

6.Сыйымдылықтары 6пФ және 9пФ болатын шарлардың потенциалдары сәйкесінше 200В және 800В. Шарларды жалғағаннан кейінгі қосынды заряд пен потенциалын тап.

7. Сыйымдылықтары С1=0,3мкФ, С2=0,2мкФ және С3=0,12мкФ болатын тізбектей жалғанған үш конденсаторға U=120В кернеуінің қалай жіктелетінін, сонымен қатар батареяның жалпы сыйымдылығын, барлық зарядтарын және электр өрісінің энергиясын анықта.

Бағалау критерийі: Кернеу мен зарядтың тәуелділігін талдап, сыйымдылықты анықтайды; Қуатталған конденсатор мен қуаттан ажыратылған кездегі кернеудің уақыт бойынша өзгерісін талдап, салыстыра алады.


4. Материалды бекіту. 8 мин

сұрақ * жауап әдісі

  1. Неліктен зарядталған конденсатор энергия бөледі?

  2. Ол энергияны қандай формуламен есептейді?

  3. Электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы деп нені айтады?

  4. Оны қандай формуламен есептейді?

5. Сабақтың қорытындысын шығару


Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

6. Үйге тапсырма: §8.12. 17-ж. №7, №8, №9. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20.02.2025
113
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12