400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Мағынасы қарама – қарсы сөздер.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: Мағынасы қарама – қарсы сөздер.

(Қазақ тілі 4 сынып)

Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна бастауыш сынып мұғалімі

Семей қаласы

``№27 жалпы орта білім беретін мектеп ``КММ

Сабақтың тақырыбы:Мағынасы қарама – қарсы сөздер.

Сабақтың мақсаты:1.Сөз және оның мағынасы туралы алған білімдерін еске түсіріп, қайталай отырып, мысалдар арқылы мағынасы қарама – қарсы сөздер туралы

түсінік алады, жасалу жолын қарастырады.

2.Тапсырмалар арқылы сөздік қорларын көбейтеді,есте сақтау қабілеттерін дамытады, сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйренеді,сауатты жазуға дағдыланады ,танымдық қабілеттерін жетілдіреді.Білім, білік дағдыларын шыңдайды. 3. Оқушылар ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, шығармашылықпен жұмыс істей білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ –жауап, топпен жұмыс, көру диктанты.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта слайдтар,суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық

Табиғаттағы барлық жылу – күннен!

Өмірдегі барлық жылу – адамнан!

- Балалар, мен сендерге бүгінгі сабағымыз қызықты, әсерлі өтіп, сендерге ұнасын деп өз бойымдағы жылулықты сыйлаймын! Сәттілік тілеймін!

(оқушылар хормен)

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз!

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз!

- Рахмет! Мен де сендердің жылулықтарыңды сезіп тұрмын. Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ.Сәйкестікті тап:Ой шақыру:(слайд)

ашық, үлкен,жұмсақ, көп,тентек,оңай,жарық,ескі.( сабақтың мақсатын қою)

-Олай болса бүгін біз мағынасы қарама-қарсы сөздермен танысамыз.Жасалу жолдарын қарастырамыз. Сабаққа мұқият қатысып отырыңдар.

ІІІ.Дәптермен жұмыс.

А) Көркем жазу минутасы.

Ә)Дыбыстық талдау жасау.Бір оқушы тақтада талдайды.

ІҮ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сөз деген не?

2. Сөз неден құралады?

3. Сөз нені білдіреді?

4. Сөз мағынасының қандай түрін білесіңдер?

а.Сөз дегеніміз қандайда бір заттың, не құбылыстың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы.Мысал келтіру.

ә.Сөз дыбыстан құралады.

б.Сөз мағынаны білдіреді.

в.Сөздер мағынасына қарай бір-біріне жуық мәндес сөздер(синоним),айтылуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер(омоним),мағынасы қарама - қарсы сөздер болады.

Ү.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ұзын - қысқа , биік – аласа,

Қыс-жаз, күн-түн, тақ-жұп,

жақсылық- жамандық


DrawObject1 олар бір сөз табына жатады


БDrawObject2 ұл –мағынасы қарама – қарсы сөздер, өйткені

бұлардың мағынасы бір –

біріне қарама – қарсы.


ҮІ.Сергіту сәті .

Оң қолымды – оң жаққа,

Сол қолымды – сол жаққа.

Алға қарай бір адым,

Солға қарай бір адым,

Жоғары – төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

ҮІІ.Оқулықпен жұмыс.

* 71 – бет.7-жаттығу ауызша.Өлеңді мәнерлеп оқу,мағынасы қарама – қарсы сөздерді табу.

* 71-бет 9-жаттығу жазбаша тақтада орындау.

* 72 - бет 10-жаттығу жазбаша жазу(сөз тіркесін қайталау)

*72 - бет 12 –жаттығу (сөйлем мүшелеріне талдау)


ҮІІІ.Көру диктанты. Мейірімді алғыс алса,

Мейірімсіз қарғыс алар.

ІХ.Сабақты қорытындылау.

- Сөз мағынасының қандай түрлері бар?

- Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.

Х.Үйге тапсырма: Ереже жаттау,11-жаттығу(72 – бет)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі