Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне және жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тақырыбы:Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Мақсаты:Мағынасы қарама-қарсы сөздер /антонимдер/туралы еске түсіру,сөздік қорын байыту,одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасау;оқушылардың сөз байлығын арттыру,сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту;ақыл-ой, дәптерментақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ–жауап,көрнекілік,жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері:мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа даярлық,психологиялық дайындық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Тест :

  1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А) 37

В) 12

С) 42

Д) 36

  1. Ұяң дауыссыздарды белгіле:

А) д,ж,н, ң.

В) қ,к,ғ,г.

С) л,м,б,в.

Д) ж,з,б,в.

  1. Дауыссыз дыбыс түрлерін белгіле:

А) дауыссыз,қатаң

В) қатаң,дауысты

С) ұяң,үнді,дауысты

Д) қатаң,ұяң,үнді

  1. Дұрыс жазылған сөзді тап:

А) тоқыу

В) жылыу

С) жуыу

Д) оқу

  1. Сан есім дегеніміз не?

А) Заттың қимылын білдіретін сөздер

В) Заттың сынын білдіретін сөздер

С) Заттың санын білдіретін сөздер

Д) Заттың атын білдіретін сөздер

  1. Мемлекет – сөзде неше буын бар, көрсет:

А) үш

В) екі

С) бір

Д) бес

  1. Бастауыштың сұрағын тап:

А) Қандай? Кім?

В) Не қылды? Неге?

С) Кім? Не?

Д) Қанша? Қай?

Д) и,й

  1. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар саны:

А) 12

В) 15

С) 20

Д) 25

  1. Қаратпа сөзді тап:

А) Сөйтіп,ол Домалақ ана атанды.

В) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?

С) Амал қанша, осылай болды.

Д) Алма, алманы әкел.

  1. Мәтіннің түрлерін тап:

А) әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.

В) бас, соңы, әңгімелеу.

С) хабарлау, аяқтау, жазу

Д) айту, пайымдау, қорыту.









  1. Сызбамен жұмыс:

Сызба арқылы сөз мағынасы туралы білетіндеріңді еске түсіріп алсақ.

Сөз және оның құрамы:




Сөз неден құралады? Сөз нені білдіреді?

Сөз дыбыстан құралады. Сөз мағынаны білдіреді

Сөз деген не? Сөз мағынасының қандай түрлерін білесіңдер?

Сөз дегеніміз қандай да бір-біріне мағынасы айтылуы бірдей

бір заттың, т.б атауы жуық қарама- мағынасы әр

мәндес с-р қарсы с-р басқа сөздер

ІІІ Бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру.

IV Дәптермен жұмыс: күн ретін , көркем жазу,

Қарашаның жиырма жетісі

Сынып жұмысы

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

V Оқулықпен жұмыс:

7-жаттығу (оқулықпен жұмыс)

Қызғалдақтың қасына

Қойып едім қондырмай,

Бізін сұғып басыма

Шақты-ау ара оңдырмай.

Енді тимен оған мен,

Ісіп кетті бас,шекем.

Балы тәтті болғанмен

Тілі өзінің ащы екен!

8-жаттығу Мақалдарды оқып, жатқа жаз

1.Мейірімді алғыс алса,

Мейірімсіз қарғыс алар.

2.Ақылды іс тындырады,

Ақымақ тіс сындырады.

Сергіту сәті

___9-жаттығу тақтаға жазу берілген______ сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер тап:_________________________________________________________________________мейірімді-______________________________

сұйық-_________________________________

жуас-_________________________________

қашық -_______________________________

қымбат-_______________________________

9-жаттығу тақтаға жазу берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер тап:

мейірімді-

сұйық-

жуас-

қашық -

қымбат-

10-жаттығу ауызша,дәлелдеу.Тек мағынасы қарама –қарсы сөздер жұбын теріп жаз.Неліктен кейбір сөз жұптары мағынасы қарама –қарсы сөздер тобын алмайтынын дәлелде.

Жақсы-жаман,жоғары –төмен , есік –терезе, әңгіме –үндемеу, оңай-қиын,үлкен- кіші.

*Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркестерін жаса.

* Кестені пайдаланып,пікіріңді дәлелдей білуге үйрен





Бұл- мағынасы қарама –қарсы олар бір сөз табына жатады

сөздер,өйткені


бұлардың мағынасы бір –біріне қарама-қарсы





Дәлелдеу үлгісі: жақсы және жаман сөздері- мағынасы қарама-қарсы сөздер ,өйткені екеуінің мағынасы бір-біріне қарама –қарсы, әрі екеуі де сын есімге жатады.



11-жаттығу Ішінде мағынасы қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтел не жұмбақ тауып жаз.

VI Қорытындылау. Балалар,бүгін біз не үйрендік?

VII Үйге тапсырма: 12-жаттығу .Мәтінді оқы Мәтін қандай көңіл күйге бөледі? Ашық сөзіне мағынасы қарама –қарсы сөзді тап. Мәтінді жаңа атаумен ата. Мұндай атпен қандай күн суреттеледі? Қарамен жазылған сөздерді мағынасы қарам-қарсы сөздермен алмастыр және құрастрыған мәтінді жаз. Ашық күн

Жылы жел беті өбеді. Ағаш жапырақтары баяу сыбдырлайды. Жеңіл бұлттар аспанда қалқиды.

VIII Оқушыларды бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі