400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Махаббат және Шығармашылық педагогикасы». «Өзіңді тану- өмірді тану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні онкүндігінің жабылуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Тексерілді»

Мектеп директоры: МДОӘІЖО

Н.И.Койайдаров_______________ Б.Қ.Мыхметова____________



«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Махаббат және Шығармашылық педагогикасы»


«Өзіңді тану- өмірді тану»

(Өзін-өзі тану пәні онкүндігінің жабылуы)














Жауапты: Пән мұғалімі А.Е.Нурсалиева















Ащысай ауылы


2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: Өзіңді тану - өмірді тану

Мақсаты:

- Махаббат пен шығармашылық аясында  оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, «Өзіңді тану-өмірді тану» стенд, слайд, шарлар, С.Назарбаева туралы бұрыш.


І жүргізуші: (Диана)

Өзіңді тану – ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді - өзің талқыға салып,

Адал менен арамды тану.

ІІ жүргізуші: (Айдана)

Қателігіңді түсіне білу,

Дұрыс жүріп, күтіне білу.

Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,

Күлетін жерде жөнімен күлу.

І жүргізуші: (Диана)

Сабақты оқып, тәртіпті болу,

Білімді жинап, дүниені шолу.

Өзіңді өзің тану дегенің,

Өз бойындағы мініңді жою.

ІІ жүргізуші: (Айдана)

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өзіңді тану - өмірді тану» атты онкүндіктің жабылу салтанатына қош келдіңіздер!


І жүргізуші: (Диана)

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден,-деп бүгінгі «Өзіңді тану - өмірді тану» атты онкүндігіміздің жабылуы көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілейік.


ІІ жүргізуші: (Айдана)

Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,

Күн күлер мейірімнің реңімен.

Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,

Өтеді әр адамның жүрегінен, - дегендей салтанатты жиынның алғы сөзін мектебіміздің басшысы Қойайдаров Нұркен Ыдырысұлына сөз береміз.


І жүргізуші: (Диана)

Сара апамыз-анамыз, өз анамыз,

Ертең апай атынан сөз аламыз

Қасиетті, қамқоршы жүрегіңнен,

жақсылығын өмірдің сезе аламыз,-дей келе 7 «Б» сыныптың сұлу қыздарын «Білім орда мектебім» әнімен ортаға шақырамыз.


ІІ жүргізуші: (Айдана)

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін – «Бөбек» қорының негізін қалаушы, Сара Алпысқызының туған күні. «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.


І жүргізуші: (Диана)

«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.


ІІ жүргізуші: (Айдана)

Сонымен келесі кезекті әдеби монтажға берейік.



1- оқушы: (Санжар 2 ә)

Алғыс айтам, менің Сара апама

Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы, данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

2- оқушы: (Жаннұр 2 ә)

Жақсы адам боп өссін деп,

Шығарған өзің тануды.

Сара апама мың алғыс,

Жолдаймыз салем жалынды.

Үмітіңді ақтаймыз,

Үйреніп өнер, білімді.

Ар-ұятты да сақтаймыз,

Жолатпай жаман қылықты.

3-оқушы: (Інжу 2 ә)

Оқушының білімін де сынайды.

Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,

Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.

Оқушылар өзін-өзі таниды,

Бойымызға тек ізгілік дариды.

4-оқушы: (Дария 2 а)

Өмірге қызыға қарайсың,

Бәрін де бақытты санайсың.

Бұл пәнді үйренсең ерінбей,

Бойыңнан керемет байқайсың.

5-оқушы: Мереке 2 ә

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.


І жүргізуші: (Диана)

Айдана ендігі кезекті 5 «А» сыныбының сері жігіттеріне кезек берсек. «Батырлар ұраны» әнімен ортамызда


ІІ-жүргізуші: (Айдана)

Иә, Диана, дұрыс айтасың, 5 –ші сынып жігіттерінің өнерін тамашалайық!


І- жүргізуші: (Диана)

Ортаға 2-ші сынып оқушыларын шақырамыз.


1-оқушы (Айзере 2 а)

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзі үзілмейді.

2-оқушы: (Нұртай 2 а)

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

 3-оқушы: (Жақсылық 2 а)

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.


4-оқушы: ( Айару 5 б)

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы   мейірім,

Мен үшін жоқ   уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым

5-оқушы: (С.Бота 5 б)

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

6-оқушы: (Айкәрім 5 б)

Құрметтеп ата-анамды,

Ардақтап әпке, ағамды,

Қамқор боп сіңлі-ініме,

Сыйлымын үлкен-кішіге

Бәрін де жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау –кішілік,

Үлгілі мінез-кісілік.

ІІ жүргізуші: (Айдана)

Диана, енді сыныптастарымыздың бәрімізге айтар ақыл-кеңестерін тыңдап көрелік және есте сақтайық.

1-оқушы: ( Марғұлан 2 б сынып)

  1. Егер бір күннің қадірін білгің келсе, оны ауырып жатқан адамнан сұра;

  2. Егер бір сағаттың қадірін сезінгің келсе, оны кездесуге асыққан жандардан сұра.

  3. Егер бір минуттың қадірін түсінгің келсе, оны жолдан қалып қойған жолаушыдан сұра.

  4. Егер бір секундтың қадірін білгің келсе, оны жеңіске жете алмай қалмай спортшыдан сұра.

2-оқушы: (Аян 7а)

Қоғамдық орындарда, көшеде:

  1. Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайды кешірім сұра.

  2. Адамдардың немесе заттарды саусағымен нұсқап көрсетпе.

  3. Тесіле қарама; Адамдарға бұрылып, немесе ртынан қарама.

  4. Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.

  5. Біреудің бөлмесіне немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме.

  6. Есікті қағып кір.

  7. Өзіңе рұқсат етілгеннен кейін ғана отыруға болады.

3 оқушы: (Шұғыла 7 а)

Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес:

  1. Ұстанымым салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай сақта;

  2. Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;

  3. Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды да, мазасыздық пен әбіржу жүрекке күш түсіреді;

  4. Жақындарыңды құрметте, ақыл-кеңестеріне құлақ сал, олар сенің өміріңдегі басты құндылықтарың;

  5. Өзіңе қызықиты рухани жақтан қанағаттандыратын іс-әрекеттерді таңдап ал.

  6. Таза ауада көбірек болуға тырысып, дне еңбегімен шұғылдан.

  7. Уайым-қайғыға берілме, көңіл-күйіңді түсірме;

  8. Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс нәрсе зиянды.



ІІ жүргізуші: (Айдана)

Өз өнерімен сынып оқушысы Мұхитқызы Аянұрды ортаға шақырайық.


І жүргізуші: (Диана)

Өмір деген – қымбат екен достарым,

Өмір –менің жарқылдайтын аспаным.

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным,

Мен –өмірде жас зерттеуші, жас ғалым, -дей отырып, Айдана , енді сыныптастарымыздың «Өмір» туралы көрінісіне кезек берейік,


Немересі: Аянұр 5 б

Ата, адамдар неліктен жасы ұлғайғанда ғана өмірді түсіне бастайды?

Атасы: Айдос 5 б

Өмірді түсіну адамның жасына байланысты емес, балам. Адам бала күнінен

бастап, өмрдің сан алуан құпияларын тануға құштар болса, өзінің жан дүниесіне үңіле білсе, дұрыс шешімдерді қабылдауға үйренсе, өмірді түсініп тани біледі.

Немересі:

Иә, адам өзі дұрыс деп ойлаған шешімді қабылдайды. Бірақ ол өзінің қателескенін кейін білетін кездері болады.

Атасы:

Барлық адам қателеседі. Ал ақылды адам өз қатесін түсініп, қорытынды жасайды.

Әңгіме қателік жасауда емес, одан сабақ алып, уақытында түзей білуде.

Немересі:

Меніңше өмірде бәрі жақсы болса, ешнарсеге қиналмауға болады. Кейде адам қиын жағдайға тап болып, қандай шешім қабылдау қажет екенін білмей дал болады. Неге?

Атасы:

Өмірдің ащысы да, тұщысы да болады. Адамның мықтылығы кез-келген қиындықты мойымай көтеріп, жеңе білуінде.

Немересі:

Өмірді танудың және жақсы өмір сүрудің қандай жолы бар?

Атасы:

Өмір сүрудің түрлі жолы бар, тек таңдау жасау өз қолыңда.

Оны таңдау үшін өзіңді, өзгені, өмірді таны. Жақсы мен жаманды анықтап бағасын бер. Өзіңе, өмірге, болашағыңа сенімді бол. Сөзіңе ісің сай болсын!




ІІ жүргізуші: (Айдана)

7 ә сынып оқушыларының орындауында «АРИВА» биін тамашалайық


І жүргізуші: (Диана)

Достарымыздың арнаған тілектеріне назар аударалық.




1-оқушы (Али 2 б)

Жайнай бер, менің мектебім

Балаларың беске оқысын

Әдемі болсын қыздарың,

Күшті болсын ұлдарың,

Жарқыра, жайна, мектебім!

2 оқушы: (Аяулым 2 а)

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

3 оқушы: (Арайлым 2 б)

Жалқау болсаң жасыңнан

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең табылар

Бар жақсылық басыңнан



І жүргізуші: (Диана)

Ортаға 5 б сынып оқушылары Айару, Мирас, Айнараны шақырамыз


ІІ жүргізуші: (Айдана)

Сара Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс»-дейді.

І жүргізуші: (Диана)

Құрметті біздің екінші ана-әкелеріміз сіздерге денсаулық, бақыт, әрбір атқан таңдарыңыз тек қуанышқа толы болсын, біз сияқты балаларыңыздың жемісін көріп жүре беріңіздер.

І! жүргізуші: (Айдана)

Ал, аға-әпкелерімізге тілеріміз оқуда озат, тәртіпті, ортасында сыйлы, әдепті болсын деп тілейміз.

І жүргізуші: (Диана)

Осымен «Өзіңді тану-өмірді тану» атты іс-шарамызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Екі жүргізуші бірге: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі