«Махаббат -мәңгі
көктем»
аудандық бозбала
мен бойжеткен байқауының
сценарийі
Өтетін жері:
Аршалы аудандық Мәдениет
үйі
Өтетін күні:
14.04.2017 ж.
сағат:15.00
ФАНФАР
Жүргізуші: Қайырлы
күн!
Құрметті қонақтар мен өнер
сүйер қауым!
Ежелден-ақ адам баласы ұлы
махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері
болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп,
түрлі күндерді ойлап тапқан.Махаббат — дүйім дүниенің ең асыл,
жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау
шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян
Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті. Қос ғашықтың махаббаттарын
ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты
дәріптеуді ұсынды.Олай болса, 15 сәуір ғашықтар күніне
арналған «Махаббат –
мәңгі көктем» атты бозбала мен бойжеткен байқауына қош
келдіңіздер!.
Құрметті көрермен қауым олай болса қошеметпен
байқауға қатысушы жұптарды сахна төріне шақырайық!
-
№1жұп –Нұржан Сырлыбек- Михайлов орта мектебінің
ұстазы;
Нұржан
Инабат- Михайлов
орта мектебінің ұстазы;
Михайловка ауылы.
-
№2жұп- Хасен Райымбек-№3 Аршалы орта мектебінің 10
оқушысы;
Шевелева
Ақерке-№3Аршалы
орта мектебінің 10 сынып оқушысы; Аршалы кенті.
-
№3жұп- Сәулетхан Марат- Абай орта мектебінің 10сынып
оқушысы;
Құдагелді
Ботагөз-Абай орта
мектебінің 11 сынып оқушысы;
Бұлақсай ауылы.
-
№4жұп-Бригадхан Думан -Волгодонов орта мектебінің ұстазы;
Бақытжан
Шолпан- Волгодонов орта мектебінің ұстазы;
Волгодонов ауылы.
-
№5жұп-Қасымов Ахмет-№4 Агротехникалық колледжінің 2 курс
студенті;
Дюсенбекова
Алмара-№4Агротехникалық колледжінің 2 курс студенті;
Аршалы кенті.
Жүргізуші: Байқауымыздың қатысушы жұптарына баға беруші
қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Ержан Қорғанбек Бейсембайұлы –
Аршалы ауданы мәдениет
үйінің директоры, қазылар алқасының төрағасы;
Шарипканова Азиза
Есболатқызы-Аршалы ауданы білім бөлімінің әдіскері, қазылар
алқасының мүшесі;
Маханов Руслан
Жалғасбайұлы–Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының
директоры, қазылар
алқасының мүшесі;
Сәкенова Аида Теміржанқызы
– Аршалы ауданы білім
бөлімінің әдіскері, қазылар алқасының мүшесі;
Нұрхан Қуандық – Аршалы ауданы мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің бас маманы, қазылар алқасының мүшесі;
Жүргізуші: Бүгін біздің қатысушы жұптарымыз өз бақтарын
сынауға сайысқа түскелі отыр.Сайыста 5 кезең бойынша сыналатын
болады.
Қатысушыларымыздың өнерлерін
3-5 балдық жүйемен бағаланады. Қатысушы жұптарды сахна сыртына
шығып дайындалуға рұқсат берейік. Сонымен, жарасымды жұптарға
сәттілік тілейміз!
Музыкалық нөмір
«Сен үшін» орын.Жанат
Аманғалиев
Жүргізуші:
Топ алдына шыққанда басын
иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір
жастың.
Өнерлерін паш етер
сайыскермен,
Сәт те келіп қалғандай
танысатын,-
Бірінші кезең:
«Сәлем- сөздің анасы
» бұл бөлімде әр жұп өздерін
таныстырады.
Қазылар
алқасынан таныстыру кезеңінің бағаларын
сұраймыз.
Жүргізуші: Екінші
кезең:
«Поэзия
патшалығында» махаббат деген ұлы сезімді
жырламаған ақын жоқ
шығар?!Ендеше ақындардың махаббат
туралы шығармаларын сезімге беріле
жеткізу.
Қазылар
алқасына қай жұптың өлеңі ұнады екен, қане,
көрейік!
Музыкалық нөмір
«Кел,билейік!» орын. «АйДанАру»
триосы
Жүргізуші:
Үшінші
кезең:
"Өнерің болса,
қанекей!" атты өнер бөліміне де келіп жеттік.
Бұл бөлімде өмірде де, өнерде де жұптары жазылмай жүрген әнші
жұптарымыздың пародиялық көрінісі үй тапсырмасы ретінде тапсырылған
болатын. Ендеше, әр
жұптың өз бойларындағы өнерлерін
тамашалайық.
Үшінші кезең бойынша қай жұптың өнері ұнады
бағасын берсеңіздер.
Жүргізуші: Төртінші кезең: «Ұшқыр ойлы,
жүйрік қиял жұпсың ба?» деп аталады.
Бұл бөлімде қазақтың халық ауыз әдебиетіне, салт - дәстүріне,
әдет-ғұрпына байланысты сұрақтарға жауап беріледі.Жұптарымыздың
білімдерін тапқырлығын тамашалайық.
Төртінші
кезең бойынша қай жұптың ойы ұшқыр екен бағасын
берсеңіздер
Жүргізуші: Соңғы бесінші кезең:
«Ас үйде қандаймын?»
Бұл
кезеңде бозбала мен бойжеткен ас үйде каншалықты шебер екендігін
көрсету керек. Жұптар кезекпен дайындап келген ас мәзірін
таныстырып өтеді.
Соңғы кезең бойынша ұпай сандарын
берсеңіздер
Жүргізуші: Әділ қазылар байқауға
қорытынды шығарғанша кезекті әнге
берсек.
Музыкалық нөмір
«Көк өрік» орын.Ақтан Жаңабергенов
Жүргізуші:
Міне, бүгін оң болып
әр ісіміз,
Жоғары боп күш- жігер намысымыз.
Осылайша, қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз.
Осымен "Махаббат-мәңгі көктем"
аудандық бозбала мен бойжеткен байқауы мәресіне келіп
жетті. Бүгінгі қатысушы жұптарымыз бәрі де тамаша
өнер көрсетті. Адам атаулының туған жерге,
ата-анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір,
мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін!
Сезімдеріңіз баянды болсын!
Ендігі сөз кезегі қазылар
алқасына беріледі.
Марапаттау