400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Махаббат өмір өзегі

Материал туралы қысқаша түсінік
адам өмірінде уақыттың өлшеусіз қымбат байлық екенін түсіндіру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Сүмбе орта мектебі

Мұғалiм : Игембаева Динара Бирликовна

Сынып 9 "А" Оқушылар саны: 20 Тақырып: Махаббат - өмір өзегі

Құндылық: Ішті тыныштық

Қасиеттер: сыйластық, өзіне - өзі сенімділік, жағымды ойлау, шыдамдылық,.


Мақсаты: адам өмірінде махаббаттың маңыздылығын түсіндіріп, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: махаббаттағы өзара сыйластықтың қажеттілігін түсіндіру;

2. Дамытушылық: оқушылардың бойында өзіне сенімділік пен жағымды ойлауды дамыту;

3. Тәрбиелілік: оқушыларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi: "Нұрға бөлену"

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол бірітіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын"

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру: "Бір күнге мемлекет басшысы" тақырыбына эссе жазып келу.

Ескерту:

"Өзін - өзі тану" әдістемелік құрал

Мұқжанова Ы.А

Омарова Г.А

Мұратханова Р.М

Дәйексөз.

Тастай білім жина, шыдамдылық тамшыларымен бекіт, махаббат тамшыларымен нұрландыр, парасаттылық тамшыларын ізде, қуаныш тамшылар сыйла, үміт тамшыларын сақта. Бұл тамшылар біздің жан дүниемізді толықтырсын.

А.А.Астрогор

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіз?

  2. Сіз бойынызға осындай қасиеттерді қалай жинақтайсыз?

  3. Адамға осы қасиеттер қаншалықты қажет?

Дәйексөзді үш рет қайталау.

Александр Астрогор

Психолог, писатель

"Формула души"

Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат):

Шынайы махаббат

Қарапайым емханада әдеттегідей таң атты. Қол саусағындағы тігісті алдыру үшін дәрігерге егде жастағы адам келді. Ол кісінің уайымдап бір жерге асығыс екені көрініп тұрды.

- Дәрігер жақын арада келе ме? 9.00 маңызды жұмысым бар еді - деген сұрақ қойып сағатына қарады. Сағат 8.30 көрсетіп тұр.

Мен, дәрігерлердің әлі босамайтынын, тек бір сағаттан кейін уақыт бөлетінің айттым.

Менің жауабымнан кейін оның көзінен ерекше мұңды, іс - әрекетіндегі күйгелектікті, сағатқа жалтағаның байқам жүрегім селт еткізді.

Маған кіретін емделуші болмағандықтан, ол кісіні өзім қабылдайын деп шештім. Мені қуантқаны жара тез жазылып, ешқандай қиындық тудырмай, тігісті шеше беруге болатындығы. Ол кісімен сөйлескім келіп, әңгімені бірінші болып өзім бастадым.

- Сіз сондай асығысыз, басқа дәрігерге кіресіз бе?

- Мүлдем олай емес, сағат 9 әйелімді тамақтандыруым керек. Ол қазір ауруханада - деп жауап қатты.

Мен қызығушылық танытып, оның әйелімен не болғанын сұрадым. Егде кісі өкінішті күрсініп, әйелінің Альцгеймер ауруына шалдыққанын айтты.

- Сіз, кешігіп қалсаңыз әйелініз уайымдап қалмай ма? - деп сұрадым.

Ол кісі басын шайқап: жоқ, уайымдамайды. Менің әйелім мені танымағалы 5 жыл өтті. Менің кім екенімді де, оған кім болғанымды да есінде жоқ.

- Соған қарамастан, күнде сағат 9 әйеліңізге барасыз ба?

Ол кісі менің иығымнан ақырын қағып, жай ғана күлімсіреп, әкем сияқты жауап қатты:

- Ия, өкінішке орай ол мені танымайды. Бірақ, мен оның кім екенін білем. Оның бірге мен бақытты өмір сүрдім. Мен бақытты болдым.

Терезеге жақындап, ол кісінің артынан ұзақ қарап тұрдым. Есікті біреу қаққан кезде ғана есімді жиып, жылап тұрғанымды байқадым. Сол кезде мен: "Міне, мен армандаған махаббат" осындай......

Таңертеңгі емделушім бақытты екенін айтты. Осындай қамқор күйеуі бар әйелде бақытты. Құштарлық пен сезімталдық емес, риясыз махаббат қана кешіріп, қабылдай алады. Біз кетеміз. Сезім жүрегімізде мәңгілікке қалады.

1. Мәтіннің негізгі ойы неде?

2. Сіздің жүрегіңізде осындай махаббат бар болса, қандай қасиетке ие боласыз?

3. Осы кейіпкердің орынында болсаныз, не істер едіңіз?


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс: Оқушыларды 3 топқа бөліп, плакаттар, бояу карандаштар беріледі. Оқушылар өз ойларымен немесе мәтінге, дәйексөзге мән бере отырып плакатты толтырады. Сол арқылы ішкі тыныштықты ашатын қасиеттер жазып, суреттер салып шығады.


Топпен ән айту. "Риясыз махаббат", сөзі: Кұрмаш Маханов:

1. Мен де сені өмір-ау жан тәніммен сүйгенмін,

Жүрек атты қоңырау елтіп күйгенмін.

Туған жердің шаңын да махаббатпен сіңіргем,

Естелік көп жадымда балғын күнімнен.

Қ-сы:

Өмірім балдай, көңілім қардай,

Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әрсіз, білегім әлсіз,

Жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса

2. Анашыма еркелеп, әкешіме асылып,

Есейсемде ертерек өстім асығып.

Үміт сыйлап әр кешке, жана бердік өзімде от,

Парталас қыз қалды есте мөлдір сезім боп.

Қ-сы:

Өмірім балдай, көңілім қардай,

Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әрсіз, білегім әлсіз,

Жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса

3. Асыл досқа назым бар, ғашық жарға сезім бар,

Балаларға сазым бар, жылы сөзім бар.

Олар барда өмір бар, күліп атар ақ таңым,

Бақыт деген менің бар махаббатарым.

Қ- сы:

Өмірім балдай, көңілім қардай,

Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әрсіз, білегім әлсіз,

Жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса.


Үй тапсырмасы.

“Алтын құс” (Романнан үзінді) І.Есенберлин 157 бет. оқу


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі