Материалдар / «Махаббат,қызық мол жылдар» романы- мөлдір сезім сыры (оқырман конференциясы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Махаббат,қызық мол жылдар» романы- мөлдір сезім сыры (оқырман конференциясы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазушы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша ""Махаббат, қызық мол жылдар" романы - мөлдір сезім сыры" оқырмандар конференциясының сценарийі мектептегі сынып жетекшілері мен колледж кураторлары үшін қажет болар деген ойламын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2024
200
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Аманова Нургуль Бакытжановна,

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы


Оқырмандар конференциясы тақырыбы:

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы - мөлдір сезім сыры

Мақсаты: Колледждің "Оқуға құштар колледж" жобасын жүзеге мақсатында Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын оқырмандармен талдау, студенттердің бойында оқырмандық мәдениет қалыптастыру.

Жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар, оқырман студенттер.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

“Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн” деген болатын.

Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалана білуі, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасуы үшін кітап оқуға деген құштарлықтың әсері мол. Осы мақсатта биыл 15 желтоқсанда 100 жасқа толғалы отырған жазушы Ә.Нұршайықовтың ең танымал «Махаббат, қызық, мол жылдар!» атты романын талдауға арналған оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!

"Махаббат, қызық мол жылдар" романы – ғашықтық"тақырыбындағы сүбелі туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние. Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ұрпақтардың жүрегін әлі күнге дейін толқытып келеді. Роман кейіпкерлері өмірдің қиын жолдарынан өтіп, күрделі драмалық жайларды бастарынан кешірген, өздерінің гуманистік асыл мұраттарын дақ түсірмей кіршіксіз сақтай білген адал жандар.

Жүргізуші:

-Нұршайықов Әзілхан – Қазақстан республикасының халық жазушысы. Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.

Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтық танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.Мәметова, Ы.Сүлейменов,Т.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар" романы мен "Ескі дәптер", "Әсем", "Ботагөз" повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген.

- Бұл кісі соғыста Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, жерлесіміз Сақтаған Бәйішев сияқты батырларымызбен бір дивизияда болған. Майданда жүргенінде Жамбыл Жабаевпен хат алысып тұрған. Сол кезде соғыстан елге аман оралсам, Жамбыл Жабаевпен кездессем деп армандайды екен. Әзілхан аға елге 1945 жылы қараша айында оралады. Ал Жамбыл атамыз сол жылдың шілде айында қайтыс болғаны белгілі. Сөйтіп, ол екеуі кездесе алмай қалған. Содан Әзілхан аға елге барғанда не істеймін деп Алматыдан түсіп қалып, сол кездегі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне құжат тапсырады. Филология факультетінің ІІ курсына қабылданады.

Жүргізуші :

"Махаббат, қызық мол жылдар" романының шығу тарихынан

- «Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ оқырмандарының ішіндегі ғашық бола білген әрбір жүрек иесінің жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы бола білді. Ондағы кейіпкерлер, олар арасындағы кіршіксіз сүйіспеншілік, махаббат оқиғалары талай оқырманның көзіне жас алдырғаны белгілі. Шығармадағы Ербол мен Меңтай өмірде болғанымен, жазушының мұншама ғашықтықты қолдан жасап, құйып шыққан тұлғалары. Шын мәнінде, Ерболдың (Әзілхан Нұршайықов) Меңтайға (Нұрғалима) деген сүйіспеншілігі, шексіз құрметі бөлек әңгіме. Ал негізінде бұл романдағы Меңтай образын сомдауда аяулы жары Халиманың болмысы әсер еткендігін жазушы сұхбаттарында да айтады. Ендеше бейне материалға назар салайық!

Жүргізуші :

- Бүгінгі оқырмандар конференциясына Кт-305 тобының студенттері романды оқып келіп отыр. Сонымен бірге басқа топтардан да романды оқыған оқырмандар қатысуға ниет білдірді.

- Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық, мол жылдар» шығармасын оқыдыңыз ба?

- Бұл шығарма сізге несімен ұнады, қызықтырды?

- Еске түсіріп жіберейік, роман қалай басталады?

- Әзілхан Нұршайықовтың бұл романына негіз болған «Қызыл көрпе» атты ауызша айтылатын оқиға аясы кеңітіліп, алғашқыда «Махаббат жыры» повесі деп аталып, 1964 жылы жеке кітап болып жарық көрген. Ал «Махаббат, қызық мол жылдар» тұңғыш рет 1970 жылы роман болып жарияланды. Романдағы сюжет үзіндісінен көрініс тамашалайық.

(Көрініс)

Жүргізуші:

- Көрністегі кейіпкерлерді оқырмандар танып отырған шығар. Шығармадағы басты кейіпкерлер кімдер, сізге қай кейіпкер қандай қылығымен ұнады? Неге?

(оқырмандар тыңдалады)

Жүргізуші:

- Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа, арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. «Апамның айтқандары», «Өз ойларым», «Алтын діңгек» дейтін нақыл тараулар жәнет.б. осы пікірді нығайтуға қосымша түрінде енген.

Аталған «Апамның айтқандары» атты тараудан Меңтай монологын Кт-215 тобы студенті Жанова Аружан оқиды.

Жүргізуші:

-Нақыл тараулардың оқырмандар үшін тәрбиелік маңызы туралы не айтасыздар?

- Романнан жазушы өмір сүрген заман ғашықтары туралы не білдіңіз?

- Қазіргі заман ғашықтары туралы не айтасыз?

Жүргізуші :

-Авторға қояр сауалдарыңыз бар ма?

- Романды оқып болған соң әрқайсымыздың көкейімізде ақынға деген сансыз сауалдар қалды. Бір қызығы оқырман сауалдарына автор өзі кітаптың соңында "Оқырмандарға жауап" атты тарауында жауап берген.

- Ендеше көптің көкейін тескен, жиі қойылған маңызды сұрақтардың біреуіне берген автор жауабына тоқталсақ.

Жүргізуші :

- Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі, адамзат баласына ғана берілген өлшеусіз сыйдың бірі. «Махаббат,қызық мол жылдар» романы- мөлдір сезім сыры" дегенге келістік деп ойлай келе, оқырмандар конференциясын аяқтаймыз. Кітап оқыңыздар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!