«Махаббатсыз дүние
бос »
күзгі балл кешінің сценарийі
8,9,10,11 –
сынып
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан«Махаббатсыз дүние
бос»
атты күзгі балл кешіне
ұйымшылдықпен қатыса отырып,
күз-байлық,
күз-береке,
күз-молшылдық,
күз-шаттық,
күз-қуаныш,
күз-сұлулық екенін оқушы санасына жеткізу.
Өздеріне ерік бере отырып,
ауызбіршілікке,
ынтымақтастыққабаулу.
«Махаббатсыз дүние
бос»
күзгі балл кешінің жүрісі
Жоспары:
1.Әр сыныптың көріністері
2.
Сән
үлгісі
3.Өз өнерін көрсету (ән,
би)
1-жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар,
оқушылар! «Махаббатсыз дүние
бос» атты күзгі балл кешіне қош
келдіңіздер.Берекелі, мерекелі, сұлу алтын күз құтты болсын.
Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Сондай-ақ күзге деген махаббатарын ақын-жазушыларымыз да өлең
шумақтарымен жырлап өткен.
Махаббат- өмірдің мәні,жұпар
шашқан гүлі,тамылжыған ән-жыры – деп талай ақын - жазушылар осы
махаббат мағынасында табиғатқа, барша туған жерге, достыққа өлең
жырларын арнаған.
2-жүргізуші:
Махаббат туралы Абай атамыздың
«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген сөзі есіме
түседі. Меніңше махаббатты Жаратушыға оған өмір бергені үшін,
адамзатқа табиғатты мінсіз етіп жаратқанын бағалап, соған
шүкіршілік ете білу арқылы, анасына алпыс екі тамыры иіп, түн
ұйқысын төрт бөліп, осы күнге дейін жеткізгені үшін оны сыйлау
арқылы сезіне алады.
Ендеше бүгінгі кешімізді
бастамас бұрын мектебіміздің директоры Утеулина Нургул
Жұмаділқызына сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын
баршаңызғы,
Күздің сәні келіп қапты
ортамызға.
Әділқазы алқалармен
таныстырып,
Кетейінші осы отырған
баршаңызға-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен
таныс болыңыздар.
-
Утеулина Нұргүл Жұмаділқызы –
мектеп директоры
-
Дүйсенбаева Эльмира
Еркінбайқызы-ДТЖО
-
Конысбайқызы Динар – тарих
пәнінің мұғалімі
Бағаланады: сахналық қойылымда
берілген 3 минутта сомдап шығу, кейіпкерлері 5 оқушыдан аспау.
Сахнаның безендірілуі, сол қойылымға сай кейіпкерлердің киінуі,
кідірістің орын алмауы,сахна мәдениетін ұстануы, актерлік
шеберлігі, сомдайтын қойылымнан алған үзіндінің маңыздылығы,
тәрбиелік мәні.
Сән үлгісін бағалау:
әдемілігі, эстетикалық талғамға сай болуы, мазмұндылығы, қолдан
жасалу шеберлігі.
Өнер көрсетуге берілетін
бағалау: дауыс үндестігі, сахналық мәдениет (ән); хореографиялық
шеберлігі, сахналық мәдениет (би).
2-жүргізуші:
Махаббат – деп жырлаған ақын
үшін махаббаттан қүшті нәрсе жоқ. Өмірдегі ең қымбат, ең асыл –
махаббат. Махаббат - әлем поэзиясында мәңгілік тақырыптардың бірі .
Сол секілді көркем әдебиетте де махаббат тақырыбы кеңінен орын
алған. Ендігі кезекте оқушылардың махаббат дастанынан үзінді
көрінісін тамашалаңыздар!
1-жүргізуші:
«Ромео мен Джульеттадай,
өмірде қайғылы повесттер кездеспейді»- демекші, 8 «а» сыныбының
көрінісін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:
Ертегілер елінде де махаббат
көріністері кездеседі. 8 «ә» сыныбының «Қарша қыз бен Ханзада
»көрінісін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Қазақ әдебиетіндегі ғашықтық
жырлардың ішіндегі ең көркем туынды және ең кең тарағаны Қыз Жібек
пен Төлеген жыры екендігі баршамызға мәлім. Олай болса 9 «а» сыныбы
«Қыз Жібек пен Төлеген» дастанын сахнада
сомдамақ...
2-жүргізуші:
Әйел адам басындағы қиын
тағдырға тек махаббат қана араша бола алған. Фархад пен Шырын
дастаны осы сөзімізге көзімізді жеткізбек. 9 «ә» сыныбын қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші:
Тіршілігім – құрбандық,
Шыдамай сені көргенше.
Тәңірімнен келген бұл жарлық...- деп Татьянаның Онегинге жазған
хатын
10 «а» сыныбы қойылым ретінде
ұсынбақ. Тамашалаңыздар!
2-жүргізуші:
Аңыз бойынша Баян сұлу және
Қозы Көрпеш бір-бірін сүйіп, бірақ бірге бола алмаған халық
эпосының басты қаһармандарын сомдайтын 10 «ә» сыныбын қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші:
Асқақ та шексіз махаббатын кішкентай ғана
сақинаға сыйдырған Естайдың Қорланға деген махаббатын 10 «б»
сыныбының көрінісінен
тамашалаңыздар!
2-жүргізуші:
«Қалқаман - Мамыр» поэмасы –
жастардың мөлдір махаббатының дәлелі екенін 11 сынып оқушыларының
көрінісінен тамашалаңыздар!
1-жүргізуші:
Алтындай сылдырлайды күздің
үні,
Жібектей майда шуақ алтын
күні.
Биылғы мерекелі нұрлы
күздің
Тамаша бірдей сұлу күн мен
түні...
Ражанов Қанаттың орындауындағы
тамаша әнге кезек берейік.
1-жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз
мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз
жанымен
Өз қолынан шығарған киім
үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз
сәнімен,-дей келе келесі кезекте «Күзгі сұлулық» сән үлгісін
тамашалаңыздар!
8 «а»
сыныбы
8 «ә»
сыныбы
9 «а»
сыныбы
9 «ә»
сыныбы
10 «а»
сыныбы
10 «ә»
сыныбы
10 «б»
сыныбы
11
сынып
2-жүргізуші:
Қазақ өнер десе ішкен асын
жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті
көрермендер
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол
шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден-дей келе
сайыскерлеріміздің өнерлерін
тамашалайық
2-жүргізуші:
8 «А» сынып –
би
8»Ә» -
би
9 «А» -
би
9 «Ә»-
өлен
10
«А»-би
10 «Ә»-
би
10 «Б»-
өлең
11-би
1-жүргізуші:
Қатысушылармыздың өнерлерін,
сахналық қойылымдарын, актерлік шеберліктерін, тапқырлықтарын
тамашаладық, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтау үшін
әділқазылар алқасына сөз береміз.
1-жүргізуші:
Махаббат –ол
адам жүрегін нұрлы қуанышқа
бөлеп,рухына қанат бітіретін ең күшті,ең тұрақты,ең асқақ
сүйіспеншілік сезімі,сол себептен емес,ештеңеге
қарамай
сүйетін іңкәрлік. Өмірлеріңіз
әрқашан сүйіспеншілік пен махаббатқа толы
болсын
2-жүргізуші:
Бүгінгі «Махаббатсыз дүние бос»атты кешімізді
аяқтаймыз. Шуақты күндерде кездескенше,
достар!!!