15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы 10 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Тақырып: Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы |
Шымкент қаласы №87 мектеп |
|
||||||||||||||||||||
|
Күні: 28.09.17ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Шаймырзаева Бағила Алтынбекқызы |
|
||||||||||||||||||||
|
Сынып: 10 «Ә» |
Қатысқаны: |
Қатыспағаны: |
|
|||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты: |
Махамбет Өтемісұлының күйлерімен танысады, шығармашылығын талдайды, ашық пікір білдіреді, шығармадан көркемдеуіш құралдарды табады. |
|
||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Махамбет Өтемісұлының өмірін біледі |
|
||||||||||||||||||||
|
Оқушылар көпшілігі орындай алады: ойландыратын сауалға жауап бере отырып, пікірін ашық білдіреді; |
|
|||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: білімдік танымы мен шығармашылық қабілетін ұштастыра алады. |
|
|||||||||||||||||||||
|
Критерий |
1. Махамбет өлеңдерінің мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. 2. Оқылым стратегияларын қолданады, көркемдеуіш құралдарды табады. 3. Махамбет күйлерін зерттейді, өз көзқарасын ашық жеткізе біледі. |
|
||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады:Мәнерлеп оқиды, өлеңдерін тыңдап, оған талдау жасайды |
|
||||||||||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздіктер мен терминдер: Аллитерация, ассонанс, пареллелизм |
|
|||||||||||||||||||||
|
Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
|
|||||||||||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Махамбет өлеңдеріндегі «Мен» түсінік беру, талқылау |
|
|||||||||||||||||||||
|
Не себепті М.Әуезовтің «Махамбет бұрынғы-соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман-талабы...Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей жырлаған ақын болмаған.» деген даналық сөзі мәңгілік ескірмейді деп ойлайсыз? |
|
|||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар |
еңбексүйгіштікті, батылдықты, жауапкершілікті сезіне білуге баулу |
|
||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Махамбет өмірін, «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс» өлеңдерін біледі |
|
||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|
|||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы (8 мин) |
І. а). Оқушылармен амандасу Мұғалімнің сөзі. Құрметті оқушылар бүгінгі сабақты қазақ елін әлемге танытқан заңғар жазушымыз М.Әуезовтің «Махамбет бұрынғы-соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман-талабы...Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей жырлаған ақын болмаған.» деген даналық сөзімен бастағанды жөн көріп отырмын. Себебі, бүгін М.Әуезовтің дүниеге келген күні.Осындай керемет күнде біз Махамбет шығармаларымен танысамыз. 2. «Шаттық шеңбері» әдісі. а). Оқушылар шаттық шеңберін құрады. ә). Оларға сан жазылған стикер таратылады.Қолдарындағы санға сәйкес бір-біріне жылы сөз арнайды б). Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді. 3.Топқа бөлу. «Тарихшылар», «Достар», «Күйшілер», «Әдебиетшілер» ә) Үй тапсырмасын пысықтау : 1.Алдын ала берілген тапсырма бойынша әрбір топ өз презентациясын қорғайды. 2. Өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады 3.«Әліпби желісі» әдісімен үй жұмысын сұрау Бізге әр топтан бір ерікті қажет (төрт оқушы ортаға шығады) Мақсаты: Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша сабақ айтады.
А- Ақын Махамбет Ә-Әрекеті мен батыл ісінің арқасында елін қорғаған Махамбет Б- Батыр Махамбет В- |
|
|
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (25 мин) |
Топтың әрбір оқушысына стикерге жазылған сан беріледі.Тапсырманы топ болып орындайды. Мұғалім 1 – 4 санын таңдаса; осы санға сәйкес келетін оқушы сұраққа жауап береді; талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл. 1. «Тарихшылар» тобына
2. «Әдебиетшілер» тобына Махамбеттің «Соғыс» өлеңін құрлысына қарай талда Шығарманың басталуы (Шаруалар толқуы) Байланысуы (Исатайға қосылуы) Дамуы (азаттық идеясы) Шарықтау шегі (Исатай қолының Тастөбедегі патша әскерімен соғысы) Шиеленісі (әділдік,теңдік үшін күрес) Аяқталуы (жеңілісі) 3. «Күйшілер» тобына Махамбет өлеңдерінен көркемдеуіш құралдарды теріп жаз
4.«Достар» тобына Махамбет өлеңдеріндегі «Мен» түсінік беру ІІІ. Ой толғаныс. 1.Мұғалімнің сөзі: Махамбет өлеңдері – батылдыққа, ерлікке шақыратын, ел мен жерді сүюге баулитын, өз заманындағы халықтың мүддесін қорғаған, езілген елдің жоғын жоқтаған жорық жырлары. Ендеше Махамбеттің ерлігін біз неге қайталамасқа? Махамбеттей батырларымыз қазіргі кезде бар деп ойлайсыздар ма? А). Жеке жұмыс.Оқушылар өз ойларын ашық ортаға салады 2.Мұғалім сөзі: Махамбет бірнеше толғауында «алтын сөздерімен» майдандас ағасы- «ақ кіреуке жағасы» Исатай Тайманұлының – ол басшы,бұл қосшы боп қасында бірге жүрсе де, қолы жетпес алыс арманының-таудан мұнартып ұшқан тарланының, кермиығы-кербезінің, керіскедей шаңдозының, құландай ащы дауыстының, құлжадай айбар мүйізінің, қырмызыдай ажарлының, Хиуадай базарлының, теңіздей терең ақылдының, тастан қашалғандай сом тұлғасын осылай мүсіндеп асқақтата, аспандата жырлайды.Олай болса балалар біз өз достарымызды Махамбетше жырлап немесе белгілі бір кереметке теңеп көрелік. Ә).Жұппен жұмыс: Оқушылар жұппен жұмыс жүргізеді. Қасындағы досына немесе жұбына теңеу сөздер жазады. 3.Мұғалімнің сөзі: Жәңгір хан- Бөкей ордасының соңғы ханы,Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы, генерал-майор, шын аты- ЖиҺангер.Ол араб,парсы, орыс,татар, неміс тілдерін жақсы білген өте сауатты адам болған.Махамбетте бірнеше тілді меңгерген білімді, сауатты ақын.Махамбеттің ,Исатайдың арманы орындалып, бүгінде тәуелсіздікке қол жеткіздік.Көптілділікті қолдап бірнеше тіл үйренудеміз. Олай болса бүгінгі күннің өзекті мәселесі Қазақстанның рухани жаңғыруы деп «Латын қарпіне көшу» туралы барша теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқаны баршамызға да белгілі.Сондай-ақ үш тілділік –заман талабы деп жатырмыз.Олай болса «Шеңбер» әдісімен шағын эссе жазамыз. Б).Топпен жұмыс. «Шеңбер» әдісімен эссе жазу. «Латын әліпбиін меңгеру сен үшін оңай ма» Дескриптор: 1. Оқушылар өз ойларын ашық білдіре алады. 2. Оқылым стратегияларын қолданады, теңеу сөздерді табады, жаза алады. 3. Латын қарпі туралы өз көзқарасын ашық білдіре отырып, эссе жазады. ІV.Кітаппен жұмыс: Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды. Өлең құрылысына талдайды |
|
|
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы (7мин) |
V. Білімді бекіту: «Кезбе тілші» әдісі бойынша кері байланыс алу 1-оқушы: телефон соғылып жатқанға ұқсатып, сабақ барысындағы жақсы, өзіне ұнаған әдістерді хабарлайды. (Әліпби желісі, Бірге ойланайық әдістері бүгінгі сабақты жүйеледі) 2-оқушы: Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді. (Жалпы сабақ барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс жүргізуі, ізденуі,үйге берілген тапсырмалар бойынша қорғаған презентациялар маған үлкен әсер қалдырды) 3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады. (бүгінгі сабақтың М.Әуезовтің сөзімен басталғаны, оқушылар еңбегінің бағаланғаны, сабақтың бүгінгі күнмен байланысы бізге ұнады) 4-оқушы: Тілші сұхбат алады (Құрметті оқушылар бүгінгі сабақ сіздерге несімен ұнады? Сабақ барысында кездескен қиыншылықтар болды ма? Бүгінгі сабаққа кандай баға берер едіңіз? Өз ұсыныстарыңызды, сұрақтарыңызды мына жәшікке салуға болады.) VІ. Үйге тапсырма: М. Өтемісұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу. Өлеңдерін жаттау және тың материалдар іздену |
|
|
|||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат
|
|
|||||||||||||||||||||
|
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. |
|
|||||||||||||||||||
|
20 сұрақ – иә – жоқ деген жауап – оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады.Алайда сұрақ қойылған оқушы «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Сонымен қатар қабілетті оқушыларға деңгейлік, тест тапсырмалары беріледі.
|
«Жеміс ағашы» әдісі; БББ кестесі оқушылардың өзін- өзі бағалау дағдылары, смайликтер, кері байланыс ұсыну
|
Тарих, қазақ тілі,музыка пәндерімен байланыстырамын.
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, бір- бірімен қарым -қатынас жасауға, жауапкершілікке, қамқорлық көрсетуге үнемі оқуға дайын болуға шақырамын.
|
|
|||||||||||||||||||
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
|
|||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||
Тексерілді:


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген