400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Махамбеттің сенімді серіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт азаттық көтерілісіне арналған шығармалармен танысып, зерттеу үшін «Махамбет пен Исатай» дастанымен және Х.Досмұхамедұлының мақалаларымен және баспасөз беттеріне жарияланған мақалалармен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы





Аннотация



Оқушы Төлегенова Айназ «Сауыт киген өмір бойы темірден, Елі үшін тұлпар мініп тебінген» Махамбеттің сенімді серіктері атты шығармашылық жұмысы талапқа сай жазылған. Оқушы шығармашылық жұмысын үлкен ізденіспен тарих таразысын зерделей отырып, дәлелді деректерді келтіре отырып жазған. Айназ Махамбет пен Исатай бастаған ұлт азаттық көтеріліс туралы жарық көрген Ы.Шөрековтың, Х. Досмұхамедұлының, Қуан жыраудың, Нәумет Көшекбаевтың және баспасөз беттерін пайдалана отырып, тарих тереңіне бойлап, көтерілістің себептері мен салдарын зерделеген. Оқушы шығармашылық жұмысында Махамбетке серік болған бірнеше батырларды саралаған. «Исатай мен Махамбет» дастанын оқи отырып, Махамбетке серік болған бірнеше батырдың есімдерін анықтап, олардың жүріп өткен жолдары мен ерліктеріне талдау жасаған. Исатай Тайманұлы, Жақия Исатайұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Дүмбаян Исатайұл, Есенгелді Жанғабылұлы, Қосқара Үртікұлы, Ырсалы Көсепұлы, Басықара Мошайұлы, Қалдыбай Қосаяқұлы т.б батырлардың ерліктерін саралап, олар туралы туралы мол мағлұматтарды іздеген, зерделеген. Исатай батырдың бойындағы ерекше қасиеттерге тоқтала отырып, елі үшін жасаған ерлігіне талдау жасаған. Сонымен қатар Ығылман Шөреков дастанының жазылу тарихына үңіле отырып, дастанда айтылған батырлар есіміне тоқталып елін жаудан азат еткен ерен ерліктері туралы мол мағлұмат жан- жақты талданып, деректерден үзінділер келтіріле отырылып жазылған. Сонымен қатар Халел Досмұхамедұлының және Қуан жыраудың еңбектерінде сипатталған батырлардың ерлігі сипатталған қолжазбаларға да тоқталған. Сондай- ақ Махамбетке серік болған батырлардың бүгінгі ұрпақтары туралы да баяндаған. Жалпы оқушы шығармашылық жұмысты жаза отырып, Ы.Шөреков, Х.Досмұхамедов дастандарымен Қуан жырау қолжазбаларымен кеңірек танысқан, ізденген, саралаған. Шығармашылық ізденісінің арқасында «Исатай Махамбет» дастанындағы Махамбетке серік болған батырлардың бейнесін өз мәнінде ашып, талдап жаза білген. Жұмыс қорытындысында оқушы өз жүрегінен шыққан өлең шумақтарымен түйіндей отырып, батырлар есімдерінің тарих сахнасында алтын әріптермен жазылып қалатындығын және ерен ерліктерді дәріптеу әрбір білім алушының перзенттік парызы екендігін баса айтқан.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13.10.2025
39
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12