Материалдар / Май өлкесінің тарихын зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Май өлкесінің тарихын зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба тақырыбы "Май өлкесінің тарихын зерттеу"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2018
625
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

КММ «Май орта мектебі»




Секциясы: тарих

Тақырыбы: «Май өлкесінің тарихын зерттеу»



Picture 1






Жоба авторлары:Жұмабек Ақерке және Лұқман Зарина

11 сынып оқушылары

Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі

Кусаинов Дамир Аскарович





2018жыл



Мазмұны



Кіріспе………………………………………………………………………31.Май өлкесін зерттеу:

    1. Географиялық орны………………….………………………………4

    2. Ауылдың құрылу тарихы....…………………………………………4

    3. Игі істері мол «Қараой» көлі…...…………………………...……….5

    4. Ел мерейін асырған «Майский» мал совхозы………...…..………6

    5. Май ауылының қазіргі келбеті және әлуметтік-экономикалық жағдайы...………………………………………………………………7

  1. Зерттеудің нәтижесі…………..……………..………………………….8

  2. Қолданылған әдебиеттер………………………………………….....11


























Пікір

Май ауылының 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысқан жұрттың қоныстануынан бастау алғанын ауыл ақсақаладары мен азаматтары жақсы біледі. Бірақ та, ауылдың тарихы туралы зерттелген жұмыстар жоқтың қасы.

Жұмабек Ақерке мен Лұқман Заринаның ‘‘Май өлкесінің тарихы’’ атты ғылыми жобаларын оқи отыра , мен туған жердің қандай ыстық болатынын сездім. Көз алдымыздан үлкенді – кішілі еңбек адамдарының бейнесі өте бастады. Ауыл тарихы туралы ақпараттар жинау барысында 1976-1996 жылдары Май совхозында бас бухгалтер мамандығында жұмыс атқарған Бахыт апаймен кездесіп ақпарат алған. Жобаны жазу барысында Бахыт апай ауылды қалай және кім көтергені жайлы түсінік берген. Ауылдың құрылу және даму тарихына үлкен көңіл бөлген. Әсіресе, еңбек адамдарын және халықтар достығын дәріптеу жобаның құндылығын арттыра түсті. Мен өз атымнан Ақерке мен Заринаға сәттілік тілеймін. Осымен тоқтап қалмай бұдан да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспін.

Болашақта «Май өлкесінің тарихы» ғылыми жобасы ауыл тарихының сыр шертер жинақ болары сөзсіз.



Пікір жазушы Май орта мектебінің директоры: Г. М. Жукенова













«Отаншылдық өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады...»

Н. Назарбаев


Қазақстан Республикасының Президенті



Кіріспе


Біз, Май ауылында туып өстік. Осы ауылдағы Май орта мектебінің 11-сыныбында оқимыз.
Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегіміз бізді ауылымыздың тарихын білу үшін алдымен өзіміздің туған жеріміздің тарихын білуіміз қажет деп ойлаймыз. Бұл біздің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамымыз.
Ауыл–ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.
Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр- бабаларымыз қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймыз.

Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады.
Міне осындай туған жерге деген біздін ауылымыз жайлы тереңірек білуге баулыды.

Мақсаты:

Май өлкесінің тарихын зерттеу

Міндеті:

Оқушыларға кіндік қаны тамған жер , өз ауылының тарихы туралы тереңірек білу. Зерттеп зерделеу. Қазіргі жастарға ауыл тарихын айтып , кеңінен білуге насихаттау.

Тақырыптың өзектілігі:

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту»

бағдарламасында: «Отаншылдық өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады...»деп айтқандай....Біз болашақ ұрпақ ретінде өз ауылымыздың тарихын зерттеуді қолға алдық

Өз жеріңе, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен дәстүрлеріне ерекше

қатынасты қалыптастыру және ғұрыптау қажет. Қазіргі қазақстандықтар өз бабаларының осы жер үшін, оның аядай әр бөлігін сақтап қалу үшін, өзінің әдет-ғұрпын сақтау мүмкіндігі үшін, өз ұрпағына еркін болашақты қамтамасыз ету үшін күрескенін түсініп, отаншылдық рухын нығайтып, азаматтарды біріктіруге және тарихын құрметтеуге ықпал етуі тиіс.

Осы мақсатта, Ақжар ауданындағы Май өлкесіне зерттеу жүргіздік.

  1. Май өлкесін зерттеу:

    1. Географиялық орны

Солтүстік Қазақстан облысы,Ақжар ауданың орталығы Талшық ауылынан солтүстік- батысына қарай 43 шақырым жердеорналасқан ауыл. Ауыл Қарашілік және Ұялы ауылдарымен шектеседі. Координаттары 530 с.е 720 ш.б.

    1. Ауылдың тарихы

Қараой өңірі тұнған шежіре.
Қараой көлінің солтүстігінде орын тепкен біздің елді «Үлкен Қараой» елі деп атайды. Біздің туған ауылымыз Май ауылы да осы аймақта орын тепкен. Жері жазық төбелі, құнарлы аймақ. Ауыл іргесі 1954 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысқан жұрттың қоныстауынан бастау алады. «Май» деп аталу себебі, көне көз қариялардың айтуы бойынша ауылдың алғашқы қазығы мамыр айында қазылуымен байланыстырады. Сол кездерден бастап, ауылдың ірге тасы қалана бастағаннан «Майский совхозы» деп аталған. Алғашқы совхоз директоры: Лебедев Виниамин Никонорович
Picture 1 Picture 6

Лебедев В.Н. Май ауылының фотосуреті

1954 жыл

1956 жылы Майскийде ХПП құрылды. Ол ауылдың солтүстік шығыс бетіне салынады. Бұл ХПП сол кездегі Қызылту ауданына қарасты 21 колхозға бидай тазалап, сақтауға көмектесіп тұрған. ХПП 1993 жылы Бидайық ауылына көшіріледі.

Май орта мектебі 1971 жылы 325 орындық жобалық қуатпен ашылды. Сол жылы мектепте 300 ден астам оқушы оқып, 30 мұғалім қызмет атқарған. Алғашқы мектеп директоры:Шарипбаев Шаймерден Шәріпбайұлы

Picture 1 Picture 1 Picture 4

Шәріпбаев Шаймерден Шәріпбайұлы Май орта мектебі Ең алғашқы мектеп ұжымы

(1971-1975 жж)

Ауыл мектебінен түлеп ұшқан түлектер арасында биік белестерге жеткен азаматтар да аз емес. Олар:Құмар Іргебайұлы Ақсақалов-СҚО-ның әкімі.

Елубаев Руслан Мукашевич-СҚО-ның фитосанитарлық орталығының директоры, Ташметов Қасымжан Қалижанұлы-Ақмола облыстық тубдиспансерінің бас дәрігері және т.б.

Фактілер:Мектеп мұражайынан алынған ақпараттар

Picture 1



    1. Игі істері мол «Қараой» көлі....

Ауылдың ірге тасы қаланбай тұрып 1930 жылдары ашаршылық , екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Омбы қаласының тұрғындарын көлдің балығымен қамтамасыз етілген.1970 жылдарға дейін ауыл тұрғындары көлдің жағасындағы ақ балшықпен үй ішін ақтады.

1980 -1990 жылдары көлде 40 астам балық аулайтын бригадалар жұмыс істеді. Ауланған балық Омбы қаласына жеткізіліп отырды.

Көлде шағын ғана арал бар. Аралда ауылдың тұрғындары шөп шапты және малдарына жайылым ретінді пайдаланды.

Көлдің түбіндегі сұр балшықты емдік қасиеті үшін пайдаланған. Қасиеті – оның сорғыш қабілеті. Ағзаны уыттардан, қалдықтарын және ауыр металдардан тазартуға көмектеседі. Бактерияларды өлтіреді және иістерді мен газдарды өзіңе сіңіріп алады. Балшық клеткаларды жаңартып, ағзаның иммунитетін нығайтады.

Жергілікті Талшық ауылының тұрғыны, ақын Ыбырай Ильясов «Ақжарым» атты өленіңде Қараой көлінің табиғатын суреттеген.

Фактілер:ел ауызынан және интернет желісінен алынған




    1. Ел мерейін асырған «Майский» мал совхозы


Май өңірінің атын төңірекке танымал еткен «Майский» мал совхозы. Ол 1965 жылы ірі қара мал өндіруші совхозы болып Ленинское РСХО-cы (Райспецхоз обединение) құрылды. Совхоз құрыларда Қараой көліне жақын екенін ескертіліп құрылған. Май ауылының айналасы сулы да, нулы болған.

Алғашында 7 мың бас ірі қарадан құрылады. 1967 жылы Ақтөбе облысынан 3 мың бас жібек жүнді меринос қойы алынады. Ел азаматтарының ерең еңбегі арқасында 1970 жылдары совхозда мал саны 42 мыңға жетеді. Совхоз үкіметке сапалы ет, жүн өткізіп жоғары жетістіктерге жетеді. Совхоздың аты дүркіреп шығып 1970-1975 жылдары Бүкілодақтық халық шаруашылық көрмесіне қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталған. 1971 жылы «Майксийден» алынған сапалы етпен, малшылардың ерен еңбегі туралы сол кездегі солхоз директоры Ефремов өзінің «Өмір өткелдері» кітабында былай деп жазды:

..... 1971 жылдың басында қытымыр аязында төрт жылымды қатар ет салғыздық. «Майский»совхозы 1087 тонна сапалы ет берді, былайша айтқанда сол қыста 67 вагон сапалы ет жөнелтілді.......

1970-1975 жылдары совхоздың экономикалық жетістіктері бойынша миллионер совхоз аталып, Құрмет тақтасына жазылды. «Майский» мал совхозы 15 фермаға бөлініп орналасады. Көктем шығысымен шопандар мен малшылар Сарман жайлауынан бастап, Уәлихан ауданындағы Сарадыр ауылына дейін көшірілетін болған. Майский совхозының жарты ғасырлық тарихында ел дәулетін асыруға еңбегі сіңірген ауыл еңбеккерлері көптеп саналады. Олардың ішінде:

Баяганов Кеңес: тыңды игергені үшін медалі – 20.10.1965ж., Құрмет белгісі – 23.06.1966ж., Ленин ордені иегері – 10.12.1973ж.

Темирбулатов Рамазан-Бас инженер 1954 жылдан 17 жыл жұмыс істеді: тыңды игергені үшін медалі – 09.07.1957ж., 20.10.1965ж., Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері – 15.03.1974ж., Ленин ордені иегері 23.04.1987ж.,

Құрмет белгісі орденінің иесі В.Антоновты мақтанышпен атауға болады.

Picture 2 Picture 3 Picture 4 Picture 5

1991-1993 жылдары совхоз таратылып жекешелендіруге көшеді. Совхоз мүлкі, жері ауыл адамдарына үлестіріп беріледі.


1.5 Май өлкесінің қазіргі келбеті және әлуметтік-экономикалық жағдайы


Қазіргі кезде ауылда халыққа қызмет көрсетіп тұрған 1 орта мектеп, 1медпункт, мәдениет үйі, мешіт, «Салтанат», «Меруерт», «Шынар» жеке сауда орындары бар. Жаз жайлауы сонау Уалихан ауданының Сарадыр ауылына дейін созылған мыңғыртып мал өсірген ауыл, қазір қолдағы азғантай малымен тіршілік етеді.

1970-1980 жыдардағы Май совхозының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:

Территориясы-51,776 шаршы км.

Халқы-шамамен 2000 адам

Оның ішінде:Қазақтар-600 адам немесе 27%

Орыстар-1100адамнемесе55%

Немістер-150адамнемесе8%

Украиндар-110адам, беларустар-40адам, татар-3 адам,чуваш-1 адам.

Ауылшаруашылық көрсеткіштері:

Совхоз территориясындағы егіс көлемі: 38,000 га.,қара мал:15,000: жылқы: 1000

Фактілер:

1976-1996 жж Май совхозының бухгалтері болған Хайдарова Бахыт апай

(Май совхозының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы ақпарат беруші)

2017 жылдың 1 қаңтарындағы Май селолық округінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:

Территориясы-36,776 шаршы км.

Халқы-480 адам

Оның ішінде:Қазақтар-430 адам немесе 90%

Орыстар-30 адамнемесе 6%

Немістер-11 адамнемесе 2%

Украиндар-4 адам, беларустар-3 адам, татар-1 адам,чуваш-1 адам.

Көші-қон көрсеткіштері;

Келді: 7адам

Кетті: 31адам

Айырмашылығы: -24 адам

Ауылшаруашылық көрсеткіштері:

Селолық округ территориясында 3 ЖШС қызмет етеді. Олар: «Майское Агро», «Егемендік», «Талшык Астык», егіс көлемі 7785га.
Фактілер:

Май селолық округінің бас маманы

Нурмаганбетова К.А.(ақпарат беруші)

Зерттеудің нәтижесі

Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасына сүйеніп, болашаққа қол соза отырып, ұрпақтарға ұлағат болатындай, біз сияқты жас ұрпақтар үлгі алатындай ағалар мен апалар өнегесін кітап жазып, кино түсіріп, жыр-шежіре қалдыруда. Ат дүбіріне алаңдайтын, домбыра үніне елеңдейтін қазақи қасиеттеріміздің, халықтық рухымыздың бойымызда болғандығы. Ендеше, өңіріміздің тарихын, өнері мен мәдениетін елге насихаттау, таныстыру мақсатында болашақта бір кітапша етіп шығару жоспарымызда бар.

Еліміздің өркендеу жолындағы қабырғасының бір кірпіші болып қалансақ, жұдырықтай жүрегіміз «Ауылым-алтын бесігім» деп мәңгілік лүпіл қағып тұрар еді.



















Аннотация

«Май өлкесінің тарихын зерттеу» атты ғылыми жобамыз Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылынан 48 шақырым жердегі орналасқан Май ауылына арналады. Зерттеу жұмысымызда ауылдың географиялық орны,тарихы, мал совхозы,әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы жазылған.Қызықты мәліметтері де аз емес. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері соңғы жылға сәйкес зерттеліп, толықтырылды.


Annotation

The research project on the «history of the May» area is dedicated to the May village, located 48 kilometers away from Talshik village of Akzhar district. The study describes geographical location, history, livestock farming, and socioeconomic status of the village. A lot of interesting facts. The socioeconomic indicators of the village have been studied according to the last year.
























Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Қазақ энциклопедиясы» «Қызылжар елі» 2007ж

  2. Н.В.Ефремов «Өмір өткелдері» 1988ж

  3. К.А.Ташметов «Бір ауылдың өмірінен» 2003 жыл

  4. Май селолық әкімшілігі мен Май орта мектебінің мұрағаты мен мұражай ақпараттары.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!