400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсетіп түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Мақтаарал ауданы

14 колледж МКҚК















Ашық сабақ







Тақырыбы:

Майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсету.











Дайындаған: Туткабаев Б.А.








Атакент кеті

2019 ж



Күнделікті ңызмет көрсету — автомобильді пайдалануға шығару алдында, қозғалтқышты іске қоспай тұрып, картер табандығындағы май көлемін тексереді (автомобиль жазық алаңда тұруы керек). Автомобильді төменгі көлемді маймен пайдалануға рұқсат етілмейді (төменгі көлем майдың қызып кетуіне және майдың сұйықталуына әкеліп соқтырады) жэне көрсетілген белгіден артық май құюға да болмайды (белгіден артық май құйылса, айналыстағы бөлшектерге шамадан артық май шашыла- ды, мысалы, цилиндр айнасына шамадан артық май шашылса, поршень сақинасы майды толық сүртіп алмайды, май жану камерасына өтеді, соның салдарынан қозғалтқыш түтіндеп, тұтандыру білтелерінің элек- тродтары майланады және олар істен шығады). Жолда қозғалтқыштың эртүрлі жұмыс істеу режимінде манометрдің көрсетуін бақылап отыру кажет.

Картер табандығындағы май көлемін қармауыш көмегімен қозғалт- қышты іске қосар алдында немесе қозғалтқыш тоқтағаннан 3-4 ми- нут өткеннен кейін тексереді. Май көлемін тексеру үшін қармауышты шығарып алып, оны матамен сүртіп, орнына қайта орнату керек. Со- дан кейін қармауышты шығарып, майдың ізін қараймыз. Майдың ізі оның көлемін білдіреді- Майдың қалыпты көлемі жоғарғы жэне төменгі белгісінің арасының ортасында болуы керек.

Бірінші техникалыц қызмет көрсету (ТҚК-1) кезінде жүйенің тығыздығына мұқият көңіл бөліп, күнделікті қызмет көрсету жұмыс- тарын толықтай орындэу қажет. Қызмет көрсету барысында төсемелердің тартылысының бос болуынан немесе бұзылуынан майдың ағуын тексереді. Сонымен катар құбыршектердің, май құбырларының, май радиаторының жалғаныстарынан, майсүзгі элементтері бекітілісінің дұрыс болмауы себепті майдың ағуын тексереді. Көп жағдайда иінді біліктің алдыңғы немесе артқы мойынтіректерінің тығыздамаларынан май ағуы байқалады. Сондықтан ТҚК-1 кезінде майдың ағуы мүмкін жерлері мен қозғалтқыштың сыртында орналасқан майлау жүйесінің элементтеріне бекіту жұмыстарын жүргізеді. Жүйедегі май қысымын тексеру қозғалтқыш жұмыс температурасына дейін қызып тұрған кезде әртүрлі жұмыс режимінде тексереді. Аспаптар қалқанында орналасқан көрсеткіште қозғалтқьіштың жоғарғы жылдамдық режимінде Ка- мАЗ-740 автомобильдерінде май қысымы 0,4-0,55 МПа болуы қажет. Ал бос жүріс режимінде майдың қысымы көрсеткіш қалыптыдан 0,05-0,08 МПа, ал дизельді қозғалтқыштарда 0,1 МПа-дан төмен болмауы қажет. Қозғалтқышты май қысымының апаттық белгі беретін шамы жанған кез- Де пайдалануға болмайды.

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚК-2) кезінде ТҚК-1 жұмыс- тарына коса, майлау жүйесінің ақауы бар қолжетімді бөлшектеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге немесе оларды ауыстыруға болады.

Қозғалтқыштың тез тозуының және жағдайының карқынды өзгеруінің себебі оның ұзақ мерзім қалыпты емес режимде жұмыс істегенде (сал- қындату сұйықтығының температурасы 60°С-тан төмен немесе 100°С-тан жоғары), майға салқындату сұйықтығы түскенде, цилиндр-поршеньді топ бөлшектері тозғанда, басқа май сорты қолданылғанда болады.

Майдың қарқынды шығыны (май көлемінің қалыпты шамасынан авто- мобиль 1000 шақ. жол жүргенде «МШ» белгісіне дейін төмендеуі): оның ағып кетуінен, қозғалтқыш цилиндрінің немесе поршень мен поршень сақиналарының тозғанынан, поршень сақиналарының сынуынан, пор- шень арнасы мен майды сүртіп алатын сақина кескінінің кокстануынан, клапан стерженінің немесе бағыттағыш төлкелердің тозуынан, картерді желдету жүйесі жұмысының бұзылуынан болады.

Қозғалтқышты мұқият тексергенде, төсемелерден аққан май- ды анықтауға болады. Таратқыш білігі жетегінің қақпағын, клапан механизмінің қақпағын, цилиндр блогын, май тазалау сүзгісін, май құюға арналған тесікті, май қысымын анықтайтын сезгінің жалғастығын жэне май көлемін тексеруге арналған қармауыштың тығыздығын мұқият тексеру қажет. Егер тексеру барысында аз көлемде болса да майдың аққаны анықталса, онда майлау жүйесінің тығыздығы төсемелердің, тығыздамалардың немесе бекітілісінің босап кетуі орын алған. Егер қозғалтқыш картері табандығының төсемесінен май аққан болса, онда оны шешіп, төсемені ауыстыруға болады. Қозғалтқыш картері табандығыньщ төсемесін ауыстыру үшін барлық автомобильдер қозғалтқышының май- лау жүйесінен майды ыдысқа құйып алып, барлық бұрамаларын ағытып, картер табандығын шығарып, ескі төсеме қалдықтарынан табандықты жэне цилиндрлер блогын тазалау қажет. Содан кейін ғана жана төсемені орнатып, оның бетіне тығыздағыш жағып, картер табандығын орнатып жэне бұрамаларын қатайту қажет. Бұрамаларды қатайту барысында олар- ды қатты тартуға болмайды. Шамадан артық қатайтып жіберсек, төсемені сығып және бұрамаларды үзіп алуымыз мүмкін. Картер табандығын ор- натып болған соң, майды құйып, жалғаныстарынан майдың ағып тұр- мағанын тексеру үшін бақылау жүрісін жүргізеді, керек болған жағдайда бекітілістерін қайта қатайтады.

Майдың тұтқырлығы оны ұзақ мезгіл ауыстырмағанда немесе картерді желдету жүйесі дұрыс істемеген кезде төмендейді. Майдың тұтқырлығы оның этикеткасында 8АЕ әріптерінен кейін көрсетіледі. Үлкен немесе кіші \¥ эрпі жылдың суық мезгіліне арналған май сорттарында қойылады. Мы- салы, 8АЕ 5 \Ү, 8АЕ 10 \Ү. Жылдың жылы мезгіліне арналған май сорт тарында эріп қойылмайды: 8АЕ 30. Жылдың барлык мезгіліне арналған май сорттарында алдымен суық, ал содан кейін жылы мезгілге арналған майдың көрсеткіштері қойылады: 8АЕ 10 \Ү-50, 8АЕ 15 XV 50, 8АЕ 10/XV 30.

Өз уақытында картерді желдету жүйесінің бөлшектерін тазалап және жуып тұру қажет.

Картерді желдету жүйесі жұмысының жағдайын ауа сүзгісіне жэне карбюраторға май түскенінен, майдың қарқынды шығындалуынан байқауға болады.

Салқындату сұйықтығын немесе судың майға түскенін анықтау үшін, картер табандығынан бір стакан май кұйып алып жэне оған бір сағат ша- масында тиіспей қойып қою қажет.

Майдың құрамында су бары анықталса, цилиндрлер блогы қақпағының төсемесін ауыстыру қажет. Сонымен қатар май тұтқырлығының төмендеуі қозғалтқыш цилиндрлерінің бірі жұмыс істемей тұрғанда, бензиннің жанбай қолған қалдықтары майға түскенде немесе қозғалтқыштың бай қоспада жұмыс істеген кезінде болады. Мұндай майды ауыстырады. Ақаудың себебін жою қажет.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
3189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі