жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Майлау жүйесінің тораптарын шешу және жинау жолдары.
Оқу практика жоспары.
Мамандығы: «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
АК-17
Сабақтың тақырыбы: Майлау жүйесінің тораптарын шешу және жинау жолдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студентерге таңдаған мамандығын бағалай білуді, жаңа технологияға бейімдеп, майлау жүйесін, бөлшектеу кезінде техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды үйрету.
Дамытушылық:Студенттердің кәсіби білімін жетілдіру мақсатында майлау жүйесін шешу, бөлшектеп, қауіпсіздік шарттарын сақтауды,орнату,тексеру жұмыстарын жоспарлы орындау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Студенттерді еңбекке, іскерлікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін тиянақты орындауға дағдыландыру.
Сабақтыңтүрі: Өндірістік сабақ.
Сабақтың әдісi: оқу практикалық әдіс (оқу-өндірістік жұмыстарды, жаттығуларды орындау)
Материалдық-техникалық жабдықтар, құрал-саймандар мен оқу-әдістемелік құралдар:
кілттер жиынтығы, көрнекіліктер, майлау жүйесін жөндеу кезіндегі қолданылатын жабдықтар
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе нұсқау:
1.1 Сәлемдесу
1.2 Түгелдеу
1.3 Студенттердің назарларын сабаққа аудару, сыртқы кейпін тексеру
1.4 Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
1.5Студенттердің білімін тексеру, өткен сабақты қайталау.
1.5.1 Салқындату жүйесінің тораптарын шешу кезіндегі ТҚЕ;
1.5.2 Салқындату жүйесі кандай бөліктерден тұрады;
1.5.3 Су сорабын қозғалтқыштан қалай ажыратамыз;
1.6. Жаңа сабақты түсіндіру:
1.6.1 ТҚЕ нұсқау беру
1.6.2 Тақырып материалдары бойынша түсіндіру.
Майлау жүйесі қозғауыштың бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп туру және майлау қызметін аткарады.
Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салкындатады және бөлшек беттерін кажалу калдыктарынан тазартады.
Қозғауыштың жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мұқият тегіс етіп өңдегенде қарамастан, оларды микробедерлер сақталып қалады.
Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір – бірімен айқасын, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді. Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір – біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылжуы енді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.
Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықтықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.
Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір – бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады.
Екінші үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызып немесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.
Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.
Қозғауыштың бөлшектері құрылысы жөнінен және жұмыс істеу жағдайларына байланысты әртүрлі болатындықтан, оларды майлаудың бір ғана түрін, яғни тек қысыммен немесе тек шашып беретін тәсілін қолдана алмайды.Сондықтанда қазіргі двигательдердің барлығында құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни тетіктер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады.
Май насосы үшін көбінесе шестернялы насос қойылады. Себібі ол сенімді жұмыс істейді және аз ғана айналыста жоғарғы қысым жасай алатын мүмкіндігі бар.
Майлау жүйесін бөлшектеу үшін:
-жүйедегі май мөлшерін байқау
-Май сүзгісін қозғалтқыштан шешіп алу
- картер тығынын ағытып, жүйедегі майды ағызып жіберу
-қозғалтқыш картерін шешіп алу
-май радиаторын шешіп алу
-май қабылдағыш, май насосын шешіп алу қажет.
1.7. Жаңа сабақты бекіту барысында қойылатын сұрақтар
А) Майлау жүйесін бөлшектеу кезіндегі ТҚЕ?
Б) Майлау жүйесі кандай бөліктерден тұрады?
В) Май сорабын қозғалтқыштан қалай ажыратамыз?
II. Ағымдағы нұсқау (жұмыс орындарын арнайы аралап жүру арқылы):
2.1. Студенттерді тапсырма бойынша жұмыс орындарына бөлу
2.2. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын және техника қауіпсіздік ережелерінің
сақталуын тексеру;
2.3. Еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын тексеру;
2.4. Технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;
2.5. Жұмыстарды қабылдау және жұмыс орынын тазалау.
III.Қорытынды нұсқау:
3.1 Сабақты қорытындылау;
3.2 Ерекше қателіктерін талдау;
3.3 Студенттердің орындаған жұмысын талдау;
3.4 Баға қою, студенттерге хабарлау;
3.5 Үйге тапсырма беру.
Майлау жүйесінің тораптарын шешуді жанжақты үйреніп келу.
Өндірістік оқыту шебері:
шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген