400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Майқы би мен Алша хан." ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірдегі түрлі қиын жағдайлардан, дау даумайлардан шыға білу үшін ақылды, тапқыр, сөзге шешен,өнерлі болу керектігіне тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:Майқы би мен Алша хан.

Сабақтың мақсаты: ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту

Білімділік:Оқушыларға аңыз әңгімелер жайлы мәлімет беру.

Тәрбиелік:Өмірдегі түрлі қиын жағдайлардан, дау даумайлардан шыға білу үшін ақылды, тапқыр, сөзге шешен,өнерлі болу керектігіне тәрбиелеу.

Дамытушылық:Өткен сабақта алған білімдерін ұштастырып, білімдерін байытып,дамыту

Сабақтың типі: Жаңа сабақ,

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: дәстүрлі,

I. Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу түгелдеу,оқушыларды сабаққа дайындау.

II.Оқушы білімін тексеру:

Сұрақ жауап.

III.Жаңа сабақ мақсаты:

Сезіммен өлең өрген жыр талдау жасау,ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру,поэманың тақырыбы мен идеясы компазициясы туралы теориялық білім беру

IV.ЖАҢА САБАҚ:Майқы би (ХІІ – ХІІІғғ.) – халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар. 
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты

МАЙҚЫ БИ МЕН АЛАША ХАН

Ормамбет би өдігі, қырық сан қырым, отыз сан үрім, он сан оймауыт, тоғыз сай торғауыт, он сан ноғай бөлінетінде, бүкіл ноғайлының елі жау келіп калған екен деп, бір үріккен ала тайдан бүлініпті. «Алатайдай бүлінді» делінген сөз сонан қалыпты.

Сол замандарда Қотан, Қоғам, Қондыкер, Қобан деген кісілермен Майқы деген би болыпты.

Майқы тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі дейді. Бұқардағы он бес азаншы азан айтатұғын мұнараны сол қырық ханның бірі жасатқан екен деседі. Қызыларыстанның бәйбішесінен ұл бала болмаған. «Қызыл аяқ» деген бір елді шауып, ат сауырына салып келген бір қызға аяқ салып, сонан сауысқанның аласындай бір бала ала туады. Бәйбіше өзінен тумай, тоқалдан туған балаға іштарлық қылып, қызғанышпен:

— Бұл балаңды балам деп сақтама, көзін жоғалт, қарашығын батыр. Мынау өскенде жұртыңды ала қылып ұстайды, елінді ала тайдай бүлдіреді, — дейді.

Хан бәйбішесінің сөзімен қырық жігітке: «Мына баланы, тапқан шешесін Сырдариядан әрі өткізіп қоя беріңдер. Өлсе өлсін, өлмесе өз бетімен қаңғып күн көрсін» — деп бұйрық беріпті. Бұлар Сыр суынан өтіп, Алатау, Қаратаудың алабынан аң аулап күнелтіпті.

Бала өз асын өзі тауып іщерлік болған соң, ешкіммен ісі болмайды, оны қырық жігіт далаға тастап кетеді.

Бала он екі жасында МАйқы бидің баласы Үйсінге кез болыпты, бірақ оған бір ауыз тіл қатпайды, үн-түн жоқ қала береді. Үйсін үйіне барған соң Майқы биге: «Бір ағаштың көлеңкесінде отырған жас баланы көрдім, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, көрген кісі қызығып, бір қасық сумен жұтыгі жіберерлік. Жалғыз айыбы тілі жоқ екен» — депті.

Майқы би ақсақ болғандықтан, өмір бойы арбамен жүреді екен және арбасына кісі жегеді екен.

— Мені балаға алып барыңдар, оны мен көрейін, — депті Майқы. Бала Майқы биді көргеннен-ақ орнынан ұшып тұрып:

— Ассалаумағалейкүм хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы, — деп сәлем беріпті.

Уағалейкуміссәлем, әмісе аман балам! Болайын деп тұрған ұл еқенсің. Қолына алып, қараушының жоғынан кем болып тұр екенсің. Кел, балам, қасыма отыр, — деп арбасына мінгізіп, үйіне алып келеді. Төрткүл ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып, жоғарғы елді шақырады. Ала бие сойдырып, аймақ елді шақырып той қылады. Тойдан кейін: «Ердің ері, егеудің сынығы» деп қасына баласы — Үйсінді бас қылып, жүз жігіт қосып беріп аттандырады.

— Қаратаудан арман қарай асыңдар, Ұлытау, Қішітау деген таулар бар, Қаракеңір, Жездікеңір, Құдайберді деген жерге барып ірге тебіңдер. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашы боларсыңдар. «Хан әділ болса, қарашы табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді» — деп, батасын беріп жүнелтеді.

Жүз жігіт Шу мен Сарысудан көктей өтіп, Ақтау, Ортауды айналып, Майқы бидің айтқан жеріне келеді. Үйқы бұзып жылқы алды, күйме бұзып қыз алды. Көшкен елді көш-жөнекей алды, ерулі елді отырған жерінде алды. Өз алдына мал малданып, жан жанданып, үйлібаранды бола бастады. Сатусыз дүние, қалыңсыз қатын алған соң, ел болмасқа немене, жұрт болмасқа немене?! Бұлардың мұндай болғанын баяғы Қызыларыстан хан естиді. Қотан, Қоған, Қоғам, Қондыкер, Қобан, Майқы билерге елші жіберіп: «Менің баламды жігіт-желең етіп желіктіріп жібергені не қылғаны? Баламды өзіме әкеп берсін, сүйтіп менен қалағанын алсын» — дейді. Сонан соң бұлар: «Сеңдер барып, шақырып келіңдер» — деп, Қотанұлы Болатты жүз жігітпен жібереді. Бұлар барған соң бұрынғы барғандар, өздерің де қайтпаңдар, «қайт» деген сөзді бізге айтпаңдар, — дейді. Шақыра барған кісі де қайтпай қалып қояды.

Қызыларыстан хан қайта-қайта кісі жібере берген соң Майқы би Қоғамұлы Алшынды бас қылып, тағы жүз кісі жібереді және «есеп-саны үш жүз он үшке жетсе, дүние жүзі жиылса да олардың күшіне шыдамайды» деп, оларға он үш ақсақал қосады. Бұлар да қайтпай қалып қояды.

«Үндемесе де, үйден шықпаса да еңбек» дегендей, Майқы би үйде жатып-ақ жұмыс тындырып жатады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген кісі осы екен.

Сонымен бұл үш жүз кісі: «Енді ел болғанымызды, жұрт көзіне түсірейік» — деп баяғы ала баланы, алашаға отырғызып, Үлытаудың басына көтеріп шығарын, хан сайлайды. Оған «Алашахан» деген ат қояды. Бастапкы бірге келген жүз жігітті бастығының аты Үйсін болғандықтан «Ұлы жүз Үйсін» деп атайды. «Оларды — Салықшы, жауға шапқанда бұлар шаппасын, тас-түйін болып тұрсын!» — деседі.

Ортада келген жүз жігітті Болатқожа болғандықтан «Орта жүз Ақжон» (Болатқожаның лақап аты— Б. А.) деп атайды. «Бұлар тосқауылшы, ортада» деседі.

Соңғы келген жүз жігітті (бастығы Алшын болғандықтан) «Кіші жүз — Алшын» деп атайды, бұлар алда жүрсін, жауға алдымен шабатын болсын дейді.

v.жаңа сабақ түсінгенін тексеру:вен диаграма арқылы.Shape1



VI.Бекіту.

Shape2



VII.Үйге тапсырма:мазмұнын айту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1743
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі