Материалдар / макала

макала

Материал туралы қысқаша түсінік
Макала жас маман
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мамандығым-арманым»

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет деген оймен мақаламды бастағалы отырмын. Осыдан он бес жыл бұрын ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым «Маденова Манат Екметқызы» әлі есімде. Менде өзімнің алғашқы ұстазым секілді болғым келді де өзімнің өмірлік мамандығымды бастауыш сыныбымда таңдадым. Өзім жайында айтып кетсем, мен «Қасен Аяулым Мұңлыққызы» Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 2000шы жылдың үшінші желтоқсан айында дүние есігін ашқанмын. Жыр алыбы жамбыл ауданы Абай атындағы гимназия мектебінде білім нәрін сіңіріп сол мектептің ұлы ұстаздарынан білім мен тәрбие алып келдім. Мектеп кезінде алғыр оқушылар қатарынан болдым, ақындық және өнерлілік маған тән болатын.2018 жылы «Абай атындағы гимназия мектебін» тәмәмдәп ұлттық біріңғай тестілеу тапсырып «Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің» (бакалаврият) «филиология» факультетінің шетел тілі: екі шетел тілі мамандығына оқуға түстім. Неге шет тілін таңдадың десеңіздер, себебі шет тілі мемлекеттік тіл, және казақ жастарына шетелге шығуға болсын, оқуға немесе саяхаттауға керек тіл емеспе? Нағыз қажет мамандық деп таңдаған болатынмын.Мамандығыма сенімді болғаным сонша оқушыларды кәсіби және сапалы біліммен нәрлендіргім келіп, 2022 жылы білімімнің дәлелі дипломымды алып өз отаным «Алматы облысы Жыр алыбы Жамбыл» ауданына еңбек етуге келдім. Менің кәзіргі жұмыс орным өте керемет десемде болады. Себебі мен Жанақұрылыс ауылындағы «Абдолла Қарсақбаев» атындағы орта мектебіне жұмысқа орналастым. Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектеп директоры «Жилангозова Гулнаш Төлегенқызы» өте керемет жан. Өз анамдай, түсінігі мол әрі қарапайым. Сонымен қатар білімі зор маман екені мені қуантты. Жұмысқа орналасу конкурсын өткізе отырып кейін конкурстан сәтті өтіп, Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебіне «ағылшын тілі» пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Көзді ашып жұмғанша осы мектепте жұмыс жасап жатқаныма 6 ай өтіпті, екінші үйімдей.Мен өз жұмысыма және жанымдағы ең білімді ұстаздарыма, ұжымыма ризашылығым шексіз. Себебі бұл мектепте тек білімді мұғалімдер жұмыс жасайтынын айтқым келеді. Әрине жас маманмын, бұл жыл менде ең алғаш яғни жұмыс стажымның бірінші жылы. Соған орай мектеп әкімшілігі маған тәлімгер тағайындады. Есімі «Куйкабаева Сауле Алдабергенқызы». Ол кісі білімді, бірнеше әдіс- тәсілдер маманы, ұлағатты керемет жан. Мені өз сабағына қатыстыра отырып көптеген тиімді әдіс тәсілдер түрін және бірнеше сабақ барысын үйретті. Мектептегі ағылшын тілі пәні бірлестік жетекшісі «Жуманова Гулім Абдинурқызы» ағылшын тілінің мықты маманы. Гүлім Абдинурқызынан үйренер үлгім көп болды, себебі Гүлім апай мені нақты қалай қысқа мерзімдік жостарды жасау үлгісін, сабақ өту тәсілдерімен бөлісе отырып мені ұстаздыққа баулады. Ол кісіден жарты жылда үйренгенім өте көп, әлі де үйренгім келеді. Казірде тәжірбие сабақтарыма қатысып өз ақылымен бөлісуде.Жалпы мектептің ағылшын пән бірлестіктігіне сөз жетпес айтар алғысым көп, бірлестік өте ұйымшыл. Мектептегі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Жандосова Қымбат Умирзакқызы, Козбағарова Бахытгүл Мажитқызы, Искакова Лаура Жанысбекқызы, Шошабаева Балжан Сарсенқызы және Абдулина Зульфия Талифжанқызы. Мектеп - кеме, білім – теңіз деп Қ. Аманжолов атамыз айтқандай мектептің білім сапасы өте жақсы, оқушылар әрбір пәнді жанымен оқып бар пейілпен қабылдауда. Мектеп оқушыларының білімнің жақсы болуы ұлағатты ұстаздардың және сол мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қолында деп білемін. Оқушылардың білім сапасы ұжым жұмысынан көрінеді емеспе? Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Уйкасова Мейрамгүл Қуанышбекқызы және Смагулов Қуаныш Аманбосынұлы мен Сапарбекова Назым Умирбекқызы, Айдабосынова Гулнур Серікбайқызы. Мектеп тәрбиесі оқушылар білімен жоғарғы деңдейде,Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы «Әл – Фараби» дегендей мектеп тәрбиесіне жауапты мұғалімдер өз жұмысына өте ұқыпты екендігі қатты байқалады.Еңбеқтері сіңген еңбекқор мектептің қанаттары ерекше жандар, бул ұстаздардың қосар үлестері де көп, кәсіби сапалы білім беруге барынша талпынып көмек көрсетуде. Қай кезде әрбір көмекке қол ұшын беруге дайын жандар. Мектепте бірнеше семинарлар мен дебаттар өткізіп бірге заманауи түрде білім беруге үлес қосуда. А. Байтұрсынов атамыз айтқандай- «Мұғалім мектептің жаны» деп бағалаумен менде осы кісілердей мектептің жаны және шәкірттерімнің ұлы ұстазы болып өмір жолымды ұстаздықпен жалғастырғым келеді. Бұл ұстаздарым әрі сүйікті ұжымым маған мәңгілік үлгі деп білемін.Мен өз сөзімді ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр: Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады-деген ұранмен болашақта оқушылардың жақсы тәрбие және білім алуы үшін көп еңбектенетін боламын. Жас маман Қасен Аяулым Мұңлыққызы

Shape1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ