Материалдар / Макала:Әлихан Бөкейханов қазақ руханиятының «әліппeсін» жазды

Макала:Әлихан Бөкейханов қазақ руханиятының «әліппeсін» жазды

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ қауымын жанарту қозғалысының басында тұрған Әлиханның қызметін бірыңғай саясатпен шектеуге болмайды. Алаштық кезеңнің күллі зәрулігін сезінген ол. «Білгенді қылам дегенге жұрт керегі қойып жатыр ма?... Мен сыңшы фарызын (руханият жанашыры деп түсініңіз) өткеруге құл болдым»,- деп жазды. Қаламгерлік ныспысына «Қыр баласы» деген атауды қалаған автор: «Көріті болмаса да, кең жазиралы, бөтеннің қолы жетпейтін қазақ даласы перзенттерінің бойындағы бұлалықты, саф ұлттық сипатты, халықтық даралық қасиетті ұзақ уақыт сақтап келді. Дала ана өзгенің ықпалынан қорғағандықтан қазақтар дәстүрін мінез құлқын өмір сүру салтын сол күйінде сақтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлихан Бөкейханов қазақ руханиятының «әліппeсін» жазды

Сәтқұл Әділбек

ҚарМУ, тарих факультетінің

4 курс студенті

Қазақ қауымын жанарту қозғалысының басында тұрған Әлиханның қызметін бірыңғай саясатпен шектеуге болмайды. Алаштық кезеңнің күллі зәрулігін сезінген ол. «Білгенді қылам дегенге жұрт керегі қойып жатыр ма?... Мен сыңшы фарызын (руханият жанашыры деп түсініңіз) өткеруге құл болдым»,- деп жазды. 
Қаламгерлік ныспысына «Қыр баласы» деген атауды қалаған автор: «Көріті болмаса да, кең жазиралы, бөтеннің қолы жетпейтін қазақ даласы перзенттерінің бойындағы бұлалықты, саф ұлттық сипатты, халықтық даралық қасиетті ұзақ уақыт сақтап келді. Дала ана өзгенің ықпалынан қорғағандықтан қазақтар дәстүрін мінез құлқын өмір сүру салтын сол күйінде сақтады. Ұлт ұйысты «Алаш» деген ұранға тік тұрып бауырына көмекке келді. Қазақтың осы ерекше және қызық өмірі айнаға түскендей бай һәм сан- салалы ауызша поэзиясынан көрінді» Ә.Бөкейхановтың бұл зерттеуі көркем өнер мен тарих байланысын зерделеудің бағдарын анғартады. Қаламагер шын тарихтың эпикалық санада жаңғаруын байыптайды. Мақаланың ой астарынан «қазақ тарихын жоқ деме, қазақ поэзиясын осал деме, эпикалық сананы тұрлаусыз деме» деген автор пікірін ұғамыз 
Ә.Бөкейханов Қалқаман-Мамыр жанрын «тарихи хроника» деп анықтайды. Қаламгер пікірінше, оқиға өмірден алынған ел аузында жүріп, Шәкерімнің жырына арқау болған. Енедше, шарт- шығармада Қалқман-Мамыр заманындағы «қазақ жұртының салты, қазақ мінезі, қазақтың іс қылығы» көрінуі керек. 
Әлихан көп бергеннен көп сұралады дей отырып аталған мәселе бойнша Шәкерімнің жақыннан қайырып ойдағыдай толымды қылып жазбағанын жанашырлықпен сынайды. Қаламгер Шәкерім жырының маңызын көкейкестілігін жоққа шығармайды бірақ, жалпы әдебиеттің келешек өрісі мен өрісі үшін елеулі ескертпелер жасайды. Бірінші ескертпе шығарма оқиға болып жатқан дәуірдің тынысын көрестуі керек. Кейіпкерлер сол жақтың ұғым, түсінігімен сөйлеуі қажет. Екінші, ескертпе шығармадағы оқиғалар дамуы ситуация бейнелер сипаты өмірге жақын болуы шарт. Әлиханмен сырлас, алашымен мұңдас Шәкерім қаржы әдебиеттегі көкейкісті мәселелерді қамтыған аталған мақалаға түсіністікпен қарады. Ә.Бөкейханов жаңа сападағы көркемдігі мен ағартушылығы тең авторлық әдебиеттің тезірек өркендеуін қалады. Бұл - әлемнің бар ұлт-азаттық қозғалысы тұсында руханиятта байқалатын құбылыс. Бұл кезде елді ояту, ағарту, дұрыс бағытқа салу басты мақсат болды. Рухани жүйенің бәрі осыған жұмылды. «Қазақ» оқырмандарына арналған бір мақаласында Әлиханның «Жұрт надан, газета оқушы жоқ болса, бұған Шекспир, Толстой да түк амал қыла алмайды. Адам шеберлігі араласып іс қалмаса таудай алтын - өлі бір қазына» - деп жазуы бұл ойымызға дәлел. 


Әлиханның шынайы тұрпатты авторлық әдебиетке айрықша үміт артуы 1905 жылы жарияланған. Абайға арналған мұнақып мақаласынан бастау алды. Бұл еңбек орыс тілінде жазылған. Жалпы, Әлиханның Абай мұрасына қатысты қызметін өзінің мақалаларынан білеміз. Кәкітай қазасына байланысты мақаласында ол: « Абайдың тәржіме хәлін жазған –Кәкітай... 1904–інші жылы «Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар» деп балаларына хат жаздым. 1905–інші жылдың әпрел аяғында Кәкітай Абайдың жазба кітабын алып, Омбыдағы маған келді» деп жазады. Бұл деректі Әлихан мұрасын зерттеуші Сұлтанхан Жүсіп: «1906 жылы 9 қаңтарда Әлихан нақақтан тұтқындалып, Павлодар түрмесіне жабылған кезеңде, оның портфолінен Абай өлеңдері көшірмесінің қол жазбасы шыққан» деп дамытады. Сонда Абайды тану мен танытуға деген ықылас алғаш Ә.Бөкейханов тарапынан байқалған. Біздіңше, бұл еңбегінде Әлихан Абайтануға қатысты бірқатар негізгі мәселелерді анықтаған.Ең алғаш ақынның шығармашылық бастауы фольклормен сабақтасып жатқанын көрсеткен. Зерттеушінің ендігі бір табысы– ақын дүние танымына әсер еткен негізгі күштің бірін байыптауы. 
Әлихан Бөкейхановтың әдеби-эстетикалық таным– түйсігінің биік шыңы – «Ән-өлең һәм оның құралы» атты мақаласы. Бұл роман жанрын талдаған еңбегінен алты айдан кейін жарық көрген. Қаламгердің «ән-өлеңи» деп отырғанын біз бүгін бір-ақ сөзбен – «ән» сөзімен ғана айтамыз. Мақаланы жазу үстінде Әлихан әрі суретші, әрі сыршал, әрі ғалым ретінде көрініп отырады. Бұл тандем қайраткер шығармашылығының әлеуеті мен тегеурінін байқатады. Бұл құбылысты Алаштың рухани сұранымына Ә.Бөкейхановтың қосқан үлесі деу орынды. 
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол – Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері cъезінің делегаты, Ресейдің І Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. 



Пайдаланған әдебиеттер 

1. Бокейханов А. Шыгармалар. Сост. М.Койгельдиев. Алматы 1994ж. 
2. Дулатов.М Шыгармалары. Алматы 1991ж. 
3. « Аңыз адам» журналы №20 2011ж. 
4. «Қасым» журналы №8 2011 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ