Күні:05.03.2018ж.
Сабақтың
кестесі бойынша:7
Сыныбы:
5 «А»
Пәні:
Көркем
еңбек.
Өтілетін
орны
: 214 каб.
Сабақтан
тыс ашық сабақтың тақырыбы:
«Макаронды желімдеу арқылы сурет салу.»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың макаронмен жұмыс жасау
барысындағы шеберлік деңгейін
арттыру;қиялдарына ерік беру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды жұмыс барысында шыдамдылыққа,
бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Оқушыларды есте сақтау қабілеттерін
жақсартуға және өз бетінше жұмыс істеуге
дағдыландыру.
Коррекциялық:
Оқушылардың
дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау.
Сабақта
қолданылатын көрнекі құралдар:
Плакаттар,
ережелер.
Дайын
жұмыстың суреттері,
жұмбақтар.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылардың
назарын сабаққа аудару.
-
Бүгін наурыз айының нешесі?
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір
қандай сабақ?
ІІ.Сөздік
жаттығулар:
Қатырма
қағаз, макарон, желім, қарындаш, өшіргіш,
ұштағыш, сызғыш.
ІІІ.Меңгерілетін
сөздер:
Макарон,
желімдеу.
IV.
Өткен сабақты қайталау:
-Өткен
сабақтың тақырыбы қандай?
-
Өткен сабақта біз нені үйрендік?
V.
Жаңа сабақ.
Балалар,
біз бүгін сабақта макаронды желімдеу
арқылы,сурет салуды үйренеміз. Бүгінгі
сабақтың тақырыбы: «Макаронды желімдеу
арқылы сурет салу». Макарон дегеніміз
– бидай ұнынан жасалған өнім. Макарондардың
көптеген түрлері болады. Мысалы: гүл,
жапырақша, жұлдызша,ұлудың ұясы және
тағы басқалары бар.
Жұмысты
бастау үшін,ең алдымен қатырма қағазға
өзіміз қалаған суретті салып аламыз.
Ал бүгінгі сабақта құмырадағы гүлдің
суретін саламыз. Сонан соң суреттің
керекті жеріне тиісті макарон түрін
желімдейміз.
VI.Сарамандық
жұмыс:
Макаронмен сурет салу.
Жұмыс
жоспары:
1.Қатырма
қағазға құмырадағы гүлдің суретін
сал.
2.
Суреттің тиісті жеріне жарасымды болатын
макарон түрін желімде.
3.
Макарондарды керекті түске бояп шық.
4.
Фонын бояп, суретті аяқта.
5.
Жақтауын қалауыңша сәнде.
Жұмбақтарды
шешу:
Ұзын
мұртты сарылыр
Қойнында
дәні бар. (Бидай)
Мысық
мұртты,
Өрмек
басты. (Бидай)
Аласа
ғана бойы бар,
Қойнына
тыққан наны бар. (Бидай)
VII.
Тақырыпты бекіту:
(Анықтамаларын
бірге дауыстап оқыту)
VIII.
Қорытынды:
-Балалар,
біз бүгін сабақта не үйрендік?
-
......, сен ненің суретін салдың?
-
.......,сен нені желімдеу арқылы салдың?
VIIII.
Оқушыларды бағалау.
.