400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Максатка жету жолындагы мотивация

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсатқа жету жолындағы мотивация.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) білім және ғылым саласында көптеген тамаша нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Университет жас ғалымдар мен студенттерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, дарынды студенттерге демеушілік көмек көрсетіп, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуде. Университет студенттері спортта, ғылыми зерттеулерде және мәдени іс-шараларда да тамаша өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ҚазҰУ оқытушыларын халықаралық қауымдастыққа белсенді түрде біріктіріп, оларға шетелдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріп, халықаралық деңгейде мойындалған ғалымдарды сабақ беруге тартуда. Сондай-ақ университет неврология, цифрлық экономика, медиа коммуникация және т.б. бағдарламалар сияқты жаһандық трендтерге сәйкес жаңа бағдарламаларды енгізуде.

Біз, ҚазҰУ-дың «Есеп жане аудит» мамандығының 1 курс студенттері, университетіміздің жетістіктеріне дән ризамыз және психология саласында дамып келе жатқанын көрудеміз.

Мақсат дегеніміз не? Мотивация дегеніміз не? Мақсатқа жету үшін мотивацияның қандай маңызы бар? Бұл мектеп болмасын, қоғам болмасын жастар арасындағы өзекті сұрақ мәселесі. Қазіргі жастар үшін бұл тақырып сас маңыздылыққа ие, себебі, жастардың көбі қазіргі таңда еріншектікке тәуелді. Жалпылама айта өтсек, мақсат- бұл белгілі бір межеге қол жеткізу барысында адамның саналық ой-қабілетіпен жүзеге асатын көрініс. Ендігі мотивация дегеніміз не? Мақсатқа қалай жетеміз?

Басқару психологиясы” пәнінің адам өмірінде, қоғамда, жалпы тіршілік үшін қандай маңызға ие екендігін түсіне отырып, сабақта өтілген тақырыптардың бірі етіп, қазіргі жастар үшін маңызды тақырыпта талдау жүргіздік.

Мақсат бұл көзге көрінбейтін, бірақ адамды талай белестерге жеткізетін ғажайып көрініс. Әр адам өмірінде белгілі бір өзіндік арманына жету жолында алдына мақсат қояды. Мақсат ол нақты, өзгеріссіз болады. Адам алдына мақсатты қатты қалап, және, өзіне деген аса сенімділікпен қояды “міндетті түрде жетемін” деген, бұл сенімділіктің де жетер соңы болады. Мақсатқа жету барысында адам біршама сынақтардан, қиыншылықтардан өтеді. Жолдан таюы, не болмаса, беріліп, “мен бұл мақсатқа жете алмаймын” деген ойлар адамды билеуі әбден мүмкін. Мұндай ойлардан алшақ болу үшін адамға тек қолдау мен мотивация керек. Мотивацияны адам қайдан алады? деген сұрақ ойға келеді. Мотивация адамға кез келген нәрседен келуі мүмкін, мысалы, үйдегі ата анасының қолдауынан, достарынан я немесе өзінің сүйікті ісінен ала алады. Мотивация адамды шыңға жеткізуі мүмкін, бұл адамға деген қосымша моральдық күш қуат. Адам физикалық түрде шаршап, талпынысы азайған жағдайда мотивация адамға моральдық күш қуат береді.

Басқару психологиясы” пәні маңызды екендігіне тағы да айқын көз жеткіздік. Қазіргі жастардың еріншектік қасиетін жойып, оларды болашаққа қарай талпындыру, мотивациясын ояту барысында мақсатына жетер жолды көрсетіп, нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін осы Психология әлемі. Осындай психологиялық пәндердің оқытылуының арқасында адамның басқа да қырлары айқындалады.

Қорытындылай келе, әлеуметтік психологияны зерттеу әлеуметтік ортаның адамның мінез-құлқына, ойлары мен сезімдеріне әсерін түсінуге көмектеседі. Тленчиеваның лекциялары әлеуметтік психология саласындағы білім мен тәжірибелік дағдылардың құнды көзі болып табылады. Олар студенттерге осы ғылымның негізгі ұғымдары мен теорияларын түсінуге және оларды күнделікті өмірде практикада қолдануға көмектеседі. Әлеуметтік психология бойынша дәрісте алған білім студенттерге, яғни бізге сабақта ғана емес, әріптестермен, достарымен, отбасымен қарым-қатынаста да пайдалы болды. Жалпы, ҚазҰУ-дың бірінші курсында әлеуметтік психологияны зерттеу, әсіресе Н. С. Тленчиеваның лекциялары арқылы студенттердің оқу үдерісі мен тұлғалық дамуына айтарлықтай әсер етіп, олардың өзін және қоршаған әлемді жақсы түсінуіне көмектеседі.

Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Cтасюк  А.А.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Нарбаев Н.А.. 1 курс студенті

Есеп жане аудит мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.05.2024
220
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі