400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мал өсірсең-ешкі өсір

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Құмжарған орта мектебі






Тақырыбы: «Мал өсірсең –ешкі өсір»



Бағыты: Қоршаған әлем – экология,

жануарлар мен өсімдіктер әлемі






Секциясы: Биология













Орындаған: Сағидулла Инабат Бақытжанқызы

2-сынып оқушысы

Жетекшісі: Есбосинова Айгерим Койшыбаевна

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі







2017 жыл

Мазмұны


I. Кіріспе .........................................................................................

II. Негізгі бөлім .............................................................................

2.1.Ешкі туралы мәлімет ......................

2.2. Ешкінің түрлері ..................................................................

2.3. Ешкі сүтінің қасиеті .............................................................

2.4. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы ................................

2.5. Менің болашақ арманым...................

2.6.Қорытынды. .............................................................................

2.7.Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................



































Аннотация



Зерттеудің мақсаты : Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы анықтау.


Зерттеудің міндеті: Халықты әр түрлі аурудан аман алып қалудың жолы – осы ешкі сүтінің емдік қасиетін пайдалану.


Зерттеудің маңыздылығы:Ешкінің сүтінің ауруға қаншалықты ем

болатынын, қалай пайдалану керектігін үйреніп, іс жүзінде пайдалануға болатынындығын анықтау.

Зерттеу әдістері:

  • Түрлі деректер мен зерттеулерді қолдану;

  • Сұхбаттасу;

  • Сауалнама алу;

  • Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасын білу.

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы:

Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында ешкі малының адам өміріндегі маңызы орасан зор екендігін, одан алынған өнімдердің денсаулықты нығайтудағы ролін көрсетіп, оқушыларға іс-тәжірибесінде пайдалануға үйрету.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Ұлттық болмысымызды тану, ешкінің сүтінің тиімділігін дәріптеу.

Зерттеу кезеңдері:

2015-2016 оқу жылы 1 жарты жылдық материалдар жинақтау және іріктеу, бір жүйеге келтіру

2016-2017 оқу жылы 2 жарты жылдық материалдарды жобаға дайындау, жариялау

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Ешкі сүтінің тиімділігін анықтау, зерттеуші тұжырымды өз ойын білдіреді.
















Кіріспе


Менің осы тақырыпты таңдау себебім,ешкі малы мені қатты қызықтырды.Біз ауылдық жерде тұрғандықтан ата-ажем үйде мал ұстайды. Қазақтың басты байлық қоры мал.Осы малдардан түрлі өнімдер алынады. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды.

Солардын бірі ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше өнім. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің басқа ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.Осылардың ішінде ешкі малынның сүті 90 түрлі дертке жипа екен. Біздің ауылымызда да ешкі сүтін ішіп,нәтежесінде дертіне дауа тапқандар да бар.

Балаларды қоректіндіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.Осы орайда біздің көрші Құрманай апайда өз нәрестесіне қосымша ешкі сүтін берген еді.

Ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Ол әсіресе өкпе құрты қант диабеті ауруын, асқазан ішек жолдары, аллергия, қан аздық секілді ауруларға бірден - бір ем. Ешкі сүтінің майы ағзаға жақсы сіңеді, ал оның құрамындағы қанықпаған қан қышқылдарының жоғары мөлшері холестериннің қан тамырларына жинақталуына қарсы тұрып, иммунитетті арттыруға ықпал етеді. Ертеде туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әубастан ақ ешкі сүтімен емдеген.

Ешкі өсімтал және тез жетілетін түлік. Бағып – күтуі біршама жеңіл, басқа түліктерге қарағанда көп шығын қажет етпейді. Ауа - райының тәуліктік, маусымдық жағдайларына көнбіс, жайылым отын жақсы пайдаланады. Әсіресе республикамыздың кең байтақ, шөл және шөлейт жерлерге, таулы аймақтарға жақсы бейімделген. Қыста өз бетімен өрісте жайыла алады. Ешкі тұқымдарын сыртқы дене бітіміне, олардың сүттілік, түбіттілік, еттілігіне қарай мына төмендегідей түрге бөледі: сүтті ешкі тұқымдары, түбітті ешкі тұқымдары, жүндес ешкі тұқымдары және ет-сүт, түбіт өнімдерін бірдей беретін ешкі тұқымдары.

Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқада аурулармен ауырмайды.

Ешкілер 9-10 жыл тіршілік етеді. 5-8 айында жыныстық жағынан жетіледі. Ешкінің буаздық мерзімі 5 ай; 1-2 кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60-65 кг дейін, ешкісі 40-60 кг дейін тартады. Жемденген ешкіден 20-28 кг ет, 4-6 кг май, 7-10 айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады.

Мен осы зертеуімде ғылымда және халықтық медицинада дәлелденген ешкі сүтінің ерекше қасиеттеріне тоқталмақшымын. Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті адам ағзасына пайдалы болып қана қоймай, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады.

Сондықтан да, менің атам мен апам ешкі өсіруді қолға алды. Сол себептен мен ешкі туралы көп нәрсе білгім келді.










































2.1. Ешкі туралы ақпарат

Ешкі (лат. Capra hircus) — мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca түрі жатады. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкісі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

Үй жануарларының ішінде ешкі Орта Азияда біздің дәуірімізге дейінгі 5700 жылдың ішінде үй жануарларының қатарына қосылып, қолға үйретілген малдың бірі.

Қазіргі кезде дүние жүзінде 1 млрд-қа жуық ешкі бар деп есептелінеді. Ешкінің саны жөнінен алдыңғы орында Қытай елі иеленеді . Бұл елде 180 млн-ға жуық ешкі бағылады. Үндістанда -130 млн, Пәкістанда-50 млн, Бангладеште-40 млн, Иран мен Нигерияда-30млн , Судан, Эфиопия, Индонезия, Сомали елдерінің әрқайсысында 20 млн шамасында ешкі өсіріледі . Біздің елімізде ешкінің саны 2 млн бастан аспайды. Cоның ішінде ешкінің 600 мыңға жуығы Ақтөбе облысының еншісінде екен [1].

Ешкінің етті тұқымы Қытай мен Үндістанда, сүттісі — араб елдері мен  Еуропада, түбіттісі — АҚШ, Түркияда көп өсіріледі екен. Мүйізді жануардың басты ерекшелігі — күй талғамайды.

Ежелден мал баққан халқымыз ешкіні төрт түліктің қатарына қоспаса да қадірін жақсы білген. Себебі ешкі ерекше күй талғамайды, әрі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Жалпы, ешкінің сүті мен етінің қасиетін түсінген дамыған елдер бұл істі бір ізге қойған. Швейцарияда туберкулез, қан аздық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.  АҚШ секілді дамыған мемлекеттер ешкі сүтін жас нәрестелерге беру үшін арнайы дайындайды.  Сондай-ақ ешкі өсіріп, одан тәуір табыс тауып отырған елдердің де қатары көп.  

Ешкі өсімтал және тез жетілетін түлік. Бағып – күтуі біршама жеңіл, басқа түліктерге қарағанда көп шығын қажет етпейді. Ауа - райының тәуліктік, маусымдық жағдайларына көнбіс, жайылым отын жақсы пайдаланады. Әсіресе республикамыздың кең байтақ, шөл және шөлейт жерлерге, таулы аймақтарға жақсы бейімделген. Қыста өз бетімен өрісте жайыла алады. Ешкі тұқымдарын сыртқы дене бітіміне, олардың сүттілік, түбіттілік, еттілігіне қарай мына төмендегідей түрге бөледі: сүтті ешкі тұқымдары, түбітті ешкі тұқымдары, жүндес ешкі тұқымдары және ет-сүт, түбіт өнімдерін бірдей беретін ешкі тұқымдары.

Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқада аурулармен ауырмайды.

Дәрігер мамандардың айтуынша, 600-ге тарта шөп түрін қорек ететін ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкінің сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп. 


Жасы мен жынысына қарай ешкі малының атаулары

  • Лақ - алты айға дейінгі ешкінің төлі.

  • Шыбыш - ерте туған ұрғашы лақтың бір жастан асқаны.

  • Шыбышша - бір жастан бір-екі ай кішілігі бар, текеге шағылыспай қалған ұрғашы лақ.

  • Лақ теке - туғанына алты ай болған лақтың тарттырылмай қалғаны.

  • Серкешік - еркек ешкінің бір жастан асқанда тарттырылған еркек лақтың бір жастан асқаны.

  • Теке - жыныс қабылеті жетілген еркегі.

  • Туша - екі жастан асып барып лақтаған ешкі.

  • Сақа ешкі - лақтап жүрген ірі ешкі.

  • Ту ешкі - ешкінің текеден бір-екі жыл қашпай немесе қашып кетсе де буаз болмай, қысыр қалғаны.

  • Серке - ешкінің тарттырылған еркегі, жасына қарай құнан, серке, дөнен деп аталады.

  • Азбан теке - алты-жеті жастағы текенің тарттырылып жіберілгені.

  • Бас серке - ені тарттырылған текенің төрт-бес жастағысы.











Ешкі малынан алынатын өнімдер


Қазақстанда жергілікті қылшық жүнді ешкіден және ангор ешкісінің текесінен 3,5 - 4,5 кг, ешкісінен 1,5 - 2 кг аса бағалы жүн (мохер) қырқылады. Орынбор ешкісінен 470 грамм, текесінен 800 грамм түбіт алынады.

Ешкілердің текесінен 60-65 кг дейін, ешкісі 40-60 кг дейін тартады. Жемденген ешкіден 20-28 кг ет, 4-6 кг май, 7-10 айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450-550 кг кейбір шаруашылықтарда 100 кг дейін сүт береді. Сүтінің майлығы 3,8-4,5%. Жүндес тұқымы ешкі қылшығының ұзындығы 15-18 см болады. Ешкілерді көктемде жылы аудандарда екінші рет тамыз-қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4-6 кг, ешкісінен 3-5 кг қыл алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары алынады.

Түбіттің басты қасиеттері – жылу сақтағыштығы мен ылғалды көп сіңіргіштігі. Түбіттің табиғи түсі көбіне ақ, қара, қоңыр боп келеді. Ақ түсті түбітті кез келген түске бояуға болатындықтан, жоғары бағаланады. Ешкі орта есеппен бір жылда 300 грамм түбіт берсе, ал ешкінің кейбір тұқымының түбіті 800 грамға дейін жетеді.

Өз кезегінде түбіттен тазаланған қылшық та қажетке жарап отырды. Әсіресе арқан-жіп ескен кезде міндетті түрде ешкінің қылшығын қосқан. Ол арқанның беріктігіне кепіл болған. Сонымен бірге тақыр кілем, алаша секілді бұйымдарға да пайдаланылған. Қабырғаға ілініп, еденге төселетіндіктен олардың тез тозатыны да белгілі. Ал ешкінің қылшығы қосылған төсеніштер тесілмейді екен. Бұл ретте арнайы жүргізілген зерттеулер қазақтың жергілікті жүнді ешкілерінің түбіті мен қылшығы сапасы бойынша әлемдік нарық талаптарына сай, бірақ олардың өнімділігі өте төмен екендігін көрсетті. Осы себепті ешкінің генотиптік және паратиптік (бағу-азықтандыру) жағдайларын ғылыми негізде жақсарта отырып, түбіт түсімі мен сапасын арттыру да алда тұрған мақсаттардың бірі.

Ал ешкінің терісі – таптырмас былғарылардың бірі. Ешкі терісінде май бездері қой терісіне қарағанда азырақ болатындықтан, емізікше қабатында бос қуыстар көп болмайды, ал торлы қабаты берік, мықты болады. Өзеңді құрайтын талшықтар тобы берік және жуандау келіп, бір-бірімен ілінісе және көлбей орналасқандықтан, былғарыға әрі беріктік, әрі жұмсақтық қасиет береді. Сондықтан былғарылық шикізат ретінде өте жоғары бағаланады , одан жеңіл аяқкиімге арналған өте әсем былғары – шевро дайындалады екен. Бұл да білгенге бағаланбай жатқан бір байлық. Ешкілер – көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Орташа буаздылық уақыты шамамен 150 күнді құрайды. Ешкінің жыныстық жетілуі 6-7 айынан 1,5 жылға дейін болатындықтан, оларды қашыруға 16-18 айында жіберген дұрыс. Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды.

Өнімді сату. Ешкі өсіру нәтижесінде алынған өнімді (сүт, жүн) қышқыл-сүт өнімдерін сататын шағын бизнес ұйымдарымен келісім-шарт жасасу арқылы, сондай-ақ газетке жарнама беру арқылы сатуға болады.

Болжамды есептеулер:

Шығыстар:

- лақ сатып алу – 10 дана х 6 000 теңге = 60000 теңге

- шөп – 100 түк х 200 теңге = 20000 теңге

- кебек – 500 кг х 20 теңге = 10000 теңге

Барлығы: 90 000 теңге.

Табыс:

- Ешкіні сату: 4 дана х 12 000 теңге = 48 000 теңге, қалған ешкіні өсіп жетілдіруге қалдырамыз.

- Сүтін сату: күніне 2 литр х 250 теңге = 500 теңге х 30 күнде = 15 000 теңге (айына), жарты жылда 90 000 теңге.

-Жүн: ешкіні жарты жылда қырқу арқылы 1 ешкіден 150 г. жүн алуға болады


































2.2 Ешкінің түрлері

Ешкілер сүтті, түбітті , етті болып бірнеше топқа бөлінеді.

Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен приска  түрі жатады. 

Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкісі),түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. 

Қазақ ешкісі  ет, сүт, түбіт өнімдерін мол беретін ешкі тұқымдарының бірі. Бірнеше ешкі тұқымдарын будандастыру арқылы, олардың өнімділігі арттырылып, жергілікті табиғат жағдайларына бейімдендірілді. Бұл ешкілер ыстық пен суыққа төзімді, етті әрі ірі келеді. Сақа ешкілер орта есеппен 20 – 40 кг салмақ тартады. Тәулігіне 250 – 1000 мл сүт береді (сүтінің құрамы ана сүтінің құрамына жақын). Егіз тууға бейім (әрбір 100 аналықтан 120 – 200 төл алынады). Терісі өте құнды, одан сафиян, шегірен сияқты сапалы былғары түрлері алынады. Қазақстанның оңтүстік-батыс және солтүстік облыстарында өнімділігі мен өсімділігін арттыру мақсатында қазақ ешкісі ангор ешкісімен, дон ешкісімен және заанен ешкісімен (19 ғ-дан Швейцарияның Заане өз-нің бойында өсіріледі) будандастырылып, бірге бағылады.

Ангор ешкісі – ежелден келе жатқан, жүні аса бағалы ешкі тұқымының бірі. Орта ғасырда Түркияның Анкара (Анкора) уәлаятында өсірілгендіктен осылай аталған. 19 ғасырда АҚШ, Африка, Австралияға тараған. Қазақстанға алғаш 1929 жылы АҚШ-тан әкелінген. Ешкісі 30 – 35 кг, текесі 45 – 50 кг тартады. Түбіті өте берік, біркелкі, жылтылдаған ақ майда биязы қылшықты. Қылшығының ұзындығы 35 – 40 см. Текесінен 4 – 7 кг, ешкісінен 2 – 4 кг түбіт алынады. Таза түбіт түсімі 65 – 80%. Сауын маусымында 60 – 100 л сүт береді, сүтінің майл. 4,4%, 5 – 10%-ы егіз туады. Ангор ешкісі негізінде кеңестік түбітті ешкі тұқымы шығарылды. Ангор ешкісінің будандары Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында өсіріледі. Ол өзге ешкі тұқымын асылдандыру үшін пайдаланылады. Еті сапалы, дәмді келеді, терісінен қымбат бағалы былғары дайындалады. Түбітінен мата, кілем, мақпал тоқылады.[1]

Придон ешкісі[1] — түбітті ешкі тұқымы. Жүнінің құрамында түбіті көп (65 — 70%), қылшығы аз (30 — 35%). Түбітінің ұзындығы 9 — 11 см, жіңішкелігі 19 — 23 мкм, қылшығының ұзындығы 5 — 6 см, жіңішкелігі 60 — 80 мкм. Түбіті сұр, қылшығы қара. поэтика е-нің дене бітімі, сүйегі берік, ірі, тез жетілгіш, ауа-райы жағдайына тез бейімделгіш. Текесі 65 — 70 кг, ешкісі 40 — 43 кг салмақ тартады. Бордақыланған серкесінің тірілей салмағы 75 кг, тушасының салмағы 37 кг-ға дейін жетеді. поэтика е. — өсімтал, 30 — 40%-ы егіз табады. Ешкісі 5 айдың ішінде майл. жоғары (4,6 — 4,8%) 150 — 180 кг сүт береді. Қазақстанда, Таулы Алтай мен Қырғызстанда жергілікті ешкінің түбіттілігін арттыру үшін будандастыруға кеңінен пайдаланылды.

Кеңес ешкісі немесе Кеңестің түбітті ешкісі — жергілікті ешкіні ангор ешкісінің текесімен будандастыру арқылы 1962 жылы Қазақстанда және Орта Азия респубикаларында шығарылған.

Ешкісі 39, текесі 60 кг тартады. Олардан сәйкесінше 1,8-2,1 кг және 2,8-3,1 кг түбіт алынады. 100 ешкіден 118 лақ алынады. Таңдаулы асыл тұқымдылары Семейде өсіріледі.[1]

Түбітті ешкі - узақ уақыт сұрыптап, халықтық селекция әдісімен шығарылған. Түбітті ешкі әр түсті болып келеді. ешкісі күзде орта есеппен 44-45, көктемде 36-38 кг, текесі күзде 70-75, көктемде 55-65 кгг тартады. ешкісінен 120-350, текесінен 580-610 г түбіт алуға болады.Түбітінң талшығы басқа ешкі тұқымдастарынан ұзындау, яғни орташа есеппен 5-7 см және жіңішкелігі 14,7 мкм. 18-20 айлығында ғана шағылысқа түсіріледі. 100 ешкіден 130-140 лақ алынады. Түбітті ешкі Орынбор облысында ғана өсіріледі. Қазақстанда өте аз, басқа ешкі тұқымдарымен будандастыру үшін пайдаланылады. Тұқым жақсарту жұмысымен Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми зерттеу институты айналысуда.

































2.3 Ешкі сүтінің қасиеті


Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.

Швейцарияның таулық ши­пажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдық­қан­дарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.
Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пай­да­лануды ұсынған. Халық меди­цинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.

Ежелгі аңызға сенсек, най­зағаймен алысқан Зевстің өзі Амал­тея — тәңірлік керемет еш­кісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен қайнатқан: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы — күнжітпен, іш өтуге қарсы — теңіз тастарымен, арпа жар­масымен.

Аты аңызға айналған Клеопатра терісінің сұлулық құпиясы – әйгелі сүт ванналары. Теріге тікелей түсетін күн сәулесі мен құмның үздіксіз әсері жағдайында Египет үшін бұл аса маңызды еді.
XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі сүті үшін өрлеу кезеңі бас­талды. Осы кезде медицина ма­мандары ол жайлы әйелдердің ем­шек сүтін алмастыруға бас­қалардан қолайлы екендігін айтты. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да ауру­лармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі ана­ғұр­лым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ.

Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лак­тозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің ем­шек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүм­кін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағза­сы­ның тіндерінде холестерин жи­налуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар.

Жоғарыда келтірілген артық­шылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), мар­ганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) жә­не Д (0.06 мг) дәрумендері, ас­кор­бин қышқылы бар. В12 дәру­менінің құрамына кіретін және қан өн­дірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөл­шері мол.

Оның нәр­уыз­дары аса сапалы, басқа азық­тарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қа­тысады.

Ешкі сүті— аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді. Ешкі сүтінің құрамында 13,4 % құрғақ зат тектер, 4,4% май, 3,6%белок, 4,9% лактоза бар. Ешкі сүті химиялық құрамы жағынан сиыр сүтіне жақын.

Негізгі азықтық құрам бөлік­те­рі­нің — нәруыздар, майлар мен кө­міртектердің мөлшері ешкі мен сиыр сүтінде ұқсас келеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінен сал­мақты айырмашылығы бар: жа­нуарлардың сүтінде нәруыздар едәуір көп, бірақ майлар мен көміртектер аз болады.

Ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл май­лардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үшгли­церидтердің болуы ықпал етеді. Олар — лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар. 
АҚШ мамандарының пікі­рін­ше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адам­ның физиологиялық қа­жеттіліктерін оңтайлы қанағат­тан­дырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді ита­льян­дық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерт­теулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.
Қорыта айтқанда, ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жат­қызуға болады.

Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі ауру­лардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.




















Құрғақ ешкі сүті


Атам қазақ қадым заманда «ешкінің еті желге, сүті емге» деген мәтел шығарған екен. Ал біз яғни қазақ халқы ешкіден сүт шығатынын ұмытып, арзан ұнтаққа малданып жүргенде, оның сырын жете түсінген шетел жұрты ешкі сүтін өңдеп, оны ұнтаққа айналдырып, адам ағзасына пайдалы жақтарын талдап түсіндіріп, базарларға шығарып сатқалы да қай заман.

Бұл ұнтақ қазір дүкендерде көптеп сатылып жатыр. Жаңа Зелендияда өндірілген.

Бұл ұнтақ ересектер мен үш жастан асқан балаларға арналған.

Құрамы: құрғақ ешкі сүті.

Минералдар: натрий,кальций, фосфор, темір, мыс, калий, хлорид, магний, мырыш, марганец, йод.

Дәрумендер: С,Е, А, D3, B6, B1, B12. Фолий қышқылы, темір

Азық-түлік құндылығы: (100 мл-ге) белоктар 26,5 грамм, көмірсутектер 35,5 грамм, майлар 29 грамм, энергетикалық құндылығы 510 ккал (2100КДж).

Бұл сүт жоқтың қасында жақсы, бірақ ешкі сүтін табиғи, жаңа сауылған түрінде пайдаланғанға не жетсін. Сондықтан шетелдің қымбат өнімдерін сатып алғанша өзіміз ешкі өсіріп, сүтін пайдалану керектігін ұсынамыз.

Сонымен қатар бүгінде жас балалардың сүйікті асына айналған йогурт ең алғаш ешкі сүтінен жасалған екен. Демек, ешкі сүтін өндіруді қолға алсақ, одан түрлі азық-түлік өнімін жасап шығаруға болар еді. Және халық  құрамында жасанды қоспалары бар йогуртты емес, табиғи ешкі сүтінен жасалған өнімді тұтынар еді. Қалай десек те ешкі өсірсек, ұтылмасымыз анық.





















2.4 Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы


Аллергияда қолданылуы

Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім - ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие.

Ағзаны қалпына келтіруде қолданылуы

Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.

Сүйекке пайдасы

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастанбастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

Ішек дисбактериозында қолданылуы

Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтанда бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетгі түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационына еңгізіңіз. Ал сүт өнімімен емделу тәсілі мынадай: әр 10 кг. салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет. Емделу курсы келесі көрсеткендей: 3 күн ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді пайдалану, содан кейін 2 күн үзіліс жасайды. Енді 5 күн үзбей пайдаланып, 1 күн үзіліс жасау. Содан соң 1 апта пайдалану керек. Ем соңында міндетті түрде дисбактериозға анализ тапсырып, емнің нәтижесіңе көз жеткізгеніңіз дұрыс.

Асқазан және ішек ауруларында қолданылуы

Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

Ешкі сүті диатез дертінде қолданылуы

Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Албұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың аңықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.

Ұйқы безінің қабынуына қолданылуы

Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы

Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.

Қатерлі ісік дертіне пайдасы

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады. Халықтық медицина мынадай емдік тәсілдер ұсынады:

Дайындауға қажетті заттар мен дайындау тәсілі:

100 гр.бал

1дана алоэ жапырағы

500 гр. ешкінің шикі сүті

Шыны ыдысқа балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң еттартқыштан өткізілген 3 жылдықалоэні салып 5 минут қайнатамыз. Енді дайын болғаң қоспаны ешкі сүтіне қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң 1сағат сайын әр 10 кг. дене салмағына 50гр-нан өлшеп науқасқа беру керек. Бірақ бұл емді жасамас бұрын дәрігермен алдын ала кеңесіп алған дұрыс.

Ешкі сүтінің жүкті аналарға пайдасы

Ешкі сүті құрамындағы дәрумендер, микро және макроәлементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ана тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.

Емізулі анаға пайдасы

Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі ана қаназдық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігінен сақтандырылады.

Артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін қолданылуы

Ешкі сүті майлы болғанымен ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді.

Жүрек-қан тамырлар жүйесінде қолданылуы

Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.

Ешкі сүті косметологияда қолданылуы

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруте табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде, ешкі сүтімен шайып тұру қажет [5].

Артық салмақтан арылғысы келген адаммен тәжірибе .

Мен өз тәжірибемде ешкі сүтін күнделікті қолданған адамның артық салмақтан арылуын бақыладым.Ешкі сүті майлы болғанымен ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді. Сол себебті басқа тағамдарды адам ағзасы қажет етпейді.

Бұл тәжірибеден өтуге ниет білдірген әрі маған көмектескен менің апайым Жаныл Сейтқұмарқызы. Ол кісі күнделікті ас ішердін алдында 1 стакан ешкі сүтін ішіп отырды. Тәжірибенің алғашқы нәтижесі 20 күннен кейін байқалды. Тәжірибені тағы 20 кунге создық. 40 күн ішінде 7 кг салмақтан арылды. Осындай тәжірибе артық салмақтан арылғысы келген адамдарға пайдалы әрі денсаулыққа зияны жоқ табиғи дәрумендерге бай болып келеді.


Осыған орай мен сыныптастарымның арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнама нәтижесінде мүлдем қолданбайтындар 85 пайызды құрады, ал тұтынатын отбасы 2 пайыз болса жылына 2-3 рет ғана қолданатын отбасы 13 пайызды құрады. Ал ешкі сүтінің пайдасын қаншалықты білесін деген сұраққа 30 пайызы хабары жоқ екенін 55 пайызы кітаптан оқығанын айтса 15 пайызы естігенің айтады.Бұл көрсеткіштер менің көңілімнен шықпады. Менің зертеуім бойынша ешкі сүтін көп қолданған дұрыс.Сондықтан өзімнің тетелес құрдастарыма ешкі сүтінің пайдалы екендігін және денсаулықты сақтаудың амалдарын жеткіздім.

Сыныптастармен өткізген сауалнама қорытындысы


Ешкі сүтін отбасыңызда қолданасыз ба?

Жоқ, мүлдем қолданбаймын

85%

иә, жылына 2-3 рет ғана

13%

иә, жиі тұтынамын

2%

Ешкі сүтінің пайдасын қаншалықты білесіз?

Кітаптан оқыдым

55%

Әжемнің айтқанынан білемін

15%

Хабарым жоқ

30%

2.5. Менің болашақ арманым




Мал шаруашылығына көп мән беру керек деп ойлаймын.Себебі малдан алатын өнімдердің адам ағзасына тигізетін пайдасы мол.Төрт түлік малдың ішінде ешкінің сүті өте пайдалы.Ол көптеген аурулардың алдын алады.Қазіргі кезде балабақшалар да ешкінің сүті беріліп жүр.Бірақ мектептерде ешкінің сүті берілмейді.Ал мен осы ешкінің сүтін мектептегі балаларға қолжетімді бағамен берілсе,балалардың денсаулығы мықты болар еді.Ешкінің сүтінен жасалатын құрт,ірімшіктер көптеп сатылғанын қалаймын.Сондықтан мен болашақта жеке кәсіпкер болып ешкі сүтінен әр түрлі өнімдер жасасам деймін.

































2.6. Қорытынды


Осылай ата-бабаларымыз түсiне қарай “Бөрте”, “Жағал”, “Бурыл” деп атаған ешкілердің бағасын біз білмесек те, өзгелер баяғыдан бері оның пайдасын көріп отыр. Қазір дамыған шет мемлекеттер холестерині көп майлы еттен гөрі диеталық тағамдарға мән беріп келеді. Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы туралы ел арасында ертеден белгілі. Ешкі сүті әсіресе жас сәбилерге өте пайдалы. Ана сүтін жарытпайтын бөбекке сиыр немесе қой сүтіне қарағанда ешкі сүті жеңіл тиеді.

Ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе дертінен тез сауығуға септігін тигізеді. Оған қоса, сүтте сілті реакциясы болады, сондықтан оны асқазанның қышқылдығы жоғары адамдардың ішкені дұрыс. Сондай-ақ ешкі сүтінің түрлі аллергиялық ауруларға қарсы тұра алатын қасиеті бар, сол себепті теміреткісі, демікпесі және безгегі бар адамдар үшін де шипасы зор.

Ғылыми жобаның нәтижесінде, ата –бабаларымыздың ертеде пайдаланған ешкі сүтінің ерекше қасиетін жоғары деңгейге көтеру біздің адамгершілік парызымыз дегім келеді. Сүттің қасиетін біле отырып оны қастерлейік! Ақты жерге төкпейік, қадірін терең түсінейік және келер ұрпаққа дәріптейік!

Қорыта айтқанда, ешкі түлігін өсіру өте пайдалы екен, себебі ешкі түлігі өсімтал, бағып күтуі жеңіл, басқа түліктерге қарағанда көп шығын қажет етпейді. Менің атам мен әжем ешкі түлігінің пайдасы көп дейді.




Ұсыныс:

Елімізде ешкі малын өсіруге көп көңіл бөлінсе;

Дүкендегі дайын сүттерге қарағанда ешкі сүтін балаларға көп ішкізсе;

Дәрі-дәрмектің орнына ешкі сүтінен алынатын өнімдерді көп пайдаланса.

















2.7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Мақажанова Х..Х., Төлемісова Ж.К., Есқадиева Г.А., Адманова Г.Б., Сүт және сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін жетілдіру жолдары. Жаршы. – 2002 - № 8 – Б 42-44

Барақбаев Б., Сүт және сүт тағамдары. Алматы: Қайнар 1989.

Олконен А.Г., Производство высококачественного молока. Колос 1982 – 173с.

Жубанова А.А., Абдиева Г.Ж., Шөпшібаева Қ.Қ., Биотехнология негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006

Шигаева М.Х., Оспанова М.Н. Микрофлора национальных кисломолочных продуктов. - Алма- Ата: Наука, 1982.

Крусь Г.Н., Тиняков В.Г., Фофанов Ю.Ф. Технология молока и оборудование предприятий молочной промышленности. М.: Агропромиздат, 1986 г.

Крусь Г.Н., Кулешова И.М., Дунченко Н.И. Технология сыра и других молочных продуктов. М.: Колос, 1992 г.

Гудков А.В., Гудков С.А., Козловская М.А. и др. Бифидобактерии: биологическая роль в жизнедеятельности человека и животных. Производство бифидосодержащих продуктов. Углич, 1999 г.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі