Сабақтың тақырыбы:
Мал
шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Мал
шаруашылығы халықтың тұрмысы, әл- ауқатын көтерудегі негізгі
көздердің бірі екендігі жайында
түсіндіру.
Сабақтың
міндеттері:
Мазмұнға байланысты
міндет:
- Еліміздің байлығы жайындағы түсінікті
кеңейту түсу ;
- Өзіне тиісті ақпарат алып, оны өмірде
қолданады;
Дамытуға байланысты
міндет:
Оқушылардың алған білімдерін дамыта отырып,
көзқарасын жеткізе білуге жағдай
жасалады;
Топтық жұмысқа байланысты
міндет:
Топтағы оқушылар тығыз ынтымақтастықта бір-
бірімен пікір алмасады, бірін- бірі
тыңдайды;
Берілген мазмұн бойынша өз көзқарастарын
білдіреді;
Күтілетін
нәтиже:
1. Мал шаруашылығы халықтың тұрмысы, әл- ауқатын
көтерудегі негізгі көздердің бірі екенін аңғара отырып ізденуге,
талдау жасау арқылы өз бетінше жұмысқа талпындыруға жол
ашады.
2. Ойларын ашық айтуда дұрыс сөз саптауларын,
қорытындыны нақты жасау дағдыларының дамуына жағдай
туғызады.
3. Әр шаруашылықтың өзіндік ерекшелігі мен кереметін
сезіне отырып, оны бағалау білуге, құрметтеуге
үйретеді.
Сабақтың типі:
жаңа білімді
меңгерту
Сабақтың түрі:
аралас
сабақ
Сабақтың әдісі:
«Он
сұрақ» ойыны, «Синквейн», «РТТТ»
стратегиялар.
Сабаққа қажетті құралдар мен
көрнеліліктер:
1.Құралдар: ноутбук,
стикер
2.Көрнекіліктер: қойдың, жылқының,
түйенің суреттері, кері әсер
парағы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
|
Ұйымдастыру кезеңі. (2
мин)
Үй тапсырмасын сұрау. (10
мин)
|
Оқушылар арасында
ынтымақтастық атмосферасын құру.
Миға
шабуыл.
1. Ұлы Жібек
жолымен саудагерлер не тасыған?
2.Түркістан қаласы
туралы не білдің?
3.Отырар қандай
қала болған? Оның тұрғындары немен айналысқан?
4.Неліктен ежелгі
кесенелер Әлемдегі құнды мұра тізіміне
енгізілген?
|
Өзіне тілеген
жақсы тілектерін көршілеріне айтады.
Оқушылар
сұрақтарға жауап береді.
|
|
І.Қызығушылықты
ояту. (8
мин)
|
«Он сұрақ» ойынын
ойнау. Он сұрақ қойылады.
Оқушыларды топқа
бөлу.
1.Қой
шаруашылығы
2.Жылқы
шаруашылығы
3.Түйе
шаруашылығы
4.Құс шаруашылығы
|
Оқушылар
сұрақтарға «иә, жоқ»- деп жауап береді.
Оқушылар топқа
бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Әр топ өзінің шаруашылығы туралы қысқаша мәлімет
береді.
|
|
ІІ. Мағынаны
тану. (10
мин)
|
Оқулықпен
жұмыс.
Әр топ өз
бөліктерін не түсінгендерін түсіндіреді.
Осы тұста
оқушылармен мал шаруашылығына байланысты қандай жұмыстар
атқарылатыны, қандай мамандар қызмет істейтіні жайында
әңгімелесу.
«Синквейн» әдісі
.
1-топ.
Қой
2-топ.
Жылқы
3-топ.
Түйе
4-топ. Құс
|
Оқушылар тапсырманы орындау
арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын
анықтайды.
Берілген тапсырманы жеке
отырып орындайды.
|
|
ІІІ.
Ойтолғаныс
(7
мин)
|
«РТТТ»
стратегиясы
( Рөл –
Тыңдаушылар – Түрі – Тақырып).
Рөл: қой, жылқы, түйе,
құс.
Тыңдаушылар: фермерлер.
Түрі: өтінішхат,
алғысхат, хат, ескерту хаты.
Тақырып: «Мал
шаруашылығы»
|
Берілген тапсырманы топтасып
отырып орындайды. Жұмысты қағаз бетіне түсіреді, талдайды,
қорғайды.
|
|
V.
Қорыту. (3 мин)
|
Формативтік бағалау.
|
Өзін- өзі бағалау.
|
|
VІ.
Рефлексия.
(4
мин)
|
Мен үйрендім?
...
Мені не
таңғалдырды? ...
Менің сұрамын бар
...
|
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан
алған әсерлерін, қиындықтарын жазады.
|
|
VІ.Үйге
тапсырма.(1
мин)
|
Өздері тұрған жердегі мал шаруашылығы туралы
деректерді жинап келу.
|
|