400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мал шаруашылығы 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетанудан "Мал шаруашылығы" тақырыбына өткізілген ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 2 «а»

Күні :

Пәні: Дүниетану

Мұғалім:

Смагулова Гульмира Каировна

Сабақтың тақырыбы:

Мал шаруашылығы

Жалпы мақсаттар:

Оқушылар мал шаруашылығының адам өміріндегі маңыздылығын ұғынады

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Қолданылатын модульдер: АКТ,СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талантты және дарынды балаларлы оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқыту нәтижесі:

-мал шаруашылығы туралы білімдері толығады; -мал шаруашылығы мамандарының еңбегін бағалай біледі; -білімдерін жинақтап, талдай білуге дағдыланады

Дерек көздер

Оқулық,төрт түлік мал суреттері,магниттік сурет салатын тақта, қосымша мәліметтер,эл. оқулық

Ұйымдастыру кезеңі ( 5 мин)

Мұғалімінің іс әрекеті

Оқушының іс­-әрекеті

Психологиялық дайындық:

Тренинг «Көңілді күн» бейнеролик


Бейнероликтегі би қимылдарын жасайды

Үй тапсырмасын тексеру

Жабайы және үй жануарларын дұрыс орналастырып шық.

Сыныпты 2-топқа бөлу

/ірі қара және ұсақ мал/

Суреттер бойынша өз орындарына қойып шығады

Қызығушылықты ояту ( 5 мин )

Диктофон арқылы жануарлар туралы жұмбақтарды шешу:

1.-Ал, балалар, таныдың ба?

Жүрер жерім Қарақұмда

Шопандардың жүгін артып.

Құм ішімен кетем тартып,

Тайлағым бар, ботам да бар.

Сонда болам қайда құм бар.

Жантақ жеуді сүйемін ғой.

Мен кәдімгі түйемін ғой.

2.-Білемісің жайын малдың,

Өзім қыстай жайыламын.

Қызығыңдар, қызығыңдар.

Қымыз десең қымызым бар.

Желмен бірге жарысамын,

Өздеріңмен танысамын.

Бағын ашқан кең даланың,

Жылқы деген мен боламын.

3.-Саусаң селдей,

Сүтім көлдей.

Балдай тәтті қаймағым бар.

Қай түлікпін ойланыңдар?

Жақсылыққа үйірмін ғой

Мен кәдімгі сиырмын ғой.

4.-Баға білсең мың боламын,

Киіз болам, жүн боламын.

Етім де бар, сүтім де бар.

Білсеңдер айт, кім боламын?

Қуанышы айналаның,

Мен кәдімгі қой боламын.

-Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? «Мал)

Ондай болса біз бүгін малшаруашылығы туралы оқып білеміз.

Сұрақтарға жауап береді

Ой шақыру әдісі ( 3 мин )

Жұптық жұмыс:

-Малшаруашылығы дегенде көз алдарыңа не келді?

-Төрт түлік малға не жатады?

Төрт түлік малдың иелері қалай аталады?

-Төрт түліктің төлдерін қалай атаймыз?


Мағынаны тану (20 мин)

Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.

ББҮ кестесін толтыру

Оқулықпен жұмыс:

Мәтінді 2 бөлікке бөліп, 2 топқа беріп оқыту

* мәтінді топта оқып ,өзара талдайды.

* керек жерлерін түртіп алады

* сұрақтарға жауап береді

Электронды оқулықпен жұмыс:қосымша мәліметтер алады.

1 «Нұрға бөлену» тыныштық сәті

Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.

Ал енді барлығымыз жазғы табиғат көрінісін көз алдымызға елестетеміз. Таңертең ертемен малдар жайылып жүр. Айнала тып-тыныш.

Тек қана анда-санда итін шақырған малшының дауысы естіледі. Алыстан қозылардың маңырағаны,

Біртіндеп көздеріңізді ашып, бір-бірлеріңізге күлімдеңіздер. Рахмет.

Көз алдарына елестеткен өзіңнің сүйікті үй жануарының суретін магнит мақтаға салады.

Дәптермен жұмыс.

Топтар бойынша тапсырма:

І топ:«Сиыр» сөзіне :

ІІ топ: «Жылқы» сөзіне 5-жолды өлең құрастыру

Зат есім

сын есім сын есім

етістік етістік етістік

төрт сөзден құралған сөйлем

синоним



(Оқушылар сұрақ жауаптарынан үзінділер оқып,дәлелдерімен келтіріп айтады


Қорғау кезінде айтылған мәліметтерді орындарында отырған оқушылар дәптерлеріне түртіп алады


Оқушылар жұмыс дәптерлеріне 5 жолды өлең құрастырып жазады да оқиды

Ой қорыту (5 мин)

ББҮ кестесін толтыру

Проблемалық сұрақ:Малшаруашылығы деген не?

Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріледі.

Түртіп алған мәліметтерді оқиды, Негештің сұрағына жауап береді

Бағалау (2 мин )

Бақылайды, бағалайды.

Топтық бағалау.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Оқушылардың алған әсерлері

Берілген стикерлерге өтілген сабақтағы көңіл күйлерін жазып смайликтерге жапсырады

Үйге тапсырма ( 2 мин )

Оқулықтағы мәтінді оқып, төрт түлік мал туралы мақал-мәтел мен малға байланысты халық болжамдарын жазып келу

Күнделікке жазады

Кері байланыс ( 3 мин )

1.Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі