Күні: 24.10.2025 ж.
Тақырыбы:
«Мәлік Ғабдуллин – Қазақтың Оқжетпесі»
Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен Кітапхана күніне орай өткізілетін танымдық әдеби шара
Мақсаты:
- Оқушыларға Кеңес Одағының батыры, ғалым, жазушы М.Ғабдуллиннің өмірі мен ерлігі туралы түсінік беру.
- Отансүйгіштікке, батырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Кітапқа, білімге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер:
М.Ғабдуллиннің суреті, кітаптары, бейнежазба, мақал-мәтелдер,
«Батыр ағаға хат» ,«Өзің оқып, өзгеге ұсын» бұрышы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар!
Бүгін біз – ерлік пен елдікке, білім мен руханиятқа өшпес із қалдырған дара тұлға, Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған «Қазақтың Оқжетпесі» атты әдеби кеште бас қосып отырмыз.
Бұл кеш – тек бір батырды еске алу емес, ұлт рухын көтерген ерлерді тану, олардан өнеге алу. Мәлік атамыз – жауынгер ғана емес, сөз зергері, тәрбиеші ұстаз, халық мұрасын жинаушы, нағыз ұлт тұлғасы.
Ендеше, кешімізді патриоттық рухпен, құрметпен бастайық!
Мәлік аға – ер жүрек,
Халқына болды берік.
Отан үшін от кешкен,
Батырлықтың өзі дерлік
Ғалым болып танылды,
Қалам ұстап шабылды.
Ұрпақтарға өнеге –
Ерлігімен таңылды.
2. Кіріспе сөз (мұғалімнен) (5 мин)
Балалар, бүгін біз 24 қараша Кітапханашылар күніне және М.Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шара.
Ұлы Отан соғысының батыры, ғалым, жазушы, ұстаз болған – Мәлік Ғабдуллин аға туралы білеміз.
Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды. 1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогикалық институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімінің студенті болды.
1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдайды. Институттан кейін 1935-1937 жылдар аралығында әскери борышын өтейді (1937 жылдың қарашасына дейін Өзбек ССР-і Ферғана қаласында Отан алдындағы борышын өтеді). Әскерден келген соң, 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде болады, КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық Филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми қызметкер болады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап, соғыстың соңына дейін Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. Алған жарақатына қарамастан, жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылдың 30 қаңтарында Мәлікке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Бұл атақпен қоса, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалі де берілді.
– «Қазақтың Оқжетпесі» деген сөздің мәні
Ол – Отан үшін оққа қарсы тұрған, қайсар мінезді, батыр тұлға.
Мәлік ағамыз – қазақ халқының бағына біткен асқар тауы, биік рухы. Сол себепті оны «Қазақтың Оқжетпесі» деп құрметпен атаған.
М. Ғабдуллиннің нақыл сөздері
- «Малды сүймей, малшының мамандығын … жақсы нәтижеге ие болу мүмкін емес.» [1]
- «Жас буынның болашағын … жасынан еңбек тәрбиесін беруді ата‑аналық борышымыз деп түсінуіміз керек.» [2
3. М.Ғабдуллин туралы таныстырылым. Слайд.
Слайд ( көрсетіледі)
«Ерлік деген не?» – сұрақ-жауап:
– Ерлік деген не?
– Батыр ағаның қандай жақсы істерін білдіңдер?
- Мәлік Ғабдуллин қай жылы дүниеге келген?
- Ол қандай атақ алған?
- Қандай соғысқа қатысқан?
- Соғыстан кейін қандай қызмет атқарған?
4. Батыр ағаға арналған Отан туралы жыр шумақтар
«Батыр ағаға хат»
- Оқушылардың дайындаған қысқа хаттарын оқу, жыр шумақтарын оқу
(2–3 оқушы)
5. Сөз маржаны мақалдан! Мақалды жалғастыр.....
1. Отан – отбасынан басталады.
2. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
4. Отан – елдің анасы, ел – ердің панасы.
5. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.
6. Отан үшін отқа түс – күймейсің.
7. Отан қадірін шетте жүрген біледі.
6. «Кітап – батырдың серігі» – кітап көрмесі
– Батыр туралы және Отан, ерлік, достық жайлы балаларға арналған кітаптар таныстырылады
-
«Өзің оқып, өзгеге ұсын» Қысқаша кітап шолу
Қорытынды бөлім :
«Атамекен» әні
Мәлік Ғабдуллин – ер жүрек, білімді, елін сүйген нағыз батыр. Ол өз заманында Отанын қорғаса, қазіргі таңда еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғайтын батырларымыз – шекарашылар, полицейлер, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер.
Бүгінде еліміздің әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтар – Тәуелсіз Қазақстанның батырлары.
Біз Мәлік атамыздың ерлігін ұмытпаймыз. Батыр ағаларымыз сияқты елге пайдалы адам болуға, білімді болуға, елді сүюге тырысамыз.
«Батырлық – жүректе, Отан – жүрегімізде!» деген ұранмен сабақты аяқтаймыз.
Бекітемін»
Мектеп директоры: ---------- К.Абдуллаев
«М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мәлік Ғабдуллин -Қазақтың Оқжетпесі»
Өтетін сыныптар: 4 сынып пен 5 сынып оқушылары.
Өткізушілер: ҚБП: Султанова К. Сәлменова Ф. Кітапханашы: Жолдыбаева М. Тәрбие әдістемелік жетекшісі: Рсмбетова Г.
Өткізілетін орны: Мектеп кітапханасы
2025-2026 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз