жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мәлім де, беймәлім - Қазақстан
Тақырыбы: Мәлімде, беймәлім-Қазақстан!
Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғай отырып, оны аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғарғы жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қабырғаға ілінген нақыл сөздер,сылайттық көрсетілім.
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар және де бүгінгі ғылыми конференцияға қатысушылар. Бүгінгі біздің «Мәлім де, беймәлім-Қазақстан!» атты әңгімелесу конференциямызды бастауға ұрықсат етіңіздер. Бүгінгі біздің ғылыми конференцияға қатысушылармен таныс болыңыздар.
11 «а» сынып Жартыбай Нұргүл «Алтын Емел»ұлттық сабағы- тіршіліктің көзі
10 «а» сынып Жамбыл Айдана Сұлу да, кербез- Көкшетау
9 «а» сынып Нұрғалй Жанна Табиғатты әсем- шырын шатқалы
8 «а»Сентірбек Ж Баянауыл
8 «ә» Мұхтар Ж Алакөл табиғаты
Ж
Тарпанова Н
Асылбаева Р
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар- еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жататын және табиғат қорғауға, экологиялық білім мен тәрбие беруге және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған ауқымды қамтитын, жеке тобы.
Ұлттық табиғи саябақтар негізінен экологиялық, эстетикалық және тарихи- мәдени құндылықтары бар табиғат байлықтары мен нысандарын қорғау, қалпына келтіру, биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу, экологиялық білім мен тәрбие беру және туризімді дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Сондықтан да,ұлттық табиғи саябақтардың аумағы жекелеген табиғат қорғау белдемдеріне бөлінеді. Мысалы, қорықтық белдем-табиғи экожүйелерді қорғау,рекреациондық белдем-туризім мен адамдардың біліммен тәрбие беру белдемі-табиғат қорғауды үгіт- насихаттау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар,ұлттық табиғи саябақтарда шектеулі шаруашылық белдемі-табиғатқа жағымсыз әсер етпей шаруашылык жұмыстарын жүргізеді.
Дүниежүзіндегі ең алғашқы ұлттық табиғи саябақ 1872 жылы АҚШ-та ұйымдастырылған демалуына қажетті жағдай жасау, ғылыми- белдем-табиғи байлықтарын сақтап қалуға қажетті ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу, ал экологиялық
Иеллоустон саябағы деп аталады. Саябақ аумағында ерте замандарда өте алып жанартау болған. Саябақ негізінен геологиялық қорық депте есептелінеді. Онда 10 мыңнан астам ыстық су көздері, оқтың- оқтың атқылап тұратын 300-дей гейзерлер бар. Табиғаты ерекше бұл саябақты көруге жыл сайын 3 млн –ға жуық адам келеді. Ондағы ыстық су көздерінен шығып тұратын бу алыстан түтінге ұқсап көрінетіндіктен жергілікті үндіс тайпалары бұл аймақты «Су және түтін елі» деп атайды.
Қазақстандағы ұлтық саябақтарға: Баянауыл, Іле алатауы, Алтынемел, Қарқаралы, Бурабай, Қатонқарағай, Шарын, Сайрам-Өтем, Көлсай көлдері жатады. Бұл аталған саябақтармен алдағы уақытта қатысушыларымыздың жасаған жұмыстарын қорғау барысында танысатын боламыз.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын көлдің аясында,
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі-
Көкірек қанша жұтса тоясың ба?- деп С.Сейфуллин ағамыз жырлағандай «Сұлу да, кербез- Көкшетау» тақырыбын қорғау үшін 10 «а»сынып оқушысы Жамбыл Айдананы ортаға шақырамыз.
Алтынемел деген жер осы
Ертоқымдай таудың биік белесі...
Көзің жұмған жері ұлы шоқанның
Қасиетті бір мүйісі Отанның
Алтынемел! Жүрегіңе жақсын от
Шоқан баба аруағына тағзым ет- деп М.Әлімбаев ағамыз жырлағандай «Алтын емел» ұлттық саябағы –тіршіліктің көзі тақырыбын қорғауға
11 «а»сынып оқушысы Жартыбай Нүргүлді шақырамыз.
Баянда аты әйгілі көл Жасыбай
Аңсары көргендердің жүр басылмай
Даланың ажары боп жатырсың сен,
Арудың тамып кеткен көз жасындай
-дей отыра Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын қорғауға 8«а»сынып оқушысы Сентрбек Жұлдызайды ортаға шақырамыз.
Тентек өзенінің тармағымен қайықпен жүзіп жүріп,оқандай құсты кездестірмедік десеңші..Тентек сағасында қанаттылардың сан мыңдаған ұясы бар.Бұл жерді жабайы су жануарлары үшін жұмақтың өзі деуге болады.Өзен сағасының ну қамысты жағасы-суда жүзетін және судың маңын мекен ететін құстар үшін қоректің маңызды болып табылатын Алакол мемелекеттік табиғи қорығы туралы Мұхтар Жұлдызай өз жұмысын қорғауға ортаға шақырылады.
Шарын ұлттық табиғи саябағында экологиялық туризмді дамыту ға экологиялық білім мен тәрбие беуге және табиғатты қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлініп,көптеген игілікті шаралар қолға алынған.
Сондықтан да қастерлі ұйық мекен,
Тарих-сыр атқарылған тұйықта екен.
Шартарабын Шарынның жырға қосып,
Мен де ақындық жүрекпен сүйіп кетем,-деп ақын жырға қосқандай,Шарынды бәріміз де мақтаныш етеміз –дей келе ортаға Нұрғали Жаннаны шақырамыз.
Аралай берсең қазақтың байтақ даласын,
Таңғажайып табиғатынан зор ләззат аласың деп ақындарымыз жырлағандай қазақтың табиғи ұлттық саябақтарын оқушылар өте жақсы қорғап шықты.Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасында.
І-орын Жамбыл Айдана
ІІ-орын Нұрғали Жанна
ІІІ-орын Мұхтар Жұлдызай
Конференцияға келіп қатысқандарыңызға тыңдағандарыңызға рахмет.
9 «а»Табиғаты әсем шарын шатқалы Нұрғали Ж.
8 «ә»Алакөл табиғи мемлекет қорығы Мұхтар Ж.
8 «а» Баянауыл – ұлттық саябақ Сентірбек Ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген