жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мәліметтер типтері
Қысқа мерзімді жоспары |
||
Бөлім |
Python тілінде программалау |
|
Педагогтың аты-жөні |
Джураева Г. |
Тексерілді: |
Күні |
|
|
Сынып 6 |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: |
Мәліметтер типтері |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.3.3.1 деректер түрлерін жіктеу |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: |
|
«Деректер типі» туралы анықтама береді |
||
Көптеген оқушылар: |
||
Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады |
||
Кейбір оқушылар: |
||
берілген программаның кодын жазады, тексереді. |
||
Құндылықтарға баулу |
Бірлестік, өзара құрметтеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. ҚБ: жұлдыз / 2 балл/ |
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. 5.Бағалайды. |
Жұлдыз 2 балл |
Жұмыс дәптері |
Сабақтың ортасы |
Жаңа тақырыпты тұсіндіру. Дерек- өңделмеген әртүрлі фактілер, цифрлар. Өңдеудің нәтижесінде белгілі бір мағынаға ие болған дерек ақпаратқа жатады. Программалау тілдерінің көмегімен деректерді өңдеу үшін оларды типтерге жіктейді. Сандық ақпарат сандық деректерден құрылады. Мәтіндік ақпарат- символдық және жолдық деректерден құралады. Деректердің жіктелуі оларды компьютерде өңдеу кезінде маңызды рөл атқарады. Тұрақты, айнымалы және өрнектер қабылдай алатын мәндерді, олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығын деректер типі деп атайды. Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір ғана типпен сипатталады. Деректердің типін білу осы типтегі айнымалылардың қолдану ауқымы (шегі) мен оған қолданылатын амалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар деректер типі ақпаратты қалай түсіну керектігін көрсетеді. Деректер типі. Python-да қолданылатын деректер бүтін сан, нақты сан, жолдық және логикалық типтердің біріне жатады. Оқулық § 3.3, 83-бет, 1-кесте. Айнымалылардың типі. Программалау барысында деректерді және олармен амалдар орындалғаннан кейінгі нәтижелерді айнымалыларда сақтайды. Айнымалылардың атауы мен типі болады. Тип айнымалының қабылдайтын мәнін, осы айнымалымен жасалатын әрекетті және оны сақтауға қажет жадты анықтайды. Python-да қолданылып жатқан айнымалының қай типке жататынын type () функиясымен анықтауға болады. 1-тапсырма. Жеке жұмыс Оқулық § 3.3, 84-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы Дескриптор: - Python программаны іске қосады; - Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады; -берілген секундтарды сағатпен, минут және секундпен өрнектейтін программа құрады. Қб: жұлдыз / 2балл/ 2-тапсырма. Жеке жұмыс. Дескриптор: - Python программаны іске қосады; - Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады; -берілген программаның кодын жазады, тексереді. ҚБ: жұлдыз /2 балл/ 3-тапсырма. Топтық жұмыс. Ұзындық L миллиметрде берілген. Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметр және миллиметрде өрнектейтін программа жаз. - Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметр және миллиметрде өрнектейтін программа жазады. ҚБ: жұлдыз / 2 балл/ 4-тапсырма. Топтық жұмыс. -Программалау барысында сандық деректерді емес, айнымалыларды қолдану алгоритмнің қай қасиетімен байланысты деп ойлайсың? Дескриптор: - айнымалыларды қолдану алгоритмнің қандай қасиетімен байланысты екенін түсіндіреді. ҚБ: жұлдыз /2 балл/ |
Мұғалімді тыңдайды Анықтамасын дәптерге жазады. 1-тапсырманы орындайды 2- тапсырманы орындайды 3-тапсырманы орындайды 4-тапсырманы орындайды |
Жұлдыз 2 балл Жұлдыз 2 балл Жұлдыз 2 балл Жұлыдз 2 балл |
Презентация
Жұмыс дәптері
Карточка
Карточка
|
Сабақтың соңы |
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Смайлик»
|
Өзін-өзі бағалау. |
|
Плакат /слайд/ |
Үй тапсырмасы |
§ 3.3, 85-бет, 1-тапсырма* |
|
|
Қысқа мерзімді жоспары |
||
Бөлім |
Python тілінде программалау |
|
Педагогтың аты-жөні |
Джураева Г. |
Тексерілді: |
Күні |
|
|
Сынып 6 |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: |
Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: |
|
Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін біледі |
||
Көптеген оқушылар: |
||
Өрнектің программалау тілінде жазылуын біледі |
||
Кейбір оқушылар: |
||
Өрнектің мәнін табатын программа құрастырады |
||
Құндылықтарға баулу |
Жеке және топта тиімді жұмыс істеу |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Жаңа тақырыпқа шолу Программалау тілінде де математикадағыдай өрнектерді орындаудың өз ережесі бар. |
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелері:
Амалдардың орындалу реті. Оқулық § 3.4, 86-бет,1-кесте Кестеден көрініп тұрғандай, дәрежеге шығару амалы мен көбейту бір өрнекте келсе, онда бірінші дәрежеде көтеру амалы орындалады. Арифметикалық амалдарды орындаудың тағы бір ережесі-өрнектер бір қатарға жазылуы тиіс. Өрнекте кездесетін бөлшек сызығы жақшалар арқылы бір қатарға жазылады.
Инкремент және декремент. Программаны жазу кезінде ең көп қолданылатын амалдардың бірі- айнымалының мәнін белгілі бір санға арттыру немесе кеміту. Python тілінде мұндай амалдарды орындау үшін (+ =) инкремент (арттыру) және ( - =) декремент (кеміту) операциялары қолданылады. Амалдарды орындау барысында айнымалыларға басқа айнымалылардың мәнін жүктеуге болады. Python тілінде арифметикалық амалдарды жазу мүмкіндігінше қысқартылған. Амалдардың программада қысқартылып жазылуы. Оқулық § 3.4, 87-бет,2-кесте Амалдарды орындаудың қарапайым стандартты функцияларын қарастырайық. Оқулық § 3.4, 88-бет, 3-кесте.
Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Оқулық § 3.4, 89-бет, 2-тапсырма*
Дескриптор: -берілген өрнектердің прораммалау тілінде қате жазылғаның тексесереді; -қателерін түзетеді. ҚБ: стикер /4 балл/ Жеке жұмыс. 2-тапсырма. Оқулық § 3.4, 88-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы 1-практикалық тапсырма. Дескриптор: -у мәнін табуға болатын программа құрастырады. ҚБ: стикер /3балл/ 2-практикалық тапсырма Дескриптор: -берілген өрнектің мәнін табатын программа құрастырады.
ҚБ: стикер /3 балл/ |
Мұғалімді тыңдайды
Арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін дәптерге жазады
Анықтамасын дәптерге жазады
Кестемен танысады
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
|
Стикер 4 балл
Стикер 3 балл
Стикер 3 балл |
Жұмыс дәптері
Кесте
Кесте
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы |
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: |
Өзін-өзі бағалау. |
|
Плакат /слайд/ |
Үй тапсырмасы |
§ 3.4, 89-бет, 1-тапсырма** |
|
|
Қысқа мерзімді жоспары |
||
Бөлім |
Python тілінде программалау |
|
Педагогтың аты-жөні |
Джураева Г. |
Тексерілді: |
Күні |
|
|
Сынып 6 |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: |
Санды енгізу және шығару |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады |
|
Сабақтың мақсаты: |
Input(),split() , map функцияларының анықтамасын біледі. есептің программасын құрастырады енгізілген жолдардың ішінен сандарды ажырату үшін іnput() функиясына split() және map әдістерін қолданады |
|
Құндылықтарға баулу |
Жеке және топта тиімді жұмыс істеу |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||
-Сабақтың басы |
1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Жаңа тақырыпқа шолу Өткен тақырыпытарда input-ты қарапайым түрде қолдандық. Енді функцияның программада қолданылу жолдарына кеңірек тоқталайық. |
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттары мен танысады. |
|
|
||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Input() функциясы деректерді программаға енгізеді.Бұл деректерді программада қолдану үшін айнымалыларға жұктеуге болады.
Input() функциясын қолданып енгізген дерек жолдық типке жатады. Жолды тізімге түрлендіру үшін split() әдісін қолданамыз. Тізімдегілердің арасында символ болса, оны split() әдісіндегі жақшаның ішінде көрсету керек.
Сандар тізімін оқып отырып, оны бірден бүтін санға түрлендіру үшін, жоғарыдағы құрылымға map функциясын қолдану керек. Бұл жерде list тізімді білдіреді.
print() функциясы деректерді экран бетіне шығарады немесе файлға жол ретінде жазады.
print() функциясының толық синтаксисі: print(‘Басуға арналған жол’,sep=’’, end=’\n’) ‘Басуға арналған жол’-экранға шығарылатын жол. sep=’’-айнымалылардың арасын ажырататын символды көрсетеді, үнсіз келісім бойынша бос орынмен ажыратылады. end=’\n’-жолды қандай символмен аяқтау керектігін көрсетеді. Егер print() функциясы end=’\n’әдісімен аяқталса, жол келесі қатарға өтумен аяқталады. Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Оқулық § 3.7, 95-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы
Дескриптор: -есептің программасын құрастырады; -енгізілген жолдардың ішінен сандарды ажырату үшін іnput() функиясына split() және map әдістерін қолданады; -есептерді математикадағы жазылу ережесімен экранға жеке жолдарға шығару үшін end=’\n’әдісін қолданады.
ҚБ: жетон /4 балл/
Топтық жұмыс. 2-тапсырма. Практикалық тапсырмада іnput() және print() функцияларының қолданылуына талдау жасай отырып, төмендегі өрнектерді орындау үшін программа құрастырыңдар.
Дескриптор: -берілген өрнектерді орындау үшін программа құрастырады.
ҚБ: жетон/ 3 балл Топтық жұмыс. 3-тапсырма. Әселдің а теңге ақшасы бар. Бір өшіргіштің құны к-ға және бір қаламсаптың құны с-ға тең. Әсел қолындағы барлық ақшасына қанша өшіргіш немесе қанша қаламсап сатып алады? Есептің программасын жаз. Мысалы: 100 10 15 Нәтиже: 10 6
Дескриптор: -есептің программасын жазады.
ҚБ: жетон /3 балл/
|
Мұғалімді тыңдайды Input() функциясы ның анықтамасын дәптерге жазады
split() әдісін қолдану анықтамасын дәптерге жазады
map функциясын қолдану анықтамасын дәптерге жазады
print() функциясының синтаксисін дәптерге жазады
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
|
Жетон 4 балл
Жетон 3 балл
Жетон 3 балл |
Интербелсенді тақта/ тақта
Жұмыс дәптері |
||||||||||||||
Сабақтың соңы |
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері
байланыс: |
Өзін-өзі бағалау. |
|
Плакат /слайд/ |
||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
§ 3.7, 96-бет, «Үй тапсырмасы» |
|
|

