Эссе
«Бала туғанда ақ қағаздай боп
туады,
оның үстінде
шимайды қалай салсаң,
қағаз бетіне солай түседі,бала
тәрбиесі
сол сияқты,өзін
қалай тәрбиелесен,
ол
солай тәрбиеленеді».
/Француз
педагогы Жан Жак Руссо/
Бала-кең әлемдегі ең пәк,ең таза асыл
жан. «Бала таза қағазбен тең,қағаз бетіне
қалай өрнек салсаң,сол сияқты балаға
берген білім мен тәрбие бойына қалыптасады»
деген екен бұрынғылар.
Еліміздің
ертеңі,ұлтымыздың болашағы бүгінгі
балабақша қабырғасында жүрген
тәрбиененушілер. Ендеше олардың қамын
ойлау баршамыздың парызымыз.
Қазіргі тәрбие жұмысында екі мәселені
баса айту керек:оқыту-тәрбиелеу үрдісінде
этнопедагогиканы пайдалану арқылы
баланың сөйлеу тілін,қарым-қатынас
мәдениетін дамыту.Баланың шығармашылығын
дамыту үшін алдымен, тіл дамыту мен ой
дамытуға көңіл бөлінуі керек. Мен бірнеше
жыл «Көркем әдебиет арқылы балалардың
жүйелі сөзін дамыту» атты тақырыппен
жұмыс істеп жүрмін . Сөз сөзден
туады,сөйлемесе қайдан туады?, демекші,
қазіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі
кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен
бірге, отбасында екі тілде сөйлеу де
бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап,
кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың
сөйлеу тілі оның психикасына да әсер
етеді. Өзінің достарының арасында
тұйықталып,аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда
өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала
береді. Сондықтан да ерте жастан бастап
сөйлеу тілін түзету ұтымды болады.
Неғұрлым түсінікті,еркін сөйлесе
белсенді, ашық мінезді,көпшіл болады.
Көбінесе балалардың сөйлеу тілі
грамматикалық жағынан толық жетілмеген
болып келеді. Қазақ тілінің кей дыбыстарын
бұрмалап айтып,жұрнақ, жалғаулы сөздерді
дұрыс қолданбайды.
Тапсырмаларды
құру барысында балалардың жас
ерекшеліктеріне,сөйлеу
мүмкіндіктеріне,тапсырмаларды қалай
түсінетініне,белсенді және енжар сөз
қорының қалпына назар аударамын.
Тіл-бүкіл тіршіліктің алтын қазығы.
Ғылымның,білімнің қай саласы болсын
алсақ,ол тек тіл арқылы дамиды.Тілі
дамымаған, ойы дамымаған, баладан
шығармашылықты қалай талап етіп
дамытамыз? Тіл дамыту мен ой дамыту-тұтас
жүйе. Екеуі қосылып өмірді ,әлемді,дүниені
танытады,тіпті бұл екеуі баланың өзіндік
ішкі «менің» танытады. Тіл өз алдына
адамды адам етіп қалыптастыратын құрал
болса,тіл дамыту сол үрдістің ең негізгісі
болып табылады. Тілді меңгерту көркем
әдебиет арқылы жүзеге асырылады. Атақты
ғалым Выгодский «сөз екі түрлі қызмет
атқарады» деген екен.Бірі-заттың атын
білдіреді. Екіншісі –сол сөздің маңызы,
мәнін түсіндіреді. Сөздің мәнін түсіну
тілді,ойлауды дамытады.Қазіргі білім
беру талаптары тіл дамыту жолдарына
да, жұмыстарына да жаңа мақсат, жаңа
міндет жүктейді. Өз жұмысымда «Сөйлеп
үйренемін», «Кезекпен әңгімелесеміз»,
«Суреттегі әңгімелер» атты топтамасын
қолданамын. «Кезекпен әңгемелейміз»тапсырмасын
орындай келе,балдырған белгілі
бірізділікті ұстанып,пайдасыз қайталауға
ұрынбай,түрліше, бірақ нақты мағынасын
беретін сөзді қолдана отырып,затты
сипаттаудың біліктілігін меңгереді.
Осы дамытушы кітаптың көмегімен баланың
сөздік қорын барынша молайтып,оны өз
ойын айналасындағылар үшін түсінікті
етіп айта білуге үйретеді ,оның фонетикалық
естуі мен фонематикалық қабылдауын
шынықтырады. Өз жұмысымда халық ауыз
әдебиетіне көп назар аударамын.
Бесік
жыры-баланы бесікке бөлегенде тынышталуы
үшін,ертерек ұйықтауы үшін айтылатын
жыр.
Әлди,әлди,ақ бөпем,
Ақ
бесікке,жат бөпем...
Сәби жүрегінде
жыры алғашқы рухани, нәр беретін бірден
бір қызық.
Тағы да,халық ауыз
әдебиетіне тоқталсақ,өз жұмысымда
ұлттық ойындар, төрт түлік жырлар,жаңылтпаш,
ертегілер, санамақтар жие пайдаланғаным
дұрыс деп ойлаймын.
Бала
тәрбиесі,олардың танымдық маңызын,
еңбекке, адамгершілікке,
патриоттық,ерлік,әстетикалық маңызы
өте зор.
Қазақ әдебиетіне зор үлес
қосқан қаламгерлер С.Сейфуллин, Ілияс
Жансүгіров, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев,
Т.Молдағалиев, С.Мұқанов,Б.Соқпақбаев,
А.Құнанбаев т.б еңбектерің, халықтық
шығармалардың дәстүрлерін кеңінен
пайдаланамын. Жылдың төрт мезгілін
суреттеген ақын балаларға арналған
өлеңдерінде өз елі,жері,оның байлығы
мен сұлу табиғатын тануға, оны
аялауға,құрметпен қарауға үйретеді.
І.Жансүгіровтың «Малта» өлеңі
балаларға тартымды, тілі түсінікті,әрі
жеңіл де қызықты жазылған. Шығарманың
түпкі мақсаты-балаларды аңғарымпаздыққа,
ерінбей еңбек етуге ересек адамдардың
еңбегің бағалауға баулиды. Балалармен
өте жақсы жұмбақтар шешу,мақал-мәтелдер
сайысы «Кім көп біледі», жаңылтпаштарды
жаттау «Кім алғыр?» атты ойын сайыстар
жүргіземін. Ертегі-халық шығармасы,
халық мұрасы. «Ерте, ерте, ертеде» немесе
«Баяғы заманда» деп бастап, соның
жақсылықпен аяқтауға көздеймін. Балаларға
ертегі қызықты болу үшін драматизациялау
арқылы көрсетемін.
Ең сүйікті
ертегілер «Бауырсақ», «Арыстан мен
тышқан», «Мақта қыз бен мысық»,«Үш аю»,
«Қоянның үйшігі» тағы да басқа қойылымдар.
Әр бала өзіне ұнаған кейіпкер
рөлін ойнайды. Сөйлеу қабілеттерін
дамыту үшін-қуыршақтарды, қолғап
қуыршақтарды қолданып, театр ұйымдастырамын,
туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер
ойналады. Мақсатыма жету үшін топта
кітап сөресін ұйымдастырдым. Кітап
жинақтығы әдемі көрнекілік суреттерімен
көз тартады. Баланың тілін дамыту үшін
дидактикалық ойындар «Бұл қандай
ертегі», «Не қалай дыбыс береді?», «Ойлан
тап» балалар жиі қолданады.
Өз
жұмысыма ата-аналар да өз үлесін қосып
жүр. Егер баламен бірге кітап дүкеніне
барып,онын жасына сай, мазмұнға бай,
тәрбиелік мәні зор кітап таңдап алып,
үйде оқып беруді әдетке айналдырса,
сәбиіңіздің бойында қызықты шығармаларға
деген қызығушылығы артары сөзсіз.
Бүгінгі бала- ертеңгі әлем азаматы.