жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандақтар әлемі
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Сабақ: Мамандықтар әлемі |
Мектеп: |
||
|
Күні: |
Мұғалім |
||
|
Сынып:5 |
Қатысқандар:12 |
Қатыспағандар:0 |
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
5О4 Сұрақ қоя білу және бағалау. Мәтіндегі негізгі ойдың шынайы өмірге қатыстылығын бағалау |
||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды, түсінеді, қарапайым сұрақ құрастырады |
||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақ қоя отырып, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды |
|||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Жүйелі сұрақ негізінде мәтіндегі негізгі ойды шынайы өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік баға береді |
|||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды, түсінеді, сұрақ қоя біледі, өзіндік ой қорытып, бағалайды |
||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мүсінші, акварель |
|||
|
Диалог құруға/мәтін жазуға арналған пайдалы сөз, сөз тіркестері: балбал тас, қына бояуы, қойдай жуас, қозыдай қоңыр, мейір нұры |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: -Неліктен суретші болғың келеді? -Анаға арнап сурет салған атақты суретшілерден кімдерді білесің? -Сурет сал десе кімнің суретін салар едің? |
|||
|
Не себепті... не үшін? |
|||
|
Алдыңғы оқу: |
«Блиц-турнир» стратегиясы арқылы өткен сабақты пысықтайды |
||
|
Жоспар: |
|
||
|
Жоспарланған уақыт: |
Жоспарланған жаттығу түрлері: |
Ресурстар: |
|
|
Басы 5мин |
Топқа бөлу (Дәрігер, мұғалім, суретші мамандық иелерінің іс әрекеттеріне қатысты сөздермен топқа бөлінеді) Ой шақыру -Қанда мамандық иесі болуды қалайсыз? |
Плакат, суреттер |
|
|
Ортасы: 30мин |
Суретші болғым келмейді Бұл жолы мұғалім бір емес, бірнеше мәтін ала келіпті. Түрлі түсті жылтыр қағаздар парта бетіне күзгі жапырақтарша қалқып түсіп, шашылып жатты. Ағай әл жинағандай аө тоқтады да, сәлден соң серпіле сөйлеп кетті. - Біз, әдетте, плпнтамызды Жер- Ана деп қастерлейміз. Жер бетіндегі тіршілік атаулы Анадан басталады. Барлық жан- жәндік адамзаттан бастап, құбырлаған құмырсқаға дейін шеше алдында мәңгілік қарыздар. Түн ұйқысын төрт бөліп, емшек сүтін берген – Ана. Баламның табанына кірген шөгір маңдайыма қадалсын дейтін - Ана. Ұлы ержеткесін, қызы бойжеткесін ақ батасын беріп, үлкен өмір жолына аттандырып салатын да осы абзал Аналар. Сондықтан да Ана біздің мәңгілік шырқап өтер әніміз, жалын жырымыз. Жылдар жылжып, ғасырлар өткен сайын Ана атты гимн әуелей бермекші. «Тым жұмбақтап кеткен жоқпын ба?» -дегендей Салауат ағай сәл аялдады. Жоқ, бекер күдіктеніпті, оқушылар қойдай жуас, қозыдай қоңыр, қалт етпей құлақ қойып отыр. -Кәне, алдарыңдағы суреттерге көз салайық. Аударылып-төңкерілген қағаз суылы, балалардың сыбыр күбірі... -Өнер әлемінде Ана тақырыбын әу деп, алғаш шырқай ән салғандар тас ғасырдың суретшілері.Олар сүйікті шеше мен әпке, қарындастарының сұлбасын жартасқа қына бояумен бейнелеп салды, балбал тас қып қашады... одан беріде ертедегі мысырлық суретші ана мен жар бейнесін Нефертитидің әйгілі мүсініне дарытты... Алдарыңда жатқан «Мадонна Литта» - ұлы Леонардо да Винчидің анаға арнаған ұлы гимні. Мынау Рафаэльдің «Мадоннасы» ... Суретші ағаларың Қанафия Телжановтың «Жамал» туындысына назар аударыңдар... Ол кісі өз анасының бейнесін салған. Қазақтың жас келіншегі маңдайын бастыра орамал тартып алып, ошақтағы отқа – тіршілік көзіне үңіліп, тізесін құшақтай ойға батып отыр. Жапан дала, ашық аспан... Жамал жүзінен қазақ аналарына тән байсалдылық, мейір нұры төгіледі. Ойда жоқта әлдене тырс етті. Мұғалім амалсыз сөзін жұтып, қабағын шытты. Оқушылар жаппай бұрылса... Ержан еденге еңкейіп, шашылған акварельдерді жинастырып жатыр. Еңкейіп күш түскеннен бе, ұялғаннан ба беті қып-қызыл. Салауат ағай мұндайда неге өйттің, неге бүйттің деп қазбаламайды, байыппен тыныштың орнауы тосады. Алайда Ержан орнына отыра қоймады. Акварельдердің қақпағын жауып, портфеліне салды да: -Ағай, мен кетемін.. -деді солбырайып. -Қайда?- Мұғалім аң таң. -Үйірмеден... -Неге? -Менің сурет салғым келмейді. Портфелін салғырт сүйретіп, есікке беттеді. Бүкіл сынып төбелерінен жай түскендей тымпиып -тымпиып отыр. Ержан табалдырықты басып тұрып, кері бұрылды. -Менен суретші шықпайды, деді әр сөзін нықтап. Парта бетінде шашылып жатқан түрлі түсті қағаздарды көзімен нұсқады. Мен ана ағалардай сурет сала алмаймын. Шеше бейнесін салу қолымнан келмейді. Артынша есік жабылды. Сырп сырп сүйрете басқан аяқ дыбысы дәліз қуалай алыстап барады. Салауат ағай қыздай қызарып, орындықтың арқалығын қыса ұстап тұр. Балаларға тура қарамай бүгежектеп: -Не болды өзі? Не жаздым? Қай жерден кемшілік кетті? -деп өз өзіне сұрақ қойды. Жалғыз емес, сынып алдында тұрғанын кеш аңғарса да, тез қалпына келді. Басын көтеріп, жаутаңдаған әр жанардан жауап іздеді. – Балалар, биыл Ержанның басынын қандай оқиға өтіп еді? Сыныпта үн жоқ. Марат Қабанбай Тапсырма:
1-қадам: Оқылған мәтін негізінде әр деңгейлі сұрақ құрастырады 2-қадам: Бір-біріне сұрақ қояды, талқылайды
-Балалар, биыл жазда Ержанның басынан қандай оқиға өтіп еді? Тапсырма: Салауат ағайдың сұрағына жауап іздеп, шығарманы өз ойыңмен аяқта. |
Мәтін, суреттер, тапсырмалар |
|
|
Соңы: 10 |
Бекіту «Еркін талқылау» әдісі -Сіз қалай ойлайсыз, Ержан суретші болудан неге бас тартты? Рефлексиялық пирамида
Мен үйренген төрт мәлімет Мен білген үш мәлімет Менің көбірек білгім келген екі мәлімет Есте сақтау керекбір маңызды мәлімет |
|
|
|
Қосымша ақпарат |
Ана тақырыбында салынған суреттерді интернет көздерінен іздеу |
|
|
Критериалды бағалау
|
Бағалау критерийлері |
Дескрипторлар |
||
|
Мәтінді оқу |
Мәтінді оқиды 1 |
Мәтінді түсініп оқиды 2 |
Мәтінді терең түсініп, өзіндік ой қалыптасады 3 |
|
Сұрақтар құрастыру |
Оңай сұрақтар құрастырады 1 |
Әр деңгейлі сұрақтар құрастырады 2 |
Шығармашылық, баға беру сұрақтарын құрастырады 3 |
|
Ойды жалғастыру |
Қарапайым түрде береді 1 |
Өз ойын еркін жеткізе бере біледі 2 |
Өз ойын шынайы өмірмен астастыра отырып, мазмұнды жеткізе біледі 3 |
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген