400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандығы мерейім"

Материал туралы қысқаша түсінік
9 - 11 сынып оқушыларына араналған мамандық тандауға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектеп» КММ











ТРЕНИНГ

«Мамандығым – мерейім»









Мектеп пихологы:Сайлауғазина.М.С















2017-2018 оқу жыл


Тақырыбы «Мамандығым – мерейім»

Мақсаты:Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдердін, түсңнңктерңн кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын арттыру.

Міндеттері:

-Кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру;

-Кәсіптік бағдар беру;

әсіптік мамандықтарға деген ынта ықыластарын анықтау және т.б

Тренинг ережелері:

1.Сыйластық

2.Тыңдай білу

3.Сөзді бөлмеу

4.Белсенділік таныту

5.Шығармашылық

6.Төзімділік

7.Түсіністік қарым – қатынас

Әдіс – тәсілдер: Түсіндірме жұмыстар, дидактикалық ойындар.

  1. «Танысу» жаттығуы. Шарты: кез келген оқушыға бір мамандықты атап,допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен кәсіпті айтады. Мысалы: Мұғалім – механик, т.б. Ойын осылай жалғаса береді.

  2. Негізгі бөлім. Кіріспе

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызыметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғаструшы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тану қажет. Дұрыс таңдалған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз – өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген адам сұрақ қоймайтын кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

Мамандық таңдау – өте жауапкершілігі және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай – ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамндықтарға деген бір қалыпты тұрақты сұраныс деп аталды. Өзінің сұранысын, құрылысшығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер , мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтарға қатарына жоғары технология, байланысты, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативттік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

  1. «Әріпті мамандық» ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді.Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр – сырын айту керек.

  1. Топ: «А»

  2. Топ: «Б»

4.Сергіту жаттығуы

Мақсаты: Қатушылардың бірін – біріне деген сенімділіктерін арта түсуі үшін.

Нұсқау: Жағдай оқылады. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.

  • Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.

  • Кімнің бойы 1,65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.

  • Кімнің бойы 1,65 қысқа болса, «Алақай» деп айқайласын.

  • Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын

  • Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс – әрекет жасасын.

  • Иттерді жақсы көретіндер үрсін

  • Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын

  • Ата – анасының жағыз балалары қолдарын көтерсін

  • Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрсып айналсын

  • Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеіп, күлсін.

  • Емтихан тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын

  • Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын

  • Осы тренингке қатысқандарына қуанатындар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын

  1. «Мамандықты тап» ойыны.

Тренингке қатушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

  1. Суретті тест. Тренингтен алған әсерің.

Қатушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерің, бір – біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Күннің суреті – тренингке қатушылардың толық қанағаттанғаны

Бұлт суреті – көңілденгені

Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмағаны

Жасыл шөп суреті – орташа әсер алғаны













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.02.2019
784
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі