жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Мамандығым - мақтанышым»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
ҚАРАЛДЫ: «Өндірістегі электромеханикалық жабдықтар» ЦӘК отырысында Хаттама №____ ____________
|
КЕЛІСІЛДІ: БҚИК әдіскері: ______ Е.Мергенбаева «__»_____20__ж. |
БЕКІТЕМІН: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: _________ М.Сисенгалиева «__»_____20__ж.
|
«Өндірістегі электромеханикалық жабдықтар» ЦӘК апталығында өткізілетін, колледж ішілік байкаудың әдістемелік дайындамасы
тақырыбы:
«Мамандығым - мақтанышым»
Дайындаған:
Арнайы пәндер оқытушылары: Жұмагереева А.С.
Құрманова Н.М.
Никишева Г.С.
Өндірістік оқыту шеберлері: Арстанов К.Б.
Нургужин А.Г.
Мендібаев Ө.Е.
Орал қаласы,2017-2018 оқу жылы
“Мамандығым - мақтанышым” тақырыбында колледж ішілік байқау
Мақсаты: Білімділік-өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін тексеру, өндірістік машықтануын дамыту.
Дамытушылық-әр оқушының ой өрісін дамыту сөйлеу шеберлігін,ой ұшқырлығын қалыптастыру,қорытынды жасауға,дүние танымын кеңейту.
Тәрбиелік- еңбекке баулу,адамгершілікке тәрбиелеу.Ғылымға қызығушылықтарын және мамандыққа сүйіспеншіліктерін арттыру.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Қатысушылар: «Өндірістегі электрмеханикалық жабдықтар» мамандығы бойынша I курс топ студенттері
Өткізу орны: Электрмонтаждау шеберханасы
Өткізу уақыты: 15.12.2017 ж.
Байқаудың өту жоспары:
Бөлім
|
Қатысушылырдың іс-әрекеті
|
1.Сайыс«Командалармен танысу» |
Әр командалардың топ басшылары өз ұрандарымен, атауларымен және эмблемамен таныстырады.
|
2.Сайыс «Эрудит»
|
«Эрудит»атты ұяшық сұрақтарына дұрыс жауап беру
|
3. Сайыс«Бас қатырғыш»
|
Топ қатысушылары жеке-жеке шығып берілген тапсырмалар мен формулалардың қатесін тауып дұрыстау қажет.
|
4.Сайыс «Бұл не?»
|
«Бұл не?» кезеңінде класстер құру
|
5.Сайыс “Техника қауіпсіздігі”
|
Техника қауіпсіздігін қайталау
|
6. Сайыс «Кім тапқыр»
|
Socrative бағдарламасы арқылы тест сұрақтарына жауап беру
|
7.Сайыс «Өзінді көрсет» өндірістік машықтану
|
Электр сызбасына қарап, электр тізбегін жалғау
|
8.Сайысты қорытындылау
|
Әділқазы қортындылап , женген топты марапаттайды
|
Сайысты ұйымдастырушылардың кіріспе сөзі
Әділқазы мүшелерімен таныстыру
Сайыс
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді желтоқсан айындағы Энергетиктер мерекесімен құттықтай отырып, соған сәйкес колледжімізде өткізіліп отырған «Үздік энергетик» сайысына қатысуға шақырамыз. Сіздер бұл сайыста күні бүгінге дейін алған білімдеріңіз сарапқа салады деген ойдамыз. Барлықтарыңызға тек сәт сапар тілеймін!
- Ал, енді оқушылардың білімін бағалап, сайыстың өтуін әділ бағалайтын әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:
1. Ізімов Елдос – Трансформатор зауытының шебері
2. Уразбеков Ғалымжан – Трансформатор зауытының операторы
3.
1 сайыс: «Командалармен танысу» Әр топқа 3 минуттан беріледі.
Әр топ капитандары өз тобымен,ұранымен,эмблемасымен таныстырады.
2 сайыс: «Эрудит»
Интерактивтік тақтада ұяшықтар ұсынылады, әр команда қалаған ұяшықты таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді. Ұяшықта көрсетілген сан бойынша баға қойлады.
А) Электр тізбектер бөлімі
1.Электр тоғы дегеніміз не?
Жауабы: Электр зарядтарының бағытталған қозғалысы
2.Тұрақты ток дегеніміз не?
Жауабы: Уақыт өтуіне қарай өзгермейтін электр тогын тұрақты ток деп атайды.
3. Қандай өрісті электростатикалық деп аталады?
Жауабы: Электр тоғы жоқ болған кездегі қозғалмайтын денелердің электр өрісін электростатикалық өріс деп атайды.
4. Электр өрісінің кернеулігі нені сипаттайды?
Жауабы: Кернеулік электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады.
5. Потенциал деп нені атаймыз?
Жауабы: Электр өрісінің екі нүктесінің арасындағы кернеулер айырымын потенциал деп атаймыз.
6. Конденсатор деп нені атаймыз?
Жауабы: Диэлектрик қабатымен бөлінген екі қарама қарсы зарядталған өткізгіштен тұратын зарядты жинақтауға арналған құрылғыны конденсатор деп атайды.
7. Электр тізбегіндегі потенциал өзгерісінің осы бөлімдердің кедергілеріне тәуелділігінің графиктік кескінделуін қай тұжырымға жатқызамыз?
Жауабы: потенциалдық диаграммаға
8. Кирхгофтың бірінші заңын атаңыз және формуласын жазыңыз
Жауабы: Түйінге бағытталған тоқтардың қосындысы түйіннен шыққан тоқтардың қосындысына тең болады.
Түйіндік кернеу анықтамасын айтыңыз?
Жауабы:Түйіндік нүктелердің арасындағы кернеуді түйінді кернеу деп атайды.
10. Кирхгофтың екінші заңын атаңыз және формуласын жазыңыз?
Жауабы: Тұйықталған контурдағы электрқозғаушы күштердің алгебралық қосындысы барлық кедергілердегі кернеулер түсулерінің алгебралық қосындысына тең.
11. Магнит индукциясы не үшін қажет?
Жауабы: Магнит индукциясы – магнит өрісін сипаттайтын, сан жағынан магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зарядталған бөлшекке әсер ететін күшке тең векторлық шама.
12. Магнит өрісінің кернеулігі дегеніміз не?
Жауабы: Магнит өрісінің кернеулігі дегеніміз – бұл ортаның қасиеттеріне тәуелді болмайтын күштік сипаттама болып табылады.
13. Ферромагниттік материалдар неше түрге бөлінеді?
Жауабы: Екі түрге, магнитті – жұмсақ, магнитті – қатты
14. Конденсатор құрылымы?
Жауабы: Диэлектрик қабатымен бөлінген, екі қарама – қарсы зарядталған өткізгіштен тұрады.
15. Магнит ағыны дегеніміз не?
Жауабы: Индукция В мен барлық нүктелерінде индукция векторлар сан мәні бойынша бірдей және оған перпендикуляр болатын жазық ауданның көбейтіндісі магнит өрісінің индукция векторының ағынын құрайды, яғни аудан арқылы өтетін магнит ағынын құрайды.
16. Электромагниттік құбылыс деп нені атайды?
Жауабы: Егер өткізгішті қолмен тұйықтаса, онда тоқ пайда болады, бұл құбылысты электромагниттік құбылыс деп атайды.
17. Оқшаулағыштың тағайындалуы және жасалу материалы?
Жауабы: Сымдарды тіректерге ілуге және оқшаулауға арналған. Фарфор, әйнек және полимер сияқты материалдардан тұрады.
18. Трансформатордың тағайындалуы
Жауабы: Электр тоғын тасымалдауға және кернеуді төмендетуге және жоғарылатуға арналған
19. Сыйлық ( 19 ұпай сыйға беріледі)
20. Кедергілердің жалғау әдістері, формуласын және сызбасын жазу
Жауабы: тізбектеп, екі кедергінің параллель жалғануы, үш немесе одан да көп кедергілердің параллель жалғануы, аралас жалғануы.
21. Болашақ мамандығының тарихын айту.
2 кезең: «Бас қатырғыш» сайысы
Топ қатысушылары жеке-жеке шығып берілген тапсырмалар мен формулалардың қатесін тауып дұрыстау қажет.
F=g1*4π/g2E r2 |
І=R / U |
Шунт дегеніміз-өлшеуіш механизмге тізбектей жалғанатын мейлінше көп бірақ дәл өлшенген кедергі.
|
Шунт дегеніміз-өлшеуіш механизмге тізбектей жалғанатын мейлінше көп бірақ дәл өлшенген кедергі.
|
Амперметр-V Вольтметр-W Ватметр-Ω Омметр-A Айнымалы ───
Тұрақты
Үш
фазалы
Магнит
электрлік
Электромагниттік
Ферродинамикалық
Индукциялық
|
Амперметр-V Вольтметр-W Ватметр-Ω Омметр-A Айнымалы ───
Тұрақты
Үш
фазалы
Магнит
электрлік
Электромагниттік
Ферродинамикалық
Индукциялық
|
Дұрыс жауаптары: F=g1*g2/4πEr2 I=U / R
Шунт дегеніміз-өлшеуіш механизмге паралелль жалғанатын мейлінше аз бірақ дәл өлшенген кедергі.
Амперметр-А
Вольтметр-V
Ватметр-W
Омметр-Ω
Айнымалы
Тұрақты ───
Үш
фазалы
Магнит
электрлік
Электромагниттік
Ферродинамикалық
Индукциялық
-2
кВ кернеумен сыналған
4 сайыс: «Бұл не ?»
Бұл кезеңде әр топ студенттері берілген сөздерге байланысты класстер құрады.
1. Электр тоғы
2. Айнымалы тоқ
3. Трансформатор
4. Электр өлшеуіш аспаптар
«Техника қауіпсіздігі» сайысы
Әр топтың капитаны техникалық қауіпсіздіктер туралы айтады.
6 сайыс: «Кім тапқыр»
Өткен тақырып бойынша «Socrative» бағдарламасын пайдаланып, оқушылар білімін тексеру. (тест сұрақтары ұсынылады).
Сұрақтар:
Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы?
А)Тұрақты тоқ Ә)Электр тоғы Б)Айнымалы тоқ
Уақыт бойынша бағыты және шамасы өзгермейтін немесе аз өзгеретін тоқ?
А)Тұрақты тоқ Ә)Электр тоғы Б)Айнымалы тоқ
Бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын тоқ?
А)Тұрақты тоқ Ә)Электр тоғы Б)Айнымалы тоқ
Ток күші (және кернеу) өзгерісі (тербеліс) қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы
А)Жиілік (f) Ә)Период (Т) Б)Кернеу (U)
Уақыт бірлігінде жасалған периодтар саны?
А)Жиілік (f) Ә)Период (Т) Б)Кернеу (U)
Бір секунд ішінде жасалған жұмыс?
А)Тоқ күші (I) Ә)Қуат (P) Б)Кернеу (U)
Үш фазалы тізбектің активті қуатының формуласы?
А)Р = Ра + Рв + Рс Ә)Q = Qa + Qв + Qc Б)S = √P2 + Q2
Үш фазалы тізбектің реактивті қуатының формуласы?
А)Р = Ра + Рв + Рс Ә)Q = Qa + Qв + Qc Б)S = √P2 + Q2
Үш фазалы тізбектің толық қуатының формуласы?
А)Р = Ра + Рв + Рс Ә)Q = Qa + Qв + Qc Б)S = √P2 + Q2
Егер электр қабылдағыш симметриялы болса, онда толық қуатының формуласы көрсетіңіз?
А)S = Uф∙ Iф Ә) S =3∙ Uф∙ Iф Б) S =2∙ Uф∙ Iф
Потенциалдар айырымы болып табылатын шама және өлшем бірлігін атаңыз?
А)Кедергі (R - Ом ) Ә)Период (Т - секунд) Б)Кернеу (U - Вольт)
Токтың өтуіне бөгет жасайтын шама? Оның өлшем бірлігі қандай? А)Кедергі (R - Ом ) Ә)Период (Т - секунд) Б)Кернеу (U - Вольт)
8. Сайысты қорытындылау
Әділқазы алқасы сайысты қорытындылап жеңген топты мақтау қағазымен және кубокпен марапаттайды және белсенді қатысқан студентті «Үздік энергетик» атты мадақтау қағазын ұсынады.
«Мамандығым – байлығым» атты колледж ішілік байқауынан көрініс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген