Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандығым - мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық мамандығым туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаманова Сәния Оразғалиқызы

«Нұрсәт» бөбекжай – бақшасы МКҚК

Музыка жетекшісі

Эссе

«Мамандығым – мақтанышым»

Өмірде мамандықтың түрі көп. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Себебі, әрбір адамның болашағы өзі таңдаған мамандығына байланысты. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігерлер адам емдесе, мұғалім бала оқытады, әнші ән айтады, тігінші киім тігеді. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам «мамандығым – мақтанышым» деп отыра алады, сол өзі қалаған мамандығының қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете алады. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып, өз адал еңбегінің нанын жеу керек.Кез келген адамның шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді қажет етеді. Мамандықтардың ішінде білімділікті, шәкіртжандылықты, шеберлікті қажет ететін – ұстаздық.

Менің мамандығым – музыка пәнінің мүғалімі. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен қаладым. Адам көмегі – игі істердің бастысы. Балаға музыка тілін өмірмен байланыстыра отырып үйрету арқылы жан–жағымен, қоршаған ортасымен таныстыра түсемін. Сондықтан өз мамандығымды мақтаныш тұтамын. Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Оның кілтін тапсаң ғана ашылады. «Мұғалімнің қолында сол кілт жүруі керек» дейді заңғар ақын Мұхтар Шаханов.

Баланың білімді де білікті, парасаты мол, саналы азамат болуы үшін тәрбие беріп жүргенім мен үшін мақтаныш. Ұстаз болу – жәй ғана мамандық таңдау емес, ол адам бағыт-бағдарын жасаушы.Мен ешбір сәтте есімнен ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөздерін шығармаймын. Бұл сөздер маған өмірлік ұстаным ретінде қолданылады. Мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен сүйе білуі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, баланы кешіре білу, сырласа білу қасиеттері арқылы мүғалім өз мәртебесін көтере алады.

Балабақшада жұмыс жасау өте жауапты іс болғандықтан үнемі білікті, шығармашыл тұлға болуы керек. Балабақшаға кіргенде бүлдіршіндердің жағымды үндері, күлкілері «Сәлеметсіз бе?» деген сөздері адамды серпілтіп тастайды. Алдымызда отырған бүлдіршіндердің сүйкімді де, әдемі, ақылды жүздерін көрсек әр үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты жанарларын байқаймыз. Балалар өте таза шынайы ақ парақ сияқты, сол парақтай таза балаларға білім мен тәрбие беруде өз тәжірибемдегі барлық білімді аяған емеспін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
265
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12