жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мамандығым - мақтанышым.
Мамандығым - мақтанышым!
Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.
Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс» - дейтін қанатты сөзі бар. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған.
Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығымызды шексіз сүйе отырып, әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланың біліміне, болашағына арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары күмәнсіз.Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні - жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі.
Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай болмақ деген бұлжымыс заңдылық ерте уақыттардың өзінде –ақ белгілі болған. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беделі еліміздің түрлі жыйындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. Мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам... Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының,жеткіншек ұрпақтың қоғам мен мемлекет тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Мұғалімге қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екендігі айқындалады:
- алғашқы талап педагогикалық қабілеттіліктің болуы оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен;
- балаларға сүйіспеншіліктен;
- олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа.
Педагогтың тұлғалық сапалары:
- оқушыны тұлға ретінде қабылдауы, оны табысқа жететініне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу,әрі оны нығайтып отыру;
- мәліметтерді қысқаша беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу;
- жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайды қайта құра білу;
- мейірімді, бірақ талап қоя білу;
- оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;
- оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт беріп отыру;
- өз жұмыстарының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылдыру.
Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы; екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі; үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Ұстаз көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет. Ұстаз шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті - әдеп. Әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығының айнасы болып есептелінеді. Әдепті ұстаз болмай тұрып, шебер ұстаз болу мүмкін емес. Сонымен, ұзтаздық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі. Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезі. Алдымызда отырған шәкірттер – білімді қажет ететін шәкірттер. Олар заман талабына сай қазіргі компьютер тілін жетік біледі, интернеттен хабардар, барлық затты ажырата алатын дәрежеде. Сондықтан олар мұғалімнен көп жаңалықтар күтеді. Мұғалімнің нақты, нық, дұрыс, қысқа да нұсқа түсіндіргенін қажетсінеді.
Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп , көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқанымыз - өз мамандығымды шексіз құрметтеуден болар.
Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Қоршаған ортаға, қыбырлаған кез келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі. Н.Ә.Назарбаев «...жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғанын байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, елімізге бала жанын жүдетпеудің маңызы зор.
Өзін өзі тану нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу – Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту да өзін өзі тану сабақтарының орны ерекше. Сабақта пән мұғалімі әркімнің жан дүниесін тануына, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды. Сабақты қызықты өткізу түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
«Өзіңді өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шешуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым-қатынас жасауға, денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді. Өзін өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түйсіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды еркін қолдана алуға үйретумен ерекшеленеді. Елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік қайырымдылық, адалдық қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді. Өзін өзі тану пәні жалпыадамзаттық құндылықтарға бастар жол. Адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі – өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі – өзіне-өзі беретін тәрбиесі.
Жас өскелең ұрпақтың рухани дамуын жетілдіріп, олардың ізгілікке жетелеуде «Өзін-өзі тану» пәні маңызды рөл атқарады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы берілетін рухани адамгершілік білім негіздері адамдар арасындағы жарасымды қарым-қатынасқа сай бақытты өмір сүруді қалайтын,қоршаған табиғи ортаны сақтауға мүдделі, өмірде кездесетін әр түрлі жағдаяттарда өзіндік көзқарастары мен дүниетанымы қалыптасқан болашақ ұрпақтың жеке тұлғалаық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді.
«Өзін-өзі тану» пәні – өзге пәндерден ерекше. Ол дәстүрлі пәндер сияқты қоршаған орта туралы емес, адамның өзі және оның ішкі жан-дүниесі туралы пән. Адам болып туу аз, Адам бола болу керек! «Адам болу!» қағидасын мұрат еткен Абай атамыз өзінің он төртінші қара сөзінде: «Адам бойындағы ең қымбаты – оның жүрегі. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіңе тілейтін игілік тілеу-мұның барлығы жүректің қалауы».
Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Өзін-өзі тану сабақтарында баланың жалпыадамзаттық құндылықтар, адамгершілік қасиеттер, жарасымды қарым-қатынас туралы түсініктер кеңейеді. Мақсат-міндеттер әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар (Ақиқат, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау) бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуға үйретуді көздейді.
Құндылықтар деп – адам үшін өте маңызды заттар мен құбылыстарды, қасиеттер мен жай-күйлерді атайды.
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жадпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Мәңгілік құндылықтар – рухани-адамгершілік білім негізі және оның өзегі болып табылады. Олар атап айтсақ; Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.
Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп,адами адам руханилығын және оның мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
– Ақиқат – ойдағы Сүйіспеншілік.
– Дұрыс әрекет – іс-әрекеттегі Сүйіспеншілік.
– Жан тыныштығы – сезімдегі Сүйіспеншілік.
– Қиянат жасаму – түсінісудегі Сүйіспеншілік.
Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтар біртұтас,өзара тығыз байланыста болады, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, адамның руханилығы мен мәдениетінің негізін құрайды.
Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені – Ақиқат адам шынайы болмысы.
Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңестігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады.
Ақиқат – өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып,материалдық әлем ретінде көрініс береді.
Ақиқат – көпқырлықтың біртұтастығын түсіну, өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау.
Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол-жалғыз.
Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу.
Нағыз шындық – ол Ар-ұждан.
Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса,ол Ақиқатқа айналады.
Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды.
Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ кезі келгенде сіз ауыр сынаққа кезігесіз.
Ақиқаттың туындағанның барлығы – Дұрыс әрекет, яғни дұрыс өмір сүру деген сөз.
Әр адамның бойында бар Ар-ұждан дауысын ажырату және ести білу қабілеттерін ояту және күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын,сөздерін және жүзеге асыратын ойларын,сөздерін және іс-амалдарын бекіту дұрыс әрекет құндылығының басты міндеті болып табылады. Атап айтсақ:
– Жақсы болу;
– Жақсы нәрсе туралы ойлау;
– Жақсы нәрсе айту;
– Жақсы нәрсе тыңдау;
– Жақсы нәрсе көру;
– Жақсы әрекет жасау.
Дұрыс әрекет – жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.
Дұрыс әрекетке:
1. Әдет;
2. Қанағат;
3. Ынтымақтастық;
4. Тәртіп;
5. Парыз бен ризашылық;
6. Дұрыс ой;
7. Дұрыс сөз жатады.
Егер біз ар-ұятымызға сүйінбесек, онда дұрыс әрекет болмайды.
Тыныштық – өмірді үйлесімділікпен басқара алу. Ол өмірлік энергияға толы. Ол – жердегі біздің өмірімізбен біртұтас. Егер ішіміздегі қажетті жолдарды ашатын болсақ, онда ондай тыныштықты сезінуге болады.
Егер Тыныштық көзінен көз жазбасаң – өзіңнің өміріңді шын мәнінде жемісті ете аласың.
Ішкі тыныштықты жоғалту – адам үшін ең үлкен азап. Ешқандай сыртқы күштер адамның ішкі тыныштығын бұза алмайды, тыныштықты адам тек өзінің ішкі жан-дүниесінен ғана таба алады. Тыныштықтан айырылу – тек оның өзінің мазасыз ойлары мен іс-әрекетінің ғана нәтижесі.
Адам:
– ақиқатты түсіне алғанда ғана;
– жақсыға ұмтылғанда ғана;
– Дұрыс әрекет жасағанда ғана;
– Жүрегін Сүйіспеншілікке толтырғанда ғана тыныштыққа қол жеткізеді.
Ақылмен ғана іс әрекет ететін болсаң – нәтижесі дұрыс болмайды, ал ақыл мен жүрек біріккенде – парасат пайда болады. Парасаттылық ақ пен қараны,жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді. Демек, кез келген нәрсені,құбылысты сабырмен, түсіністікпен қабылдап, сүйіспеншілікпен пайымдау жасасақ – жаман ойдан арылып, жаныңыз жай табады, күдіктен, мазасыздықтан, үрейден арылтады.
Рухани-адамгершілік білім беру – адамның ішкі жан дүниесінде болатын өзгеріс. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі. Өзін-өзі тану адамның риясыз сүйе білу қабілетін ашып береді және қоғамға қызмет ету дағдысын дамытады.
– Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш.
– Сүйіспеншілік тілдің ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде.
– Сүйіспеншілік кешірімділер мен жаны жомарттармен бірге, өзімшілдік ала берсем деп ойлап, жақсылықты тез ұмытып кететіндірмен бірге.
– Өзімшілдік жоқ жерде – сүйіспеншілікке орын жоқ.
– Сүйіспеншілік – барлық руханилықтың тамыры, барлық жазбалар мен ізденістердің мәні, барлық жолдардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі.
Өзін-өзі тану сабағында қатаң талап етуден гөрі көмектесу қажет,үйретуден бұрын, оларды жақсы көру маңызды.
Сабақ үдерісінде нәтижеге тек қана жақсы көру арқылы жету маңызды.
Сүйіспеншілік барлық діннің тамыры,барлық жазбалар мен ізденістердің мәні, арлық жолдардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі.
Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қайырымдылық, қошаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі рухани дәстүрлеріне деген құрмет.
Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде,барлық төрт құндылықтың нәтижесі. Қиянат жасамау Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет ету және Тыныштық құндылықтары бар жерде ғана болады.бойында қиянат жасамау құндылықтары бар жерде ғана болады. Бойында қиянат жасамау құндылығы бар адамдар заңды құрметтейді, табиғат заңдарын бұзбайды. Осылайша олар барлық адамдарды, жан-жануарлар мен қоршаған әлемді сүйеді.
Қиянат жасамау идеясы адамзаттың рухани тәжірбиесінде жамандыққа оған қарама-қарсы әдіспен, яғни жақсылықпен бұғау салу мақсатында туындаған болатын. Қиянат жасамау барлық затқа Сүйіспеншілік ретінде көрініс береді.
Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді, ол – басқа адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау.
– Өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат;
– Жаман сөз есту – құлаққа қиянат;
– Барлығынан жамандық көру – көзге қиянат;
– Жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;
– Жаман әрекет жасау –тәнге қиянат;
– Жағымсыз ойлар – бүкіл әлемге қиянат.
«Жас бала-жаңа өркен жайған ағаш тәрізді», -дейді халқымыз. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның өзін-өзі танып, өзін-өзі жетілдіруіне игі ықпалын тигізетін, адамгершілік қасиеттердің дара тұлғаны дамытудың мәні.
Гуманист-педагог Я.Корчактың сөзімен айтқанда «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді». Ақиқатында егер оқу мен тәрбие процесі үйлесімді ұштасқанда ғана шәкірттеріміз жеке тұлға ретінде дамитын болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген