Материалдар / Мамандығым - мақтанышым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандығым - мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге мамандық туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
348
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ


(эссе)


Мұғалім... 

Осы бір сөз жаныма жақын, ата-анадан кейінгі тәрбиешіміз, өмірге жол сілтеген адал адам, ақылшымыз. Қаншама адам мұғалім алдынан білім нәріне сусындап мектеп қабырғасынан білім алып шығады десеңші! Алғаш әріп танып, ой санамыз дамып, қанатымыз қатайып азамат болдық.

Менің мамандық таңдауыма жол сілтеген әкемнің үйдегі кітаптары болды. Әкем қазақ тілі әдебиеті пәнінің мүғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері болатын.

Мектепте мұғалімдерден білім алсақ, одан кейінгі тәлім- тәрбиені әкемнен алдым.

1988 жылы ҚазГу ге тарих факультетіне оқуға түстім, қазір мұғаліммін. Әке жолын қуып мүғалім болдым.

Мұғалім адам баласына жол сілтейтін, тәлім- тәрбие беретін адам. Сондықтан, неге мұғалімді құрметтемеске!?

Менің туған жерім – Түркістан қаласы. Келешекте қала күллі түркі әлемінің рухани астанасына айналады.. Бұл қала – бай тарихымен, көне мәдениетімен өсіп, көркейіп келе жатқан тоғыз жолдың торабында орналасқан қала.

Менің міндетім- өзім туып- өскен өңірде шәкірттерімді білім нәрімен сусындату.Өз Отанын сүйетін нағыз азамат болып қалыптасуына барлық күш- жігерімді жұмсаймын. Себебі, бала кезден армандаған мамандығым.

Шәкірттерімді ерекше жақсы көремін! Ертеңгі күні сеніммен, біліммен толық қаруланып, үлкен өмір есігін ашады, сондықтан да, олардың өмірде қателеспегенін, үлкен азаматтар болғанын, өмірде өз орындарын тапқанын қалаймын.

Осы 32 жыл педагогикалық еңбек жолында қаншама шәкірттерге білім бердім. Өмірден өз орындарын тапты ма екен деп үнемі алаңдаймын. Олар туралы мақтау естіп, жетістіктеріне қуанып қаламын. Міне, бала ауламыздағы ағаш сияқты, мәуелі, жайқалған ағашты көрсек көз тояды емес пе, олай болса әріптестер, мұғалім мамандығын таңдаған жандар мамандықты сүйіңіздер, қадіріне жетіңіздер, жауапкершілігі зор мамандық екенін тағы да естеріңізге сала кеткім келеді. Шекараны шекарашы қалай қырағылықпен қорғаса, біз де сол сияқты қырағы болуымыз керек. Себебі, ертеңгі болашағымыз жастар. Мен үшін – ең ыстық қалаулы, аяулы, мәртебелі, асыл мамандық – мұғалім. Мұнайшы мұнайымен, дәрігер емдеген адамымен мақтанса, мен шәкірттеріммен мақтанамын. Білім саласында өзгеріс көп, жаңартылған білім мазмұны бойынша дәріс берудеміз. Бұл мұғалімдерден ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Әрине, бізде мұғалімдерде алға ұмтылу бар. Ғылым, білімді дамыту керек. Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Тәуелсіздіктің биыл 30 жылдығы- мұғалімдерге көп жауапкершілік жүктеп отыр.

Әр Қазақстан Республикасының азаматы не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанын қорғау керек. Себебі, Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз. Мен тәуелсіз елдің азаматымын деген сөз көңіліме үлкен үміт ұялатып, бойымды қуаныш кернейді! Педагогикалық салада жұмыс жасаған уақытым тәуелсіз елдің азаматтарына білім беруге, тәрбиелеуге жұмсалды. Мен сол үшін осы мамандықты таңдауға көмектескен жандарға мың алғыс дегім келеді. Мамандығыма ризамын!


НАХЫП Жадыра Әліпбайқызы,

«Қазыбек би» атындағы №14 мектептің тарих пәні мұғалімі.

Түркістан облысы, Түркістан қаласы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!