Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым - мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен-қазіргі заман педагогімін


«Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жағынан әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет»

Н.Ә.Назарбаев

«Елу жылда ел жаңа», - деп дана халқымыз айтқандай, еліміз өркендеп, өсіп келеді. Заманмен бірге адам да, талап та, қажеттілік те өзгеруде. Әлем өзгерісі білім саласы қызметкерлеріне де өз әсерін тигізбей қоймайды. Оң өзгерістермен қатар, уақытпен бірге аяқ басу үшін мұғалімдер де өз білімін шыңдау үшін күш салуға тура келеді. Соның нәтижесінде «жаңа форматтағы педагог» термині де қолданысқа енуде.Жаңа форматтағы педагог деген кім? Менің түсінігімде, жаңа формациялы мұғалім - жаңалықтың жаршысы болуға ұмтылыс жасайтын, әлеммен бірге өзгеруге және білім саласына өзгеріс енгізуге дайын, үздіксіз ізденетін, еңбекқор жан. Ізденіс түбі – игілік деп есептеп, мен де еліміздің білім беру жүйесіне түбегейлі өзгеріс пен жаңалық енгізуге жасалып жатқан қадамдарын құптай отырып, жүрек қалауымен ұстаз болғаныма қуанамын. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын, өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді.

Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі жеке тұлғаны өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қандай арман болсын!

Ұстаз – жүректің жылылығын, мейірімнің шуағын, адамгершіліктің ұлылығын біліммен қоса бала бойына дарыта алатын тұлға. Олай болса, ұстаз мамандығын таңдағандықтан, ең алдымен өзімді-өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Заман ағымына сай өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырған жағдайда ғана, ХХІ ғасырдың талабына сәйкес жаңа форматтағы ұстаз бола алатыныма көзім анық жетті.

Мен еңбек өтілім 19 жыл болса да, ескіше  көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша, қажырлы еңбек ету мақсатында үзіліссіз ізденіс үстіндемін. Әрине, жұмыс барысында қиындықтар болды, өйткені жаңалықты бірден қабылдап, теория мен практиканы ұштастыру уақыт пен ерік-жігерді талап ететіні белгілі. Уақыт озған сайын мен іс-тәжірибемнің жүйеленіп, жетіліп келе жатқанын байқаймын. Өз жұмысымды саралап отырсам, көп уақытым сабақтың сапалы өтуін ойластыруға, оқулықтан тыс материалдарды да сабаққа кіріктіре пайдалануға жұмсалатыны байқалады, ал сабақты өткен соң жіберілген кемшіліктерді қалай жөндеуге болатыны мазалайды. Әрбір ісіме рефлексия жасау арқылы жаңа форматты мұғалімдер қатарын толықтыратыныма кәміл сенемін, өйткені мен алдыма мақсат қойдым, сол үшін ұмтылып, еңбек етуге тиіспін және бастаған ісімді жетілдіріп, нәтижеге қол жеткізуім керек.Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс - тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес.

Жұмыс барысында көп нәрсе айқындалып келеді: белгілі нәтижеге жету үшін мол тәжірибе, ізденіспен қатар қажыр-қайрат пен ерік-жігердің қажеттігі сезіледі. Өйткені мұғалім әр бала үшін жауапты, оның болашағына, өмірге бейімделуіне бағыт беруші, жол көрсетуші, ал бұл бір күндік жұмыс емес және ерен еңбекті талап етеді.

Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс - әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден – бір тәсілі - өзін - өзі рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш сыныптан – ақ демократиялық қарым – қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор есептеймін
- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама – қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;

Қорыта айтқанда, менің педагогикалық ұстанымым: тәуелсіз еліміздің болашағын тәлімді тәрбиелеу, білімді азамат ретінде қалыптастыру.

Менің педагогикалық құндылықтарым: талапшылдық, сөзде тұру, айтқанды орындау, сабақта жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, іздену.

Менің педагогикалық қызметімнің басымдықтары: оқушыны серіктестік деңгейге шығару, нәтижелі білім алуға тарту,сабақты қабылдауға жеңіл, ойын дамыту әдісімен құру, дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәуелсіз елімізде ұстазға деген қамқорлық та жақсарып келеді. Алаңсыз қызмет етуге мүмкіндік бар. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білім саласына қызмет еткеннің бәрі - Қазақстанның болашағына қызмет етеді», - деп атап өтуінің өзі ұстазға деген ерекше құрметі деп білемін.

Енді эссемді өзімнің мына бір өлең шумақтарыммен аяқтағым келіп отыр:

Білім-теңіз,мектепті-кеме деші,

Сол мектептің ұстаздар керегесі.

20 жыл ұстаздық етіп келем,

Атым-Нурлыгул,Қалидың немересі.

Құпиясын білімнің сан ақтарып,

Талай шәкірт түледі қанаттанып.

Нұн Жұбаев мектебі сенім артып,

Еңбектеніп келемін талаптанып.

Еңбегім-ақ,жемісті жұмысым да,

Шәкірттерім шығуда ұлы шыңға.

Еңбектеніп келемін ұрпақ үшін,

Қызметім-берекем,ырысым да.

Басты міндет-қабылдап жаңа ақпарды,

Заманауи орындау талаптарды.

Шәкірттердің санасын сынай қарап,

Сол арқылы өткізу сабақтарды.

Ұстаз –ұлы,жайдарлы жүздер дер ем,

Арттарынан арайлы іздер көрем.

Олар әрбір салада жүргендердің,

Санасында сақталып жүретіндер.


Калиева Нурлыгул Жоламановна

«Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12